Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет319/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   375
Өсімдік шикізаты. Арақ-ликер өнеркəсібінде 100-ден астам 
өсімдік шикізатын қолданады. Морфологиялық (сыртқы) белгілері 
12.1 - сурет. Өсімдік шикізаты сыныптамасының сызбасы


527
бойынша өсімдік шикізатын жеті топқа, ал технологиялық белгілері 
бойынша – үш топқа жіктейді (12.1-сурет). Осы жіктелуді ескере 
отырып шикізатты өңдеу тəсілін таңдайды.
Өсімдік шикізатының хош иісті жəне дəмдік заттары: су-спирт 
ерітінділерінде еритін (экстрактивті) жəне ерімейтін болып екі топқа 
бөлінеді. 
Еритін заттарға: еритін көмірсутектер, органикалық қышқылдар, 
гликозидтер, бояйтын жəне дубильді, алкалоидтар, эфир майлары, 
хош иісті қосындылар, азотты заттары, ферменттер, майлар, мине-
ралды тұздар жатады.
Ерімейтін заттарға: целлюлоза, гемицеллюлоза, лигнин, ерімейтін 
азотты жəне минералды заттар жатады. 
Шикізатты өңдегенде еритін заттар түгелдей су-спирт ерітіндісіне 
өтеді, ал ерімейтін заттар қалдықта қалады. 
Хош иісті шөптер ретінде түйе бұршағы, киікшөп, шай құрай, 
тілқияр, бəден, майоран, жаужапырақ, жалбыз, жусан, гүлшетен, 
жебір шөп, сəлбен, мəңгі жасыл ағаш қолданылады. Хош иісті 
заттардың көзі ретінде ақ қараған, тау арникасы, қалампыр, кален-
дула, гүлінен иісті май шығарылатын бұталы өсімдік, жөке, емдік 
түймедағы, раушан, ақшешек, мойыл мен запыран гүлдері; шалғын, 
шүйгіншөп, девясил, сасық балдырған, зімбір, сарыгүл, калган, жа-
сылша тамырлары мен тамыр сабақтары; бəден, емен, кофе ағашы 
(кофе), жұпар ағашы, хош иісті жəне қара бұрыш, ащы апельсин 
ағашы (померанец), ваниль, даршын, кардамон, күнзе, арша, зире, 
бұрыш, какао ағашы (какао бұршақтары), аскөк өсімдіктерінің 
ұрықтары мен құрғақ жемістері жəне т.б.қолданылады. Хош иісті 
заттар қоңыр лавр-даршын қабығында да бар. Апельсин, кюрасо, 
лимон, мандарин, померанец, шырынды, ірі жемісті алмұрт түрі 
сияқты цитрустардың жаңа піскен жəне кептірілген қабықтары да 
хош иісті шикізат ретінде пайдаланады. 
Хош иісті емес шикізат ретінде шөптер (солмасгүл, үшжапырақты 
вахта, алмұрт, бəйшешек, эфедра); тамырлар мен тамыр сабақтары 
(горец змеиный, табан жапырақ, мия) жəне ағаш қабығы (емен, ит-
шомырт (крушина), хинин ағашы) қолданылады. 
Арақ-ликер өнеркəсібінде қосалқы материалдар ретінде: 
органикалық қышқылдар, негізінен лимон қышқылы; спиртте 
ерітілген эфир майлары (раушан, жалбыз қосқан, апельсин, ли-
мон, бəден, зире жəне т.б.); хош иісті, бояғыш заттар жəне т.б. 
қолданылады. 


528
Қолданылатын тағамдық бояғыштары – күйдірілген қант 
(қоңыр), қаражидек морсы (қою қызыл) жəне басқалары түсінің 
жарқындығын күшейте түседі де өнімді белгілі бір түске бояйды. 
Кейбір арақ-ликер өнімдерін дайындау үшін коньяк, портвейн, 
қою сыра, табиғи бал жəне т.б. да пайдаланады. 
Негізгі шикізат пен қосалқы материалдардан: спирттелген шы-
рын мен морс, тұнба, хош иісті спирт пен қант шəрбаты сияқты жар-
тылай дайын өнімдер дайындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет