526
Аперитивке спирттік немесе шараптық негізді аздаған ащы күйік
дəмін келтіретін жартылай өңделген өнімдер мен ингредиенттерді
енгізе отырып алады.
12.1. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың сипат-
тамасы
Этанол (этил спирті). Алкоголь ішімдіктері өндірісінде шикізат
ретінде қолданылатын спирт, құрамында қант (қант қызылшасы,
жаужапырақ жəне т.б.) жəне крахмалы (дəнді дақылдар, картоп жəне
т.б.) бар шикізаттан биохимиялық жолмен алынады.
Арақ-ликер өнеркəсібінде ректификатталған (тазартылған)
– Люкс, Экстра, жоғарғы жəне І сұрып этил спиртінің түрлері
қолданылады. Спирт сұрыптары спирт пен қоспа құрамы бойынша
ерекшеленеді.
Су. Су ГОСТ талаптарына сəйкес болуы қажет, ондағы ор-
га
никалық азот заттарының ыдырау өнімдері мен жылдам
қышқылданатын неорганикалық қоспаларының құрамы неғұрлым
төмен болуы тиіс. Судағы кальций тұзы мен магнийдің бар болу-
ына байланысты судың тұздылығының мəні зор. Судың жалпы
тұздылығы 1 мг
.
экв/дм
3
аспауы тиіс. Бұл талаптарға сай келмейтін
суды жұмсарту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: