Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет324/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   375
Купаждау. Арақ-ликер өнімдерін алуда купаждау – өнімнің жеке 


536
құрамдас бөліктерінен қосындыны даярлау негізгі технологиялық 
операциясы болып табылады. Купаж шикізат пен жартылай дайын 
өнімдер шығыны берілген бекітілген рецептураны қатаң ұстанып 
дайындалады. Сондықтан, алдымен құрамындағы экстра белсенді 
заттар, қант, қышқылдар, эфир майы мен спирт негізінде қажетті 
шикізат пен жартылай дайын өнімдерінің қажетті мөлшерінің есебін 
жасап алады. 
Купаждау тотықпайтын немесе эмальденген құрыштан жасалған 
пропеллерлі бұлғағышпен жабдықталған, сыйымдылығы 3,5-
5 м
3
цилиндрлі нысандағы аппараттарда жүргізіледі. Құрамдас 
бөліктерін тізбектеп белгілі бір жүйеде араластырады. Аппаратқа 
спирттелген шырындарды, жидек шырынынан істелінген сусындар-
ды (морстарды), тұнбаларды, хош иісті спирттерді енгізеді, оларға 
ректификталған спирт пен купажды дайындауға арналған судың 
жартысын қосады. Араластырған соң қосындыға қант шəрбатын, 
бояғыштарды, лимон қышқылын, басқа құрамдас бөліктері мен 
қалған суды қосады. Купажды мұқият араластырады. 
Купажды дайындаудың бұл кезектілігін спирттің қоюлығын 
төмендету үшін қолданады. Болмаған жағдайда купаждаудың басын-
да қант шəрбатын енгізсе қант кристалданып кетуі мүмкін. Спирт 
пен хош иісті заттары буланып кетпеуі үшін купажға енгізілетін 
қант шəрбатының температурасы 20
0
С аспауы тиіс. Синтетикалық 
бояғыштар мен лимон қышқылы купажға су ерітіндісі, ал эфир май-
лары мен ванилин – спирт ерітіндісі ретінде енгізіледі. 
Дайын купажда спирт, экстракт, қант, қышқыл құрамдарын 
бақылап отырады жəне ол көрсеткіштер ГОСТ белгіленген талап-
тардан ауытқыған жағдайда, оларға талап етілетін қосымша зат-
тар қосылып түзетіледі. Араластырған соң қайталап сараптама 
жүргізіледі. Сүзу жағдайларын жақсарту үшін купажды белгілі бір 
уақыт бойына аппаратта ұстайды. Бұл ретте купаждың ерімейтін 
бөлшектері (өлшеме) аппараттың түбіне қонады. Купажды бабына 
келтіру ұзақтығы өнім түріне қарай 24 сағаттан 1 айға дейін созылуы 
мүмкін. 
Купажды сүзу. Купаж 200-250 кПа қысымымен фильтр-
престерде сүзіледі. Асбестцеллюлоза тілімдерінде купаждың 
өлшенген бөлшектерінен сүзбе қабаты пайда болысымен, сүзбенің 
алғашқы порциялары кері қарай сүзбеге қайтарылады. Дайын өнім 
жинақтағышына тек мөлдір сүзбелерді ғана өткізеді. Сүзбені қайта 
жарақтағанда асбестцеллюлоза тілімдерін алып тастайды жəне 


537
ондағы спирт қалдықтарын шығаруға жіберіледі. Сүзбеден өткен 
купаж құюға жөнелтіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет