ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет122/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   153

жатса, таудың етегінде, үстінде жыртық тоны, басында тері тымағы бар, бір адам бес-он қойды бағып жүр. 

«Адамның жаманы, сірә, осы болар-ау», – деп тұрғанда, әлгі адам: 

– Уа, мырзалар, жол болсын! – деді. 

Уәзірлер ханның сондай бір жұмысқа жұмсағанын, шөптің, құстың жаманын тауып, ал адамның жаманын 

таба алмай жүргендерін айтады. Жаман түрып: 

– Түсінікті! Адамның жаманы керек болса, мен боламын, – дейді. 

– Олай болса, жарайды, – деп, Жаманды атына мінгестіріп алып ханға жөнеледі. 

Ханға келе жатып, Жаман: 

–  Адамның  жаманын  тауып  алдыңыздар,  бірақ  шөптің  жаманы  мен  құстың  жаманын  таба  алмаған 

екенсіндер. Шөптің жаманы – қарақоға, құстың жаманы – сауысқан еді, – деп, уәзірлерге қырғауыл мен 

шеңгелді тастатып, олардың орнына қарақоға мен сауысқанды алдырған. 

Уәзірлер мәнісін сұрайын деп еді: 

– Хан алдында айтамын, – деп Жаман сөйлемеді. Уәзірлер келген соң, хан әкелген адамға қарап: 

–  Әкелген  адамдарың  жарайды.  Қазірге  аспазшыға  апарып  беріңдер,  көже  мен  нан  берсін,  сыйласын. 

Ертең ортаға алып, тамаша етеміз, – деп, Жаманды ас үйге жібертеді. 

– Бірақ, – дейді хан, құстың жаманы мен шөптің жаманын таба ал-маған екенсіндер. Құстың жаманы – 

қырғауыл, шөптің жаманы – шеңгел еді. Осыны көре, бұларды әкелулеріңнің не жөні бар еді? – деп, хан 

уәзірлерге қатулана бастайды. 

Сонда уәзірлер: 

– Тақсыр! Айтқаныңыз дұрыс! Біз шөп жаманы деп – шеңгелді, құс жаманы деп – қырғауылды алып едік. 

Бірақ  жолшыбай  әлгі  жаман:  «Шөптің  жаманы  –  қарақоға,  құстың  жаманы  –  сауысқан»,  –  деп,  бізге 

оларды тастатып, қарақоға мен сауысқанды алдырды, – деп, жауап береді. 

– Е, Жаманның не білгені бар екен? Шөптің жаманы – қарақоға, құстың жаманы – сауысқан екенін қайдан 

біледі?  Алып  келіңіздер!  Сұралық,  –  деп,  бұйрық  етеді.  Жаманды  ханға  алып  келеді.  Хан  Жаманның 

бетіне қарап: 

– Мен құстың жаманы – қырғауыл, шөптің жаманы – шеңгел деп ойлаушы едім, сен оларды уәзірлерге 

тастатыпсың. Сен шөптің жаманы – қарақоға, құстың жаманы – сауысқан екенін кайдан білдің? – дейді. 

– Тақсыр хан! Елу жасқа келіп жаман болған жоқпын, жасымнан-ақ жаман едім. Өмірім отын, су тасумен 

кісі есігінде құлшылықта өтті. Сол уақытуа шеңгелді әкеліп отқа жақсам, кешке жаққан отым ертеңіне 

дейін,  сексеуілдің  шоғындай  жайнап  жататын  еді.  Сол  уақытта:  «Киім  жыртып,  мал  жемейтін  шеңгел 

отын  болып,  пайдаға  асады  екен-ау»,  –  деп,  ойлаған  едім.  Ал  енді  қарақоғаны  алып,  отқа  жақсам, 

жанбайтын еді, үрсем, жалыны мен шоғы бірге сөніп, күлі бұрқырап үйдің ішін алып кететін еді. Отқа 

жанбаған сон, апарып малға салсам, барлық мал мұрнын жиырып, жемейтін. Сонан соң: «Қарақоға тіпті 

пайдаға аспайтын шөп қой», – деп ойлаушы едім. Қарақоғаның жамандығын содан білдім, – дейді Жаман. 

– Сауысқанның жаман екенін қайдан білдің? – дейді хан. 

–  Қырғауылдың  қанаты  бар  да,  жүні  жоқ  болса  да,  адамның  пайдасына  жарайтын  құс  еді.  Біреудің 

сиықсыз болуы оның жаратылысынан. Қырғауылдың айыбы – тек сиықсыздығы. Ал сауысқанның жүні 

ала болғаны сияқты, өзі де ала, бірлігі жоқ. Екеуі бірігіп ұшпаған, екеуі бірігіп қонбаған, адам пайдасына 

аспайтын құс еді. Сондықтан құс жаманы – сауысқан деймін. Сауысқан мен қарақоғаның жамандығын 

білдің. Енді өзіңнің жамандығынды кайдан білдің? – дейді хан. 

– Уа, тақсыр! Менің жасым елуге келді. Мен қатарлылар әйел алып, бала көрді; келін жүмсап, қызық көріп 

отыр. Мен қайда болса сонда, әлі күнге дейін әркімнің артына мінгесіп, басқа біреудің құлшылығында 

жүрмін. Енді мен жаман емей, жақсымын ба? – деп, Жаман ханға қарайды. Хан басын шайқап: 

– Апыр-ай, осы жаман болса жарар еді. Құстың, шөптің, өзінің жамандығыңа да дәлел айттың. Жарайды. 

Енді менің бір тұлпарым бар, соны сынап бересің бе? – дейді. 

– Жақсы, сынап берейін, – деп, тұлпарды алып келген соң, Жаман тұлпардың алды-артына қарап: 

– Тұлпарыңыздың сипатынан мін таба ал-мадым. Енді мініп қарар едім, – деп, ханнан рұқсат сұрап алып, 

тұлпарға мініп, есік алдындағы өзеннен әрі-бері өтті де, қайтып келіп: 

– Тақсыр! Тұлпарыңнан басқа мін таба алмадым. Тұлпарыңыз тек сиырға шатыс екен, – дейді. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              836 bet 

– Апыр-ай, оны қайдан білдің? Айтқаның рас. Менің Ақша хан деген құдам бар еді. Соның тұлпар табатын 

бір биесін қалап алдырғанмын. Бие күні жетіп, кұлынды таба алмай, өлер болған соң: «Бие өлсе өлсін, 

құлын  қалсын»,  –  деп,  ішін  жарып,  құлынды  алғанмын.  Сол  құлын  осы  еді,  әбден  отығып  кеткенше, 

сиырдың  сүтімен  асырап  едім.  Ал  енді  сен  мұның  сиырға  шатыс  екенін  кайдан  білдің?  –  дейді  хан 

танданып. 

Тұлпардың бөтен мінін таба алмадым. Бірақ тұлпарыңыз судан әрі-бері өткенде, аузын суға малып, артқы 

аяғын  сілкіп  өтті.  Сиыр  күніне  қырық  суарсаң  да  судан  айдағанда,  аузын  суға  малмай,  артқы  аяғын 

сілікпей өтпеуші еді. Тұлпардың сиырға шатыс екенін сонан білдім, – дейді. Жұрт таң қалып, бір-біріне 

қарасады. Хан біраз ойланып отырып: 

–  Енді  менің  бір  гауһар  тасым  бар.  Ол  тастың  Сүлейменнің  жүзігіндей,  Мұсаның  асасындай,  Дәуіттің 

қоржынындай  қасиеті  бар.  Сол  тасымның  қандай  қасиеті  бар  екенін  тап,  –  деп,  қазынасындағы  тасты 

алдырып берді. 

Жаман тасты алып, салмақтап, байқап қарап отырды да: 

– Сіздің тасыңыз, рас, қасиетті тас екен. Бірақ екі жылдан соң қасиеті бітеді. Тастың ішінде екі ақ қарабас 

құрт бар. Тасыңыздың пышақ сырты қалындығы қалыпты. Сол құрт екі жылдан соң тесіп шығады; тесіп 

шыққан соң тасыңыз пайдаға аспайды, – дейді. 

– Жұрт не дерін білмей, бірсыпырасы: «Бәрібір екі жылдан соң пайдаға аспайтын болса, тасты жаралық», 

– депті. Бірсыпырасы: «Жаманның сөзіне бола, тастан айрылмайық», – депті. Ақырында тасты жармақшы 

болады. Тасты жарып қараса, ішін екі ақ қарабас құрт кеулеп, тесуге жақындап қалған екен. 

– Тастың ішінде құрт бар екенін қайдан білдің? – дейді хан. 

– Тастың қасиетіндей салмағы да болу керек. Тас жеңілденген екен. Құрт бар екенін содан білдім, – деп 

жауап береді. 

– Апырмай, сен жаман болмадың ғой! Қайта, сен бір данышпан болып жүрме! Ал сен менің өзімді сынашы. 

Мен неше атамнан бері хан екенмін? – дейді хан. 

Жаман: 


– Жақсы! – деп, тақта отырған ханның алды-артына шығып, алдына келіп, ханның бетіне тіке қарап тұрып: 

– Тақсыр ханым! Ақыл-ойың ешкімнен кем емес, бірақ хандық қара басында, қарадан туып хан болғансыз, 

атанда хандық жоқ, – дейді. 

Жаман сөзін бітірмей, хан сөзін бөліп: 

– Жоқ, қате айтасың! Мен жеті атамнан бері ханмын. Өзімді қойғанда да алты атамды қайда жібересің? – 

деп зекіреді. 

Жаман саспайды. 

– Жоқ, тақсыр! Сіздің қара басыңыздан басқа жеріңізде хандық жоқ. Сіз нағыз наубайдың баласысыз, – 

дейді. 

Хан не дерін білмей, халыққа қарап: 



– Апырым-ау, мына Жаман не дейді! Халқым, мен хан баласымын деп жүр едім, шақырындар анамды! – 

дейді. Ол о дүниеге біреудің қанын жүктеп барып, тәңірі алдында кара бет болмасын, не де болса шынын 

айтсын. Әйтпесе ашумен мына Жаманның басын кесемін! – дейді. 

Шешесі келген соң, хан шешесіне Жаманның сөзін айтады. Шешесі терең күрсініп, сөзге кірісті: 

–  Е,  шырағым!  Жасым  сексенге  келгенде  біреудің  қанын  жүктеп  не  кылайын.  Бір  сыр  бар  еді,  оны 

тәңірінің өзі білетін еді, мен білетін едім. Мынау Жаманың біліпті, енді айтайын. Атаң сенің Зәрлі хан еді. 

Менен бұрын он тоғыз әйел алып, кілең қыз тапқаны үшін бәрінің де ішін жарып өлтірген екен. Соның 

үшін де. «Зәрлі хан» деп халық ат қойып еді. Жиырмасыншы әйел етіп мені алды. Мен де екі қабат болған 

соң, жалғыз жанымнан қорқып, тәуіптерге қаратып едім:  «Сенің ішіндегі де қыз», – деді. «Қыз тапсам 

мені де өлтіреді ғой!» – деп, қайғы жедім. Сол күндерде аспаз наубайдың әйелі де екі қабат екен. Оның 

да тамырын ұстатып қарап едім:  «Оның ішіндегі ұл»,  – деді. Жалғыз жаным үшін сол жерде маған ой 

келді.  Ол  әйелді  оңаша  шақырып  алып,  барлық  мұңымды  айтып,  қазынадан  табақтап  алтын  беріп: 

«Ақиреттік  дос  болайық,  ұл  тапсаң,  ұлынды  маған  бер,  менің  қызымды  ал.  Бірақ  бұл  сырды  ешкім 

білмесін!», – деп жалындым. Әйел табақтап алтын алып, бір жағынан мені аяп, сол жерде уәдесін берді. 

Туар  кезімізде  Зәрлі хан  аңда  еді,  екеуміздің толғағымыз  бір  күнде келіп,  бір  сағатта  босанып,  сырды 

ешкім білмесін деп, басқа біреуді де жолатпай, біріміздің баламыздың кіндігін біріміз кесіп, сол қолыммен 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              837 bet 

қызымды беріп, оң қолыммен алған шырағым сен едің! Енді бұл күнде мына Жаманың оны біліпті. Сыр 

ашылуға тәңірі жазса, не шарам бар?! – деп, сөзін аяқтай алмай, шешесі жылап жібереді. 

Хан: 


–  Сөз  тапқанға  қолқа  жоқ!  Олай  болса,  мен  таққа  лайық  емес  екенмін,  осы  оқиғаны  оймен  білген  сіз 

лайықты екенсіз, – деп хан тағынан түсіп, тақты Жаманға береді. 

Жаман: 

– Жоқ, тақсыр! Кешегі күні: «Жаман кісі керек», – дегенде, ат артына мініп келген жаман едім, бүгін таққа 



отырмаймын. Сіздің көлеңкеңізде жүрсем де жарар. Тағыңызға мініңіз, – деп болмайды. 

Хан таққа отырып: 

– Апырмай, менің наубайдың баласы екенімді қайдан білдіңіз? – дейді. 

Сонда Жаман: 

– Мен жаман-жақсы болсам да үйіңізге келген қонақ едім. Хандардың ішер асы – жал мен жая аузыңызға 

түспей,  нан,  көже  түсіп,  мені  келісімен  аспазға  жібердіңіз.  Салтыңызға  тарттыңыз.  Сіздің  шонжарлы, 

атаулы хан емес екеніңізді содан байқадым, – дейді. 

Жиналған жұрт таң қалады. Сол күйінше хан тағы да хандық қылды. Жаман оған жақсы уәзір  болды. 

Жаман ханға ақылымен, тапқырлығымен жақты. Қырық уәзір шетте қалды. Күндердің күнінде, бір күні 

Жаман сыртқа шығып тұрса, қаланың ортасында алты қанат ақ боз үй тұр; төңірегінде қаптаған кісі, үйге 

кіруге кезек күтеді. Жаман қайтадан үйге кіріп, ханнан: 

– Бұл не жиын? – деп сұрайды. 

Хан сонда: 

– Қалада қара болса да, байлығы менімен қатар, Уәлібай дейтін бай бар. Сол байдың Меңді дейтін қызы 

он бес жастан күйеу таңдап: «Өзімнен ақылы артық кісіге тием», – деп, жиырма жылдай отырды, қазір 

отыз  бесте.  Бұған  дейін  ешкім  ақылы  артып,  оған  күйеу  бола  алған  жоқ.  Бәрі  де  барып,  қызға  жауап 

қайтара алмай, қайтіп кетеді. Ол жиын қызды жеңіп аламыз деп жүрген бай мырзалардың жиыны, – дейді. 

Жаман: «Мен де барып көрсем қайтеді?» – деп ойлап, кешке жұрт орынға отырған соң, жайлап қыздың 

үйіне барады. Есікті қағып еді, бір әсем келіншек шығып: 

– Не жұмысыңыз бар? – деп сұрайды. 

– Менің жұмысым сенде емес, қызда. Бар, қызға айт! – дейді. Келіншек күліп, қызға барып: 

– Бикеш-ау, күйеу таңдаймын деп, сен де жұртты басындырып болдың-ау! Адам көргісіз бір жаман кісі 

сенде жұмысым бар, – дейді. Сенен ол да дәме етіп келген білем! – деп, қалжыңдайды. 

Қыз жымиып күліп: 

– Ол түрге жаман болғанмен қандай кісі екенін қайдан білесің? Мынаны алып барып бер, – деп жеңгесіне 

гауһар, пышақ, тәрелке және қайрақ тас беріп жібереді. 

Жеңгесі ол заттарды апарып берген соң, Жаман қолына алып қарап тұрады да: 

– Бар, мүның құралын әкел, – дейді. 

– Ойбай! Әлгі жаманың: «Мұның құралын әкел» дейді, – деп, жеңгесі қызға қайтып барады. 

Қыз: 


– Жарайды, – деп, жеңгесіне балға мен төс береді. 

Жаман балға мен төсті алған соң қайрақты төске қойып, балғамен ортасынан бөледі, тәрелкені уатады, 

пышақты жетесінен сындырады, гауһар тасты қақ жарады. 

– Мә, бикешке алып бар! – деп, келіншектің қолына береді. Сынған заттарды көрген соң қыз ұшып тұра 

келіп: 

– Сол адам шайтан болмай, адам болса, менің тап баратын кісім. Шақыр мұнда! – дейді. 



Жеңгесі не дерін білмей, Жаманды шақырып келеді. Қыз оны құрметтеп қарсы алады. Бұрын да талай бай 

балалары,  хан  балалары  келеді  екен.  Бәріне  қыз  манағы  заттарды  береді  екен.  Бәрі  де:  «Менің  үйімде 

пышағым жоқ па, болмаса қазынамда гауһар тасым жоқ па, әлде қайрақ таба алмай жүрмін бе?»  – деп, 

ашуланып қайтып кетеді екен. Тап сол күні қыздың ағалары ақылдасып: «Бүл қалай болды? Осы қыз отыз 

беске келді. Күйеу тандап, әлі біреуге тиген жоқ. Сірә, оның басқа бір сүйгені бар шығар? Ондай адамы 

болса, ұстап алайық», – деп, қарауыл қойыпты. Таң атқан соң Жаман қыздың үйінен шығып бара жатса, 

қарауылшылар  оны  ұстап,  байдың  балаларының  қолына  апарып  береді.  Бай  балалары  Жаманды 

дірдектетіп ханға апарып: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              838 bet 

– Мына уәзірді ұстап алдық. Бізді келмей жатып басынды! – дейді. Хан Жаманды оңаша алып, сұрайды. 

– Қыздың үйіне бардың ба? 

– Жоқ! 


– Мыналар ұстап алдық дейді ғой? 

– Олар өтірік айтып, бәле жауып жүр, мені даладан ұстап алды. 

– Мен сенің ақылыңды сыйлап,  астымдағы тағымды да беріп едім.  Тақты өзің алмаған соң, ең жақын 

уәзірім қылып едім. Уәлі маған олардан қымбат емес. Шыныңды айт. Қызды алып берем, – деп еді хан, 

Жаман тіпті шынын айтар болмады. 

Хан ашуланып, жендеттерге Жаманды дарға асуға әмір қылды. Жендеттер хан бұйырған соң, Жаманды 

дарға  апарып,  мойнына  дұзақ  салып,  дардың  жібін  тартып,  жоғары  көтерді.  Жаман  иманын  айтып, 

қырылдап, енді демі бітуге айналғанда, көпті жарып, ақбоз атты, ақ киімді, бетіне перде жапқан бір кісі 

келіп, дардың жібін кесіп жібереді де, сұлап жатқан Жаманның көкірегіне қылышын көлденең тастап, 

жайына  кетеді.  Жаман  біраз  қырылдап  жатып,  есін  жиған  соң,  жендеттер  тағы  да  дарға  тартайын  деп 

ыңғайланғанда: «Мені енді ханға апарындар», – деп өтінеді. 

Жендеттер қайтып алып келген соң, хан: 

– Бұл кезге дейін неге өлтірмедіңдер? Менің бұйрығымды екі етесіңдер ме?! – деп ақырады. 

Жендеттер  тұрып,  уақиғаны  айтып  беріп,  ас  десе,  әлде  де  дарға  асуға  әзір  екенін  білдіреді.  Енді  хан 

Жаманға: 

– Маған барам деп неге айттың? Әлде манағы айтпаған шыныңды айтайын деп келдің бе? – дейді. 

– Е, тақсыр, шынымды айтайын деп келдім. 

– Онда Уәлібайдың қызының үйіне барғаның рас па еді? 

– Рас еді. 

– Алам деп, уәде беріп пе едің? 

– Беріп едім. 

– Ендеше, мана неге айтпадың? 

– Тақсыр! Мана айтпаған себебім мынау еді. Мен барып, Уәлібайдың қызына сырттан хабарласқанда, ол 

маған  бір  тәрелке,  бір  қайрақ,  бір  пышақ,  бір  гауһар  тас  беріп  жіберді.  Ол  оның:  «Қайрақтай  болып 

езілгенше, тәрелкедей болып уатылғанша, пышақтай болып, басы кесілгенше сыр айтпайтын кісі, мына 

гауһар  тастай  жарып  мені  алады»,  –  дегені  еді.  Сол  сырды:  «Пышақтай  болып  басым  кесілгенше 

айтпаспын!»  деп,  пышақты  жетесінен  сындырып,  «қайрақтай  езілгенше!»  деп,  қайрақты  уатып, 

«тәрелкедей уатылғанша» деп, тәрелкені қиратып, «гауһар тастай жарып, сені алам!» деп, гауһар тасты 

қақ бөліп, уәде беріп едім. Сол себептен мана шынымды айтпап едім. Қыздың өзі мені аяп, ақ боз атқа 

мініп, бетіне перде жауып келіп, дардың жібін қиып, көкірегіме көлденең қылыш тастап кеткені: «Мен 

үшін  кінәсіз  өлме,  ерлігіңді  көрдім.  Қылыш  үстінде  серт  жүрмейді  деуші  еді,  антыңды  қайтып  ал»,  – 

дегені еді. Өзі рұқсат берген соң, шынымды айтып отырмын, – деп, Жаман сөзін аяқтады. 

Хан Жаманның сөзінің шындығына көзі жетіп, ел жинап, отыз күн ойын, қырық күн тойын қылып, қызды 

Жаманға алып береді. Жаман тапқырлығымен ханға жағып екеуі дос болыпты. 

Бір күні қырық уәзір кеңесіп отырып: «Бұл Жаман біздің жаман кісі іздегенде, ат артына мінгестіріп алып 

келген  жаманымыз  еді.  Бұл  күндерде  хан  оны  өзіне  жақсы  дос  қылды;  қыз  әперді,  бізді  есепке  алмай 

тастады. Қой, бүйтіп болмас! Біз бұл екеуін араздастырайық. Жаманның әйелін мақтайық, үйіне қонаққа 

апарып көрсетелік. Сөйтіп, екеуінің арасына от жағалық», – деседі. Уәделері бойынша Жаманның әйелін 

ханға мақтайды. 

– Тақсыр, шынында, ол әйел сізге лайық әйел! – деп, ханды азғырады. 

Хан Жаманның үйіне барып, өз көзімен әйелді, оның тәрбиесін көрген соң: «Шынында, маған лайық әйел 

екен», – деп ойлап, үйге қайтып келіп, қырық уәзірмен кеңеседі. 

– Ойда жоқта ойға салған сендер едіңдер. Енді әйелді алуға маған қандай айла тауып бересіндер? – дейді. 

Уәзірлер кеңесіп: 

– Жақсы, тақсыр! Жаманды шақыр! Біз оны Барса-келмеске жұмсайық. Сонда ол өлер, ол өлген соң жесір 

әйелді сіз алмай, кім алар дейсіз! – дейді. 

Жаманды  шақыруға  хан  бір  жігіт  жібереді.  Жіберген  жігіті  барып,  үйден  сығалап  қараса,  төрде  төсек 

үстінде Жаман жатыр. Әйелі төрдегі шар айнаға қарап, өз көркіне өзі таңғалып, Жаманға сөйлейді: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              839 bet 

– Мен осы тәңірінің ісіне таңмын. Әркімді өзінің қатарына қосса еді. Арасы жер мен көктей адамдарды 

біріне-бірін  қосып  қойған  тәңірінің  құдіреті  күшті-ау  деймін.  Өзіме  қарасам,  он  төртінде  туған  ай 

сияқтымын, саған қарасам, суы біткен көлдей, қара майы біткен шелектейсің. 

Жаман басын көтеріп алып: 

– Жоқ, олай емес! Атамыз адам бейіштен қуылып, шығып бара жатқанда, тәңірі: «Е, Адам, бейіш сенің 

үшін жаратылып еді, шайтанның азғыруымен шығып барасың, енді бейіштен қалағанынды алып кет», – 

деген  еді.  Сонда  Адам:  «Тәңірі!  Сенің  қандай  затыңның  қадірлі  екенін  қайдан  білейін?»  –  деген  соң: 

«Адамзатқа пайдалы үш затым бар, біреуі – қыдыр, біреуі – бақыт, біреуі – ақыл, осының бірін ал», – 

деген  екен  тәңірі.  Сонда  Адам  ақылды  алыпты.  «Ақыл  тұрмаған  жерде  біз  де  тұра  алмаймыз»,  –  деп, 

қыдыр да, бақыт та ақылға табынған екен. Сол сияқты сен қазынадағы қызыл алтын едің, мен ақыл едім. 

Менің қаралығыма, иә қарттығыма қызығып тиген жоқсың, ақылыма тидің, – деп, қарқ-қарқ күледі. 

Әйелі Жаманның сөзіне күліп, артына қарағанда, пердесі ашулы екен, есіктен кіріп келе жатқан жігіт, 

оның  жүзін  көріп,  есінен  танып  құлап  қалыпты.  Сол  жерде  бетіне  су  бүркіп,  жігітті  тұрғызып  алып, 

жұмысын сұрайды. Жігіт келген жұмысын айтып келген соң, хан: 

– Сен кеткелі көп уақыт болды, сен мұнда жүртты иіріп отырғызып кеттің, – дейді. 

Жігіт басынан өткен уақиғаны айтқан соң, әуелде әйелге ғашық  хан, онан сайын ынтық болады. Жігіт 

кеткен соң Жаман: 

Ханға барайын ба? – деп, әйелімен ақылдасады. Әйелі: 

–  Бар,  сені  Барса-келмеске  жұмсарын  көптен-ақ  сезгенмін.  Риза  бол,  бірақ  жолға  жұлқынған  жүйрік, 

жылжыған жорға мінбе, жылқыдағы ең семізді мін. Қырық уәзір сені үш күншілік жерге шығарып салар. 

Олардың қарасы үзілген соң, сен де қайт. Орман ішіне апарып, атыңды сой да, етін алып кел, соны қорек 

қылып жата береміз, – дейді. 

Жаман ханға келген соң, хан сөз бастайды: 

– Мен сені  бір ұзақ сапарға жұмсаймын, жұмсағанда, сенің ерлігіңнен үміт етпеймін, ақылыңнан үміт 

етемін. Барсаң, айтамын, – дейді. 

– Жақсы, барайын, – деп, Жаман ризалығын көрсетеді. 

– «Барса-келмес» дейтін жерде «інжілі қой» дейтін қой бар, – деп айтады. Бір түгі – алтын, бір түгі – күміс, 

сойса, терісі  бір  адамға тон дейді. Соның терісін үстіме кигім келеді.  «Інжілі үйрек» деген үйрек бар, 

қанаты – күміс, басқа жері – алтын дейді. Соны тәж қылып кигім келеді. «Дәудің інжілі қара арғымағы 

бар, бір шапқанда жүз шақырым шабады» дейді. Соны мінгім келеді. Міне, осы жұмыстарға барасың, – 

деп, Жаманды хан кілең өтірікке жұмсайды. 

Жаман ханның жылқысынан бір семіз атты таңдап мініп, жолға шығады. Қырық уәзір үш күншілік жерге 

шығарып салып қайтады. Уәзірлердің артынша Жаман да кейін қайтып, Қаратоғай деген орманға апарып, 

атын сойып, үйінен көлік әкеліп, етті тасып, тұздап алады. Төсегінің астынан адам бойы жер қазып, күндіз 

сонда, түнде әйелінің қасында жата береді. Ай өтеді, жыл өтеді. Бір күні Жаманның үйіне, жеңгесіне көңіл 

айтуға хан келеді. Қонақ асы жеп болған соң, хан сөз бастап: 

– Адамның, шөптің, құстың жаманын әкел дегенде, уәзірлерімнің алып келген Жаманы еді. Жаман болса 

да, ақылына риза болып, тағымды да беріп едім. Ақылының арқасында, сені де алып еді. Сол ақылынан 

үміт етіп, бір жұмысқа жұмсай қойып едім, келер уақыты өтіп кетті. Құдайдың әмірі болды ма, деймін... 

Сені қор қылып, жалғыз тастамаспын, «Аға өлсе, жеңге – мұра» деген, қолыма алып бағармын, – деп үгіт 

айтады. 


Әйел отырып: 

– Е, құдайдың әмірі болса не шара? Ол келгенше сенің қолында бір қадірлі тас бар еді, соның тілімен сен 

оны жарып едің, жарылған соң ол тас пайдаға аспады ғой. Сол секілді әр заттың пайдалы уақыты бар еді. 

Кешегі  қыз  күнімде  болса,  бірсәрі,  енді  мен  сол  жарылған  тас  сияқтымын.  Саған  қызмет  етіп  жаға 

алмаспын, әуре болма, – дейді. 

Хан әйелден жеңіліп, үйіне қайтады. Хан шығып кеткен соң, қатын байын шақырып алып: 

– Бар, енді ханның жауабын өзің бер, – деп қоя береді. 

Хан да барып тағына отырады, Жаман да сәлем беріп кіріп барады. Хан сасып қалып: 

– Уа, қашан келіп қалдың? Ал енді әңгімеңді айта бер! – дейді. Жаман тұрып: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              840 bet 

–  Әңгіме  ұзақ  емес.  Уәзірлер  шығарып  салған  соң,  бір  аш  арыстан  соңымнан  қалмады.  Мен:  «Барса 

келмеске» барып жауды мұқатқанша, мына жауды мұқатайын!» – деп, қылышымды суырып алып, қуып 

кеттім. Өз аулыма апарып, қамап едім, онан шығып кетті. Осы сіздің ордаға кірді ме деп отырмын, – дейді. 

Хан не дерін білмейді, бір қызарады, бір бозарады, жерге кіріп кеткендей болады, ақырында: 

– Мен айыптымын, менде бір қате болды, шайтанның азғырғанына ердім, оған себеп мына уәзірлер. Бұлар 

енді иә саған, иә маған енді бір қатер қылар, енді сен іргенді көтер, бөтен елге көш, – дейді. 

Жаман  риза  болып,  көшетін  болады.  Хан  бірнеше  түйеге  жасау,  асыл  зат  арттырып,  Жаманды  Ақша 

ханның еліне көшіріп салады. Жаман Ақша ханның елінде бір қадірлі адам болып түра береді. Күндердің 

күнінде хан Жаманның сөзі көкейінен кетпей, шалқасынан шаңыраққа қарап, ойланып жатыр еді, қырық 

уәзір кіріп келеді. Хан басын көтеріп алып: 

– Жау шапты, ел бүлінді, апат соқты. Осыны ойлап табындар! Болмаса, жазалаймын, – дейді. 

Уәзірлер  ақылдасып,  өздері  таба  алмайтын  болған  соң,  Жаманды  іздеп  барып,  оған  ханның  айтқанын 

айтады. Жаман қырық уәзірді құрмет етіп болған соң: 

–  Жақсы,  мен  жауабын  берейін.  Хан  мені  ойлап,  қапаланып  жатқан  шығар,  қай-қайдағы  есіне  түскен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет