Қазақстанның Ғылымы мен өмірі халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Бір жылда 6 рет жарық көреді Құрылтайшы: «ҚҰҚЫҚТЫҚ миссия»



Pdf көрінісі
бет8/43
Дата03.03.2017
өлшемі5,5 Mb.
#5910
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43

7.
 
Якупов  Р.  Х.  Уголовный  процесс.  -  М.,  2008.  –  190  с.
 
 
 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
39 
 
 
Отарбаева Л.Ғ.,  
Қазақстан Републикасының Президенті жанындағы мемлекетік басқару академиясы  
Сот төрелігі институтының магистранты 
 
УАҚЫТТА ЖӘНЕ КЕҢІСТІКТЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ ӘРЕКЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ 
МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ  
 
Аннотация.  В  статье  раскрываются  такие  важные  аспекты  уголовного  права,  как  действие  уголовного  закона  во 
времени и пространстве. Также в статье проводится анализ становления уголовного права Республики Казахстан. Также 
анализируется действие уголовного законодательства с позиций Конституции Республики Казахстан. 
Аңдатпа.  Мақала  уақыт  және  кеңістікте  қылмыстық  заң  қылмыстық  құқықтың  маңызды  аспектілерін  көрсетеді. 
Мақала,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  қылмыстық  құқық  қалыптастыруды  талдау.  Ол  сондай-ақ  Қазақстан 
Республикасы Конституциясының тұрғысынан қылмыстық заң талдайды. 
Annotation. The article reveals such the important aspects of criminal law as the criminal law in time and space. The article also 
analyzes the formation of the criminal law of the Republic of Kazakhstan. It also analyzes the criminal law from the perspective 
of the Constitution of the Republic of Kazakhstan. 
 
Жаңа 
заманғы 
Қазақстанда 
әлеуметтік-
экономикалық,  саяси  қатынастардың  дамуы, 
мемлекеттің 
дүниежүзілік 
жаһандандыру 
процестеріне  еліккендігі  кеңістіктік  әрекет  және 
қылмыстық-құқықтық 
нормаларды 
қолдану 
принциптеріне әсерін тигізбей қоймайды.   
Екі  негізгі  әлемдік  жүйенің  қарсы  келу 
кезеңінде,  кеңестік  қоғамның  тұйықталған  даму 
жағдайында  қылмыстық-құқықтық  нормалардың  
кеңістіктік  әрекеті  көбінесе  кеңестік  мемлекет 
аумағында 
қылмыс 
жасаған 
тұлғалардың 
қылмыстық  жауапкершілігіне,  әрі  бір  жағынан 
елден тыс кеткен және шетел мемлекетінде қылмыс 
жасаған өзінің азаматтарына қатысты болды.   
Қазіргі 
кезде 
қаржы 
мен 
капиталдың 
қарқынды  дамумен  және    түрлі  мемлекеттердің 
экономикалық 
жүйелеріне 
өзара 
енуімен 
сипатталады,  трансұлттық  корпорациялардың  өсуі 
жалғасады.  Қоғамдық-саяси  және  әлеуметтік-
экономикалық 
өмірдің 
түрлі 
салаларында 
мемлекеттер 
мен 
халықаралық 
ұйымдардың 
ынтымақтастығы  ел  тұрғындарының  арта  түсетін 
миграциялық 
процестерінде 
айналы 
түрде 
байқалады. Тұтастай адамзат қоғамының дамуында 
позитивті момент ретінде қарастырылатын адамдар 
легінің  миграциясы  біршама  дәрежеде  сөзсіз  теріс 
салдарды  да  тудырады.  Олардың  қатарына 
нәсілдік,  этникалық,  ұлттық,  діни  негізде  қылмыс 
жасауды,  сонымен  қатар  адамдарды  сату,  заңсыз 
эмиграция  және    иммиграция  және  т.б.  сияқты 
қылмыстардың 
жаңа 
түрлерінің 
көрінісін 
жатқызуға болады.  
 XX-XXI  ғғ.  бүкіл  адамзаттың  тіршілігі  үшін 
агрессия,  әскери  қылмыстар,  геноцид,  адамзатқа 
қарсы  басқа  қылмыстар,  халықаралық  терроризм 
түрінде жаңа қатерлер пайда болды.   
Бірқатар  мемлекеттердің  мүдделеріне  нұсқан 
келтіретін  қылмыстар  саны  артып  келеді:  есірткі 
заттары  мен  психотропты  заттардың  заңсыз 
айналымы, мемлекеттердің айрықша экономикалық 
аймақтарында  теңіз  қорларын  заңсыз  шығару, 
«арам»  ақшаның  ізін  жасыру  және  т.б.      Осы 
қылмыстармен  күресу  әлем  мемлекеттерінің 
әрекетін үйлестіру, мемлекет-тердің егемендігі мен 
тәуелсіздігін құрметтеу тұрғысынан, бейбітшілікке 
және адамзат қауіп-сіздігіне қарсы қылмыс жасаған 
кезде өзінің қылмыстық заңдарын қолдану жөнінде 
өздері  үшін  қолайлы  ережелерді  құрастыру 
қажеттігін тудырды.    
Кеңес  мемлекетінің  құлдырауы  және  оның 
бұрынғы  аумағында  өз  бетінше  мемлекеттердің 
пайда  болуы  Қазақстан  Республикасының  және 
Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы  елдерінің 
қылмыстық 
заңдарының 
кеңістіктік 
әрекеті 
бойынша бірқатар мәселелерді туындатты.     
Аталған  мәселелер  мен  құбылыстар  ҚР 
Қылмыстық 
кодексінде 
қылмыстық-құқықтық 
нормалардың  ережелерін  заң  жүзінде  бекітуге 
айтарлықтай  әсер  етті.  Кеңістікте  және  уақытта  
қылмыстық  заңның  әмбебап  принцип  сияқты 
әрекет  ету  приципі  бекітілді,  ұзақ  үзілістен  кейін  
қылмыстық-құқықтық  нормалардың  нақты  әрекет 
ету  принципі  қайтадан  құқықтық  түрде  жүзеге 
асырылды.   
Кеңістікте  қылмыстық  заң  әрекеті  институты 
қылмыстық  заңның  маңызды  сипаттамаларының 
бірін  –  оны  қылмыс  жасаған  тұлғаға  қолдану 
мүмкіндігін  ашады.  Қылмыстық  заңның  кеңістікте 
әрекет ету мәселесі отандық және шетелдік заңгер-
ғалымдардың  еңбектерінде  кеңінен  жарық  көрді, 
алайда  қолдағы  зерттеулер  ең  бастысы,  кеңістікте 
қылмыстық  заң  әрекеті  туралы  бірқатар  жаңа 
ережелерден  тұратын  қазіргі  кезде  әрекет  ететін 
жаңа  қылмыстық  заңнан  бұрынғы    қылмыстық 
заңнамаға  жатады.      Осы  норма-принциптер  әлі 
лайықты  ғылыми  айқындық  алған  жоқ.  Жеке 
алғанда,  оларға  ҚР  қылмыстық  заңын  ҚР 
шектерінен  тыс  қылмыс  жасаған  Қазақстан 
азаматтарына  қолдану  туралы  мәселені  жатқызуға 
болады.    
Жаңа заман жағдайларында Қазақстан шегінен 
тыс  қазақстандық  азаматтар  жасайтын  қылмыстар 
санының  күрт  артуы  байқалады.    Сонымен  қатар 
оларды  жауапқа  тартудың  көптеген  мәселелері 
қылмыстық заңнамада  лайықты айқындық алмады. 
Қылмыстық  заңның  кеңістікте  әрекет  ету  шектері 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
40 
 
 
туралы 
қазақстандық 
заңнаманы 
жетілдіру 
әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің қажетті 
алғышарты  болып  табылады.    Осы  жағдайлар 
қылмыстық  заңды  кеңістікте  қолдану  мәселелерін 
зерттеу  қажеттігін  тудырады.  Қылмыстық  құқық 
пен халықаралық құқық ғылымының жетістіктерін, 
жинақталған 
тәжірибені 
ескере 
отырып, 
кеңістіктегі  қылмыстық  заңның  әрекет  ету 
принциптерін  бағалаудың  дұрыс  әдіснамалық 
тәсілін  табуға,  қылмыспен  күрес  саласында 
мемлекеттердің 
ынтымақтастығы 
үшін 
мүмкіндіктерді анықтауға болады.     
Уақытта  және  кеңістікте  қылмыстық  заң 
әрекетіне байланысты мәселелерді зерттеу әрқашан 
құқық  теоретиктерінің  назарын  аударғанын  атап 
өткен  жөн.  Осы  мәселеге  қызығушылық,  әсіресе 
ағымдық  қылмыстық  заңнаманың  жаңа  немесе 
маңызды  өзгерістерін  әзірлеу  кезеңдерінде  арта 
түсті.  Сонымен  қатар  елдегі  құқықтық  тәртіпті 
реттеуге  және  азаматтардың  құқықтары  мен 
мүдделерін  қорғауға  бағытталған  қылмыспен 
күресуде  артып  келе  жатқан  талаптар  мен 
міндеттер,  сонымен  қатар  құқық  қолданатын 
органдардың  талаптары  қылмыстық  құқықтың 
және  анағұрлым  ірі  және  күрделі  теориялық 
мәселелерді  зерттеудің  әдіснамалық    негіздерін 
одан әрі дамытуды талап етеді.    
Осындай  өзекті  мәселелердің  бірі  қылмыстық 
заңның кеңістікте және уақытта  әрекет ету туралы 
ілімінің  концептуалды  негіздерін  зерттеу  және 
құқық  қорғау  органдарының  қызметінде  сәйкес 
қылмыстық-құқықтық    нормаларды  қолдану 
практикасын  ойластыру  болып  табылады.  Осы 
мәселенің  шешімі  Қазақстанның  жаңа  қылмыстық 
заңын  қолдануға,  ең  алдымен  уақытта    және 
кеңістікте  қылмыстық  заң  әрекетіне  қатысты 
бірқатар ережелердің өзгеруіне байланысты ерекше 
маңыздылық алып келеді.   
ҚР  аумағы  әрекеттегі  шекараларда  тұтас, 
бөлінбейтін  және  қол  сұғылмайтын  болып 
табылады.    2013  жылғы  16  қаңтардағы  «ҚР 
мемлекеттік  шекарасы  туралы»  Заңның  1-бабы. 
Келесі түрде осы шекараның шектерін анықтайды: 
«ҚР  мемлекеттік  шекарасы,  бұл  аумақ  шектерін  - 
Қазақстан құрлығын, суын, жер қойнауларын және 
әуе  кеңістігін  анықтайтын  сызық  және  осы  сызық 
бойынша  өтетін  жазықтық.  Мемлекеттік  шекара 
Қазақстан 
Республикасының 
Парламенті 
ратификациялаған  Қазақстан  Республикасының 
халықаралық шарттарымен анықталады».    
Мемлекеттік шекара былай бекітіледі:   
1.  құрлықта  –  рельефтің  өзіне  тән  нүктелері 
мен сызықтары немесе айқын көрінетін бағдарлары 
бойынша;   
2.  теңізде  –  Қазақстан  Республикасының 
аумақтық  теңізінің  сыртқы  шегі  бойынша. 
Аумақтың  сулар  –  елдің  жағалауына  немесе  ішкі 
суларына  кіріккен  және  мемлекеттік  аумақ  бөлігін 
құрайтын  теңіз  белдеуі.  Жағалау  маңы  теңіз 
суларының 
ені 
Қазақстан 
Республикасының 
Парламенті 
ратификациялаған 
Қазақстан 
Республикасының 
халықаралық 
шарттарымен 
анықталады.  Аумақтық  сулар  режимі  1958  ж. 
аумақтық  теңіз  және  кіріккен  аймақ  туралы 
Конвенциямен, сонымен қатар мемлекеттердің ішкі 
заңдарымен реттеледі.   
Каспий  теңізінде  ішкі  суларға  жататын 
акватория Қазақстан Республикасының Парламенті 
ратификациялаған  Қазақстан  Республикасының 
халықаралық шарттарымен анықталады.   
Қылмыстық заң құрлықтық қайраңда және ҚР 
айрықша 
экономикалық 
аймағында 
әрекет  
жасалған жағдайда  әрекет етеді (ҚК 6-б. 2-т.). 
Әуе  кеңістігінің  шекарасы  құрлықтағы  және 
сулы  аумақтардың  үстінен,  оның  ішінде  аумақтық 
сулардың  үстінен  өтетін  вертикаль  бет  болып 
табылады.   
ҚК  6-б.  3-бөлігі  ҚР  жалауы  астында  жүзуді 
немесе ұшуды жүзеге асыратын кемелерде қылмыс 
жасағаны  үшін  жауапкершілік  тәртібін  реттейді.   
Егер  қылмыс  ҚР  портына  жататын  және  ашық  су 
немесе  әуе  кеңістігінде  тұратын  кемеде  жасалған 
болса,  жауапкершілік  ҚР  ҚК  бойынша  жүктеледі.   
Ашық  теңіз  деп,  қандай  да  бір  мемлекеттің 
аумақтық суларының шегінен тыс орналасқан және 
мемлекеттердің  жалпы  пайдалануында  болатын  су 
бетін түсінеді. Әскери әуе кемелері және ҚР әскери 
кемелері,  олардың  тұрған  орнына  тәуелсіз,  яғни 
олардың  ашық  теңізде  немесе  әуе  кеңістігінде 
болған уақытында да, басқа мемлекеттің аумақтық 
суларында  немесе  шетел  портында  тұрған 
уақытында 
да 
әрқашан 
аумағының 
бөлігі  
қарастырылады.    
ҚР  аумағында  қылмыс  жасаған  жағдайда 
қылмыстық 
жауаптылыққа 
ҚР 
азаматтары, 
шетелдіктер  және  азаматтығы  жоқ  тұлғалар 
жатады. 
Осы 
жалпы 
ережеден 
шығатын 
ерекшелікті шетел мемлекеттерінің дипломатиялық 
өкілдерінің  және  иммунитетті  пайдаланатын  басқа 
азаматтардың  қылмыстық  жауапкершілігі  туралы 
мәселені  санаған  жөн.  ҚК  6-б.  4-б.,  осындай 
тұлғалар  ҚР  аумағында  қылмыс  жасаған  жағдайда 
олардың  қылмыстық  жауаптылығы  туралы  мәселе 
халықаралық 
құқық 
нормаларына 
сәйкес 
шешілетіні анықталған.  ҚР Президентінің 1995 ж. 
19  маусымдағы  заңды  күші  бар  «Қазақстан 
Республикасында  шетел  азаматтарының  құқықтық 
ережелері  туралы»  жарлығының  28-б.  сәйкес 
осындай  адамдар  ҚР  шектерінен  тыс  қуылады. 
Шетел 
мемлекеті 
өкілдігінің 
иммунитеті, 
дипломатиялық  өкілдік  орны    қол  сұғылмайтын 
болып  табылатынымен  шектеледі.  Мекендеген 
мемлекет  биліктерінің  дипломатиялық  өкілдік 
басшысының  рұқсатысыз  осы  орындарға  енуге 
құқығы  болмайды.  Шетел  мемлекеті  өкілеттігінің 
дипломатиялық 
иммунитеті, 
оның 
дербес 
құқықтылықты  пайдаланатынынан  тұрады:  оны 
ұстауға  немесе  тұтқындауға  болмайды,  оны  сот 
тәртібінде 
жауапқа 
тартуға 
болмайды. 
Дипломатиялық иммунитет құқығын пайдаланатын 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
41 
 
 
тұлғаларға  іс  жүзінде  тексерілген  елшілер, 
кеңесшілер,  әскери    атташе,  олардың  көмекшілері 
мен  орынбасарлары  жатады.  Дербес  құқықтылығы 
және 
қылмыстық 
юрисдикциядан 
болатын 
иммунитет  осы  тұлғалардың  олармен  бірге  тұрған 
және  мекендейтін  елдің  азаматтары  болып 
табылмайтын 
жағдайда 
олардың 
отбасы 
мүшелеріне де қатысты  болады.   
Кеңістікте 
қылмыстық 
заң 
әрекетінің 
аумақтық принципі азаматтық принципімен толық-
тырылады,  осыған  сәйкес  егер  ҚР  азаматтары  ҚР 
шектерінен  тыс  қылмыс  жасайтын  болса,  олар  ҚР 
қылмыстық  заңнамасы    бойынша  жауап  береді, 
егер  олар  істеген  әрекеті  үшін  қылмыс  жасалған 
мемлекет  сотының  үкімі  бойынша  жазаланбаған 
болса.    
1991  ж.  20  желтоқсандағы  «Қазақстан 
Республикасының  азаматтығы  туралы»  Заңда,  ҚР 
азаматтары  осы  заңның  күшіне  енген  күні  ҚР 
ұдайы  тұратын  және  осы  заңға  сәйкес  азаматтық 
алған      адамдар  болып  табылатыны  анықталған. 
Азаматтығы  жоқ  адамдар  деп,  қандай  да  бір 
мемлекеттің  азаматтығына  тиесілік  дәлелдемесі 
жоқ адамдар мойындалады.   
Егер  ҚР  шектерінен  тыс  қылмыс  жасаған  ҚР 
азаматтары,  сонымен  қатар  азаматтығы  жоқ 
адамдар аумағында жасалған әрекет қылмыс болып 
саналатын  мемлекетте  айыпталмаған  болса,  онда 
олар 
ҚР 
заңнамасы 
бойынша 
қылмыстық 
жауаптылыққа  тартылады.  ҚК  7-б.  сәйкес  бұл 
жағдайда  жазалау  аумағында  қылмыс  жасалған 
мемлекет  заңында  қарастырылған  санкцияның 
жоғары шегінен аспауы керек.     
ҚК  7-б.  3-бөлігі  ҚР  шектерінен  тыс 
орналастырылған  әскери  бөлімдердің  әскери 
қызметкерлерінің  жауапкершілігі  туралы  мәселені 
реттейді.  Шетел  мемлекеті  аумағында  осындай 
тұлғалардың  қылмыс  жасауы  ҚР  заңнамасы 
бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.   
ҚР 
шектерінен 
тыс 
қылмыс 
жасаған 
шетелдіктер,  егер  қылмыс  ҚР  мүдделеріне  қарсы 
бағытталған  жағдайда  және  ҚР  халықаралық 
шартында қарастырылған жағдайда егер олар басқа 
мемлекетте  айыпталмаған  болса,  жауаптылыққа 
жатқызылады  және  ҚР  аумағында  қылмыстық 
жауапқа  тартылады  (ҚК  7-б.  4-б.).  Сотталғандық, 
дүркіндік,  басқа  мемлекет  аумағында  орын  алған 
рецидивті мойындау сияқты  қылмыстық-құқықтық 
салдардың  ҚР  аумағында  қылмыс  жасаған 
жағдайда қылмыстық-құқықтық мәні болмайды.   
Әлемдік  қауымдастықтың  жаңа  заманғы 
дамуы,  Қазақстан  Республикасының  халықаралық 
өмір  процестеріне,  оның  ішінде  қылмыспен 
күреске  тартылғандығы  ҚР  қылмыстық  заңының 
кеңістіктік 
әрекетінің 
нормаларын 
заңмен 
реттеудің өзгеруін тудырды.   
ҚР әрекеттегі ҚК сәйкес қылмыстық-құқықтық 
нормалардың  кеңістіктік  әрекеті  принциптер 
жүйесіне  негізделген:  аумақтық,  дипломатиялық, 
консульдік  иммунитеттер,  халықаралық  ұйымдар 
иммунитеті және қылмыстық юрисдикциядан басқа 
иммунитеттер,  арнайы  миссия,  азаматтық,  нақты, 
әмбебап  және  қылмыскерді  беру.    Шешуші  мән 
кеңістікте қылмыстық заңның аумақтық әрекет ету 
принципіне жатады.     
Заңмен 
регламенттеу 
және 
Қазақстан 
Республикасы  қылмыстық  заңының  кеңістіктік 
әрекетінің кез келген принципін қолдану Қазақстан 
Республикасының 
жалпы 
мойындалған 
принциптерге 
және 
халықаралық 
құқық 
нормаларына,  халықаралық  шартына  сәйкес  келуі 
тиіс.  ҚР  қылмыстық-құқықтық  нормаларының 
кеңістіктегі 
әрекетін 
реттеуде 
халықаралық 
қылмыстық  құқық  нормаларына  сәйкес  келмеген 
жағдайда 
халықаралық-құқықтық 
нормаларды 
қолданған жөн.    
ҚР  ҚК  нормаларының  кеңістіктік  әрекетінің 
принциптері бірқатар моменттерде жеткілікті түрде 
дұрыс мазмұндалмаған, бұл оларды түрлі түсіндіру 
үшін  негіз  жасайды.  Осындай  дәл  емес,  ал  кейде 
халықаралық-құқықтық 
нормаларға 
сәйкес 
келмейтін 
қазақстандық 
қылмыстық 
заң 
ережелеріне  айқындық  енгізу  үшін  сәйкес 
өзгертулер  мен  толықтыруларды  мақалалардың 
әрекеттегі редакциясына енгізу болжанады.   
Қылмыстық  заңның  уақытта  әрекеті  ҚК  4-б. 
реттеледі,  онда:      «Әрекеттің  қылмыстылығы  мен 
жазалануы  осы  әрекетті  жасаған  уақытта  әрекет 
еткен заңмен, нәтижесі басталған  уақытқа  тәуелсіз 
анықталады». Әрекет жасау деп, аяқталған қылмыс 
жағдайларын,  сондай-ақ  алдын  ала  қылмыстық 
қызметті  құрайтын  әрекеттерді  түсінеді.  Заңды 
күшіне  енген  және  оны  заңда  бекітілген  тәртіпте 
жоғалтпаған  заң  әрекеттегі  деп  мойындалады. 
Қылмыстық  заңның  күшіне  енуінен  бұрын 
қабылдау,  қол  қою  және  жариялау  жүреді.    Осы 
рәсім  ҚР  1998  ж.  24  наурыздағы  «Нормативтік 
құқықтық  актілер  туралы»  (29;  31;  36-б.)  Заңымен 
анықталады.      
Күшіне енген қылмыстық заң оны жаңа заңмен 
алып тастағанға немесе алмастырғанға дейін әрекет 
етеді.  Осы  моменттен  бастап  ескі  қылмыстық  заң 
күшін  жойған  және  қолдануға  жатпайды  деп 
саналады.  Қылмыс  жасауға  бірге  араласу  уақыты 
деп 
орындаушының 
әрекет 
жасау 
уақыты 
мойындалады. Барлық созылатын және жалғасатын 
қылмысты  бір  тұтас  ретінде  қарастыра  отырып, 
жаңа  заң  шығарылғаннан  кейін  де  жүзеге 
асырылған  созылатын  қылмысты,  арасында  ең 
болмаса  бір  әрекет  жаңа  қылмыстық  заң  әрекетке 
енгеннен  кейін  жасалған  жалғасатын  қылмыс 
сияқты  жаңа  заң  әрекет  еткен  кезде  жасалған 
ретінде  қарастырған  жөн.  Қылмыстық заңның  кері 
күші  туралы  мәселе арнайы қарастыруға  тұрарлық 
(ҚК  5-б.).    Кері  күш  принципіне  сәйкес  әрекет 
қылмыстылығын  жоятын,  жазаны  жеңілдететін 
немесе  басқа  түрде  қылмыс  жасаған  тұлғаның 
жағдайын  жақсартатын  заң  осындай  заң  күшіне 
енгенге  дейін  жасалған  қылмыстарға  қатысты 
болады.    Қылмысты  жоятын  ретінде,  әрекетті 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
42 
 
 
қылмыссыздандыратын,  яғни  оны  қылмыс  деп 
мойындамайтын заңды есептейді.   
Жеңілдететін  ретінде,  мысалы,  осы  бойынша 
минимум және (немесе) максимум жазалау шектері 
қысқартылатын  заңды  мойындайды;  жазалаудың 
бір  түрі  басқа  анағұрлым  жұмсақ  түрімен 
алмастырылады  немесе  жаңа  заң  санкциясы  сотқа 
анағұрлым  жұмсақ  түрін  таңдауға  құқық  беретін 
жазалау 
шараларын 
таңдау 
баламасын 
қарастырады.    
Қылмыс  жасаған тұлғаның  жағдайын басқаша 
жақсарту  УДО  үшін  мерзімін;  ҚК  69  және  75 
баптары 
тәртібінде 
ескіру 
мерзімдерін; 
сотталғандықтан  арылу  мерзімдерін  қысқартуға 
байланысты болуы мүмкін.    
Егер  соңғысы  бұрынғы  ҚК  әрекеті  кезінде 
белгіленген  болса,  жазаны  жеңілдету  жаңа  заңның 
бабында  белгіленген  максимум  шекке  дейін 
жүргізіледі.  Кері  күші  қылмыс  жасаған,  сотталған, 
жазасын  өтіп  жүрген  және  оны  өтеген,  бірақ    әлі 
соттылық  сақталатын  тұлғалардың  бәріне  қатысты 
болады. Жазаны  күшейтетін немесе басқаша түрде 
тұлғаның жағдайын нашарлататын әрекет қылмыс-
тылығын бекітетін заңның кері күші болмайды.    
Жауапкершілікті күшейтетін қылмыстық заңға 
кері  күш  беруге  болмайтындығы  осындай  заңды 
шығарғанға  дейін  әрекет  жасау  кезінде  тағы  
анағұрлым  қатаң  қылмыстық  заңның  мәжбүрлі 
әсері болуы мүмкін еместігіне негізделген.    
Қылмыстық  заңның  уақытта    және  кеңістікте 
әрекеті  туралы  жоғарыда  айтылғанды,  олардың 
даму  басымдығын  және  осының  негізінде  жаңа 
заманғы қылмыстық-құқықтық нормаларды жүзеге 
асыру жүйелерін анықтауды  ескере отырып, бұл өз 
кезегінде,  ҚР  ҚК  күшіне  енуіне  байланысты 
туындаған 
теориялық 
және 
практикалық 
проблемалар  спектрінің  бәрін  анағұрлым  терең 
түсінуге ықпал етуі тиіс.   
Қылмыстық  заңның  уақытта  және  кеңістікте 
әрекет  ету  проблемаларына  қатысты  принципті 
ережелер 
қатарын 
терең 
әзірлеудің 
уақыт 
күттірмейтін  қажеттілігін  тудырады,  сонымен 
қатар  зерттелетін  тақырып  мәнінің  өзектілігін 
анықтайды. 
Айтылғандар 
қылмыстық 
заң 
әрекетінің  жалпы  түсінігінің  ғылыми  негізін 
анықтауға,  осы  бағытта  қылмыстық  заңды 
жетілдіру  бойынша  концептуалды  ұсыныстар 
шығаруға  мүмкіндік  береді.  Бұл  мемлекеттік 
органдардың  құқық  қолдану  қызметінің  сапалы 
деңгейін  арттыруға,  адамның,  қоғамның  және 
мемлекеттің 
қылмыстық-құқықтық 
реттеу 
саласында құқықтары мен бостандығына кепілдігін 
нығайтуға, 
қылмыспен 
күресті 
күшейтуге, 
құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.    
Қылмыстық  заңның  әрекет  ету  механизмі 
қылмыстық-құқықтық  реттеу  шеңберінде  оны 
жүзеге асыру жүйесі арқылы ашылады.    
Қылмыстық  заңның  уақытта  және  кеңістікте 
әрекет  ету  проблемасын  екі  –  жағымсыз  және 
жағымды  аспектіде  қарастыру  керек.  Бірінші 
жағдайда    қылмыстық  заңның  әрекет  етуі  оны 
қолдану  түрінде,  екіншісінде  –  оны  жүзеге  асыру 
фактісін  растау  үшін  сақтау,  орындау,  пайдалану 
немесе қолдану түрінде іске асырылады.   
Қылмыстық  заңның  уақытта  және  кеңістікте 
әрекет  етуі  ретінде,  заң  көлемі  және  қылмыстық 
құқық  қатынасы  субъектісінің  қызметі  арасында 
белгілі  бір  байланысты  түсінген  жөн.  Осы 
құқықтық 
байланыс 
қылмыстық-құқықтық 
норманы 
жүзеге 
асырудың 
әр 
түрлерімен 
анықталады  және  берілген  заң  (қылмыстық-
құқықтық 
норманың 
болу 
ұзақтығына 
байланысты),  қатысты  болатын  тәртіп  актілері 
шеңберінің,  сонымен  қатар  осы  заңда  бекітілген 
тәртіпті  қолдайтын  шекаралар  (әлеуметтік  өзара 
әрекет  ету  шекаралары)  есебінен  шыға  отырып 
нормативтік жатқызылу шектерімен шектеледі.       
Отандық және шетелдік қылмыстық-құқықтық 
жүйелерде  қылмыстық  заңның  уақытта  және 
кеңістікте  әрекет  ету  институтын  дамыту, 
біріншіден  қылмыстық заңның темпоральды және 
кеңістіктік  әрекетінің  негізгі  принциптерінің 
сабақтастығы  туралы  және  екіншіден,    - 
Қазақстанның  қылмыстық  заңнамасының  базалық 
ережелерін,  олардың  жеке  тұлға  құқықтарын 
қорғауға  және  заңдылық,  гуманизм  мен  әділдік 
принциптерін жүзеге асыруға басым бағытталуына 
байланысты 
айтарлықтай 
жаңаруы 
туралы 
куәландырады.    
Қылмыстық  заңның  уақытта  және  кеңістікте 
әрекет 
етуін 
регламенттейтін 
нормаларды 
темпоральдық,  сондай-ақ  кеңістіктік  сипаттағы 
анықталған  коллизиялық  ұйғарымдар  ретінде 
немесе  қылмыстық-құқықтық  нормаларды  жүзеге 
асыру шарты ретінде қарастырған жөн.    
 
...................................................... 
1.
 
Агыбаев  Г.А.  Действие  уголовного  закона  во 
времени  и  пространстве.  Автореферат  диссертации  на 
соискание ученой степени кандидата юридических наук. 
Алматы. 2014. - 29 с. 
2.
 
Абдиров  Н.М.,  Мами  К.А.,  Сарсеков  Б.С. 
Уголовно-правовые  меры  борьбы  с  преступлениями, 
связанными 
с 
наркотиками. 
Учебно-практическое 
пособие. - Алматы, 2008. - 128 с. 
3.
 
Когамов  М.  Ч.  Протокольная  форма  досудебной 
подготовки материалов. Учебное пособие / Комментарий 
к изменениям и дополнениям в УПК - Алматы: Аян дет, 
2007. - 21 с. 
4.
 
Комментарий  к  Уголовному  кодексу  РК/  Отв. 
редакторы:  член-корреспондент  Академии  естественных 
наук 
Республики 
Казахстан, 
д.ю.н., 
профессор 
Борчашвили  И.Ш.,  к.ю.н.,  доцент  Рахимжанова  Г.К.  - 
Караганда, РГКПО «Полиграфия», 2009. - 960 с. 
5.
 
Ашитов  З.О.  Социалистическая  законность  и 
квалификация  преступлений.  -  Алма-Ата:  Казахстан, 
2013. - 159 с. 
6.
 
Алауов  Е.О.  Борьба  с  хищениями  собственности 
путем  подлога  документов.  -  Алматы:  Жеты  Жаргы, 
2005. -200. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет