Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет322/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   375
Су-спирт қосындысын сүзу. Су-спирт қосындысын аздаған 
мөлшерде өлшенді бөлшектерден тазалап алу үшін оны сүзбеден 
өткізеді. Сүзбе материалы ретінде кварц құмы қолданылады. Сүзбе 
үдерісі құм сүзбелерінде жүзеге асырылады. 
Сұрыптаманы сүзу сүзбеден жоғары орналасқан қысым ба-
гында орналасқан су-спирт қосындысы бағанының қысымымен 
өткізіледі. Сұрыптаманың кейбір өлшемді бөлшектерінің көлемі 
сүзбе материалының саңылаулар көлемінен кіші болғандықтан, 
сүзбенің (фильтрат) алғашқы порциялары лай болып шығады. Сүзу 
барысына қарай сүзбе материалында өлшемді бөлшектердің бір 
қабаты жиналады жəне одан кейінгі сүзбе мөлдір болып шығады. 
Сүзу барысында түскен тұнба қабатының биіктігі үлкейе береді, ол 
өз кезегінде үдеріс барысын тежейді, сондықтан сүзбе материалын 
арасына уақыт салып тұнбадан тазартып тұрады. 
Сүзу төсемелерсіз тек кварц құмы арқылы жүзеге асырыла-
тын бір- жəне екі ағынды сүзбелермен үздіксіз сүзу тəсілі едəуір 
басымдықтарға ие. Құм төгілмей сол сүзбеде жуылады. Бір ағынды 
сүзбеде сұрыптама жоғарыдан төмен қарай беріледі, ол түрлі 
көлемдегі бөлшектері бар үш қабат кварц құмынан өткізіледі. Екі 
ағынды сүзбеде су-спирт қосындысы екі лекпен беріледі – жоғарыдан 
төмен жəне төменнен жоғары қарай. Сүзбені іріктеу орталық дренаж 
құрылғысы арқылы жүргізіледі. Бір ағынды сүзбеде сүзу циклінің 
ұзақтығы 4-5 ай, екі ағынды сүзбеде – 7-8 ай.
Су-спирт қосындысын белсенді көмірмен өңдеу. Су-спирт 
қосындысын белсенді көмірмен өңдеу, оған жағымсыз иіс пен дəмін 
келтіретін қоспаларды жоюын қамтамасыз етеді. Белсенді көмірдің 
аса жоғары сіңіріп алу қасиеті жəне спирт пен оның қоспаларына 
қышқылдандыру əрекеті есебінен арақтың дегустациялық 
қасиеттерін əлдеқайда жақсартуға қол жеткізіледі. Арақ-ликер 
өндірісінде соңына қарай қыздырылған су буымен өңделетін, ауа 
тигізбей қайың мен шамшат ағашын шала күйдіріп алатын БАУ 
маркалы белсенді көмірін қолданады. Белсенді көмірдің сіңіріп алу 
қасиеті, оның ішкі жағының жетілгендігін сипаттайтын кеуектігіне 
байланысты болады. 
Қазіргі таңда сұрыптаманы белсенді көмірмен өңдеу қарқынды 
тəсілмен немесе көмірдің өлшенген қабатында жүргізеді. Қарқынды 
тəсілмен өңдегенде белсенді көмірді құм сүзбесінен төменнен 


532
жоғары қарай шығатын су-спирт қосындысы келіп түсетін цилиндрлі 
бағанға салады. Бағандағы көмір қабатының биіктігі 4 м. Су-спирт 
қосындысының көмір бағандардан өту жылдамдығы көмірдің 
белсенділігіне қарай реттеледі. 
Су-спирт қосындысын көмірдің өлшенген қабатында өңдеу, 
сұрыптама ол арқылы тізбектеліп өтетін 3-4 контактордан тұратын 
үздіксіз істейтін қондырғыда өткізіледі. Контактор бөлшектерінің 
көлемі 0,2-0,4 мм белсенді көмір салынатын түбі конусты цилиндр 
ретінде берілген. Контакторға төменнен жоғары қарай 5-8 дм
3



с) жылдамдығымен сұрыптама беріледі, одан аппараттың ішінде 
турбуленттік қозғалыс пайда болады. Көмір қозғалмайтын күйден 
өлшенген күйге ауысады, оның орын алған көлемі ұлғаяды жəне 
көмірдің су-спирт қосындысымен өзара əрекет ету жағдайлары 
жақсара түседі. 
Белсенді көмірді пайдалану барысында оның сіңіру жəне 
қышқылдандыру қасиеттері төмендейді, сондықтан өңделген көмір 
уақыт салып регенерацияға – бағанда 110-115
0
С температурасын-
да су буымен термиялық өңдеуге ұшырайды. Көмірдің термиялық 
өңдеуінде десорбация – ұшу қасиеттері салдарынан көмірді 
жұтқан заттардан тазарту жүреді. Сондай-ақ, көмірді регенерация 
мақсатында бағанда 200
0
С температурасында буландырады немесе 
реактордан шығарады жəне арнайы пештерде 800-900
0
С температу-
расында шынықтырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет