ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет115/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   153

әбден  таныс  болады.  Ақырында,  бірімен  бірі  сүйектес  құда-жекжат  болмақшы  болады.  Тәшкендік 

саудагердің  қызы,  қоқандық  саудагердің  баласы  бар.  Тәшкендік  саудагер  қоқандық  саудагерге  қызын 

әйелдікке бермекші болады. Осындай мейірмандықпен еліне қайтады. 

Айлардан айлар, жылдардан жылдар өтеді. Тәшкенттік саудагердің қызы бой жетеді. Ол уақытта қызы 

баладан  ерте  ержететін  құсайды.  Сондықтан  тәшкенттік  саудагер  қоқандық  саудагерге  хабар  жіберді: 

«Келіні  ержетті,  келіп  әкетсін,  болмаса,  біреумен  кетіп  қалады»,  −  дейді.  Хабаршы  келіп,  хабарын 

айтқанда, «егесі ұзамай барады, жіберемін», − дейді. Хабаршы өз сөзімен қайтып кетеді. 

Қоқандық елін жияды, ойласады, кеңеседі. Күйеуді қалыңдығын алып келуіне аттандырмақшы болады. 

Күйеу жастау және [жалғыз] жіберуге қорқып, қасына мықты жігіт қосып, екеуін аттандырады. 

Екеуі  жолға  шықты.  Жолмен  жүріп  келеді,  баратын  жол  қашық.  Күн  ыстық,  жолаушылар  ат  үстінде 

күннің ыстығына балқып келеді. Кенеттен күйеу жолдастың ойына мынадай бір қиял елестейді: «Мен 

болсам, бұдан мықтымын. Ал, бұл – бала. Сонда да бұның аты да, киімі де жақсы. Менің ше? Менің болса, 

атым  да,  киімім  де  жаман.  Не  істеу  керек?  Не  ету  керек?»  дегендей  бірнеше  сұрақтармен  қиялдарды 

көзінің алдынан елестетеді. Қайткенмен, бұған амал табу керек... 

− Таптым! Таптым! Мен бұған мынандай амал істейін, − деп, дәрет ұштағалы күйеуден кейін қалады. 

Атының басын бұрып, жылға, сайға қарай тартады. Жыңғылмен өрлеп отырып, күйеудің алдынан орап 

өтіп, көрінбей, оза жөнеледі. Кенеттен жол жағасынан ескі молаға кездеседі. Күйеу жолдас аты мен киімін 

көрінбейтін тасада қалдырып, өзі жалаңаш ескі моланың аузын ашып, кіріп жатады. Күйеуде ешқандай 

бөтен ой жоқ. Келе жатыр. Күйеу ескі моланың маңайынан өте бергенде, ескі моланың ішінен бір жалаңаш 

шығып: 


− Ей, патшазада! Ей, мырза! Сен мынаны тыңда! Сен астыңдағы атың мен киіміңді жолдасыңа бер. Сен 

оның атын мініп, киімін ки. Сөйткін де, сен оған күйеу жолдас бол, ол күйеу болсын. Барғанда да солай 

айт. Егер де мұны орындамасаң, қайтарда, бәрібір, бүйерден сені аман өткізбеймін, − деп, қайтадан молаға 

кіріп, жоқ болады. 

Жас  күйеу  қорқады,  ылаж  жоқ,  жүріп  келе  жатқан  жолымен  жүре  береді.  Бұл  өтіп  кеткеннен  кейін 

жалаңаш күйеу жолдас қайтып барып, атына мініп, киімін киеді. Жолдасының соңынан қуып жетеді. 

− Күйеу, мен ғажайып іс көрдім. Жол жағасындағы ескі моладан жалаңаш адам шығып, былай деді: «Сен 

атыңды, киіміңді қасыңдағы жолдасыңа бер. Сен күйеу жолдас бол, ол күйеу болсын деп, жоқ болды», − 

дейді. 

− Сен менің атымды мін, киімімді ки. Мен күйеу жолдас болайын, сен күйеу болғын (саудагер бұрын 



күйеуін көрмеген). 

− Жоқ, мен күйеу болмаймын. 

− Күйеу болыңыз, − деп, жас бала қорыққанынан қайта-қайта айтады. Өзінің пікірінен өзі қайтсын ба, ат 

пен киімдерін ауыстырады. Кеулі орындалған «күйеу» (бұрынғы күйеу жолдас) қашан жеткенше асығады. 

Күндерден күндер өткенде, бірнеше күн жол жүріп, азғана емес, мол жүріп, Ташкент шаһарына жетеді. 

Құтты қонақты қуанышпен қарсы алады. Күйеудің өзіне арнап, ақ отау тігеді. Күйеу мен қызды отауға 

шығарады. Қос жас тамашасын істеп, қызыққа батып, жата береді.  Күйеу жолдастан әңгіме  естиік:  ол 

елдің ескі салты күйеу жолдасқа тоқсан сиырды үш күн бақтырады екен. Сол тоқсан сиырды бірінші күні 

тоқсан  сиырды  азанғы  уақытта  босатқанша,  түс  уақты,  кешке  байлағанша,  түн  жарымы  болады.  Бала 

жылайды, сықтайды. Ылаж жоқ, екінші күні тағы да осындай халмен босатып, кең алқапқа жатып келеді. 

Қолында  таяқ,  жалаң  аяқ,  бұттарын  шеңгел  жыртқан.  Көзі  жылаудан  бұлау  болып,  іскен.  Сиырларын 

өріске  айдап,  жылай-жылай  жол  үстінде  отырады.  Құдайға,  аруаққа  жалбарынады,  жалынады.  Құдай 

оның тілеуін қош көргендей, жолаушы ақ атты, ақ сақалды, ақ сәлделі, ақ киімді жолаушыны кезіктіреді. 

− Һе, балам, нағып жылап отырсың? 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              797 bet 

− Һе, ата, тіпті, сұрама, менің басыма түскен істі адам баласының басына Құдай бермесін. 

− Жоқ, шырағым, жөніңді айтқын. 

−  Жарайды,  атажан,  айтайын,  басымнан  өткен  оқиғаны,  −  деп,  басынан  өткен  оқиғаны,  аулынан 

шыққаннан бастап, дәл осы мәментке дейін айтып, түсіндіреді. 

−  Олай  болса,  жарайды,  шырағым.  Сиырың  «Зып»  десең,  байланып,  «Тақ»  десең,  шешілетін  болсын, 

бұдан былай ісіңді Құдай оңғарсын, Алла, − деп, ақ сақалын бір сипап, жүріп кетеді (бұл ата-бабаның 

аруағы еді). 

Баланың кеулі бұрынғыдан гөрі дұрыс, бір дем алғандай болып қалады. Кеш жақындайды. Сиырын айдап 

қайтады. Ауылға келеді. «Зып» дегенде тоқсан сиыр орны-орнына барып, байланады. Артынан тыныш 

ұйқыға  кіріседі.  Таң  атады.  «Тақ»  дегенде  тоқсан  сиыр  шешіліп,  өріске  қарай  жайылып,  жүре  береді. 

Сиырды айдап тастап, қайтып келіп, ақ отаудың жапсарына жасырынады. Таң атқан мезгілінде күйеу мен 

қыз шомылуға кіріседі. Қыз жалаңаш тұрып барып, құмғанның тұтқасынан ұстап, көтере берейін дегенде 

«Зып»  дейді.  Қыздың  қолы  құмғанның  тұтқасына,  құмған  жерге  жабысады.  «Сені  не  Құдай  ұрды, 

қалжыңдамай, тез алып келсей», − дейді [күйеу]. 

− Уйбай-ай, жабысып қалдым, − дейді. 

− Кәне, − деп, барып, ұстай бергенде тағы да «Зып» дейді. Бұ да жабысады. 

Күн шыға бай қараса, ақ отаудың түндігі ашылмаған. «Бар, аналар ұйықтап қалған құсайды, түндігін ашып 

кел»,  −  деп,  саудагер  тоқалын  жібереді.  Тоқал  келіп,  жапсарынан  қарап,  «Құдай  ұрды»  деп  барып, 

түндіктің бауын қазықтан шеше берейін дегенде «Зып» дейді. Бұ да жабысады. 

Бай (саудагер) дәрет алғалы құмған алып, тысқа шығады. Қолына су құйып, астын жуа берейін дегенде 

«Зып» дейді. Бір қолы астына, бір қолы құмғанды қойған жерге жабысады. Бір бәленің болғанын біледі. 

Бәйбішесін шақырады. Бәйбішесіне түсіндіреді. 

– Бәйбіше, бұл  бәлені  бір білсе, пәлен жерде басы мүйіз, көті киіз кемпір  бар, сол білер, соны барып, 

шақырып кел, − деп, жібереді. Бәйбіше кетеді, бала соңынан бақылап тұрады. Бәйбішенің алдынан терең 

су кездеседі. Өтуге қиын. Мүмкіндік болмағандықтан, шешініп, киімдерін төбесіне қойып, өте бергенде 

«Зып» дейді. Қолы киіміне, киімі төбесіне жабысып қалады. Енді баруға мүмкін емес, қайтып келеді. Оны 

алып келу үшін ешкім болмай, сиыршы баланы шақырып алып, соны жібермекші болады. 

Шақыртқан соң бала келеді. 

− Шырағым, пәлендей жерде көті киіз, басы мүйіз кемпір бар, соны шақырып келгін. 

− Барсам, барайын. Астыма ұрғашы есек тауып бер, мініп барайын. 

Амал  қанша,  тауып  береді.  Бала  мініп  алып,  жұмсаған  жағына  кетеді.  Барып,  басы  мүйіз,  көті  киіз 

кемпірге саудагердің айтқан сәлемін айтады. Кемпір: 

− Мақұл, барайын, − деп, екеуі есекке мінгесіп, жол тартады. Жолда келатып, кемпірдің дәрет ұштағысы 

келеді. Есектен түсіп, дәрет ұстайды. Балаға таза кесек тауып беруін тапсырады. Бала: 

− Кесек табылмады, − деп, бас сүйек тауып, − соның тегіс жерімен сүрте қойыңыз,− дейді. Кемпір алып, 

сүрте бергенде «Зып» дейді. Бас сүйегі кемпірдің көтіне жабысады. Кемпір жалынады. 

– Айтқаныңды берейін, мына бәлеңнен құтқар, − дейді. 

– Құтқарайын, мына есектің көтін бір жала, − дейді. Ылаж жоқ, амал қанша, кемпір есектің көтін жалай 

бергенде «Зып» дейді. Кемпірдің тілі есектің көтіне жабысады. 

Мына картинаны қараңыз: есектің көтіне кемпірдің тілі, кемпірдің көтіне сүйек жабысқан. Бала есектің 

үстіне мініп, жол тартады. Жолмен кетіп бара жатқанда кемпірдің көтіндегі сүйектің қызарған жерін көріп, 

[сауысқан] шықлық-шықлық етеді. Ары үрледі, бері үрледі. Ақыры, шыдай алмай, сүйекке келіп, қонып, 

қызарған жерді шоқи бергенде «Зып» дейді. Ендігі қызықты қараңыз: есектің үстінде бала, есектің көтіне 

кемпірдің  тілі  жабысқан,  кемпірдің  көтіне  сүйек  жабысқан,  сүйекке  сауысқан  жабысқан.  Осындай 

картинамен бала ауылмен ауылды аралап жүреді. Мұны көрген халық әбден қызыққа батады. Ақырында, 

саудагердің  алдына  келеді.  Саудагер  мұндай  ызаға  шыдай  алмай,  іші  жарылып,  өледі.  Зып  осымен 

аяқтайды. 

43. ЕКІ ДОС СОҚЫРДЫҢ ЖАЙЫНАН 

Бұрынғы замандарда екі соқыр жолдас болып, бір-бірінен айрылмай, күннен күн екеуі дос болыпты. Һәр 

адам тең теңімен, тезек қабымен, екеуміз бір-бірімізге теңдеспіз ғой деп. Сол бейшаралардың достығы 

біреуісіз бірі тамақ жеместей болып, жанын да, тәнін де ортаға салып, қол ұстасып, ауқат қылып жүріпті. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              798 bet 

Біздің бұрынғы ең үлкен атамыз Адамға дұшпан болған бір шайтан атты біреу бар дейді ғой, сол осы екі 

соқырдың ұйымдасып, ауқат қылғанын да күндеп, екеуін ажыратудың шарасына кірісіпті. Бұған ажырату 

айласын таба алмай, не қыларын білмей тұрғанда бір адам: 

– Нағып тұрсың сілейіп? – деп сұрапты. 

– Ойбай, мен жетісіп тұрғам жоқ. Осы екі соқырдың достығын бұзудың кепілін алып едім. Енді сорым 

құрып, соны бұзудың ақылын таба алмай тұрмын, – дейді. 

– Ой, сол ма? Мен оны боқтан оңай ажыратып берем, – деп, екі соқырдың біреуін «Мә, жолдасыңа!» – 

деп, бір ұрады. 

– Мә, Құдай, уф, – деп, бір ұрды. 

– Мә, өзіңе, – деп, бір ұрып, өте берді. Содан соң әлгі екі соқырдың біреуі: 

– Достым-ай, жақсы болды-ау, бір құдайкөр адам екен ғой, Тәңір жарылқағыр, көп нәрсе берді-ау, – деп, 

– достым, бергені ақша ма, жоқ, басқа нәрсе ме? – деп сұрайды. Достасы: 

– Ойбай, түк те берген жоқ. Бермек тұрмақ, әуелі өзімді ұрып, өлтіріп кете жаздады ғой, – дейді. 

– Қойшы, рас па? Жоқ, қалжыңдап айтасың ба? 

– Ойбай, өзім қалжыңдамақ тұрмақ өлейін деп қалдым. Екі қолыма екі, басыма бір қойып кетіп еді, қолым 

сырқырап, басым қаңғып айналып, жаным кейіп тұрғанда сен де онан арман кейітпеші, – дейді. Енді бір 

соқыр: 


– Ойбұй, мен көзқарашығым, көңіл қуанышым, бар алданышым деп жүрсем, сен де үстейсің бе? Көзім 

көрмесе де, құлағым естіп тұрғанда, қайтіп бетің шыдап, аузың барып айтып отырсың? Керек болса, бәрін 

де сен ал. Бірақ шынын айт, – дейді. 

– Ойпырмай, шынымен-ақ, сенбей тұрсың ба? Түк берген жоқ, берген жоқ. «Ойбай, құлақ естіп, құлақ 

естідімен» екеуі жанжалдасып, ажырасып кетеді. Ынтымақтай заман жоқ, күншіліктен жаман жоқ. 

44. ЕКІ ЕРІНШЕК 

Бір уақытта Итаяқ деген кәрі шал болған екен һәм мұның Шүйке деген кемпірі болыпты. Бұлардың бір 

жалғыз сиыры бар екен. Бұл сиырдың кәрілігі иелерінің кәрілігіндей екен. 

Қаңтардың шақырлап тұрған аяз күні: 

– Сиырға шөп сал, – деп, шал кемпіріне бұйрық қылды. Кемпір бұған бұлайша деп жауап берді: 

– Кет арман, егер де тілесең, өзің бер. Мұндай суық күні шөптің үстінен қар күреп, сиырға шөп салып, 

азаптанбаймын,  сен  білмейсің  бе.  Сенің  бұйрығыңды  орнына  бажай  келтіруге  үлпілдеп  тұрған  жас 

емеспін ғой, – дейді. Шал айтты: 

– Сен бармағанда, мен барам ба? Алла тағала менен Мұхамед пайғамбарымның бұйырғаны бойынша өле-

өлгеніңше мен неге бұйырсам, соған көнсең керек, – дейді. Шығуға аяздан қорқып, екеуі көп таласты. 

Ақырында, екеуі бұлайша деп, уағда қылды: 

–  Егерде  қай  бұрын  сөйлегеніміз  сиырға  шөп  салайық,  –  дейді.  Кемпір  шалды  амалменен  сөйлетуге 

ойлады. Бұл себептен кемпір бір күлдіргіш қу адамға барып: 

– Менің шалымды сөйлетіп бер, – дейді. Бұл күлдіргіш адам шалға келіп: 

– Асаламалейкүм, Итеке, – дейді. Үндемейді. 

– Сен неге үндемейсің, науқассың ба? – дейді. Тағы да үндемеді. 

– Сенің тілің бар ма, жоқ па? – дейді. Үн жоқ. Күлдіргіш тұрды да, «Бүйтіп дәнеңе қыла алмайды екенмін, 

өзге бір нәрсе ойлайын» дейді. 

Күлдіргіш  Итаяқты  шымшылап,  аяғынан  сүйреп,  шашынан  тартып,  құлағынан  жұлқи  бастады.  Бұл 

қылған амалы да түкке жарамаған соң ұстараны алып, шалдың құрғақ шашын күшінің пәрменінше қыра 

бастады. Шалдың жанына батса да, мықтанып, тымсырайып отыра берді. 

Күлдіргіштің көңілі бұған да көншімей, сақалы мен қасын алып тастап, бет-аузының бәріне қара сатпақ 

қылып, күйе жағып қойды. Итаяқ сонда да үндемей, жалпиып отыра берді. 

Күлдіргіш көршісінің үйінде жасырынып отырған кемпірге жүгіріп барып айтты: 

– Ей, Шүйке, жұмыстың бәрі бітті. Енді барсаң да болады, шалың күтіп отыр, – дейді. 

Шүйке қуанғаннан: 

– Сиырға шөпті мен бермеймін, шалым береді ғой, – деп, үйіне қарата байпаңдап жүгірді. Үйіне кіргенде, 

шалының  жексұрынданып  отырған  пішінін  көріп,  шошып  кетті.  Шүйке  таңқалғаннан  біраз  ғана 

қозғалмастан тұрып, аяғында әрең-мәрең қатты сөйлеп жіберіп айтты: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              799 bet 

– Сүйікті, шалым, Итекем, қарағым, шырағым, көзім тоймайтұғын көзімнің нұры, саған не болған? – дейді. 

Итеке орнынан ұшып тұрып, қуанғаннан қатты айғай салып: 

– Шүйкешім, енді сиырға шөпті сен саласың, – дейді. 

45. ҚАЛТАҚБАСТЫҢ ҚИЯЛЫ 

Бір Қалтақбас адам жалғыз жұмыртқа тауып алыпты. Алып, алақанында аялап отырып ойлапты. 

– Бұл жұмыртқаны байдың бикешіне тартсам. Ол тоқты берсе, тоқтымды байдың қойына қоссам. Тоқтым 

қашып, жаз қоздаса, қоз[ыл]ы қойға тайынша алсам, тайыншам қашып, бұзауласа. Бұзаулы сиырға байтал 

алсам. Байталым айғырға шығып, құлындаса. Құлынды биеге тайлақ алсам. Тайлағым қайып, боталаса. 

Ботам  тағы  тайлақ  болса.  Тайлағымды  Тайболатқа  берсем.  Тайболат  Танакөз  қызын  берсе.  Қалыңдық 

ойнап, қайныма барсам. Желекті жеңгелерім: 

–  Жүріңіз,  жездекелеп,  отауына  енгізсе.  Емешегі  енді  түйін  сап  келе  жатқан  балдыздарым  мойныма 

асылса. Қыруар қыздар қиқуын салса, оның біріне де қарамасам. 

Түнде  төстің  қасқасын  жеп,  төсек  салынса.  Түндік  жабылса.  Кәріс  көрпе,  шәйі  шымылдықтың  ішінде 

шалбарды  да,  шарықты  да  шешіп  тастасам.  Жеңгетайдан  жерігі  қанған  жеңешелерім  жетелеп, 

қалыңдығымды әкелсе. Оны: 

– Ап! – деп, ұстай алсам... – дегенде, басы қалтақ ете түсіп, алақандағы жұмыртқа жерге түсіп, бырс етіп 

жарылып қапты. 

46. РАХЫМНЫҢ БАЙ БОЛМАҒАНЫ 

Бұрынғы  заманда  үш  сарт  болыпты.  Бұлар  әпиін  тартып,  боза  ішкеннен  басқа  түк  білмейді  екен.  Бір 

уақытта  бұлардың  әпиіні  де,  бозасы  да,  һәм  жарты  тиын  ақшасы  да  қалмапты.  Бұлар  қалайша  ақша 

табамыз, – деп ойланды. Қанша амал ойласа да, ешбір ойының қисыны келмеді. 

– Уай, ақша, уай, әпиін, боза! – деп, сарттар анда-санда күрсініп қойып, тағы да үндемей отырар еді. Бұлар 

бүйтіп отырғанда жандарынан бір қатын басына үлкен шелек қатықты қойып, өтіп барады екен. Сол арада 

тұрып қатын айтты: 

–  Біреуің  мына  қатықты  үйге  жеткізіп  берсеңдер,  жиырма  бес  тиын  ақша  берейін,  –  дейді.  Бұлардың 

арасынан бір Рахым деген сарт: 

– Мен жеткізіп берейін, – дейді. 

Шелектегі қатықты алып, Рахым басына қойып, қатынның артынан бірге жүріп отырды. Бұлар қымбат 

бағалы әртүрлі пұлдары жайнап тұрған лапкенің алдынан өтті. 

Рахым лапке менен пұлды көріп, өзіне-өзі айтты: 

–  Адамдар  қалайша  лапке  тұрғызып,  мұнша  пұлдарды  қайдан  табады  екен?  Не  қылса  да,  осылардың 

сандығы  толған  ақша  шығар,  мен  де  һәм  сауда  қылсам  жаман  болмас  еді.  Енді  ақшаны  қайдан  тауып 

аламын? 


Жолда келе жатқанда бұған бір Нұрғали деген жолдасы жолықты. Бұл жолдасы сауда қылып байыған 

екен. 


– Достым, Нұреке, қалайша сен байыдың? – деп, Рахым мұнан сұрады. 

– Бәлкім, сен ақшаны табатұғын жақсы амалын білесің бе, егер сен білсең, маған айтқын, – дейді. 

– Солай, байымақтың дұрысырағы сауда-дүр. Сенің есіңде бар ма, бұрын мен кедей едім, енді ауқатты 

болдым. 


– Жиырма бес тиынға сауда қылуға мүмкін бе? 

– Неге мүмкін болмасын, мүмкіндүр. Бірақ өзің ақылды болсаң, болғаны. 

–Тәңір жарылқасын, достым, Алла разы болсын. Сүйіктім, мұндай өсиет айтып, ақыл бергеніңе. 

Рахым не болса да, енді бір сауда қылайын деп ойланды. 

– Мініки, жақсы ақыл. Енді мен көпес боламын ғой. Бүгін мен жиырма бес тиын алып, базарға барамын, 

бір жәшік әпиін, бір құмыра боза сатып аламын, һәм өзім бөлек сауда қыламын. 

– Уай, әпиін менен бозаның керегі жоқ, жүзі құрысын. Онан да бірнеше қадақ өрік сатып алып, қырдағы 

қазақтарға алып барып, сатамын. Өрікті сатқаннан кейін бір пұт жүн аламын, бір пұт жүнді жиырма бес 

теңгеге сатамын. Жиырма бес теңгеге әртүрлі  бақал бұйымды сатып аламын. Бұларды тері-терсек, өлі 

малға сатамын, пұлдарды жүз жиырма бес теңгеге сатамын. Бұл ақшаны әртүрлі пұл сатып алып, сауда 

қыламын, Һәм бір жыл өтпестен-ақ атақты бай боламын. Қаланың баршасына магазин, лапке тұрғызамын. 

Пұлдарымды  арзан  сатқан  соң  барша  пұл  алатұғын  адамдар  маған  келеді.  Мінеки,  сондай  арзандық 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              800 bet 

болады.  Қайыршылардың  һәм  баршалары  жібек  киіп  жүреді.  Барша  халайықтар  мені  құрмет  етіп, 

«Алдияр,  Рахым,  баршамызды  асыраушымыз»,  –  деп,  құлдық  айтып  тұрады.  Мұнан  соң  мен  дүние 

жаратылғаннан бермен қарай болмағандай қылып,  патшаның үйіндей үй тұрғызамын. Үйдің керегесін 

қоладан,  төбе  тақтайларын  асыл  тастан,  үстіңгі  тақтайларын  саф  алтыннан,  шатырын  таза  күмістен 

тұрғызамын.  Үйімнің  алдына  жақұттан  діңгек  орнатамын.  Діңгектің  басына  неше  түрлі  құбылып, 

жарқыраған  өгіздің  басындай  алмас  тас  қоямын.  Үйдің  ішіндегі  бөлмелерді  сондай  қымбат  бағалы 

нәрселер һәм гүлдерменен бояп қоярмын. Келген кісілер біздер жұмақтамыз ба, жердеміз бе деп айтарлар. 

Мен өзіме сондай әдемі қыздарды таңдап алармын. Көрген адамдар «Хор қыздары екен» деп, бихул болып 

қалар. Мұнан соң парсының патшасына қонаққа барармын. Егер де парсының патшасы: 

– Не жұмысқа келдің? – деп сауал сұраса, 

– Тақсыр, падишағым, сіздің қызыңызды айттырғалы келдім, – дермін. 

Мұндай деген соң патшаның ашуы келер. 

– Уай, не болса, со болсын, кідірместен құда түсуге барайын. Не болар, ұлы патша болса, мен дүниедегі 

асқан баймын. 

Рахым осылай деп, сөйлеп келе жатып, өз-өзінен ашуланып, қызуланып кетті. 

– Егер де патша ашуланып, қылышын көтерсе, мен айтармын: 

– Менің басым ағаштан жұлып алатұғын алма емес, – деп һәм мен басымды жалтартып кеткенде, патша 

менің  басымды  шаба  алмай  қалар.  Мен  мұндай  қылармын,  –  деп,  Рахым  басын  төмен  қарай  еңкейтіп 

секіргенде, басындағы шелегі қатығымен жерге түсіп, күл-паршасы шықты. 

47. АЛДА ӘКПАР 

Бұрынғы заманда бір Алда әкпар деген жаңылысқыш адам болған екен. Оның бір қатынынан басқа еш 

нәрсесі жоқ екен. Бір күні қатыны Алда әкпарға: 

– Базардан ет алып кел, – депті. Алда әкпар қанша алып келейін десе, қатыны: 

– Дансер-Пансер ет алып кел, – депті. 

Алда әкпар қалтасын қолына ұстап алып, дансер-пансер есімнен шықпасын деп, «Дансер-пансер, дансер, 

пансер»,  –  деп,  кетіп  бара  жатып,  қырманын  көтерейін  деп  жатқан  бір  байдың  адамдарының  үстінен 

шығыпты. Байдың адамдарының қасына барып та, «Дансер-пансерін» қоймапты. Сонда байдың адамдары 

ұстап алып, өлгенше ұрыпты. 

– Енді не дейін? – десе, «Шашқа береке», – депті. «Шашқа береке, шашқа береке», – деп, кетіп бара жатса, 

бір  таз  басының  шашын  іскекпен  жұлып,  азаптанып  отыр  екен.  Жанынан  өтіп  бара  жатып,  «Шашқа 

береке» деп, кетіп бара жатса, таз ұстап алып, өлгенше ұрыпты. 

– Енді не дейін? – деп сұраса, таз: 

– Бірің қалмай қырыл, – депті. 

– Мақұл, болмаса, – деп, «Бірің қалмай, бәрің қырыл, бірің қалмай, бәрің қырыл», – деп, жүріп кетіпті. 

– Бірің қалмай, бәрің қырыл, – деп кетіп бара жатса, бір жерде бір байдың баласы өліп, жұрт көміп жатыр 

екен.  Қасына  барып,  көмгенін  көре  тұрып,  «Бірің  қалмай,  бәрің  қырыл»,  –  дей  беріпті.  Сонда  жаңағы 

адамдар «Мына атаңның ауызы... баласы не дейді?» – деп, бәрі жабылып, ұстап алып, әбден ұрыпты. 

– Енді не дейін? – деп, Алда әкпар сұраса: 

– Бауырым-ай, бауырым-ай де, – депті. 

Алда  әкпар  «бауырым-ай»  деп  бара  жатса,  бір  бай  жаңғыз  баласының  тойын  қылып  жатқан  екен.  Бір 

жанынан Алда әкпар де барып, «Бауырым-ай, бауырым-ай» дей беріпті. Бай: 

– Мынау атаңа нәлет не дейді? Жаңғыз баламның қызығын көремін деп қуанышты той қылып жатсам, 

бауырым-айлап келеді, – деп, жігіттеріне өлгенше ұрғызыпты. 

– Енді не дейін? – деп, Алда әкпар соны сұрапты. Бай айтты: 

– Бір қолыңды сырнай, бір қолыңды керней қылып жүріңдер, – депті. 

–  Мақұл,  болмаса,  –  деп,  Алда  әкпар  бір  қолын  сырнай,  бір  қолын  керней  қылып,  кетіп  бара  жатса, 

алдынан бір қаз пыр етіп, ұшты да кетіпті. 

Бір  байғұс  мерген  неше  күннен  бері  аңдып  жүріп,  жаңа  атайын  деп  тұрған  жерінен  қазды  ұшырып 

жібергеніне мергеннің ашуы келіп, сопыны өлгенше ұрыпты. 

– Енді не қылайын? – деп сопы сұраса, 

– Бұғып жүрмейсің бе? – депті. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              801 bet 

– Мақұл, болмаса, – деп, бұқпалап кетіп бара жатып, бір егіншінің қауынына кіріп кетіпті. Егінші байғұс 

неше күннен бері қауындарын ұрлатып, бүгін аңдып отыр екен. Ұстап алып, өлгенше ұрыпты. 

– Енді қайдан жүрейін? – деп сопы сұраса, 

– Ұры болмасаң, басыңды көтеріп жүрмейсің бе? – депті. 

– Мақұл, болмаса, – деп, басын аспанға көтеріп бара жатып, бөз тоқып отырған бөзшінің бөзін көкірегіне 

салып алып, үзіп кетіпті. Бөзші ұстап алып, өлгенше ұрыпты. 

– Енді қандай қылып жүрейін? – деп сопы сұрапты. Бөзші: 

– Жерге қарап жүр, – депті. 

– Мақұл, – деп, жерге қарап жүріп отырып, қасаптың қасына барып, әйелдің айтқан дансер-пансер есінен 

шығып, жерге қарай беріпті. Сол жердегі адамдар: 

–  Бұл  байғұс  ақшасын  жоғалтып  қойған  шығар,  –  деп,  олар  да  жерді  аяғымен  шұқылап  қарап  жүріп, 

біреуінің аяғы балшыққа кіріп кетіпті. 

– Ақшасының да атасына нәлет, өзінің де атасына нәлет, кебісімнің ішіне дансер-пансер балшық кіріп 

кетті,  – дегенде Алда әкпар сопы  «Таптың, таптың» деп, қасапқа барып, дансер-пансер ет  алып, үйіне 

қарай  жүріп  кетіпті.  Сопы  үйіне  барғанша  кеш  болып,  түн  жарымнан  ауып  қалыпты.  Қатыны  бір  жас 

жігітпен  ойнас  екен.  Ойнас  байымен  екеуі  ойнап  жатқан  екен.  Сопы  екенін  танып,  таныса  да,  есікті 

ашқысы келмей, «Кімсің?» – депті. Сопы: 

– Мен ғой, – депті. Қатыны: 

– Менің кім? Атыңды айт, – депті. Сопы атын айтайын десе, аты есінен шығып, не дерін білмей, «Менмін, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет