«Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»



бет67/78
Дата13.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#73600
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   78
Байланысты:
«?àçà?ñòàííû? æà?à æ?íå ?àç³ðã³ çàìàí òàðèõû»

Бекіту сұрақтары:

  1. Экономикалық реформалардың мәні неде болды?

  2. 1965ж. КОКП ОК-нің наурыз және қыркүйек пленумдары қандай мәселелерді қозғады?

  3. Қазақстан өнеркәсібіндегі жаңа салалар, ауылшаруашылығының дағдарысты жағдайы қалай көрінді?



Дәріс № 25
1970 – 1980 жылдардағы Қазақстан
Мақсаты: Қоғамдағы саяси жағдай және завод фабрикалардың ашылуына байланысты адамдардың көзқарастары.

  1. Қоғамдық саяси жағдай. Өнеркәсібі.

  2. Қазақстан – КСРО-ң ірі өнеркәсіп аймағы.

  3. Отын энергетикалық кешенің дамуы.

  4. Машина жасау өндірісінің дамуы.

1966 ж. басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықтың басына дейін жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша Қазақстандық 1578 кәсіпорын немесе олардың жалпы санының 84 проценті жұмыс істеді. Жоспар сегізінші бесжылдықтың негізгі көрсеткіштері бойынша орындалды: өнеркәсіптің жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 52 процентке артты. Өнеркәсіптің барлық саласы тиімді жұмыс істеді. Бірақ белгілі дәрежедегі радикализмге қарамай, экономикалық реформаның бірінші қадамынан бастап-ақ оның жүйесіздігі, жартыкештігі көрініп тұрды. Тоталитарлық жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді, бұл құрылым өз дамуында тауарсыз социализмнің үстемдік құрып отырған лепірмесінің құрсауында болатын.
Осының салдарынан 70-жылдардың басында экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланды.
Реформаның негізгі мақсаты — кәсіпорындардың шаруашмлық дербестігін жоспарлы кеңейту — тек көрсеткіштерді кемітуге және коллективтердің көтермелеу қорларын қалыптастыру тәртібін өзгертуге әкеп сайды. Көптеген кәсіпорындар пайда табудың қызығына беріліп, неғұрлым оңай жолға — өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарылату жолына түсті. Бағаның өсуі есебінен алынған пайда жалақыны көбейтуге мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек өнімділігінің өсуін басып озды, мұның өзі 70-жылдың басында-ақ инфляциялық процестердін, басталуының себебі болды, бұл экономиканың дамуына теріс ықпал жасады. Реформаның жартыкештігі мынадан көрінді: ол кәсіпорындардың дербестігін кенейте отырып, министрліктер мен ведомстволардың әкімшілік және экономикалық өкілеттігін күшейтті. Қол жеткен дәреже приициптеріне негізделген жоғарыдан орталықтандырылған жоспарлау сақталып қалды, жалпы өнім көрсеткіштері, олардың жетілдірілмеген деп танылғанына қарамастан, қолданыла берді.
Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы демократиялардыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономиканың ұйымдық-техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, бюрократияның тірегі — мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Брежнев пен оның төңірегіндегілер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды, олар экономиканың қызметіндегі әкімшілік жүйелеріне қол сұғуға болмайтындығын сақтауға тырысты.
70-ж. басында реформаны жүргізу тоқтатылды. Сол жылдары әлі де шаруашылықты жүргізу, жоспарлау мен ынталандыру механизмдерін жақсартуға әлденеше рет талпыныс жасалғанымен мұның өзі тиісті нәтиже бермеді. Қоғамдық өндірістін, тиімділігін арттыру қолдан келмеді. Теріс құбылыстар көбейе берді, қор қайтымы төмендеді, жаңа өндірістік қуаттар шабан игерілді, экономикалық қызметтің ысырапшылық сипаты күшейді, бұрынғыша экономиканың дамуын экстенсивті факторлар белгіледі.
Тоғызыншы бесжылдықтың басына қарай республиканың экономикасында өнеркәсіп жетекші орын алды. 1970 ж. қоғамдық өнімнің жалпы құрылымында оның үлесі 48 проц. болды. Халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың 39,8 проц. өнеркәсіптің үлесіне тиді, онда 1052 мың адам қызмет істеді, ол республика жұмысшыларынын 22,4 проц. еді.
1970—1985 жж. республиканың индусгриялық потенциалы белгілі дәрежеде өсе түсті. Өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына жұмсалған қаржының 32 проц. жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артты, оның ішінде химия және мұнай химиясында 6,5 есе, машина жасауда 4 есе дерлік, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам өсті. 1000-дай өнеркәсіп орындары мен цехтар қатарға қосылды. Оның ішінде Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резина-техника зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай су-электр станциясы, Шымкент және Жамбыл фосфор зауыттары, Жәйрем кен байыту комбинаты және басқалар бар. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен Қазақстан үшінші (РКФСР мен Украинадан кейін) орын алды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл, Павлодар-Екібастұз аймақтық-өндірістік комплекстері қалыптасты.
Экономикалық потенциалдың өсуі халық шаруашылық айналымына шикізат және отын энергетикалық ресурстарды тарту есебінен жүзеге асырылды.
Экономиканы басқаруды қатаң орталықтандырудың жағдайында өнеркәсіптің құрылымы шикізат өндіруге бағытталған сипатын бұлжытпай сақтап қалды. Базалық министрліктердің өзімшілдік мүдделеріне бас шұлғи отырып, орталық республика экономикасын дамытуда кен шығаратын салаларға басымдық беріп отырды. Ғылымды көп талап ететін өндірісті дамытудың орнына ірі күрделі қаржы соларға жұмсалды. 80-жылдардың басында республика өнеркәсібінде кен шығаратын салалардың үлесі орта есеппен алғанда елдегімен салыстырғанда 1,7 есе жоғары еді. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одактық ведомстволар республикадан шикізат ресурстарын сорып алып, аса зор пайда таба отырып, республика бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады деп айтуға болады. Олар өз кәсіпорындары жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отыраған жағдайда республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 проц. аз қаржы аударды, Одақтық министрліктер жалпы өнім көрсеткіштері мен пайдаға құныға отырып, республиканың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, ұлттық жұмысшы кадрларын даярлау, қоршаған ортаны қорғау мүдделерін аяққа басты.
70—80-жж. алып кәсіпорындар түріндегі шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау өнеркәсіптің өңдейтін және қайта өңдейтін өндірісінің өсу қарқыны төмен болуына, халық тұтынатын тауарлар, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өндірісінің дамуы жеткіліксіз болуына әкеп соқтырды. Тұтынатын азық-түлік емес товарлардың 60 проц. Қазақстанға басқа республикалардан алынып келінді, осының өзінде олардың бір бөлігі Қазақстан шикізатынан жасалды, бірақ ақтық өнімді өткізуден түсетін пайданы оны жасап шығарушылар алды.
Директивалық жоспарлау және монополист-ведомстволардың мүдделері салдарынан республиканын орны толмас ресурстары талан-таражға салынып, тасып әкетіліп жатты. Шығарылған шикізат пен қуаттардың пайдаланылу тиімділігі төмен болды.
Бесжылдықтан бесжылдық өткен сайын индустрияға жұмсалатын күрделі қаржы өсе берді, өндірістік құрылыстын сипаты алып көлеммен белгіленді. Республиканың басшылығы мұндай алыпқа табынушылықты қолдап, КОКП-ның кезекті сьездерінде елдегі немесе Еуропадағы ең ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардын қатарға қосылғаны туралы есеп беріп отырды. Республиканың жағдайы халықтың тұрмыс дәрежесімен, оның КСР Одағындағы егемен құқықтарының толықтығымен және нақтылығымен, рухани мәдениетінің дамуымен емес, жұмсалған күрделі қаржының сомасымен, шығарылған руданың, көмірдің, мұнайдың және басқалардың тоннасымен бейнеленді.
Экономиканың көкейтесті міндеттері көбінше әміршіл-әкімшілік әдістермен шешілді. Мемлекеттік жоспарлауға қандай да бір елеулі өзгеріс енгізілген жоқ. Кәсіпорындарға директивалық жоспарлы тапсырма еңбек коллективінің келісімінсіз жоғарыдан жіберілді. Іс жүзінде өнімнің барлық түрлері, өзіндік құнның және басқалардың көрсеткіштері жоспарланды. Мұның өзі кәсіпорынды қандай шығынға да қарамай жоспарды орындауға мәжбүр етті, тұтынушыларды өндіріске ықпал ету мүмкіндігінен айырды. Өндірістің теңестірілмеуі, нұсқау арқылы басқарылуы жағдайында жылдық, тоқсандық және айлық тапсырмаларды өзгертіп отыру үйреншікті іске айналды. 1981—1985 жылдары республикада әртұрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300-ден астам рет өзгертілген. Экономикадағы дағдарысты құбылыстардың өсуі халық шаруашылығының бірқалыпты дамымауына алып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет