Қазақстанның Ғылымы мен өмірі халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Бір жылда 6 рет жарық көреді Құрылтайшы: «ҚҰҚЫҚТЫҚ миссия»



Pdf көрінісі
бет7/43
Дата03.03.2017
өлшемі5,5 Mb.
#5910
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43

 
Әдебиеттер
1.  Сапарғалиев  Ғ.  Қазақстан  Республикасының 
Конституциялық  құқығы:  Академиялық  курс.  4-
басылым. – Алматы: Жеті Жарғы, 2010. – 480 б.  
2.  История  политических  и  правовых  учений.  Изд. 
2-е.  /  Под  ред.  В.С.  Нерсесянца.  –  М.:  Изд.  группа 
НОРМА-ИНФРА; М., 2009. – 736 с. 
3.    Монтескье  Ш.  Избранные  произведения.    –  М., 
1955. – 752 с. 
4.  Кенжәлиев  З.Ж.  Көшпелі  қазақ  қоғамындағы  
дәстүрлі  құқықтық  мәдениет:  теориялық  мәселелері, 
тарихи тағылымы. – Алматы: Жеті Жарғы, 1997. – 192 б. 
5.  Общая  теория  права  и  государства:  Учебник  / 
Под ред. В.В. Лазарева. – М.: Юрист, 2014. – 360 с.   
6.  Сапаргалиев  Г.С.  Проблемы  парламентаризма  в 
Казахстане  //  2005  жылғы  15  сәуірде  ҚазГЗУ  АЗА-да 
өткізілген  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 
10-жылдығына  арналған  Қазақстан  Республикасының 
құқықтық  мемлекет  ретінде  қалыптасу  және  даму 
мәселелері: 
халықаралық 
ғыл.-тәжірибелік 
конф. 
материалдары.  – Алматы, 2005. – 10-15 б. 
7.Қазақ  Советтік  Социалистік  республикасының 
мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы // Жетісу. – 
2000, 24 қазан. – № 143 (15972). 
8.  Конституция  Республики  Казахстан.  Научно-
правовой  комментарий  /  Под  ред.  Г.С.  Сапаргалиева.  – 
Алматы: Нұр-пресс, 2009. – 560 с. 
9.  Жиренчин К.А., Айтхожин К.К. Основной закон 
Республики 
Казахстан 
и 
историко-философские 
проблемы  теории  разделения  властей  //  Право  и 
государство. –  2001. – № 1 (20). – С. 10-12. 
10. 
Окуньков 
Л.А. 
Президент 
Российской 
Федерации. Конституция и политическая практика.  – М.: 
Инфра-М, 2006. – 235 с. 
11.  Ларин  А.Ю.  Конституционное  (государствен-
ное) право зарубежных стран: Курс лекций. – М.: РГИИС 
Книжный мир, 2007. – 181 с.  
12.  Конституционное  право  зарубежных  стран: 
Учебник для вузов / Под ред. М.В. Баглая, Ю.И. Лейбо и  
Л.М. Энтина. – 2-е изд. – М.: Норма, 2006. – 1056 с. 
13.Ащеулов  А.Т.,  Караев  А.А.  Конституционное 
право  Республики  Казахстан.  Учебно-методическое 
пособие.  –  Алматы: Изд. дом «КазГЮУ», 2010. – 254 с. 
14.Крутоголов 
М.А.  Президент  Французской 
Республики: Правовое положение.  – М.: Прогресс, 2008. 
– 410 с. 
15.Малиновский В.А. ЛИДЕР: президентская власть 
в  Казахстане  на  рубеже  эпох.–Монография.–  Астана: 
Издательство «НормаК», 2012.– 528 с. 
16.Зиманов 
С. 
Конституция 
и 
Парламент 
Республики Казахстан. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996. . 
17.  Майлыбаев  Б.А.  Институт  президента  как 
политико-правовое  понятие  (его  сущность,  признаки, 
общие  черты)  //  Егеменді,  құқықтық,  кәсіпқой  және 
зайырлы  Қазақстан  мемлекеті  дамуының  өзекті 
мәселелері. - Алматы: ҚазГЗУ, 2011. – 23-35 б.  
 
 
 
 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
35 
 
 
Отарбаева Л.Ғ. 
Қазақстан Републикасының Президенті жанындағы мемлекетік басқару академиясы  
Сот төрелігі институтының магистранты 
 
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІК ЗАҢНАМАНЫҢ 
КЕҢІСТІКТЕГІ ЖӘНЕ УАҚЫТЫНДАҒЫ ҚОЛДАНЫЛУЫ 
 
Аннотация. В статье рассмотрено понятие уголовно-процессуального закона, механизм его действия во времени и 
пространстве, а также основные цели уголовно-процессуального законодательства и действие его с позиций Конститу-
ции РК. 
Аңдатпа. Мақалада Қазақстан Республикасының Конституциясына тұрғысынан процессуалдық құқық, уақыт пен 
кеңістікте оның механизмі, сондай-ақ қылмыстық iс жүргiзу заңын және оның әсері негізгі міндеттерінің түсінігімен 
айналысады. 
Annotation. The article deals with the notion of procedural law, its mechanism of action in time and space, as well as the 
main  objectives  of  the  criminal  procedure  law  and  its  effect  from  the  standpoint  of  the  Constitution  of  the  Republic  of 
Kazakhstan.   
 
Берілген тақырып, ең алдымен, заңды қолдану 
мәселесі  қозғалатындықтан  өзекті.  Қылмыстық-
процестік 
қарым-қатынастар 
субъектілердің 
шеңбері, қылмыстық процестің әр түрлі кезеңдерін-
дегі  олардың  құқықтары  мен  міндеттемелері,  олар 
жасай  алатын  немесе  жасауы  керек  іс-әрекеттер, 
қылмыстық іс бойынша жұмыс жүргізу барысында 
қабылдай  алатын  немесе  қабылдауы  керек 
шешімдер  аныталатын  заңын.  Қылмыстық  заңды 
қателесіп қолдану субъектілердің заңды құқықтары 
мен  еркіндіктерінің  маңызды  бұзылуына  әкелуі 
мүмкін, бұл тіпті мүмкін емес. 
Уақыт  ішіндегі,  кеңестікте  және  тұлғалар 
ортасы  бойынша  заңның  әрекет  ету  сұрақтары 
соңғы  онжылдықтар  бойы  қылмыстық  құқық 
ғылымымен қарастырылды. Сонымен, қылмыстық-
процестік  заңының  әрекет  ету  шектері  жиі 
ғалымдардың  назарынан  тыс  қалды  және  әлі  күнгі 
дейін қылмыстық процесс теориясында жеткіліксіз 
зерттелген:  осы  тақырыптың  кейбір  сұрақтарына 
арналған 
жалғыз 
монография 
1962 
жылы 
жарияланған,  ал  қазіргі  таңда  пайда  болатын 
жұмыстар  көбінесе  жоғарыда  аталған  мәселенің 
жеке  аспектілерін  ғана,  жиі  қылмыстық-процестік 
иммунитеттерді қозғайды. 
Қылмыстық-процестік заң нені білдіреді? П.А. 
Лупинская  дұрыс  атап  өтетіндей,  теория  мен 
практикада  бұл  ұғым  бір  мағынада  қолданыл-
майды.  Оның  астарында  жиі  қылмыстық  сот 
жүргізу  саласындағы  қарым-қатынастарды  реттей-
тін нормалардан тұратын құқықтық актілерді қалай 
болса, дәл солай мазмұны  мен жүйесі қылмыстық-
процестік  құқықты  жасайтын  нормалардың  өзін 
меңзейді.    Мұндай  амал  кезінде  «қылмыстық-
процестік заңы» түсінігімен «органикалық бірлікте 
алынған  қылмыстық-процестік  құқықтың  нысаны 
мен  мазмұны»  белгіленеді.  Басқа  амалдың 
жақтаушылары бұл түсінікті қылмыстық-процестік 
құқықтың  нормаларынан  тұратын  нормативтік-
құқықтық  актінің  өзін  белгілеу  үшін  қолданады. 
Бұл  қылмыстық-процестік  заңның  түсінігі  оны 
Қазақстан  Республикасының  заң  шығарушы 
органымен  қабылданған  және  қылмыстық  сот 
жүргізу  тәртібін  анықтайтын  жоғары  заң  күші 
ретінде  қылмыстық-процестік  құқығының  жалғыз 
көзі қылады. Заң әдебиетінде қылмыстық-процестік 
заңына  деген  мұндай  көзқарас  ҚР  ҚПК  бабының 
мағынасына  көп  сәйкес  келетіндіктен,  басым 
болып табылады.  Бұдан, қылмыстық-процестік заң 
– бұл мемлекеттің жоғары өкілдік (заң шығарушы) 
органымен  қабыл-данған,  қылмыстық  сот  жүргізу 
органдарының  және  қылмыстық  істерді  қарастыру 
мен шешу бойынша басқа субъектілердің қызметін 
реттеуші  нормативті-құқықтық  актісі  деп  бекітуге 
болады. 
Қылмыстық-процестік заңның негізгі белгілері 
басқа  жоғары  заңды  күші  бар  нормативтік 
актілерден  ерекшеленетін  нормативті-құқықтық 
акт  ретінде  кез  келген  басқа  заңның  белгілерімен 
сәйкес келетіндіктен, олар құқық және қылмыстық 
процесс  теориясында  терең  зерттеу  тақырыбы 
болды,  осы  жұмыстың  міндеті  «қылмыстық-
процестік  заңы»  категориясының  мәні  мен  негізгі 
сипаттамаларын зерттеу болып қойылған жоқ. 
Қылмыстық  іс  бойынша  жұмыс  жүргізу 
кезінде  тиісті  процестік  іс-әрекетті  жүргізу  немесе 
егер  басқасы  ҚР  ҚПК  белгіленбеген  болса, 
процестік  шешім  қабылдау  кезінде  әрекет  ететін 
қылмыстық-процестік заңы қолданылады.  
Қылмыстың  қашан  болғанына,  оны  жасау 
кезінде  қандай  қылмыстық  және  қылмыстық-
процестік  кодекстері  әрекет  еткеніне  тәуелсіз, 
қылмыстық істі қозғау, тергеу жұмыстарын жүргізу 
әр  түрлі  сот  инстанцияларында  қазіргі  таңда  күші 
бар  ҚР  ҚПК  («осында  және  қазір»)  тіркелген 
ережелер бойынша іске асырылады. 
Қылмыстық-процестік  заң  кез  келген  заң 
сияқты  уақытта,  кеңістікте  және  тұлғалар  шеңбері 
бойынша  өзіндік  қағидаларға  ие.  Қылмыстық  іс 
бойынша  іс  жүргізу  кезінде  жауап  алу,  алдын  ала 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
36 
 
 
тергеу  немесе  соттың  істі  қарауы  кезінде  тиісті 
әрекет 
ететін 
қылмыстық-процестік 
заң 
қолданылады.  ҚПК  осы  нормасының  қағидалары 
қылмыстық-процестік  заңының  уақыттағы  әрекет 
етуі сипатталады. 
Егер  сотта  істің  қаралуы  немесе  тергелуі 
кезінде  қылмыстық-процестік  заңы  өзгеретін, 
толықтырылатын  немесе  жаңаға  ауыстырылатын 
болса,  онда  ол  күшіне  енгеннен  кейін  қылмыстың 
қашан  жасалғаны  және  қылмыстық іс  қозғаланына 
тәуелсіз  жаңа  процестік  нормалар  қолданылады. 
Сонымен, қылмыстық-процестік заңы теріс күшіне 
ие,  яғни  оны  қабылдағанға  дейін  пайда  болған 
қылмыстық  істер  таралады.  Алайда,  егер  жаңа  заң 
күшін  жойса  немесе  жүргізілуге  берілген  істер 
бойынша процеске қатысушының осы немесе басқа 
процестік құқығын шектейтін болса, бұл құқық осы 
бойынша істің жүргізілуі біткенше сақталады.  
Д.И.  Керимов  өзінің  монографиясында  былай 
деп дұрыс атап өтті: «заңдарды (басқа да құқықтық 
нормативтік  актілерді)  құру  бойынша  табысты 
қызмет  ең  алдымен  заң  шығарушының  құқықтық 
мәдениетіне,  өзінің  міндетіне  деген  түбегейлі 
шығармашылық  қарым-қатынасына,  заң  ғылымын 
игеруіне  және  заң  шығарушылық  техниканың 
амалдарына  байланысты».  Сол  кезде  келтірілген 
мысалды 
заң 
шығарушылық 
техникасының 
бұйрығы  бұзылғаны  анық.  Мысалы,  әрбір  заң 
жобасына  күшін  жоғалтқан  деп  мойындауға, 
тоқтатуға,  өзгертуге,  толықтыруға  немесе  осы 
заңды  қабылдаумен  байланысты  қабылдауға 
жататын  мемлекеттік  заңнама  актілерінің  тізімі 
қоса  тіркеулі  керек.  Алайда,  заң  жобаларының 
авторлары  мен  әзірлеушілер  ұжымы  тізімді 
дайындауға жеткілікті назар аудармайтынын, қағаз 
жүзінде  ғана  қарайтынын  зерттеушілер  өкінішпен 
атап  өтеді.  Заң  жобасы  жұмыстарын  жоспарлау 
қазіргі 
таңда 
Қазақстан 
Республикасында 
қуантарлық 
түрде 
ұйымдастырылмаған. 
Бұл 
заңның  және  заң  шығарудың  ролін  мемлекеттік 
өмірде жеткілікті бағаламаумен байланысты.  
Қазақстан 
Республикасының 
қылмыстық 
кодексінің  міндеттері  Қазақстан  Республикасының 
Қылмыстық-процестік 
Кодексінің 
5-бабында 
мазмұндалған, 
мұнда 
қылмыстық 
процестің 
міндеттері  қылмыстарды  тез  және  толық  ашылуы, 
қылмыстық 
жауапкершілікке 
оны 
жасаған 
тұлғаларды  әшкерелеу  және  тарту,  соттың  әділ 
қарауы  және  қылмыстық  заңды  дұрыс  қолдану 
болып табылады делінген. 
Қылмысты  тез  және  толық  ашу  міндеттері 
мемлекет 
органдарының 
ықтимал 
қысқа 
мерзімдерде 
болған 
қылмыстың 
барлық 
жағдайларын 
анықтау 
және 
оны 
жасаған 
тұлғалардың  барлығын  қылмыстың  жасалу  сәтіне 
айыпты  жазалауға  қолдануды  барынша  жақындату 
үшін 
айқындау 
міндеттемелерінен 
тұрады. 
Указанные  задачи  взаимно  связаны.  Жүргізілген 
істің  тездігі  өзін  қысқа  мерзімдерде  жасалған 
қылмыстың 
барлық 
жағдайлары 
жеткілікті 
анықталатын  шартымен  ақтап  алады.  Қылмыстық 
процесс  маңызды  деңгейде  өзінің  сақтандыратын 
мәнін  істің  жүргізілуі  негізсіз  созылатын  болған 
жағдайда жоғалтады. 
Айыптыларды  әшкерелеу  міндеті  қылмыс 
жасаған тұлғалардың барлығын айқындаудан және 
олардың 
әрқайсының 
айыптылығын 
сөзсіз 
анықтаудан 
тұрады. 
Айыптылықты 
анықтау 
қылмыстық  жауапкершілік  пен  жазалау  туралы 
мәселесін  шешудің  міндетті  шарты  болып 
табылады.  
Қылмыстық  заңның  дұрыс  қолданылуын 
қамтамасыз 
ету 
қылмыстық 
заңнама 
нормаларының  барлық  талаптарын  қатаң сақтауды 
білдіреді.  Тек  осы  шарт  арқылы  айыптыны 
қылмыстың ауырлығы мен  оның тұлғасына сәйкес 
әділ 
жазалауға 
белгілеу, 
және 
айыптыны 
қылмыстық  жауапкершілік    пен  соттауға  негізсіз 
тартудан шектеу мүмкіндігі пайда болады.  
Айыптыны  ғана  әшкерелеу  және  жазалау  – 
айыпсызды 
жауапкершілікке 
және 
соттауға 
жібермеу.  Әрбір  іс  бойынша  аталған  міндеттерді 
жүзеге  асыру  жолымен  қылмыстық  процесс 
заңнамалылықтың 
нығаюына, 
қылмыстардың 
алдын алуына ықпал етуі керек. 
Негіздер  болған  кезде  жасалған  қылмысқа 
қатысты істі жүргізе бастауға, оны тез және толық 
ашуға,  айыптыларды  әшкерелеуге,  оларды  әділ 
жазалауға  тартуға  міндетті  қылмыстық  сот 
органдарының  заңмен  бағытталатын  қызметі 
қылмыстық процестің негізгі мазмұнын құрайды.  
Алайда,  қылмыстық  процестің  мазмұны 
бұнымен 
таусылмайды. 
Қылмыстық-процестік 
қызмет процестік іс-әрекеттер жүйесінен құралады. 
Бұл  іс-әрекеттерде  мемлекет  органдарынан  басқа 
әр түрлі нысандарда істің жүргізілуіне тартылатын 
басқа да тұлғалар қатысады. Бір жағдайларда, олар 
өздері 
оларға 
берілген 
құқықтарға 
немесе 
жүктелген  міндеттемелерге  қарай  процестік  іс-
әрекеттерді  жасайды  –  кешірім  жасау  туралы 
өтініш  қозғайды,  мемлекеттік  органдардың  үкімін 
бұздыру  туралы  арыз  береді  (айыпталушы, 
қорғаушы,  зардап  шегуші  және  т.б).  Басқа 
жағдайларда,  олар  өз  беттерімен  процестік  іс-
әрекеттерді  жасамайды,  бірақ  оларға  қатысты-
рылады  –  түсінік  береді  (күдікті,  куәгер).  Барлық 
осы  іс-әрекеттер  қылмыстық-процестік  қызметі 
жүйесіне кіреді және одан тыс шығарыла алмайды. 
Сондықтан, 
қылмыстық-процестік 
қызмет 
мемлекет органдарымен жасалатын, сондай-ақ, іске 
қатысушы  тұлғалардың  барлығымен  жасалатын 
процестік іс-әрекеттер жүйесінен тұрады.  
Қылмыстық-процестік  заңының  әрекет  етуі 
кеңістікте  ҚПК  3-бабымен  анықталады,  мұнда 
Қазақстан  Республикасының  аумағында  қылмыс-
тық сот ісін жүргізу, қылмыстық құқық бұзушылық 
жасалған  жерге  қарамастан,  осы  Кодекске  сәйкес 
жүргізіледі.  Сонымен  қатар,  егер  Қазақстан 
Республикасы  ратификациялаған  халықаралық 
шартта  осы  Кодекстiң  кеңiстiкте  қолданылуының 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
37 
 
 
өзгеше  қағидалары  белгiленсе,  онда  халықаралық 
шарттың қағидалары қолданылады делінген. 
Қылмыстық-процестік  заңы  әрекет  ететін 
кеңістік  ұғымы  мемлекеттік  шекарадан  тыс 
орналасқан  құрлықтағы,  су,  жерасты  және  әуелік 
бөліктерінен  тұрады.  Бұл  құраушы  бөліктері 
заңның  әрекет  етуі  өзіндік  ерекшеліктерге  ие 
аймақтың  түрлері  болып  табылады.  Мысалы, 
қылмыстық-процестік  заңының  әрекет  етуі  су 
кеңістігінде келесі ерекшелікке ие: 
1. 
Қазақстан 
Республикасының 
ішкі 
суларының  құқықтық  режимі  осы  қылмыстық-
процестік заңнамамен белгіленеді.  
2.  Шетелдік  портта  немесе  басқа  мемлекеттің 
су  аймағында  тұрған  теңіз  (сауда)  кемесі  кеме 
кімнің  жалауымен  жүретін  болса,  сол  мемлекеттің 
аумағына  теңестіріледі.  Сот  құзыреті  мұндай 
жағдайларда 
қылмыстық-процестік 
қарым-
қатынастар 
басқа 
мемлекеттің 
мүдделерін 
қозғайтынын 
анықтауға 
байланысты 
жүзеге 
асырылады. Басқаша айтқанда, егер кеме бортында 
туындаған  жанжал  жалау  мемлекетіне  қатысты 
болса,  онда  мұндай  жағдайда  жалау  мемлекетінің 
қылмыстық-процестік заңы қолданылады.  
3. Ішкі суларында кеме тұрған мемлекеттің сот 
құзыреті  халықаралық  келісімдердің  ережелеріне 
байланысты өзіндік ерекшелікке ие. Атап айтқанда, 
халықаралық-құқықтық  тәжірибе  ішкі  суларында 
кеме тұрған мемлекеттің сот құзыретінің әсер етуі-
нің таралу тенденциясына келесі жағдайларда ие: 
-
 
халықаралық  келісімдердің  қатысушысы 
болып  табылатын басқа  тараптың аймағына  құқық 
бұзушылықтардың салдарлары таралған; 
-
 
құқық  бұзушылық  аймақтық  суларда 
немесе келісімге келетін тараптың кез келген басқа 
портында тыныштықты немесе тәртіпті қозғаған
-
 
мұндай  басқа  келісімге  келетін  тараптың 
заңдары  бойынша  ауыр  құқық  бұзушылықті 
білдірген; 
-
 
құқық  бұзушылық  азаматпен  немесе  басқа 
келісімге  келетін  тараптың  азаматына  қарсы,  не 
болмаса  кез  келген  тұлғамен,  немесе  капитан  мен 
экипаж  мүшесімен  қатар  кез  келген  тұлғаға  қарсы 
жасалған. 
Жоғарыда  аталғандармен  қатар,  ҚПК  4-
бабында  Қазақстан  Республикасының  аумағында 
шет  мемлекеттiң  тергеп-тексеру  органдары  мен 
сотының  немесе  олардың  тапсырмасы  бойынша 
қылмыстық  процесті  жүргiзетiн  органның  шет 
мемлекеттiң 
қылмыстық-процестік 
құқығын 
қолдануға,  егер  бұл  Қазақстан  Республикасы 
ратификациялаған  халықаралық  шартта  көзделген 
болса, жол беріледі делінген.  
Сонымен,  Қазақстан  аумағында  қолданылуы 
мүмкін,  мысалы,  РФ  ҚПК,  істің  жүргізілуі  жалпы 
Ресейде  өтетін  істер  бойынша  Ресейдің  тергеу 
органдарымен  жеке  тергеу  іс-әрекеттері  жүргізіл-
ген  жағдайларда.  Ресейдің  құқық  қорғау  орган-
дарының тапсырмасы бойынша қажет процестік іс-
әрекеттер  ҚР  тергеу  органдарымен  РФ  ҚПК 
көзделген ережелер бойынша жүргізілуі мүмкін.  
Уақыт 
тұрғысында 
қылмыстық-процестік 
заңының  әрекет  етуі.  ҚПК  5-бабының  1-бөліміне 
сәйкес,  қылмыстық  сот  iсiн  жүргiзу  процестік 
әрекетті  орындау,  процестік  шешiмді  қабылдау 
кезіне қолданысқа енгізілген қылмыстық-процестік 
заңға сәйкес жүзеге асырылады. 
Әдеттегідей, 
қылмыстық-процестік 
заңы 
күшіне үш тәсілмен енеді: 
1)  қайта  қабылданған  заң  күшіне  ресми 
органда  жарияланғаннан  кейін  10  күн  өткен  соң 
енеді; 
2)  заңды  енгізу  уақыты  нормативті  актінің 
мәтінінің 
ішінде 
анықталады 
(мысалы, 
жарияланған  күннен  бастап  көрсетіледі  немесе 
күні, айы, жылы көрсетіледі); 
3)  заңды  енгізу  уақыты  кезеңдік  сипатқа  ие, 
бұл кезеңдердің мазмұны мен уақытша шеңберлері 
дербес  заңмен  анықталады.  Соңғы  актілерге 
13.12.97  ж.  ҚР  ҚПК  бір  уақытта  қабылданған  «ҚР 
қылмыстық-процестік  кодексін  іске  қосу  туралы» 
ҚР Заңы жатады. ҚПК енуінің шекті мерзімі толық 
көлемде күшіне ену 2003 жылғы 1 қаңтар болды.  
Уақыт 
тұрғысында 
қылмыстық-процестік 
заңының әрекет етуі заңның күшіне ену сәті туралы 
ережелермен  шектелмейді.  Уақыт  категориясы 
қылмыстық  істе  ескілік  мерзімдерінің  өту 
жағдайларында  біршама  өзінше  түсіндіріп  береді, 
қылмыстық істі қозғауға немесе ол қозғалған болса, 
оны  тоқтатуға  тыйым,  егер  ол  сот  қарауында 
жатқан болса, жағымды салдарды тартады. 
Жалпы  қолданылатын  қылмыстық-процестік 
заңы  белгіленген  мерзім  өткеннен  кейін  іс-
әрекеттің  өзектілігін  жоғалтумен  байланысты  бар 
шектеулердің  күшіне  қарай  қолданыла  алмайтын 
жағдай қалыптасады.  
ҚР  ҚПК  5-бабының  2-бөліміне  сәйкес,  жаңа 
міндеттерді  жүктейтін,  процеске  қатысушыларға 
тиесілі  құқығын  алып  тастайтын  немесе  кемітуші 
жаңа  міндеттемелерді  жүктейтін  қылмыстық-
процестік заңы теріс күшіне ие емес. 
Бұл  ұсыныс  заңнама  өзгерген  кезеңде  туын-
дайтын  құқықтық  қарым-қатынастардың  сипатын 
анықтау  кезінде  маңызды,  жаңа  қылмыстық-
процестік  заңды  қабылдағанға  дейін  басталған  іс 
жаңа заң ережелеріне сәйкес жалғастырылуы керек.  
ҚР  ҚПК  5-бабының  3-бөліміне  сәйкес, 
дәлелдемелерге, 
егер 
олар 
алынған 
кезде 
қолданылып  жүрген  заңға  сәйкес  айқындалатын 
болса, жол беріледі. Бұл, іс бойынша алынған дәлел 
қолданылатын 
ҚПК 
қабылданғанша, 
егер 
жүргізілетін  іспен  оның  аяқталу  уақыты  қайта 
қабылданған  ҚПК  күшіне  енген  кездегі  уақытқа 
тұспа  тұс  келсе,  сол  іс  бойынша  дәлел  ретінде 
рұқсат  етілетінін  білдіреді.  Дәлелдің  рұқсат 
етілуінің  шарты  оны  талданатын  кезеңде  әрекет 
ететін  ҚПК  сәйкес  процестік  алыну  және  тіркелу 
мінсіздігі  болып  табылады.  01.01.98  ж.дейінгі 
қылмыстық істер бойынша  сот жүргізу барысында 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
38 
 
 
алынған  дәлелдер,  егер  олар  1998  жылғы  1 
қаңтардан  кейінғ  яғни  жаңа  ҚПК  күшіне  енуінен 
кейін  жүргізілетін  іспен  жалғасатын  немесе 
аяқталатын  болса  да,  сол  істер  бойынша  дәлелдер 
ретінде рұқсат етіледі.  
Қылмыстық-процестік  заңының  әрекет  ету 
шеңбері 
туралы 
сұрақты 
қарастыра 
келе, 
қылмыстық-процестік 
құқықта 
ұқсастықтарды 
қолдану  мәселесіне  назар  аудармау  мүмкін  емес. 
Қолданылатын  ҚПК  аналогия  институты  көрініс 
тапқан  жоқ.  Алайда,  қылмыстық-процестік  заң 
(қылмыстықпен  салыстырғанда)  қылмыстармен 
қандай  іс-әрекеттер  мойындалатынын  анықтамай-
тынын,  ал  іс  бойынша  істің  жүргізілу  барысында 
субъектілердің  құқықтық  қарым-қатынастарын 
реттейтінін  ескерген  дұрыс.  Сондықтан  аналогия 
қылмыстық  процесте  ықтимал  жазалаулардың 
шеңберлерін кеңейтпейді, ал пайда болуына ықпал 
еткен қылмыстық-құқықтық қарым-қатынастар мен 
заңды 
факторларды 
орна-туда 
қылмыстық-
процестік  қарым-қатынастарына  динамиз  бере 
отырып,  жағымды  роль  атқарады.  Қылмыстық-
процестік  қарым-қатынастарды  реттеу  кезінде 
заңның  ұқсастығының  мағынасы  мынада,  сот, 
прокурор,  тергеуші  немесе  жауап  алушы  ҚПК 
нақты 
сұрақты 
шешпейтін, 
бірақ 
ұқсас 
жағдайларда 
қылмыстық-процестік 
қарым-
қатынастарды реттейтін нормаларды қолданады. 
Қылмыстық-процестік 
қарым-қатынастарды 
реттеу  саласында  ұқсастықты  қолдану  мүмкіндігін 
ҚР Конституциялық Соты мойындады. Бір жағдай-
ларда  ол  бұны  тікелей  көрсетеді,  басқа  –  тікелей 
көрсетпейді,  бірақ  ұқсастықты  назарда  сақтайды. 
Қылмыстық процесте ұқсастықты қолдану мүмкін-
дігін ҚР Жоғарғы Сотының Пленумы да растады.  
Алайда, қылмыстық сот ісін жүргізуде заңның 
ұқсастығы  белгілі  бір  шектерде  бірқатар  шарттар-
ды  сақтау  кезінде  қолданылуы  мүмкін  екенін 
байқаймыз, оларға мыналарды жатқызуға болады:  
а)  қылмыстық-процестік  қарым-қатынастарды 
реттейтін  нормалар  жүйесінде  толық  кемістік-
тердің болуы;  
6) заңмен реттелген ұқсас жағдайға бейімделу;  
в)  қылмыстық  процестің  конституциялық 
принциптерін сақтау;  
г)  қылмыстық  істің  жүргізілуіне  қатысатын 
азаматтардың  процестік  құқықтарын  қамтамасыз 
ету;  
д)  ҚПК  нормаларымен  ықтимал  шеңберлерде 
ғана  іс-әрекеттер  жүргізу  және  шешімдер  қабыл-
дау. 
  ҚПК  заңның  ұқсастығын,  мүмкін  болған 
жағдайда, АПК жасалғандай қылмыстық-процестік 
қарым-қатынастарды  реттеу  кезінде  құқықтың 
ұқсастығын  қолдану  мүмкіндігіне  тікелей  көрсету 
мақсатқа  лайық  болып  көрінеді.  Азаматтық  іс 
бойынша  іс  жүргізу  барысында  туындайтын 
қарым-қатынастарды  реттейтін  процестік  құқық 
нормаларының  жоқ  жағдайында  жалпы  сот 
құзыретінің  соттары  және  дүниежүзілік  соттар 
ұқсас  қарым-қатынастарды  (заңның  ұқсастығын) 
реттейтін  нормаларды  қолданады,  ал  мұндай 
норманың  жоқ  кезінде  ҚР  сот  төрелігінің  іске 
асыру  принциптерінен  шыға  отырып  әрекет  етеді 
(құқық  ұқсастығы).  Мұндай  тәсіл  қылмыстық-процестік 
қарым-қатынастарды  реттеуге  рұқсат  етіледі  және 
қолданылады.  
............................................................... 
1.
 
Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан.- 
Алматы, 1998. - Ст. 8. 
2.
 
Громов Н. А. Уголовный процесс.- М., 2008. – 250 c. 
3.
 
Мотовиловкер  Я.  О.  Предмет  советского  уголовного 
процесса. - Ярославль, 2014. – 300 с. 
4.
 
Савицкий В. М. Что такое уголовный процесс. - М., 2007. 
– 220 с. 
5.
 
Толеубекова  Б.  Х.  Уголовно-процессуальное  право 
Республики Казахстан. - Алматы, 2012.- 250с. 
6.
 
Уголовный процесс. Под ред. К. Ф. Гуценко. - М., 2007. – 
200 с. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет