479
пература β-амилазаның əркеті жəне мальтозаның жинақталуы үшін
оптимал болады. Сондықтан заторды осындай температурадағы
жағдайда ұстап тұру мальтозалы үзіліс деп аталады. 70-72
0
С
темпе-
ратурада ұстап тұру қанттану үзілісі деп аталады, себебі осы кезеңде
крахмалдың ыдырауы, уыттың α-амилазасымен амило- жəне
эритро-
декстриндерге ыдырауы жүреді. Қанттанудың толық жетілгендігін
иодты сынама арқылы бақылайды. Затордағы крахмалдың немесе
амилодекстриндердің болуы күлгін бояу, эритродекстриндердің бо-
луы – қызыл бояу арқылы расталады.
Толықтай қанттану иодтың
сары бояуын өзгертпейді.
Сүзіндіні дайындау кезінде тұндыру əдісінде ұнтақталған уыт-
ты сумен араластырып, алынған заторды
ферменттердің оптимал
əрекеті үшін сəйкесінше үзіліске дейін ұстап, ақырындап 75
0
С
температураға дейін қыздырады. Ақуызды (40
0
С), мальтозалы (63
0
С)
жəне қанттану (70
0
С) үзілістерінің ұзақтығы – 30 мин. Сосын затор-
ды температурасын 72
0
С-қа дейін
көтеріп иодты сынама арқылы
анықталатын қанттану толық жүргенге дейін тұрғызады. Қантталған
затор 76-77
0
С-ға дейін қыздырылып сүзуге жіберіледі.
Қайнату əдісінде затордың біраз бөлігі белгілі температураға
дейін
қыздырылып, тұрғызылып, қайнатылады,
сосын затордың
қалған бөлігімен араластырылып барлық затордың температура-
сын көтереді. Қайнатпаның санына байланысты сүзіндіні дайындау
кезінде бір, екі жəне үшрет қайнату əдісі қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: