Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Сейдімбеков А. Күңгір-күңгір күмбездер,
Алматы, 1981.
2.
Қосымова Г. Тарихи атаулар этимологиясы,
Алматы ,2010.
3.
Г.Б. Мәдиева, С.Қ. Иманбердиева. Ономастика:
зерттеу мәселелері – 2005 жыл, 240 бет.
4.
Ақтаев С. Жеріңнің аты – еліңнің хаты. Егемен
Қазақстан газеті 2001, 282-283/ 12 желтоқсан .
5.
Сагидолдагийн Г. Қазақ-монғол топонимдеріндегі
ортақ құбылыстар. Алматы,1993. Д94/259
6.
Мақұлбек А.Б. Қазақ топонимдерінің
фоносемантикалық сипаты. Автореферат.Алматы,2008.
7.
Қ.Т.Сапаров. Қазақ шығысының өзен-көл
атаулары. Кереку 2012.
8.
Қазақ тілінің сөздігі. Жалпы ред. басқарған. Т.
Жанұзақов. – Алматы: Дайк – Пресс, 1999 – 776 б.
9.
Сагидолдагийн Г. Қазақ-монғол топонимдеріндегі
ортақ құбылыстар. Алматы,1993. Д94/259
Абдуова Б.С, ф.ғ.к., доцент, Ашенова А.Т., ф.ғ.к., доцент
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Филология факультеті
ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМДАҒЫ ТІЛДІК УАҚЫТ МЕЖЕСІ
Аннотация: Кез-келген халықтың көне замандардан бері қалыптасқан өзіндік болмыс бітімі, салт-дәстүрі,
материалдық және рухани мұралары – сол халықтың ғұмыр жолының айнасы болатыны анық. Ұлттық ділі, тарихы,
дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы арқылы жалғасқан ғалам бейнесі адам санасында өмір сүреді. Қоғамда уақыт ағысы
жылдам және күрделі. Ол адамның іс әрекетімен тығыз байланысты. Уақыт – ғаламның ұлттық бейнесінде халықтың
ойлау, таным қызметінде, оның физикалық және вербалдық мінез-құлқында көрініс табатын танымдық-психологиялық
шындық.
Түйін сөздер: ұлттық таным, әлемнің тілдік бейнесі, уақыттың тілдік көрсеткіштері, уақыт өлшемдері, уақыттың
шартты жіктелістері, мерзім, мезгіл.
Аннотация: Мировоззрение казахского народа о времени сложилось давно. Наш народ определял точное время по
природным явлениям. Как известно, существуют 3 способа измерения времени: физический, социальный и языковой.
Время делится на прошлое, настоящее и будущее. Время всегда стремится вперед, и никто никогда не сможет изменить
его направление. В языковой картине мира каждый народ воспринимает время по-своему.
Ключевые слова: языковая картина мира, языковой показатель времени, измерение времени, культурный аспект,
период, отрезок времени.
Annatation: World view of Kazakh national about time has been formed a long ago. As we know, there are 3 methods of
chronometry, namely physical, social and linguistic. Time is divided by the past, the present and the future. Time push forward
always, and no one ever is able to change its direction. In the linguistic picture of the world each nation perceives time in the
own way.
Key words: linguistic picture of the world, linguistic time index, time measurement, cultural aspect, period, time interval.
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
.................................................................................................................................................................................................. ...........
207
Шығыс ғылымы мен дәстүрін негізге алған
қазақ халқы уақыт, мерзім өлшемдерін жеке-жеке
бөліп қарап, оны Ай санау, Күн санау және Жыл
санау деп атаған. Қазақ халқының астрологиялық
есептер мен ғылымға сәйкес қағидалары мен
сенімдері болғаны да енді ғана анықталып,
айтылып келеді. Халық уақытты анықтауда өзіндік
бай тәжірибе жинақтап, оны қолданудың сәті мен
жолдарын және соған лайықты сөз өрнектерін де
таба білді. Мысалы, ежелгi дәуipлеpде пайда
болған эпос халықтың pухани да заттық
мәдениетiнiң мол көздi аpнасы. Оның бойында
халықтың
өткен
өмip
жолын
бейнелейтiн
таптыpмайтын бай тiлдiк деpектеpi сақталған.
Көшпелі
өмірде адамның дүниетанымына
ерекше әсер еткен ол табиғи орта болып табылды.
Адам тарихи дамуында айғақ болар кезең деп те
атауға болады. Халық санасында мүлдем басқа
көзқарастар қалыптасты. Жалпы, адамзат өркени-
еттегі әйгілі мәдени ошақтардың ұдайы көшпелілер
мекені мен жапсар өңірлерінде дүниеге келіп
отырғаны кездейсоқтық емес. Әлемдік діндердің
бастау тегіне Тәңірлік діннің өзекті қағидалары
арқау болған. Тәңірлік дін уақыт пен кеңістікті
игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға
ұмтылған адам баласының алғашқы таным-түсінігі
еді. Тәңірлік дін көшпелілердің өмір сүруінің кепілі
болып, өмір салтына айналды. Қазақтар күні бүгін-
ге дейін таңның атуы мен күннің батуына дейінгі
уақытты 5-ке бөледі: таң, сәске, түс, екінді,
ақшам. Қазақтар әрбір маусымды өз ішінде 3-ке
бөледі: қоңыр күз, сары ала күз, қара күз немесе
қыстың басы. Осынау өмір салтының өзегінен бір
жылды 12-айға бөлетін таным-түсінінікті бастау
тегі аңғарылды. Көшпелілер мәдениеті өзінің 3-
мың жылдық ғұмырында Жерорта теңізі мен Қиыр
шығыс елдеріне қарағанда шығармашылық эволю-
цияны бастан өткерді [1, 24-29 б.].
Көшпелілік өмір салты адамзат өмірінде
көптеген жайтты аңғартты. Адамзат өмірінде бұл
ілімнің алған орны зор болды. Көбіне бұл табиғат
тылсымымен тығыз байланысты. Көшпелі өмір
қазақ даласының дархан, кең екенін аңғартты.
Көшпелі өмір салты арқылы қазақ халқы өз
даласынан ерекше әсер алды. Біріншіден, уақыт
пен кеңістік контексіне сай әртүрлі әлеуметтік-
тарихи кезеңдердегі белгілі бір этностық, не
болмаса ұлттық сипатта ұйысқан ұжым өкілдерінің
айналадағы дүние туралы алуан түрлі сырын
мифтік бағам-пайымын, наным-сенімін көрсететін
тіл деректері, кейбір көне этномәдени сөз
қолданыстары бүгінгі заманға халқымыздың бай
ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет мәтіндері
арқылы келіп жеткені белгілі.
Әдеби мұра – мәңгілік қазына. Өйткені ол бір
кездерде бір рудың, тайпаның, бір ұлттың, бір
халықтың шығармасы болып есептелінуі мүмкін.
Кейін
ұлтты
құраған
барлық
рулардың,
тайпалардың – бүкіл халықтың шығармасына
айналады. Осы ретпен мұра кейінгі ұрпақтар
заманында да өмір сүре бермек.
Ежелгі қазақ әдебиеті тарихынан орын алатын
Адам ата, Хауа анадан бастап, Ибрахим
(Ыбырайым), Сүлеймен, Иманша, Нұқ, Яфис
(«Інжілде» Яфет), Түрік, Мұхаммед пайғамбарлар
мен Оғыз қаған бейнесіне дейін әдебиетіміздің
қымбат қазыналары болып табылатынын теріске
шығармаймыз. Аңыздық сипаты басым бұл тарихи
тұлғалар ауызша да, жазбаша да айтылып-
жазылып, көптеген түркі елдерінің ортақ әдеби
қаһарманы
болып
келеді.
Бұлардың
кейбіреулерінің есімдерін біздің заманымыздың
әдеби көркем туындыларында да ұшыратамыз.
Тарих
пен
этнология,
фольклортану
ғылымдарының дәлелдеуі бойынша, адамзаттың
рухани мәдениеті есте жоқ ерте заманда орныққан
рулық, тайпалық қауымда пайда болғанға ұқсайды
(«алғашқы қауым» деп те аталады). Жер бетінде
пайда болған тұңғыш рулық қауымның түрі –
матриархат (анаеркі) деп саналады. Осы көне
заманның елесі қазақ фольклорында байқалады.
Әрине ол көркем сананың екшеуінен өткен түрде.
Егер нақтылап айтар болсақ, жалмауыз-кемпір мен
көріпкел
сәуегей
әйелдердің,
айдаһардың
бейнелері, ғайыптан (ғажап) туу, сынақтан өту,
баланың әкесі үйде жоқта тууы, қаһарманның
қалыңдықты алыстан іздеуі, оның болашақ қайын
атасымен қақтығысуы сияқты мотивтер (уәждер)
атам заманғы тұрмыстық әңгімелер мен қарапайым
ән-өлеңдердің пайда болу мезгілі – ежелгі рулық
қауым уақыты деп ойлауға болады.
Ең
көне
мифтер
–
алғашқы
қауым
адамдарының
өзін
қоршаған
ортадағы,
маңайындағы әртүрлі объектілер мен табиғат
құбылыстары турасындағы түсіндірме әңгімелері
түрінде
болып
келеді.
Ондай
әңгімелерде
заттардың, аңдардың пайда болуы мифтік сана
бойынша түсіндіріледі. Мифтік сананың екі кезеңі
бар: бірінші кезең – «адам мен табиғаттың бірлігі»
жөніндегі түсінік. Яғни адам өзін жан-жануардан,
табиғаттан бөлмейді, адам мен жануар, адам мен
зат бірдей деп түсінеді, өлі мен тірінің арасына
жік қоймайды. Дәл осы кезеңде анимистік наным
жұмыс істеп, мифтерде адам аңға, басқа бір затқа,
немесе керісінше жануардың, заттың адамға
айналуы – заңды құбылыс ретінде қабылданады.
Мифтік сананың екінші кезеңі – «адам мен
табиғаттың бірлігі» туралы ұғымның бұзылуы. Бұл
уақытта адамдар өзінің жануарлардан, қоршаған
табиғаттан өзгеше екенін түсінеді де, тотемистік
нанымға негізделген мифтер шығарады. Олар сол
уақыттың фольклорлық жанрлары десе де болады.
Мифтік уақыттың мәні нақтылы уақыт өлшемінен
тыс
кезеңдерді
межелеп,
дүние-тіршіліктің
жаралуына қатысты таным-түсінік сұранымдарына
жауап береді. Белгілі бір оқиғалық кезеңдерді ғана
межелеп отырады.
Ру мен отбасының ара-қатынасы, билік жасау
жүйесі жаңа арнаға көшеді. Рубасылары мен
бақсы-абыздары тұрмыстық және идеологиялық
салаларға билік жүргізіп, әскери іс-шараларды,
ырым-кәделерді басқаратын болады. Патриархат
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
.................................................................................................................................................................................................. ...........
208
заманында пайда болған көптеген салт-дәстүр,
әдет-ғұрып фольклорда айқын сақталған. Мәселен,
құда түсу, келін түсіру, қалың мал төлеу, көп әйел
алу, күту, көрімдік беру сияқтыларды айтуға
болады. Бұлар фольклорымыздың әр жанрында
ұшырасады.
Рулық
заманда
пайда
болған
рухани
мәдениеттің бір саласы – халықтық білім мен
халықтың өнері. Адамзат тарихының ең бір ұзақ
мезгілін рулық қауым қамтыды. Рулық қауым
неолит дәуірінде ыдырап, осыдан 7-8 мың жыл
бұрын алғашқы мемлекеттер пайда болды. Жер
бетіндегі
ең
көне
мемлекеттер
Египетте,
Месопатамияда, Үндістанда, Қытайда, Грекияда,
Иранда, Италияда орнығып, құлиеленуші сипатта
болған да, біздің дәуіріміздің ІІІ-ІV ғасырларында
феодалдық сипаттағы қоғамға ауысқан деп
есептеледі. Осы уақыттан басталатын заман әлем
тарихының ортағасырлық дәуірі деп саналады. Бұл
ХVIII ғасырға дейін созылған да, одан бергі
кезеңдегі жаңа заман деп атайды. Қазақстан
тарихы да осылай дәуірленеді. Қазақстан
жерінде алғашқы мемлекет б.з.д. І мыңжылдықта,
сақтар дәуірінде орныққан.
Сақтардан
соң
сарматтардың,
үйсіндердің,
қаңлылардың,
түркілердің мемлекеттері болған, олар мың жылдан
астам уақытты қамтып, Қазақстан тарихында
ерекше із қалдырған. Аталған мемлекеттер де,
олардан
кейін
құрылған
оғыздардың,
қыпшақтардың, қарлұқтар мен қарақандықтардың
мемлекеттері де, кейінірек дүниеге келген Алтын
Орда да, Қазақ хандығы да орта ғасырлық
феодалдық
сипаттағы
мемлекеттер
болды.
Олардың әрқайсысы өз қоғамына сай мәдениет
тудырды, бірақ рухани жалғастық үзілген жоқ. Әр
дәуір мәдениеті өзіне дейінгіні пайдаланды, соны
негізге алды, жаңғыртты әрі дамытты. Бұл үрдісті
осы
аталған
мемлекеттердің
тұсындағы
руханияттан аңғаруға болады.
Ескі жырды жаңа заманның талап-тілектеріне
байланысты өңдедеді. Бұл эпос жанрын тарихи
тұтастануға әкелді. Яғни ерте кездегі эпостың
оқиғалары жыршылардың өмір сүріп отырған
уақытына көшірілді де, енді бұрынғы рулық-
тайпалық жырда өз руы мен тайпасының бақыты
үшін
ындыстарға
(индустар,
қызылбастарға
(парсыларға) қарсы соғысқан Алпамыс та,
Қобыланды да, Сайын да, Көкше де, Қамбар да,
Қырым батырлары да Қазақ хандығы тұсындағы
нақты жаулармен – қалмақтармен шайқасып
жүреді. Сөйтіп бір жырда бірнеше ғасыр тоғысады
да, әр ғасырдағы оқиғалар мен кейіпкерлер
араласып жүреді. Ежелгі және кейінгі жаулар бір
дәуірдің өкілдері болып көрсетіледі. (Мұны
ғылымда тарихи тұтастану дейді, басқаша
айтқанда бұл – фольклордағы тарихи анахронизм).
Осындай үдерістің барысында эпос жанры бірте-
бірте бірнеше тұтастану түрінен өтеді: тарихи,
өмірбаяндық, шежірелік, географиялық. Осылайша
бізге
жеткен
классикалық
эпостың
түрі
қалыптасты, ол – феодалдық мемлекет дәуірінің
эпосы болатын. Нағыз
мемлекеттік
эпостың
үлгілері – Қазақ хандығы кезіндегі қалмақтармен
шайқасқан батырлар мен хандар туралы эпикалық
туындылар, яғни тарихи жырлар («Есім хан»,
«Олжаш батыр», «Абылай хан», «Бөгенбай батыр»,
«Қабанбай батыр», «Өтеген батыр» т.б.). [2, 13-30
б.].
Фольклортанушы
ғалым
М.Әуезовтің
пікірінше, батырлар жырының сюжеті тарихи
шындыққа құрылып негізделгенімен, ол – тарихи
дерек
емес.
Тарихи
оқиғалардың
халық
қиялындағы елес, белгісі ғана. Сондай-ақ М.Әуезов
батырлар жырындағы оқиғаның жылжымалығы
туралы мәселені алғаш айтқан: «Ел қиялы
тарихтағы датадан бірде ілгері, бірде кейін
ауытқып отырады. Бұрын-соңғы болғанды кейде
өзі
сүйетін
мезгілге
халықтың
есінде
ұмытылмайтын елеулі уақиғаның мезгіліне үйіп-
төгетіні болады. Орыстардың Владимир красный
солнышко, арабтардың Арон Рашит айналасына
топтайтыны сияқты, бергі кезде көп елдікке
бөлінген түрік жұртының сондай дәуірі Алтын
Орда болған. Халық есінде бұл жақсы дәуір секілді
сақталады» дейді [3, 91 б.]. Анахронизм (грекше
ana – жоғары, қарсы, chromos – уақыт) – әдеби
шығармада өткен дәуірді бейнелегенде одан кейінгі
уақытта болған оқиғаны, кейін пайда болған
заттарды немесе әдеби шығармада кейінгі кездерге
тән сипат-белгілерді байқамай, не әдейі бір
мақсатпен келтіру [4, 43б.].
Этнографиялық
зерттеулерінде
ғалым
А.Сейдімбек қазақтың нақтылы уақыт туралы
дәстүрлі таным-түсінігін төрт түрлі межеге бөліп
қарастырады. Олар: бірінші – экологиялық уақыт,
екінші – генеологиялық уақыт, үшінші –
ситуациялық уақыт, төртінші – тарихи уақыт [5,
199 б.]. Ал біз зерттеуімізде нақтылы уақытты
тілдік ұғым тұрғысынан қарастырамыз.
«Құбылыс пен өзгерістің, қозғалыс пен
әрекеттің, т.б. үдерістердің бірінен соң бірі болуы
арқылы мезгіл айқындалады. Тіл мезгілді әртүрлі
жолмен айқындайды. Мезгілді білдіретін сөздер
мен сөз тіркестері осы объективті құбылыстың
көріну тәсілі болады»[6,34] дегендей, қазақ
халқының ұлттық дүниетанымында тілдік уақыт
бейнесі ата-баба кәсібіне, өмір сүру салтына,
тұрмыс-тіршілігіне,
тәрбиесіне,
ой-пайымына
байланысты
өздері
танып-білген
құбылыс,
пайымдаулардың
негізінде
туған
тұрақты
тіркестер, образды сурттеулер, атаулар мен қимыл
есімдері арқылы көрініс тапқан.
Уақыт концептісінің оқиғаға қатыстылығында
кез келген оқиға емес, адам үшін әлеуметтік мәні
бар оқиға өрістеген дәуірде уақыттың тілдік
бейнесі байқалатыны сөзсіз. Ойдың желісін тарихи
уақыт өлшеміне қатысты сабақтай түссек, тарихи
уақыт межесін пайымдау барысында «күн», «түн»,
«тәулік», «апта», «ай», «тоқсан», «жыл»,
«мүшел», «ғасыр», «заман», «дәуір» сияқты
ұғымдар қолданылады.
Халық есінде белгілі бір тарихи кезеңдер
немесе жылдар сақталып белгілі бір оқиғалармен
аталады. Жоңғарлар XYIII ғасырдың басында
қазақтарға қарсы ірі-ірі шабуылдар жасады. Бұл
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
.................................................................................................................................................................................................. ...........
209
шабуылдардын ең қатерлісі 1723 жылғы шабуыл
еді.
Үш
ғасырға
созылған
қазақ-жоңғар
соғыстарының
нәтижесінде
қазақ
халқының
тарихындағы осы ең қасіретті кезең тарихқа
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген
атпен енді. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат
құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан
босқыншылығы туды. Осы тұста халықтың
жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға
толы «Елім-ай» әні дүниеге келді. Бұл жағдайлар
қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі
сақталды.
«Кеңес өкіметі тұсында» тіркесі жалпы билік
жүйесінің атауы ретінде қолданылады (70 жылға
созылған билік жүйесі). Осы дәуірде болған
оқиғаларды тарихи кезең уақытымен есте сақтап,
әдеби-мәдени мұрасында «кеңес өкіметі тұсында»
деген атаумен береді.
Сол секілді жыл маусымдарының қасиет-
құбылыстарына қатысты қазақ тілінде орныққан
тұрақты сөз тіркестері назар аударады. Қазақ халқы
«көктем туды», «жаз шықты», «күз түсті», «қыс
келді»дейді. Тіл білетін адам ешқашан «қыс туды»
немесе «күз шықты» демейді. Жыл маусымдары
туралы тұрақты сөз тіркестерінің астарында
танымдық мән-мағына бар. Көктем туады –
мұнысы дүниенің жаңғыруын, қайта түлейтінін,
біреудің екеу болатынын әйгілеп тұр. Жаз шығады
– жер астында қалған тамыр жоқ, табиғат толысады
деген сөз. Күз түседі – көктемде туып, жазда
толысқан табиғат енді жемісін түсіріп, жапырағын
төгеді. Қыс келеді – қарлы-борандатып, жаяу
сырмалатып жететінін дәл беріп тұр. Демек, қазақ
халқының уақыт пен кеңістік туралы, қоршаған
орта туралы атаулары мен тұрақты сөз тіркестері әр
құбылыстың не екенін білдіретін сөздік белгі ғана
емес, сонымен бірге белгілі бір құбылыстың төл
қасиетін әйгілеп танытатын дерек көзі де.
Самарқанның көк тасы жібиді – бұл наурыз
күніне байланысты сөз. Оның бірнеше мәні бар.
Бірінші аңызға әйгілі астроном Ұлықбек (1394-
1449) обсерваториясындағы көк тасқа дәл 22
наурыз күні күн сәулесі түсетін болған. Сол
сәуледен түскен жылу тасты жібітеді-мыс.
Наурыздың астрономиялық, астрологиялық және
мүшелдік
жылбасы
екендігін,
уақыттың
адамзаттық межесі – Наурыз екенін ерекше айтуға
болады . Екінші, бұл күні әр адам қателігі болса
кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс,
кешірмесе «бұл күні Самарқанның да көк тасы
жібиді, сен тастан қаттысың ба?» деп тоқтатады
екен. Сол сияқты бұл күннің әлемге жылулық
әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан [7, 48б.].
Қазақ тіліндегі уақыт, мезгіл өлшемдерін
білдіретін тұрақты тіркестерді саралап қарасақ, көп
мәліметтер назар аударады. Бұрындары ата-
бабаларымыз уақытты сағатпен өлшемей-ақ,
секунд, минут, сағат өлшемдерін шамалап, дәл
болжай білген. Мысалы, секунд – демнің арасында,
қас қаққанша, ауыз жиып алғанша, қас пен көздің
арасында деген сияқты образды тіркестермен
берілген. Қас пен көздің арасы – жақын деген сөз,
бие сауым – 1,5 сағат, сүт пісірім уақыт – шамасы
15 минут, ет пісірім уақыт – 2-2,5 сағат, әудем жер
– айқайлаған дауыс жететін жер, бір көш жер – 10-
15 км шамасы, ат шаптырым жер – 10-15 км
шамасы, күн арқан бойы көтерілді – ертеңгі 8-9
шамасы, шаңқай тал түс – 12-13 кезі, бесін – сағат
3 пен 4-тің кезі, намаздыгер – күн батар алды,
намаз шам – кешкі қараңғылық түсіп, шам жаққан
кез, іңір – кешкі 9-10 шамасы, түн ортасы – түнгі
12-нің шамасы, таң сәрісі немесе елең-алаң – таң
жарық беріп келе жатқан кез. Бұлардан қазақ
халқының аспан денелерінің қозғалысын жіті
бақылап, қадағалаудың арқасында уақыт мерзімін
шамалауы дәл, нақты болып келетінін көреміз.
Халқымыз уақытты анықтауда өзіндік бай тәжірибе
жинақтап, оны қолданудың сәті мен жолдарын
және соған лайықты сөз өрнектерін де таба білген.
Жылды, тоқсанды, айды, аптаны, тәулікті бөлудің
шаруашылыққа сай реті мен ыңғайын да
орайластыра білген. Ал мерзім, мезгіл өлшемдеріне
келгенде халық өлшемі мен атауы да бай.
Халықтық ұғымда мерзім – уақыттың, мезгілдің
шамасы мен ұзақтығын білдіреді. Нақтылы уақыт
межесіне ден қойғанда, көшпелі қазақтың барша
таным-түсінігі тікелей өмірлік тәжірибесімен
сабақтасып жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі
дүниенің тілдік суреті. Автореф.дисс. ... филол.ғ.д. –
Алматы, 2004. – 50б.
2.
Қасқабасов С. Ойөріс (Фольклор туралы) Астана:
«Астанаполиграфия», 2009. –320 б.
3.Молдаханов
Ә.
Мұхтар
Әуезов
–
фольклортанушы. Алматы: Ғылым, 1997. – 152 б.
4.
Әдебиеттану.
Терминдер
сөздігі
(Құрастырушылар: З.Ахметов, Т.Шаңбаев) Алматы:
«Ана тілі», 1998. – 384 б.6.
5. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау.
Оқу құралы. – Алматы: Санат, 1997. – 464 б.
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
.................................................................................................................................................................................................. ...........
210
6. Күзекова З. Мезгіл пысықтауыштар. //Фил.ғ.канд.
ғылыми дәр.алу үшін дай. диссертация. 1995.
7. Кенжеахметұлы С. Жеті қазына (бірінші кітап) –
Алматы: Ана тілі, 2007. – 136 б.
Достарыңызбен бөлісу: |