Байланысты: « аза станны азіргі заман ы тарихы» п ні о амды тарихи санан
42.Мемлекеттік сәйкестікті дамыту, азаматтық бірлікті және саяси тұрақтылықты нығайту саясаты Дәл қазіргі сәтте Қазақстанда мемлеттілікті нығайту және азаматтық бірлікті нығайту саясатын қолдау өте маңызды болып отыр.Ол мәселе Мәңгілік ел идеясының ең басты іске асырылуы тиіс міндеті болып отыр. Сол бағытта бірнеше іс шараны іске асыруды қолға алу керек. Осы Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірлеу қажеттілігі «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру жөніндегі «Бірегейлік пен бірлік» атты төртінші бағытының міндеттерімен негізделген.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы», «Білім туралы», «Тіл туралы», «Мәдениет туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыру тұжырымдамасына, Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасына, Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасына негізделеді.
Тұжырымдама мынадай басты қағидаттарға негізделеді:
1) негізгі бағыт – ел Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы;
2) «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының біріктіруші құндылықтары – азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, ғылым мен білімге құрмет, зайырлы ел;
3) қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы – мәдени, этникалық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықтар;
4) қазақстандық бірегейлік пен бірлік – ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасатын процесс. Ол әрбір азаматтың этникалық тегіне қарамастан өзінің тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланыстыруына негізделеді. Ортақ тарихымыз, бүгінгі тіршілігіміз, болашаққа деген ортақ жауапкершілігіміз қоғамды біртұтастыққа бастайды: «Біздің бір ғана атамекеніміз, бір ғана Отанымыз бар – ол Тәуелсіз Қазақстан». Бұл саналы таңдаудың мәнін ұғыну – бірігудің басты негізі.
Тұжырымдаманы әзірлеу барысында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми және шығармашыл зиялы қауымның ұсыныстары ескерілді. Тұжырымдама Қазақстанның барлық өңірлерінде талқыланды.
Тұжырымдама қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, басқарушылық шаралар жүйесін қабылдауға негіз болады.
ҚХА Хатшылығы Мемлекет басшысына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Тұжырымдаманы, сондай-ақ «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру жөніндегі жұмысы туралы жыл сайын есеп береді.
Қазақстан тәуелсіз және демократиялық мемлекет ретінде орнықты. Елде қазақстандық бірегейлік пен бірліктің барлық қажетті саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани негіздері қаланды.
Біріншіден, тәуелсіздік алған кезден бастап Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекет құру саясатын жүйелі түрде жүргізіп келеді.
Конституция этникалық, тілдік, мәдени, діни әралуандылықты мойындау негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудың азаматтық қағидаттарын бекітті.
Конституцияда қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық және қазақстандық патриотизм тұжырымдары бекітілді.
Қазақстанның жаңа елордасы – Астана қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудың айшықты символына айналды.
Екіншіден, бүгінде Қазақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей үлгісі табысты іске асырылды. Оның авторы және архитекторы – Президент Н.Ә. Назарбаев.
Көпэтносты және көпконфессиялы қоғамды топтастыру үшін ҚХА институты ойдағыдай жұмыс істеп келеді.
ҚХА қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту ісінде басты рөл атқарады, қоғамда тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін конституциялық орган болып саналады.
2007 жылдан бастап ҚХА Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне өз өкілдерін жібереді.
ҚХА мәртебесі «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген.