Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
.................................................................................................................................................................................................. ...........
70
Смагулова А. С., заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Ниязова А., магистрант
Қазақ – Орыс Халықаралық университеті, Ақтөбе қаласы
САТЫП АЛУ, САТУ КЕЛІСІМШАРТТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Аннотация: В обычном праве казахов были особенные требования к составлению и оформлению договора
купли- продажи. Один из них - рукопожатие означал договоренность сторон. Устная договоренность
казахов исполнялось не хуже писменной, поэтому допускалась на равне с письменной.
Abstract:
Special requirements for the preparation and execution of the sale contract were in the customary law of
the Kazakhs. One of them is a handshake agreement between the parties. Kazakhs verbal agreement was executed
not worse than written and therefore it is allowed to use on equal terms.
Қазақ қоғамында сауда - саттық қатынастары
айырбастан кейін дамыды. Дәстүрлі әдет құқығы
бойынша мүліктің меншік иесі ғана сату керек
болды. Дегенмен азаматтық айналымда кейбір
жағдайларда мүлікті басқа адамның сатуына
рұқсат беретін жағдайларда кездеседі. Ол ең
жақын туыстары болса, сенімхат негізінде,
бастықтың өкіміне сәйкес. [1]
Әйел адам тек ерінің рұқсатымен ғана
сауда жасай алады. Ал рұқсатсыз сатылған зат
қайтарылады. Бірақ жесір әйелге ерік берілген.
«Вдовь у киргизов не возбраняется торговать» -
деп көрсетеді. [1, 94 б] Сонымен қазақтардың
әдет құқығында сатып алу - сату шартының
толық құқықты субъектілері ретінде: от ағасы,
енші алған ұлдар, енші алмаған, бірақ
кәмелетке жеткен ер балалар және жесір
әйелдер болса, ал шектеулі құқықпен сауда
жасай алатындар: кәмелетке жетпегендер әкесінің
рұқсатын алуы қажет және күйеуі бар әйел
күйеуінің рұқсатымен ғана сауда жасай
алатындығы белгілі болды.
Сауда жасаудың да өзіне тән талабы, рәсімі
болғандығы белгілі. Соның ішінде бір-біріне
ризалық білдіріп, қол алысудың өзі сатып алу –
сату шартының жасалғандығын білдіреді. Сауда
шартын жазбаша жасауды онша талап етпеген,
қазақтарда ауызша келісімнің өзі жазбашадан
кем түспеген, себебі қазақ бір ауыз сөзге,
берілген сертке, қабылдаған антқа, айтқан сөзге
тұрған халық. Ол туралы: «Письменная форма
при купле-продаже хотя и встречается изредко
но обязательной, как корпус сделки не бывает» -
деп көрсетеді. [2, 172 б.]
Сауда жасауда куәгерлерде қажет болмаған,
дегенмен «если контрагенты не знают друг-
друга, то бывают поручители,» - деп көрсетеді
зерттеушілер. [1, 126 б.]
Сондай-ақ, екі жақтың саудасын келістіруші
базарларда маклерлер болған. [2] Сауда шартынан
туындайтын заңды қатынастарға тоқталсақ әдет
құқығында ол жауапкершілік жүктеп, келіскен
бағаны төлегенге дейін сатып алушы затты бе-
руді талап ете алмайтын болды, ал сатушы
мүлікті керек - жарағымен түгелдей беруге
міндеттенеді. Сатылған заттың кемшілігі бол-
мауға тиіс, ал егер болған болса ол туралы алдын
- ала ескертілуге тиіс, ескертілмей сатылып,
кемшіліктері кейін айқындалса онда саудаласқан
зат қайтарылуы да мүмкін. Бұл ойымызды зерт-
теу еңбектерде қолдайды. Ол туралы: « если такие
недостатки обнаруживается впоследствии, то, по
требованию покупателя, продажная цена может
быть уменьшена, или сделка совершенно уни-
чтожается», - деп [2, 109 б.] көрсетсе, мұндай
заңның өзге де халықтардың заңдарына сәйкес
қолданылатын әдіс-тәсілдерінің бар екендігін
көреміз, яғни: «уменьшение покупкой цены, встре-
чается в римском праве, почти во всех инностран-
ных законодательствах и в обычаях русских
крестьян» - деп көрсетеді. [3, 135 б.]
Сауданың бұзылатын жағдайы қазақтарда
көбіне малмен байланысты жағдайларда бұзы-
лады және шарттың бұзылуы 2-3 күннен аспауға
тиісті болған. Әсіресе сауда-саттықта алдап са-
туға, кем өлшеуге өте жауаптылықпен қараған.
Ол туралы: «в случае же обвеса, обмана и об-
считывания, учинитель иного обязан дать прися-
гу в свой невинности, но когда присяги той на
срок не достовить, то должен удовлетворить в
иск обижанного», - деп [4, 181 б.] көрсетеді. Ал
сатылатын малды таңдаған кезде сатушы жақ
сатып алушыға түгелдей ерік беріп «алсаң өз
еркің, алмасаң да өз еркің» деп малды түгел
қарауға жағдай жасаса, онда кейін ол малдың
кемшілігін даулау заңсыз болып есептелген. Ол
туралы «и тем не менее покупатель нашел воз-
можность купить животное, тогда весь риск
падает на покупателя, и животное ни в каком слу-
чае не подлежит возврату», - деп [1, 128 б.]
көрсеткенімен сауданы келістіруші маклер сатып
алушыдан малға қоятын кінәсі болса сол бойда
айтуын өтінген. Кейін тек көзге айқын көрінетін
мал ақсақ, сарық болса, ертеңінен қалдырмай ес-
кертуді талап еткен.
Ал бір зат қатарынан екі адамға сатылса, ол
заттың пұлын бірінші төлеп, қол алысқан адам
алады. Ал екінші адамға ақша ешбір айыпсыз қай-
тарылған. Ал сатылып қойған затты қайта басқа
адамға сатса бірінші келісіп саудаласқан адам,
талап етуге құқылы, ал сөзге тұрмаған саудагер
айыбымен қайтарған. Себебі бірінші саудаласқан
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
.................................................................................................................................................................................................. ...........
71
адамның саудасы заңды деп танылған «призна-
ется в силе первый договор, а вторая сделка
может получить силу только в том случае, когда
первый покупатель выразит согласие на уни-
чтожение договора и получить обратно плату за
вещь». [3, 151 б.]
Яғни кім бірінші бағасын төлеп, қол алысса
сол затты алған болып есептелген және екі
жақта бас тарта алмаған, егер тек сатушы сатып
алушыдан белгілі бір суммаға затты қайтаруды
келісіммен қайтармаса, яғни қазақ қоғамындағы
әдет құқығында сатылған зат қайтарылмаған-
дығын көреміз. [1] Міне осындай талаптарға
негізделген сауда қатынастары қазақ даласында
ежелден –ақ қалыптасып, көршілес елдермен са-
уда байланысы күшее түскен. Ол туралы: «уже в
ХУІ веке русские караваны ходили вверх по
Иртышу, а «бухарские» караваны направлялись
через Киргизский край в Европейскую Россию», -
деп көрсетеді. [5, 288 с.]
Қазақ даласына орыстардың енуі сауда
байланысын күшейтті. Ол үшін 1764 жылдан
бастап ақша бөлініп, Орынбор, Торғай шекара-
ларында көпестер үшін мешіттер, керуен сарай
салып, жағдай жасалды. Көпестердің керуен-
дерінің қауіпсіздігін өкімет өз бақылауына алып,
оларды қорғау үшін қазақтарды жіберді. Петро-
павол қаласындағы сауда біршама жақсы жүріп,
кеден бақылауын да ұйымдастырды, сауданы
жақсарту үшін салықты жеңілдетті. 1831 ж.
қазақтардан келетін тері, майға салық жеңілдесе,
1835 жылы қазақ даласына жіберілетін астық пен
жер өңдейтін құралдарға жеңілдік берілді. [5]
Ал 1845 жылдан бастап көпестер қазақ да-
ласына айырбас сарайларын салып, емін-еркін
саудаға кірісті 1868 ж. реформадан кейін қазақ
даласын төрт аймаққа бөлу саудада бүкіл са-
лықтарды жойып, көпестерге көптеген мүмкіндік
берді. Әкімшілік басқару реформасы дайындалып
жатқан кездің бастап-ақ, қазақ даласын зертте-
ушілердің бірі В.Доменский «сауда өзіне өзі жол
ашады, тек әкімшіліктің сәл жәрдемі керек», - деді.
[6, 27с.] Ал «1867 – 1868 жж. реформаны дайындау
комиссиясының құжаттарында қазақ даласының
сауда ісін дамытуда аса қолайлы екені айтылып,
мұнда біздің осы өлкемен және Орта Азиямен
саудамыздағы ең маңызды бұйымдардың бірі -
мануфактура өнімдерін, орыс саудагерлерінің
өздеріне үлкен пайда келтіре отырып, малға айыр-
бастауына немесе ақшаға сатуына мүмкіндігі
бар» - деп атап көрсетеді. [7]
Міне осы тұста патша чиновниктерінің
көпшілігі қазақтармен өзара тиімді сауда байла-
ныстарын дамытуға жергілікті халық арасында
орыстық бағытты күшейтудің және аймақта
үкіметтің позициясын нығайтудың аса нәтижелі
құралы ретінде қарады.
Осылайша қазақ даласына айырбас, жәрмең-
келік және тұрақты (отырықшы) сауда орында-
ры ашылда. Айырбастаушылар өз тауарларымен
қазақ даласын кезіп тауарын малға, жүнге, мал
өнімдеріне айырбастап, оны Троицк, Орынбор,
Орск, Петропавлск, Омск базарларына сатып, ол
Ресейдің ішкі рыногіне жөнелтілді «Обороты
этой торговли можно считать до миллиона руб-
лей в год», - деп көрсетеді. [5]
Сауданың екінші, бір түрі жәрмеңкелерде
фабрика өнімдерін мал өнімдеріне айрбастау
еді. Осының ішінде Ақмола облысындағы үш
жәрмеңкеге тек Ресей, Түркістан ғана емес Евро-
падан көпестер келген. Ол туралы 1900 ж. Ақмола
облысындағы
Константиновск,
Атбасарда-
Петровск және Петропавл уезіндегі Тайшыкөл
жәрмеңкелеріндегі сатылған тауарлар туралы
мынадай деректер бар (кесте):
Константиновская
Петровская
Таинчкульская
Привозъ
Сбыть
Привозъ
Сбыть
Привозъ
Сбыть
Въ тысячахъ руб.
Въ тысачахъ руб.
Въ тысячахь руб.
Своть.........
Произведения степи (кожа, сало,
шерсть и проч.) ...........
Фабрично-заводские товары
Мануфактурные........
Металлическиі............
Кожевенные..............
Каіатскіе (ковры, предм. вазянія,
сушеные плоды и пр.)
1.0.0
352
370
73,5
21,5
80,9
727
225,8
210
26
14
31
989, 8
285,9
224
12
24
33
813
198,7
173,5
7,9
17,6
23,7
679
22,6
157
8,9
9,8
72
184,5
20,8
64
2,7
3,4
11,8
1,907,9
1,233,8
1,568,7
1,234,4
949,3
287,2
Міне дала төсіндегі барлық сауда рыногын
өз қолдарына жинақтаған Ресей өкіметі шет
аудандармен ашықтан-ашық тонаушылық
сипаттағы айырбас немесе сауда жүргізді.
Далалық аудандарда көптеп жәрмеңкелер
ашылып, онда өз ережелерін бекітті. Торғай
облысының Орта Азиямен байланыс орнатуға
қолайлы жеріне орналасқан Ырғыз бекінісінің
ірге тасы 1845-жылы қаланып, 1869-ж. Ырғыз
уездік қала статусын алды. Осы мерзімнен
бастап Ырғыз бекінісі 1 мыңға жуық тұрғыны
бар уездік қала сапытына көшіп,негізінен қазақтар,
татарлар, башқұрттар қоныстанып, олар қала
халқының 87% құрады. Қала халқының 33%
әскерилер мен саудагерлер болды. [7] 1870-ж.12
(19) қарашада Ресей ішкі істер министірі
генерал-адъютант Тамашев Ырғыз (бұрынғы
Орал) бекінісі жанында ашылған жәрмеңкенің
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
.................................................................................................................................................................................................. ...........
72
жұмыс ережесін бекітті. Соның бірі 1870 жылы
12 (19) қарашада Ресей ішкі істер министрі
генерал-адьютант Тамашев Ырғыз (бұрынғы
Орал) бекінісі жанында ашылған жәрмеңкенің
жұмыс ережесін бекітті. Бұл ереже жәрмеңкенің
ашылу мақсаты мен жәрмеңкеге келген саудагер
көпестердің және сатып алушылардың негізгі
құқықтары былайша көрініс тапты:
Ырғыз жәрмеңкесінің ережесі бойынша
саудагерлер мен сатып алушылардың азаматтық
және еңбек құқықтарының сақталуы
1. Торғай облысының қазақтарының өз
қарамағындағы малдарын өткізу және өздеріне
қажетті нәрсенің бәрімен қамтамасыз етуіне
қолайлы жағдай жасау, үшін және қазақтардың
малдарын орыс саудагерлерінің сатып алуын
жеңілдету үшін Торғай облысында екі жәрмеңке
тағайындалады: біріншісі Елек уезінің Ақтөбе
бекінісінде, екіншісі Ырғыз уезінің Ырғыз
(бұрынғы Орал) бекінісінде.
2. Бұл жәрмеңкелердің өткізілетін
мерзімдері: Ақтөбе жәрмеңкесі үшін 15- шілдеден
15-тамызға дейін, Ырғыз жәрмеңкесі үшін 10-
қыркүйектен 10- қазанға дейін.
3. Басқа қалалардан келетін көпестердің
қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау үшін
уезд бастығының жарлығымен жергілікті бекініс
горнизонынан шынайы қажеттілікке сәйкес
команда тағайындалады.
4. Жәрмеңкедегі қоғамдық тәртіп пен
тұрақтылықты сақтау ісін қадағалау
жәрмеңкелердің ерекше комитетіне жүктеледі.
Бұл комитет құрамында: уезд бастығы немесе
оның көмекшісі, одан басқа 4 мүше: қазақтардың
өздері қалағанша 2 ордалық ақсақал және
жәрмеңкеге келген орыс саудагерлері арасынан
сайланған екі адам болады. Осы көрсетілген
комитеттердің
әрқайсысының
жанында
жәрмеңкеге айдап әкелінген малдарды қарап,
тексеріп отыратын ветеринарлық дәрігер болады.
Сонымен бірге комитет қарамағында түрлі
қажеттіліктер үшін қазақтарда тағайындалады.
5. Сонымен бірге жәрмеңке комитетіне
мынадай міндеттер жүктеледі: а) жәрмеңкеге
келген саудагерлерді ұрлық пен тонаудан қорғау,
б) жәрмеңкеге келушілерді қажетті жазбаша
құжаттарсыз келуден сақтандырып, алдын – ала
тексеру,
в)
әртүрлі
бақытсыздықтардан
сақтандырудың полициялық шараларын алу, г)
сауда уставының ХІ томдық 2857 статьясына
сәйкес қазақтар және орыс саудагерлерінің
арасында болған барлық істерді ауызша сот
арқылы
талдап,
кінәлілерге
айып
тағу,
арызданушылардың талабын тез арада шешу. Егер
арызданушылар қабылданған шешімге риза
болмаса, онда олар 1868 жылы 21-қазанда
бекітілген Орал, Торғай, Ақмола және Семей
облыстарын басқару туралы уақытша Ереженің
124, 135 және 142- статьяларына сәйкес өз
шағымдарын қанағаттандыру туралы уездік
сотқа шағымдануына болады немесе қазақтар-
дың халықтық дәстүріне сай шешулеріне
болады.
6. Жәрмеңкеге келген саудагерлердің
паспорт-тары болуы шарт және олар келген
бойда паспорттарын комитетке көрсетіп, олардың
келгендігі туралы мәліметтердің барлығы
арнаулы тіркелу кітабына жазылып, келгендер-
дің қайта кеткендеріне дейін сақталады.
7. Комитет паспорттарын көрсеткен сауда-
герлерге орын тағайындайды.
8. Жәрмеңке алаңында әкелінген товарлар
қойылатын номерленген орындар саны 200-ден
артық болмауға тиіс.
9. Әрбір орын 3 шаршы сажень болуы шарт.
10. Жәрмеңке жинағының пайдасына ману-
фактура және тері - терсек сататын саудагерлер-
ден әрбір орын үшін 2 рубль төлем алынды.
11. Жәрмеңкедегі сауда орындары сауда-
герлердің өзара таласын тудырмау үшін әр жәр-
меңкеде барлық саудагерлердің қатысуымен
жеребе тарту арқылы бөлінеді.
12. Бір орынды екі қожайын ала алмайды.
13. Сүт тағамдарын сататын саудагерлер
ерекше қатарда орналасады, олар әрбір шаршы
сажень күміспен 50 тиын төлейді.
14. Сүт тағамдары қатарынан қызыл қатарға
ауысып орналасқысы келгендер, онда жеребе
бойынша бөлінген әрбір орынға 2 рубль төлеуге
міндетті.
15. Көрсетілген алым-салықтар әр жәр-
меңкеде бөлек төленеді.
16. Орындарды бөлуге жеребе жәрмеңкенің
бірінші күні бір-ақ рет төленеді.
17. Жеребе арқылы ие болған сауда орын-
дарында саудагерлер сауданы арба үстінде, ша-
тырда, балағанда, киіз үйлерде, жылжымалы және
тұрақты лавкаларда жасай алады.
18. Егер ағаштан жылжымалы немесе
кірпіштен тұрақты лавкалар салғысы келген
саудагерлер болса, онда оларға жеребе арқылы
бөлінген орындарға өз лавкаларын салуға рұқсат
етіледі.
19. Лавка салуға жеребе тартқан саудагер
қатарына 3-тен артық емес лавка салуға ғана
құқылы.
20. Жылжымалы немесе тұрақты лавканың
қожайыны жәрмеңке аяқталған соң келесі жәр-
меңке үшін акциздіқ төлем жасауға міндетті.
Егер бұл шарт оырндалмаса, онда жәрмеңке
комитеті оның орнын жеребе тарту арқылы
басқа саудагарге беруге құқылы. [7] Осындай
жәрмеңкелер Семей облысы Ботов (Қоянды)
жәрмеңкесі Қарқаралы уезінде орналасқан жыл-
дық сауда айналымы туралы: «в 1900 до 1.644
тыс. рублей из них произведени степи образо-
валось на 955 тыс руб., остальная же сумма при-
ходилась на фабрично-заводская изделия Чар-
ская (в Семипалатинском уезде) с оборотом 310
тыс руб., Покровская (в Баян-Ауль) - на 210 тыс
руб., Ивановская (в Песчанном) – на 134 тыс руб.,
и др » - деп көрсетеді. [5, 290 б.] Жәрмеңкелерден
пайданың көптігін сезген патша өкіметі оны
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
.................................................................................................................................................................................................. ...........
73
жыл санап көбейтіп, оның үстіне қазақ даласына
ішкерілей енуді көздеген саясатта ұстады.
Сондықтан өзінің әрі экономикалық, әрі саяси
билік ету аймағын кеңейту мақсатында тауар
сатудан жылдық табыстары мыңдаған рубльге
шығатын жәрмеңкелер саны жыл санап өсе
түсті. Солардың ішінде: «В Тургайской области
значительные ярмарки находятся: в Актюбинске
на 326 т.р., две в Кустанае – на 614 т.р., в Тургае
– 186 т.р. и две в Иргизе – на 296 т.р.». [5,290 б.]
Бұл жәрмеңкелерде негізінен мал өнімдерінен
басқа, астық өнімдері сондай-ақ «азиядан» ке-
летін Бухара, Тәшкент кілемдері, жібек шапан,
маталар мен кептірілген жемістер әкелінген. Ал
көшпелі қазақ халқы үшін ең қажеттісі ол –
мануфактурадан шығарылған өнімдер мен үй
шаруашылығына керекті бұйымдар - самаурын,
леген, қалақ, өзге де темір бұйымдармен, айыр-
күрек, кетпен сияқты шаруашылық құралдарын
сатып алған.
Ресей империясы көпестердің қауіпсіздігін
сақтау үшін және қоғамдық тәртіпті қорғау үшін
жәрмеңкелер кезінде оларды қорғайтын әскерлері
жіберіп тұрды. Ал жергілікті чиновниктердің
көпшілігі отарлаушы саудагерлердің алдамшылы-
ғынан және алаяқтығынан қарапайым халықтың
мүддесін қорғамақ түгел, өздері приказчиктер
мен агенттердің көмегі арқылы сауда-саттық пен
айналысты.
Сонымен сауда қазақ даласында отарлық
сипат алды. Мұнда Ресейдің ең төменгі сорттағы,
яғни өзінің ішкі аймағындағы жәрмеңкелердің
бәрінде болып шыққан және мүлде өтпеген
өнеркәсіп бұйымдары әкелінді. [8] Бұл бұйым-
дардың жергілікті халыққа өте ауыр шарттармен
жоғары бағаға сатылуы да сауда саясатының
отарлық сипатын анықтады. Көпестер қазақтар-
мен арада жүрген саудадан түскен мол пайда
есебінен байып алды. Ол дала халқының сауда
ісіндегі тәжірибесінің аздығын, өз құқықтарын
дұрыс түсіне алмауын пайдаланды.
Сауданың отарлық сипаты орыс көпестері
сатқан бұйымдардың бағасының жаппай
өсіріліп, керісінше жергілікті халықтың малы мен
шаруашылық өнімдерінің бағасы жасанды түрде
төмен есептелгені байқалды. Дегенмен қазақтар
сауда жасауға үйрене бастады. Қазақ өлкесі
малға бай, бірақ өнеркәсіп бұйымдары жоқ ірі
тұтыну рыногіне айналды. Сондықтан қазақ
өлкесі патша үкіметінің метрополия ретінде мал
шаруашылығы өнімдерін өндіретін шикізат
көзіне айналдыру мақсаты толығымен, ойдағы-
дай іске асты.
.............................................
1.
Гродеков Н.И. Киргизы и Каракиргизы Сыр-
Даринской области, Ташкент, 1899, Т.1, 198 с.
2.
Мякутин А.И. Юридический быт киргизов, І
Вещное право. ІІ Объязательственное право. Оренбург,
1910 (на обложке 1911)Труды Оренбургской ученой
архивной комиссий, Вып ХХV.Б.т. Б.ц.
3.
Пахмань С.В. Обычное гражданское право в
России. «Юридические очерки». Том 1-ый. С.-Петербург.
1877г.
4.
Ковалевский М. Современный обычай и древ-
ний закон. Том первый. Москва. 1886г.
5.
Россия полное географическое описание
нашего отечества. Настольная дорожная книга для
русских людей под редакцией В.Б.Семенова, том 18.
Киргизский край. С-Петербург. издание А.Ф.Девреяна,
1903 г.
6.
Доменский В. Об устройстве Киргизской сте-
пи. СББ, 1865. 167с.
7.
ҚР ОМА 25 қор, 1 т., 486-іс, 2 п., узаконений о
киргизских степных областей. Оренбург. 1898. 249 б.
8.
Добросмыслов А.Е. Торговля в Тургайской
области. – Оренбург. 1898. – 134 с.
Достарыңызбен бөлісу: |