Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Сырақайнату өндірісінің қалдықтарын қолдану



Pdf көрінісі
бет305/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   375
10.7. Сырақайнату өндірісінің қалдықтарын қолдану
Сыра өндірісінде басқа өнеркəсіп салаларында шикізат жəне 
қоспа; қосымша өңдеуден өтетін немесе өтпейтін жанама өнімдер; 
қайта қолданылатын қайталама өнімдер ретінде қолдануға болатын 
қалдықтар түзіледі.
Сырақайнату өндірісіндегі қалдықтар 10.6-суретте келтірілген 
сызбаға сəйкес қолданылады.
 10.6-сурет. Сыра өндірісінде қалдықтарды қолданудың сызбасы
Сыра өндірісінің қалдықтарына жататындар:
- тазалау жəне сорттау кезінде пайда болатын бос, зақымдалған 
дəндер, толық жетілмеген арпа дəні жəне басқа да дəндерден 
тұратын дəнді қалдықтар. Бұл қалдықтар малға жемдік мақсатта 
қолданылады;
- жуу кезінде пайда болатын толық жетілмеген арпа дəні, сабан, 
бидайдың жұмсақ бөлігі жəне т.б. тұратын жеңіл дəн қоспалары. 
Жеңіл дəн қоспасының ылғалдығы 12-32%. Жеңіл дəн қоспалары 
жақсы сақталмайды. Малдық жем ретінде қолданылады;
05-1,5% биологиялық белсенді заттардан (өскінді, тыныс алуды, 


501
ферменттердің биосинтезін жəне т.б.) тұратын жібітілген су. Қайта 
сулау үшін қолданылады, өндіру үдерісін қысқартады жəне уыт 
шығымын жоғарылатады. Сонымен қатар, жібітілген судан өнуге 
қарсы қасиеті бар препараттар алуға болады;
- кептіргеннен соң бірден бөлініп алынатын, гигроскопиялығы-
ның жоғары болуынан жақсы сақталмайтын уыт өскіндері. Олардың 
ішіндегі ащы заттары жəне өзіне тəн иістің болуынан оларды 
малға жемдік мақсатта қолдануға болмайды. Өскіндерде болатын 
биологиялық белсенді жəне тағамдық заттар (азотты, азотсыз, ми-
нералды заттар, талшықтар, майлар, витаминдер, ферменттер, 
өскіндердің стимуляторы жəне т.б.) спирт, ашытқы, ферменттер жəне 
тағы да өндірістерде микроорганизмдерді өсіру кезінде қоректік 
заттардың құрамды бөлігі ретінде қолдануды негіздейді;
- сүзу жəне жуудан кейін түзілетін ақуызды, азотсыз жəне ми-
нерал заттар, май жəне басқа да заттардан тұратын сыра дробина-
сы. Ылғалдығы үшін (88%) дробинаны 24 сағ ішінде жаңа күйінде 
малдық жем ретінде қолданады. Дробинаны натрий хлорымен 
консервациялауға болады;
- көп мөлшердегі ащы заттардан тұратын құлмақ дробинасы 
тыңайтқыш ретінде қолданылады;
- сыра сусласын салқындату кезінде түзілетін ақуызды заттар-
дан, құлмақ шайырынан, микроэлементтерден, витаминдер жəне 
басқа да заттардан тұратын ақуызды тұнба. Сыра дайындауда 
тұрғызылғаннан экстрактивті заттарды бөліп алу үшін жəне тоған 
шаруашылықта балықтардың жемі ретінде, малдық жем ретінде 
қолданылады;
- ашыту жəне ашытуды жеткізу кезінде шөгетін қалдық ашытқы-
лар тұқымдық жəне жартылай жанама өнім ретінде қолданылады. 
Қалдық сыра ашытқысы ақуыз заттар, май, гликоген, минерал зат-
тар, витаминдер (əсіресе В тобы), D провитамині жəне басқа да зат-
тардан тұрады. Қалдық ашытқыда болатын биологиялық белсенді 
заттар фермент жəне емдік препараттар (құрғақ тазартылған сыра) 
өндірісінде қолданылады. Сыра ашытқысынан фермент препарат-
тарын, дəмдеуіштер, нуклеин қышқылы, аминқышылдары жəне т.б. 
заттарды алуға болады;
- сыра сусласының ашуы кезінде жанама өнім ретінде бөлінетін 
көмірсу диоксиді,
жартылай газ бөлу жағдайында, жартылай 
сырақайнату өндірісінің ішкі қажеттіліктері үшін сұйық күйінде 
қолданылады. Көмірсу диоксидін алкогольсіз сусындар, минерал 


502
суы, газды шараптар жəне шырын өндірісінде, фармацевтикалық 
кəсіпорындарда, мұнай-газ, құйма өндірістерінде жəне т.б. 
қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет