сұрастырып көріңіз, бәлкім, өздері де мойнына алар, – дейді Бақа салмақты.
Жұрт біріне–бірі қарасады. Бай отырып:
– Естіп отырсыңдар ғой әулие сөзін, ойнап алғандарың болса, өздерің-ақ айтыңдар, – дейді.
Жұрт бірінен соң бірі:
– Құдай сақтасын. Бес-онды қарамыздың игілігін көрсетсін, – дегенді айтады. Соның ішінде бір жастау
қатын қызарақтап, Бақаға алақтай береді. Бақа: Әй, сен қатынсың-ау, – деп ойлайды ішінен.
– Әулие, көріп отырсың ғой! Мына жұрт қарғанып отыр. Енді не айтасың? – дейді бай Бақаға.
Бақа азырақ үндемей отырып:
– Жарайды, олай болса, матаның жатқан жерін өзім-ақ айтайын... Осы ауыл маңында бір шұқыр тас болу
керек. Сол тас жанында жалғыз ағаш болу керек. Соның түбін қазса, мата табылар. Бірақ бір сүйемдейі
жыртылып алынған болар, – дейді.
Мұндай хабарды естіген жұрт отыра ма, шуласып, тұра жүгіріседі. Барып, қазса, айтқанындай, мата шыға
келеді. Оның үстіне бір сүйемдей жері жыртылған болады.
Жұрт жағасын ұстап, таң қалысады.
– Мынау нағыз көріпкелдің өзі екен, – деседі.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
791 bet
Матаны алып, жұрт бай үйіне келеді. Әулиенің айтқаны дәл болғанын айтысады. Баяғы жас қатынның
жүзі қуарып кеткенін Бақа көз жіберіп байқайды:
– Әй, осы сенсің-ау, – деп ойлайды тағы да ішінен.
Жұрт біраз шуласқаннан кейін манадан бері мата өз ауылының ішінен шыққанға тұнжырап отырған бай:
– Жарайды, әулием! Жоқтың үстінен дәл түстің, мұның жақсы. Енді ұрлаған кісіні айтып бер, – дейді.
Бақа біраз кідіріп отырып:
– Жоқ табылды ғой. Бала–шағалардың істеген ісі болар. Ар жағын қазбалап, біреу-міреуді ұялтып
қайтеміз, – дейді.
– Әлде өзің тығып қойып, әулиелік қылып отырсың ба? – дейді бай кекетіп. Осы байдың өзінің қай
жағынан шығып кетем деп мүдіріп отырған Бақа бұл сөзге кейіп кетеді.
– Олай болса, жарайды. Бірақ... өзіңізге ұят келіп қалып жүрмесін... – деп, Бақа ептеп басын көтеріп,
манағы дүдәмалды әйелге қарайды. Әйелдің көзі тайсалып, жерге қарайды.
– Дәл өзі екен, – дейді ішінен Бақа.
– Матаны алған... – деп келе жатқанда Бақаның сөзін бөліп, жігіт ағасы болған бір кісі:
– Біздің үйдегі келініңіз екен, мына ноғайға ерегесіп, тығып қойып жүрген, – деп, күңк ете түседі.
Байдың беті көлдей болып, төмен қарайды. Манадан бері алақтап отырған жұрт біріне-бірі пыш-пыштап,
теріс қарап, күле бастайды.
Матаны ұрлаған байдың інісінің әйелі екен.
ІІ
– Бақа көріпкел әулие екен, жұрт ойнап айтам деп, ойлап айтып жүр екен. «Сөйтіпті, сөйтіпті; солай
болыпты», – деген лақап осыдан былай жұрттың бәріне жайылады. Өтірігін қосып, көпірте біреуден
біреуге айтылып, Бақаны нағыз Құдайға қол тапсырып келген қылып, шығарады. «Әулие» деген ат
шындап тағылады. Қой ұрланса да, бұзау бас жібі ұрланса да, біреу-міреу ұрласа да, жұрт Бақаға шабатын
болады. Жұрттың лақабын, нанымын пайдаланып, күнін ойлайтын Бақа сияқты адамдар ма, Бақа бәріне
де ұрсып, жауап беріп, қуып жіберіп жүреді. Кей адамдар әулие деген атаққа құштар болса, Бақа тосыннан
тағылған атақтан қашып құтыла алмайды.
Күндерде бір күні азуы алты қарыс ел билеген бір бидің жанынан артық көретін, өзі бір түлікке
бағалайтын жақсы нары жоғалады. Нарды күні-түні іздеп, таба алмайды.
– Нарды алған кісі бір күн ішінде әкеліп, үйімнің маңына тастап кетпесе, түбіне жетем. Ауыл-мауылымен
шабамын. Еркегін құл қылып, қатынын күң қылып, Қоқанға айдатам заннам түбіне жіберсе де, бәрібір, ол
нарды таппай қоймаймын, – деп, жарлық таратса да, нардың із-түзі білінбейді.
Ақырында, нардың өз бетімен табылуынан күдер үзгесін бақсы-балгер іздестіреді. Ақырында:
Нағыз көріпкел бір әулие бар дегенмен Бақаға қос ат шаптырады.
– Келсе, алып кел. Келмесе, сабап, айдап кел, – деп, бұйрық береді.
Бидің жіберген кісілеріне «бәлен-әлен» деп, Бақа ергісі келмеген екен, ту сырттан тиген екі қамшының
зардабынан:
– Барсам, барайын, – дейді.
Бақа бидің үйіне келеді. Келісімен аттан түсер–түспестен би:
– Солай да солай! Түйемді табасың, таппасаң, басыңды алам, – дейді.
– Би-еке-ай! Елдің келемеж етіп, шашып жүрген лақабы ғой, әулиелік менде қайдан болсын? Мені босқа
қыспаңыз, – дейді.
– Қаңғырған шақша бас бақалшыдан менің ауырлығым кем болғаны ма? Би тұра қамшының астына алады.
Бақа қорыққанынан:
– Құлдық, тақсыр, құлдық. Түйеңізді табайын, – дейді.
– Е, бәсе! Оттағаныңша манадан бері соны айтсайшы, – деп, би ашуын басады.
Бақа баяғысындай түнеуге оңаша үй сұрайды. Аттың үй артына байлануын тілейді.
– Жарайды, – деп, би үйін тігіп, бәрін әзірлеп, Бақаны оңаша үйге салады.
– Бүйтіп болған әулиелігің құрысын! Әулиелікті шығарған адамдар құрысын! – деп, Бақа түнімен әулие-
әнбиелерді қарғап:
– Енді өлген жерім осы болар! Мазақтың түбі – азап! Азабым осы емес пе? Ел мазағынан өлді деген осы
емес пе? – деп, қорланып, жылап шығады.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
792 bet
Таң қараңғысы болды-ау деген кезде ептеп үйден шығады. Аңдып тұрған адам жоққа ұқсайды.
– Жолым болған-ау, – деп, үй артына келсе, байлаудағы аты жоқ.
– Баратқанның балтасын, келеатқанның кетпенін қоймаған жалмауыз енді менің жалғыз атыма ауыз
салдың ба? Жарлының жалғыз атын төлеуге алдың ба? – деп, жылап жібереді.
Бірақ, амал қайсы, аттан айырылса да, «бас – садаға» деп, Бақакең тайып отырады.
Қуған болар ма екен деп, тұрып-жығылып, қашып келе жатып, қалың қамыс арасына кеп, адасып кетеді.
Жол қарастырып жүріп, қамыстың ортасындағы балшыққа кездеседі. Балшыққа теңкиіп, батып жатқан
бір нәрсені көреді. Жақындап келіп қараса, балшыққа батып өлген бір қара нар екен.
– Әй, дәу де болса, осы соның нары-ау, – деп, біраз ойланып тұрып, қуанышы қойнына сыймай, бидің
ауылына қайта қайтады. Қайтып келіп, білдірместен есікті бұрынғыша жауып, ұйықтап қалады.
Ертеңіне сәске уақытта тұрып, көңілдене, ешбір уайым жоқ, бидің алдына келеді.
– Ал, таптың ба? – дейді би.
– Нарыңыздың табылуы қиын екен. Алыс сапарға кеткен екен, – дейді Бақа.
– Өліп пе? – деп сұрайды би.
– Өліпті, – дейді.
Би сол жерде отырып, боздап тұрып жылайды.
– Түлікке балаған малым еді, – дейді.
– Мал деп құныққан, ай, ит-ай, – дейді ішінен Бақа.
– Өлтірген кім екенін айт. Аспанға ұшса да, жерге батса да, жоқ қылам, – деп, ақырады би.
Бақа тұрып:
– Нарыңыздың ажалы ешкімнен болмапты. Алладан болыпты. Алланың ісіне шара бар ма? – деп, Бақа
көңіл айтып, нардың жатқан жерін айтыпты.
Би ат шаптырып, айтқан жеріне барып қараса, айтқанындай, балшыққа батып өлген, сол нар екен. Сөйтіп,
Бақа бұл бәледен де құтылыпты.
– Бүйтіп болған әулиелігің құрысын! Бұған нанған елің құрысын! – деп, Бақа еліне қайтыпты. Басың
аманында енді әулиелік құрмасқа ант етті.
ІІІ
Мұндай хабар елде жатқан бай Қырым мен Қытайға жетіпті. Әулие деген атақ жұрттың бәріне жетіпті.
– Солай да солай болыпты. Жарықтық нағыз көріпкел екен. Бұлжытпастан айтып беріпті, – деп, бұрынғы
бұрынғы ма, Бақаның әулиелігін көкке жеткізіпті. Елдегі өтірікші қулар ойдан қиыстырып, Бақаның басқа
түрлі де істеген керемет әулиеліктерін айтып, қиыстыра беріпті.
«Көріпкел әулие» деген хабарды ханның бір әумесер баласы естіпті.
– Әулиелік ондай адамға қайдан келіп жүр? Мен оның әулиелігін көрсетейін, – деп, жеті жендетін:
– Тірі болса, өзін алып кел. Өлі болса, сүйегін алып кел, – деп, бұйрық беріп, Бақаға шаптырыпты.
Жеті жендетке Бақа:
– Әулие емеспін. Елдің өсегі, мазағы. Бармаймын, – деп, дәлел айтқысы келген екен.
– Сен оныңды бізге айтпа. Хан баласына айт. Біздің міндет – сені өлі болсаң да, тірі болсаң да, алып бару,
– деп, ары-бері жондап-жондап, ат құйрығына байлап, алып кетеді.
Еріккен хан баласы әулиені алып келе жатқанын көріп, атқа мініп, алдынан шығады. Жолда келе жатып,
тырбаңдап, көлге қашып бара жатқан бір бақаға кездесіп, аттан түсе қалып, қамшының астына ала
бастайды. Бақаны бір ұрады, қамшы тимейді, екі ұрады – тимейді. Үшіншіде барып тиіп, тыраң асады.
Өлген бақаны тұмағымен бүркейді де, әулиенің келуін күтеді.
Аттың құйрығында жетектеліп келген әулиені келісімен жағасынан алып:
– Сен әулиемін деп жұртты алдап, әулиенің атын қорлап-ақ болдың. Өлетін жерің енді келді. Алдайтын
кісің мен емеспін. Тез айт! Мына тұмақтың астында не бар? Тапсаң, жаныңның қалғаны, таппасаң –
әулиелігіңмен бірге өңешіңді жұламын, – дейді.
– Дұрыс, шырағым! Менде әулиелік дегеннен түк те жоқ. Әшейін жұрттың келемежі. Мені қинама,
шырағым, – дейді, Бақа көзінен жас егіліп.
– Сөзіңді қой! Мынаның астында не барын айт! Айтпасаң да, өлесің. Астында не барын таба алмасаң да,
өлесің, – деп, ханның баласы тартып-тартып жібереді.
Соққы батқасын амал бар ма?
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
793 bet
– Әй, Бақа-ай! Бұлай бардың – өлмедің, былай бардың – өлмедің, ақырында, енді ажалыңның жеткені ме?
– деп, жүрелеп, жылап отыра кетеді. Бақа өзі жөнінде айтса, мұны хан баласы тұмақ астындағы бақаны
айтып отыр екен деп:
– Апырай, нағыз әулие екенсің. Мен сізге шек келтіріп едім, онымды кешіріңіз. Тұмақ астындағы бақа
екенін білгеніңіз білген болсын, менің екі ұрғанымда өлтіре алмай, үшінші ұрғанымда өлтіргенімді қалай
біліп қойдыңыз? – депті.
Бақа жоқ жерден ажалдан құтылып, аман қалғанына қуанып:
– Шырағым, бірін білгесін екіншісі өзі білінеді ғой, – деп, жауап береді.
Сөйтіп, мұны естіген ел тағы да «көріпкел, әулие» деп, жағасын ұстапты.
– Мұндай әулиелігіңнің тұқымы құрысын! – деп, Бақа үйіне қайтыпты.
39. БІЛГІШ
Баяғыда үш ағайынды болыпты. Үлкен екеуі – бай, кішісі – кедей, жалғыз арық аты бар екен. Оны
ағаларының жылқысына қосып қойса, ағалары өз малдарын аяйды, сол байғұстың жалғыз шолағын
мінгіздіреді екен. Бұ байғұс ағаларының бұ қылығын біледі екен. Ағалары оны біліп, [үндемейтіндігінің]
інішегіне ашуланады екен.
Бір күні ханның қазынасынан алтыны жоғалыпты. Сонда хан жасауылдарын шаптырып, елінен білгіш
іздетіпті. Сонда әлгінің екі ағасы жасауылға:
– Біздің осында бір білгіш ініміз бар, бізге қосқан жылқысы, аты бар, соны мініп қойсақ, біле қояды. Соны
алып бар, – депті. Жасауыл әлгі сорлыны «Білмеймін» десе де, болмай, су еңіретіп, ханға айдап барады.
Сонда хан:
– Ай, білгіш, менім алтынымды кім алды, тап, – депті.
Бұ бишара күні-түні жылап жүрсе, бір кісі келіп:
– Әй, бишара, білгіш сен екенсің. Алтын алған мен едім. Ханға мені айтпайсың. Алтынды сен айтасың,
алтын анау сайда, – депті.
Бұл ханға келіп айтса, хан:
– Маған ұрының керегі жоқ. Алтыным табылса, болды, – дейді.
Бұл алтынын алып келіп береді. Бұ байғұс үйіне келіп жатса, сол түні ханның арғымағы жоғалыпты. Хан
тағы білгішке шаптырады. Ол жылап–сықтай тағы ханға келеді.
Хан:
– Ай, білгішім, арғымағым жоғалды, тап, – дейді.
Бұ бишара «Енді өлгенім осы ғой», – деп отырса, бір адам келіп:
– Ай, білгішім сен екенсің, атты алған мен едім, – деп, – ханға айтпасаң, арғымақтан көп пұл берейін, –
деп, – арғымақ анау қорада тұр, – дейді.
Бұ арғымақты алып келіп, беріп, хан бұ шын әулие екен деп, мұны жанына отырғызып қояды.
Патшаның жанында отырып, бұ ұйықтап кетеді. Сол мезгілде ханға бір шегіртке қонып еді. Оны хан
ұстайын деп, екі рет оқталып, ала алмай, үшінші ұмтылғанда ұстады. Жанындағы білгішті оятып:
– Ай, балым, бір іс болды, тап, – дейді.
Бұл «Енді өлдім» деп отырып, ханға:
– Екі тауып құтылдым, үшіншісін тұтылдым. Енді өзіңіз біліңіз, тақсыр, – десе, хан «екі рет оқталып,
ұстай алмадың, үшіншісінде шегірткені ұстадыңыз»дегені екен. «Бұл шын кемеңгер, білгіш екен», – деп,
өзіне уәзір қылып алыпты.
40. БАТПАН ШАЛ
Ертеде кемпір-шал болған екен. Ол кемпір-шалдың үш сиыры, бір тарғыл өгізі болған. Шал күн сайын
тарғыл өгізбен сиырды бағып жүреді. Бір күн бағып отырып, жер шұқыса, жер астынан жеті тышқанның
баласы шығып, соны өлтіріп, тарғыл өгізге мініп, кемпірге келіп, мен енді көшеге қағаз жапсырамын, мен
– Батпан батыр.
«Бір-біріне соққан батырмын» деп, көшеге қағаз жапсырады.
Күндерден күн өткенде бір патшаның ат басындай алтыны жоғалып, соны бәрілері таба алмаған соң,
Батпанды алдыртады.
Батпан батыр келген соң айтады:
– Маған мынау арадан үй салып бер, ішінде әртүрлі тағамдар болсын, – депті.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
794 bet
Айтқанының бәрін хан жасады. Батпан батыр, бір-біріне соққан батыр барып, әйтеуір, «Мен таба
алмаймын, мен[і] хан өлтіреді. Одан да мына тұрған тағамға тойып алайын», – деп, жеп-жеп, іші ауырады.
Түні бойы шал «Ішім-ай» деп, бақырып шығады. Бұл алтынды алушылардың аты Ішімай болады екен.
– Бұл біздің атымызды тапты, – деп, қорқып, аяғына жығылып айтады:
– Ханның алтынын ұрлаған біз едік. Бізді ханнан құтқара көр, алтыны есігінің алдындағы теректің
арасында, – деп айтты да, кетті.
Батпан таңертең ерте тұрып, ханға келіп, алтынын тауып беріп, қайтпақшы болды.
Хан бұған қырық сиыр, отыз қой берді. Бұл оны алмастан, тарғыл өгізге мініп қайтты.
Жылдардан жыл өткенде жыл[ы] мекеніне жеткенде, ханның қызы жоғалады. Тағы үйренген Батпанға
келеді. Батпан барады. Бара жатқанда кемпірге айтады:
– Алғашқыда құтылдым, енді тұтылдым, – дейді.
Тағы баяғысындай жеке үйге кірді. Түн ортасынан тұрып ап, алғашқыда құтылдым, енді тұтылдым деп
қақсайды. Манағы ханның қызын қалмаққа шығарып беруші үш адамның біреуінің аты Тұтылдым екен.
– Қой, болмас, – [деп], аяғына жығылып айтады:
– Пәлендей жерде қалмақтар әкеткен, – деп.
Ертеңінде шал ханға келіп айтады:
– Маған бір қара арғымақ бер, – деп. – Және қырық жігіт, қырық кез жібек арқан бер. Сондай алыста
қалмақ әкеткен екен қызыңды, – дейді.
Хан әлгі айтқанның бәрін беріп, жөнелтеді. Атқа мінбеген сорлы арғымақтан құлап қала жаздап, қырық
жігітті шақырып, өзін-өзі «Күшім тасыды» деп, байлатып жөнелді. Батпанның қарасы да көрінбей кетті.
Қырық жігіт қорыққанынан жүгіріп келеді. Батпан қалмаққа жақындап қалды. Алдында бір әуеден жерге
тірелген бәйтерек тұр. Бұл соған атының басын тіреп, қайтуға ойлаған. Ат бәйтеректі қағып жібергенде,
бәйтерек түбімен қопарыла құлады. Бірақ бір жағы үзеңгіге ілініп, сонымен қалмақтарды қырды. Қырық
жігіт келді. Екі жігіттің біреуін сүйіншіге жіберді. Біреуін қырық сиыр, отыз қойын бергенде, алған
жоқпын, енді хан маған қызын берейін деп, [жатыр деп оны] жіберген. Ақырында, хан қызын беріп, шал
алып, отыз күн ойын, қырық күн тойын істеп, Батпан батыр жеті ебелі соққан мұратына жеткен.
41. БАРЫС, ТАРЫС
Бұрын бір заманда бір Бардам адам болады, малы көп, баласы жоқ болады. Сол кезде ол кісінің ағасының
баласы көп болады. Ағасының бір баласын асырап алады. Оған Жалау деп ат қояды. Көңіліме Жалау
болсын деп, сөйтіп жүргенде, өз қатыны бір ұл табады. Бай қуанып, өз баласының атын Демеу қояды.
Сонымен екі бала ержетіп, жігіт болады. Байды Құдай атып, бұрынғы баланы қойып, өз баласына біреуге
құда болады. Бір жылы құдасы жер ауып, көшіп кетті. Алыс жерге кетеді. Сол заманда баласы он екі жасқа
келеді. Асырап алған баласы он бесте болады. Бай үлкен баласын кіші баласына жолдас қып, қайнына
жібереді. Арада жыл жүріп, бірнеше күнде қайын жұртын іздеп табады. Сыртынан сұрап, ауылға жақын
қалғанда, үлкен ағасы інісіне айтады:
– Күйеулік жол – менікі. Жолдастық жол – сенікі. Сенің әкең өзінен туғандығын істеп, саған қатын
әпермек болды. Мен енді оған көнбеймін. Сен маған жолдас бол. Басыңдағы үкіні маған бер. Сен барып,
күйеу келді деп хабар бер, – дейді.
– Тіл алсаң, көнесің. Тіл алмасаң, өлесің, – дейді. Бала қорқып, басындағы үкіні береді.
– Ешкімге айтпаймын, – деп, қасам береді. Сонымен «Күйеу келді» деп, шауып, ауылға келеді.
– Пәлен байдың баласы келді, – деп, аты-жөнін айтып береді. Ауылдың бәрі жиылып, күйеуді құрметтеп,
кеш болған соң қызбен ойнап, қызық көреді. Ағаны Құдай атты, келінмен бірге жатты. Сол уақта сол
ауылға:
– Мына менің жолдас болған баламмен жақсы сөйлеп, жақын болма, – деп, бір сұмдықты айтты.
– Бұл баламен сырлас болсаңдар, қатын ерден, ері елден ажырайды, – деп, жамандайды. Бұл сөзді естіп,
ешкім қасына бармайды. Бұл бала «Қарап жүріп болмас» деп, ауылдағы барлық бұзауды жиып беріп,
баяғы Демеу деген балаға бақтырады. Жас бұзау айдаса, жөнге жүрмейді. Жайылып, шөп жемейді. Жусап,
дамыл көрмейді. Демеу баланың адам сипаты қалмады.
Бір күні бала жылап отырса, қалың жамғыр жауады. Демеу бала қайда барарын білмей, бір борсықтың
ініне кіреді. Жауын өткен соң іннен шығып, бұзауға келеді. Бұл жерде бір сәлдесі бар адамды көреді.
Сәлделі адам балаға жауап береді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
795 bet
– Шырағым, күн жауып, жердің бәрі су болғанда сен нағып су болмадың, себебін айт. Не тілегіңді берейін,
– дегенде, бала айтады:
– Мал да, жан да сұрамаймын. Көрген қорлығым ойымнан кетпейді. Осы бұзауды жат десем, жатып, тұр
десем, тұратын ғып беріңіз, – дейді. Ол сәлделі адам өте оқымысты, қайлакер адам екен, балаға дұға
үйретті.
– Балам, бұзауға Барыс десең, жатып қалады. Тарыс десең, түрекеледі, – деп үйретті.
Бала айтты:
– Жауын жаумаған себебін айтайын – ана бір жерде бір ін бар. Қыстап жатсаң, қырау түспейді, – деп,
кетіп қалады.
Бала қуанып, ертесіне бұзауды айдап келеді. Бір шұқыр жерге «Барыс» деп қойып еді, барлық бұзау
қимылдамай, жатып қалды. Бала жатып, ұйқысы қанып, кешке таман «Тарыс» деп, тұрғызып алып, үйге
барды. Қатын да бұзауды байлап алды. Күндіз бала қориды, түнде қатын байлайды. (Сенің пәлеңнен бұзау
қалды.) Демеу бала бір күні ой ойлайды:
– Бұл бұзаудың маған жазығы не? Өзім сияқты жас жанын қинамайын, онан да бұл өнерімді өзіме зорлық
қылған ағама істейін, – деп, соған қайтер екен деп, түнде келіп, аңдып тұрып, қыз, күйеу жақындасқан
уақытта «Барыс» деп қойып еді, қыз, күйеу ажырамай қалады. Түнімен жатып, қайғыға батып, сонымен
таң атады. Таң атқан соң қыз шешесі қызы келмеген соң кіші келініне айтады:
– Ау, келін, баршы, қыз әлі жоқ, ұйықтап қалды ма, оятып кел, – деген соң келін келіп, отауға кіреді.
Ойнап жатқан қыз, күйеуді көреді. Келін кеп, күйеудің иығынан тартады. Сонда сыртында тұрып, Демеу
бала «Барысты» тағы айтады. Келіннің қолы күйеуге жабысады. Қыз-жеңге бір-бірін танысады.
Сонымен кіші келін кешігіп келмеген. Кемпір үлкен келінін шақырып алып:
– Ай, келін, түнде кеткен қыз жоқ. Бағана кіші келінді жіберіп едім, одан да хабар жоқ. Сен баршы,
бұларға бір бәле болған болар, – деген соң үлкен келін келіп, отауға кіреді. Қараса, қыз, күйеу опар-топар,
кіші келін иықтан ұстап отыр. Мұны көріп, үлкен келін ұрысты:
– Ұялмаған не деген кісісің, не деген бетсіздік, бетің тіліңгірлер, – деп, өз бетін шымшып, тісімен ернін
қымыртып, кіші келінді жағадан алып, жұлқып жүргенде Демеу бала тағы кеп, «Барыс» деп қойып еді,
қатынның бір қолы бетіне жабысты. Бір қолы кіші келіннің жағасына жабысты, сөйтіп, төрт адам болып,
күйеу батыр бірін мініп, екеуін жетелеп, жата берген екен. Сонымен бірден-бірден хабарланып, барлық
ауыл жиылып, бір керемет болған екен деп, бір молда бар екен, өзі өте оқымысты, соны шақырып кел деп,
банағы Демеу баланы жібереді. Демеу бала жүгіріп, молданың аулына келіп:
– Пәлен байдың балалары науқастанып қалған екен, қатты сасып, түсі қашып, сізге жіберді. Жөні келсе,
барасыз, жақсылап демді саласыз. Таң ұшығын тарқыратып, күн ұшығын күркіретіп, сәті келсе, жазасыз.
Балалары жазылса, бір тоғыз бүгін аласыз, – деп, молданы күлдіріп, бір ұрғашы есегі бар екен, молданы
соған мінгізіп, келе жатыр екен.
Молдекем жолда келе жатып, бір ағын суды көреді. Молда:
– Мен Сырдың суын көрейін, сайтаны бар ғой, түсіп, дәрет алам, – деп, жауап береді. Бұл сөзді бала да
мақұл көреді. Молда шапанын жамылып, дәретпенен танып, бала тұрады есекпен алысып. Демеу бала бір
сұмдық ойлап, «Барыс» деп қойған екен, молданың қолы қалды насыбайына жабысып. Молданың мұны
көріп, сұры кетті. Қаншалық құтылмаққа қайла етті. Бір бәле ғазиз басқа болғаннан соң. Балаға сонда
тұрып жауап етті.
Молда айтады:
– Қарағым, бала, мына сұмдық қара. Дем салсам да, болмайды. Бұған тапқын дауа.
Сонда бала айтады:
– Ай, молдеке, ғылымың көп болса да, ақылың жоқ екен ғой. Мұның дауасын алыстан іздемей-ақ, мен
табамын. Мұндай іс біздің елде көп болады. Мына өзіңіздің есегіңіздің көтіне аузыңызды тигізіп тұрып,
қатты үрлеп жіберсеңіз, бұл қолыңыз демде-ақ босанып кетеді, – дейді.
Молда мұны қабыл көрді. Бала есекті тарта береді. Молдекем «Ем бола көр» деп, аузын тигізіп, үрлеп
көреді. Демеу бала баяғы «Барыс» деген дұғасын айтып (таны, таны), Сәт молданың аузы есектің көтіне
жабысады. Мұны көріп, молдадан сұр кетті. Молда мен есекті жетелеп, ауылға бала жетті. Мұны көріп,
барлық жұрт тамаша етті. Мұндайлық сұмдықты көріп, елінің тапқан ақылы – бұл бәлекеттің бәрі де
баладан, – деп, балаға жабылып, балаға жалынып, сырын сұрап, бала бастан-аяқ өткен сырдың бәрін
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
796 bet
айтып, ақыры, жұртты қимай, «Тарыс, Тарыс» деп, бәрін де босатып қоя беріп, өз қатынын өзі алып, енді
қайтып алыпты.
42. ЗЫП
Бұрынғы өткен заманда, дін мұсылман аманда қоқандық саудагер саудагершілік істеп, Ташкентке келеді.
Әрине, ол уақыттарда саудагерлердің саудагершілік істеп, бірнеше күндер, бірнеше айлар жол жүретіні
әркімге болса да, белгілі шығар. «Ердің сырын ер білер, кімнің сырын кім білер» демекші, Ташкенттен
өзі сияқты ірі саудагермен танысып, сырлас болады. Бірнеше күндер бірге жол жүріп, бірінің сырына бірі Достарыңызбен бөлісу: |