Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет306/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   375
Бақылау сұрақтары:
1. Уытты ұнтақтауға дайындау үшін қойылатын талаптар?
2. Сүзіндіні дайындау деген не жəне сүзу кезінде қандай үдерістер 
жүреді?
3. Сүзіндіні дайындау əдісінің қандай түрлері бар?
4. Уытталмаған шикізаттар дегеніміз не?
5. Сыра дробинасы деген не?
6. Құлмақпен сусланы қайнатудың мақсаты?
7. Сусланы мөлдірлету жəне салқындату кезіндегі жүретін 
үдерістер?
8. Негізгі ашыту кезінде қандай үдерістер жүреді?
9. Тұқымдық ашытқы деген не?
10. Сыраны ашытуды жетілдірудің мақсаты неде?
11. Сыраны ашытуды жетілдіру кезінде қандай тəртіптер сақталуы 
керек?
12. Сыраны мөлдірлету деген не?
13.Сыраны неге тұрақтандырады? Қандай тұрақтандыру əдістерін 
білесіздер?
14. Сыра өндірісінің қалдықтарын қалай қолдануға болады? 


503
11-ТАРАУ
ЭТАНОЛ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Этанол (этил спирті, шарап спирті) – түссіз жеңіл қозғалатын 
өзіндік иісі мен ащылау дəмі бар сұйықтық. Сумен кез кел-
ген жағдайда араласады, бейтарап немесе сəл ғана қышқыл 
(органикалық қышқылдың бар болғаны салдарынан) реакциясы бар. 
Спирттің қалыпты жағдайда қайнау температурасы 78,3
0
С, қату тем-
пературасы – 117
0
С, салыстырмалы тығыздылығы 

d
0,78927. 
Спирт өте ылғал тартқыш, ұшу қасиеті өте жоғары, тірі ағзаларға 
улы келеді.
Алынатын шикізатына байланысты этанол гидролиздік, 
синтетикалық, сульфиттік жəне тағамдық болып бөлінеді. Соңғысын 
тағам шикізаттарынан (астық, картоп, меласса) өндіреді жəне тамақ 
өнеркəсібі мен медицинада қолданады. Тағам этанолының 60% жуығы 
негізгі шикізат ретінде ликер-арақ өнеркəсібінде жəне спирттелген 
шырындарды, жидек шырынынан істелген сусындар(морстар) мен 
синтетикалық эссенцияларды дайындау үшін қолданылады. Шарап 
өнеркəсібінде шараптың ашыуын белгілі бір сатыда тоқтату жəне 
шараптың күші мен тұрақтылығын арттыру үшін спиртті 30-35% 
мөлшерде қосады. Аз мөлшерде спирт консерві, дəрумен, микробио-
логия өнеркəсібінде, сондай-ақ, медицинада препарат, дəрі-дəрмек 
жасауға жəне залалсыздандыратын заттар ретінде де қолданылады. 
Спирт өндірісінде крахмал құрамды шикізат пен жаужапырақтан 
шикі спирт өндіріледі этанол мөлшері кем дегенде 88% көлемінен 
тұратын, 1-ші сұрыпты ректификатталған (тазартылған) спирті 
(96% көл), жоғары тазартылым спирті (96,2% көл), Базис (96,0% 
көл), Экстра (96,5% көл), Люкс (90,3% көл) жəне Альфа (96,3% көл) 
шығарылады. Люкс пен Экстра спирті тек дəннен жəне картоптан 
өндіріледі (қоспадағы картоптың құрамы Люкс спирті үшін 35% 
жəне Экстра спирті үшін 60% аспауы тиіс). Альфа спирті бидай, қара 
бидай немесе бидай мен қара бидайдың қоспасынан өндіріледі.
Крахмал құрамды шикізаттан спирт алу келесі негізгі 
технологиялық сатылардан тұрады (11.1-сурет): шикізатты қайта 
өңдеуге дайындау; дəнді дақыл пен картопты қайнату; қайнатылған 
массаны қанттандыру; ашытқыны өсіру; қанттанған суслоны ашыту; 
ашымықтан спиртті бөліп алу жəне тазарту.


504


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет