ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет117/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   153

шалдың үш жасар баласы жүк арасында отырған жігіттің көзін көріп қалып: 

– Ата! Ата! Көзін-ай, көзін-ай, – деп, қатын баланы «Үндеме, жағың қарысқыр, атаң көзін өзі жесін», – 

деп,  баланы  қағып  келіп  жіберіпті.  Қарт  баланы  қолындағы  бастың  көзін  айтады  ғой,  –  деп,  үндемей 

қалулы. «Қапияда қатын табар» деген осындайдан шыққан әңгіме болуы керек деген. 

54. ҚАТЫНДАРДЫҢ АМАЛЫ 

Баяғында екі қатын отырып, сырымызды айтыссақ, сен осы ...мен не қылдым деседі. Сонда біреуі тұрып: 

–  Менім  алғаш  түскенде  келіншек  кезім  еді.  Күйеуім  домбырашы  болатын.  Бір  жігіт  маған  сөз  айтып 

жүрді. Бір күні күйеуім жылқыға кетіп, әлгі жігіт кіріп жатқанда, түн ортасы мезгілі байым келіп қалып, 

жатпақшы болды. Өзі ат жарыс қылып жатыр екен. Енді қайтерімді білмей, сасып қалдым да, домбыраны 

жұлып алып, күйеуіме беріп: 

– Осы домбыраны сіз көңіліңізбен шертесіз бе, жоқ, көзіңізбен тартасыз ба? – дедім. 

Күйеуім: 

– Ой, ақымақтарым, домбыраны кісі көзбен шерте ме екен, көңілмен шертеді, – деді. 

Мен: 


– Ие, көңілмен-ай тартқаның қане? Көңіліңмен шертіп қарашы, – деп, көзін баса қойдым. Сонда ана жігіт 

шығып кетті. Менің қылғаным осы, – деді. 

Сонда екінші біреуі айтады: 

– Менім де келіншек күнім, бір байдың баласы сөз айтты, «беріп» жүруші еді. Бір күні күйеуім жолаушы 

кетті. Сол түні байдың баласы келіп, төсегімде жатыр еді, күйеуім келді де, әлгі жігітті буындырып, өзі 

кетіп қалды. Мен қайтерімді білмей, сасып тұрдым да, өлген жігітті арқалап алып, түн ішінде өзінің үйіне 

алып барып, өзінің дауысына салып, қатынына «Әрі жат, жатамын», – дедім. Қатыны: 

– Ие, менен жақсы жар тауып алдың ғой. Мені не қыласың, соныңа барсаңшы, – деді. 

– Мен өкпелеген жанмын, өйтсең, ...қылайын, – деп, жігітті далаға алып шығып, арқанмен ағашқа асып, 

өзім үйге қайтып келіп, енемді (күйеуімнің шешесін) буындырып өлтірдім де, қойныма салып қойып, өзім 

жата бердім. 

– Ертесіне күйеуім өз шешесін өлтіріп қойдым деп жылап, ана қатын өз байыма бір ауыз жаман сөзіммен 

ренжітіп, өлтірдім деп, жыласып жатты. Менің қылғаным осы, – депті. 

55. ҮШ КЕЛІНШЕКТІҢ СЫР АЙТЫСҚАНЫ 

Бір күні үш келіншек су алуға шелек алып, суға барады. Судың басында үшеуі бір-бірінен сыр сұрасыпты. 

Сонда бірінші келіншек айтыпты: 

– Мен осы күнгі күйеуіме тигенде менен мынандай жақпастық қылық өтті, келіншек-ау... Осы бар ғой, 

бір күні  тигеннен кейін бірнеше ай өткен соң күйеуімнің бір жақсы, жақын құрдасы болушы еді. Сол 

күнде-күнде келіп, «бер» деп, мазамды ала берді. Сонан бір күні қара басып, «беріп» едім. Бірақ та түннің 

іші масахана құрулы еді. Сондай тар жерде тамашалап жатқанда, күйеуім есік қақты. Жаңағы құрдасы, 

түспегір, қайда тығыларын білмей, сасқанынан ол маған: 

– Енді қайттім? – деді. Сол кезде мен айттым: «Тырп етпе, жата бер», – дедім де, есікті аштым. 

Қолына домбырасын алып, күйеуім де келді. Ол кірместен тұрып, көрпеше салып, жерге жата қойдым. 

Шамды жақтым да, көрпешеге отырғызып: 

– Осы жұрт сені асқан ақын, жорғадай күйші дейді. Сен сол күйіңді тартшы, – дедім. 

–  Соны  естуге  құмартып  отырмын,  –  деп,  асыла  түстім.  Ол  домбыраны  алып,  күйді  күйлетіп  отырды. 

Сонда мен: 

– Осы сен күйші болсаң, көзіңді жұмып тартшы, домбыраның пернесіне қарамай, – дедім. Ол, байғұс, еш 

нәрсемен ісі болмай, көзін жұмып, тарта бастады. Ептеп еліктетіп, «Ой, сенің көзің ашық отыр», – дедім. 

Ол онан сайын көзін қатты жұмды. Сол кезде баяғы масаханадағы құрдас жігітті шығарып жіберіп, өзім 

қасына қайта келіп отырдым да: 

– Ой, ақыным-ай, рақмет! Жұрт мақтарлықтай екенсің, – деп, көтеріп қойдым. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              808 bet 

Сонан кейін: 

–  Енді  жетер,  жатайық,  –  деп,  сөйтіп,  жаттық.  Сонан  бері  жасырын жаман  жұмыс  істемейтін  болдым. 

Сондағы күйеуім осы еді. Енді сен айт, – деді екінші келіншекке. 

Екінші келіншек: 

– Енді кезек маған келсе, мен де айтайын. Баста менің осы күйеуім алғанда әкемнің алдына шарт қойған 

еді. Егер қызың «ұрлық» істейтін болса, онда өзіңе қайтып беріп, өзіңнің басыңды алам деген болатын. 

Сонан кейін әкем әлгі байдың баласына берген болатын. Бірақ та менің қалап жүрген кісім ол емес еді. 

Басқа еді. Күйеуге тигеннен кейін сол жігітім күнде келіп, «бер, бер» деп, қоймаған соң бір күні қойныма 

ала  қойдым.  Сол  заматында  күйеуім  де  келіп  қалып,  қапыда  жаңағы  жігітті  пышақтап  өлтіріп,  әкеме 

білдіруге мініп кетті. Мен қорқайын дедім. Көп ұзамай атама барып, арыз айттым. 

– Ата, балаң түсте кеткенінен келген жоқ, жатайын десем, қорқып отырмын. Кіші енемді жіберсең кәйтет, 

– дедім. (Бұның алдында өлген жігітті көміп қойғанмын). 

– Әй, қатын-ай, сен бара ғой, – деді. Үйге келіп, екеуміз бірге жаттық. Ұлы ұйқыға кете бергенде, баяғы 

күйеуімнің пышағын осыған салдым да, өлтіріп, жата бердім. Ұйықтап кеткен екем. 

– Нанбасаң, мінікей, мынау не ұрлық емей? – деп, көрпені жұлып алды. Қарасам, күйеуім және әкем мен 

шешем. Келіп тұрып, қарап тұр. 

Сол кезде мен де үндемей тұрдым да: 

– Жындымысың, ақымақпысың, немене? Түнде келіп, енеме пышақ салғаның не? Қарап жүріп қаталастың 

ба? – дегенде күйеуім сасып қалып, нанбады. 

– Нанбасаң, атамнан сұрайық, – дедім. 

– Иә, мақұл-ақ, – деді. 

Сұрастыра қарағанда, менікі дұрыс болып, әкемді айыпты қылмай, өзінің айыпты екенін мойнына алып, 

ат-тонымен  шапан  жапты.  Сонан  бері  мен  де  қойдым.  Ал  енді  әңгімеңді  сен  баста,  –  деді  үшінші 

келіншекке. 

– Ал, ендеше, мен де басымнан өткен оқиғамды айтайын. 

– Мені қыз кезімде осы күйеуіме айттырып қойған екен. Бұл өзі көп малды шығын еткен болатын. Сонан 

күйеуге  енді  тиейін  деп  тұрғанда,  адам  қимас,  сүйіскенде  мейірі  қанбайтын  бір  құрдасым 

адамгершілігімді алып қойған болатын. 

Сонан үш-төрт күн өткен соң қалыңдық ойнауға келіп, қасыма жатып байқағанда «адамгершілігің жоқ 

екен»  деп,  тастаған  болатын.  Сөйтіп,  ол  күдер  үзіп  кеткен.  Сонан  ойланып-ойланып,  енді  қайткенмен 

осыған тиюім керек қой деп, мынадай ой таптым. 

Баяғы ойнап-күлген жігітіме айттым: 

–  Сен  үшін  жолымнан  қалдым.  Сондықтан  сен  маған  батырдың  барлық  киімімен  құрал-сайманымен, 

атымен тауып бер дедім. Ол, байғұс, көп кешікпей, тауып берді. Сонан мен батырша киініп, қалқанды, 

найзаны, садақты дайындап, атқа мініп, күйеуімнің үйінің сыртында тұрып айқайлап: 

– Кім бар-ау? – дедім. 

Сол кезде бәйбішесі шығып: «Өзіміз бар», – деді. 

– Бай қайда? – дегенде, «Аттан түсе ғой, қарағым», – деп, атымнан көтеріп алды да, үйіне кіргізді. Сонан 

соң бай: 

– Уа, қарағым, қай ру, кімнің баласы, қай елдің батыры боласың? – деді. 

– Ие, ақсақал, пәлен деген ру, пәленше деген байдың баласымын, сол елден кеше аң аулауға шығып едім. 

Бұл ел қайсысы болады? 

– Ие, пәленше деген байдың елі, – деді. 

Сол уақытта тамақ та пісіп қапты, баяғы мені тастаған күйеуім қолыма су құйды. Тамақты жеп болып 

отырғанда: 

– Иа, қарағым, мынау – менің балам. Жол жүретін болсаң, шығарып салсын, – деді. Мен: 

– Мақұл, – дедім. Сонан соң атқа мініп, біраз жер жүріп, ауылдан қашықтап кеттік. Сонда жігіт айтты: 

– Енді маған ұлықсат па, батыр? – деді. 

– Жоқ, қазір атыңнан түс, – дедім найзамды тақап. 

– Түспесең, өлесің, – дедім. Ол аттан түсті. 

– Енді шешін. Ол шешінді, бірақ көйлек, станын шешпей тұрды. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              809 bet 

– Көйлекті де, станды да шеш, – дедім. Не керек, тырдай жалаңаштап болып, «Енді өлтірем», – дедім. 

– Аға-ғам-ай, не жазығым бар еді? Бұл дүниеде қызық өмір сүре алмадым-ау, әйел де алғаным жоқ еді. 

Енді қыршын кетемін-ау. Не сұрасаң, соны берер едім. Шыбындай жанымды қалдырсаң. Не тілейсің, не 

сұрайсың? – деді. 

– Сенің маған малың да керек емес. Соны берсең болғаны. 

– Не сұрайсың, бәрін берейін, жалғыз-ақ – жанымды қалдыр. 

– Мақұл, олай болса, «артыңды» бер, – дедім. 

– Ойбай, аға, мә, – деп, еңкейе бастады. 

Сол уақытта сауытты шешіп, қалқанды тастап, қыз болып киініп алып: 

– Әй, ақымақ, түрегел. Мен кіммін, білесің бе? Сені еркек дейді, әрі байдың баласы дейді. Мен болсам, 

әйелмін. «Әйел» деп, қорлап тастап едің. Жалынбай-ақ, сен неме «артыңды» бердің ғой. 

Ал, менің де жан қимас адамым болған соң, «беріп» едім. Сенікі не? Сен ерсымақсың, – дедім. 

– Иә, сенікі дұрыс екен. Қателік менен екен. Енді сен елге жаймай–ақ қой. Әкең не тілесе, соны берейін. 

Сөйтіп, екеуміз өмірлік жолдас болайық, – деді. 

Сонан бері мен де ұрлық істемейтін болдым. Сондағы күйеуім осы еді, – деп, сөзін аяқтап болып, үшеуі 

суын алып, үйлеріне тарасты. 

56. ҮШ ӘЙЕЛДІҢ ӘҢГІМЕСІ 

Үш әйел суға барып кеңескенде не десіпті? Бірінші әйел айтады: 

–  Мен  ер  жеткен  кезде  әкем  мені  бір  жігітке  берді.  Өзі  әлді  шаруаның  баласы  еді.  Өзі  сері  жігіт  еді. 

Домбырашы  еді.  Ол  кезде  қазақ  пен  қалмақ  бірін–бірі  шауып,  әкетер  еді.  Елін,  жерін  қорғаймыз  деп, 

азамат  тегіс  ат  үстінде  болушы  еді.  Осының  бірі  менің  ерім  еді.  Бұл  жастықты  қойсаңшы,  мен  басқа 

жігітпен  әуейі  болдым.  Ол  кісім  келіп,  қойнымда  жатып,  ұйықтап  қалыпты.  Мен  де  ұйықтаған  екем. 

Мырзамның атынан түсіп, атын белдеуге байлаған дыбыстан ояндым да, жатсам, төсегіне жатуға келер 

деп, атып тұра кеп, есік ашып, түндікті сырдым. Жігітті қымтап, жауып тастағанмын. Мырза үйге кіріп 

келіп, жүктің үстіндегі домбырасын алып, шертіп-шертіп жіберді. Мен айттым: 

– Мырза, осы домбыраны адам көзімен тарта ма, көңілмен тарта ма? – дедім. Мырзам отырып: 

– Көңілмен тартады, – деді. 

– Мен көзбен тартар, – дедім. 

– Егер көңілмен тартатын болса, мен көзіңді байлайын, тартшы, – дедім. Ер аңғал келеді ғой, «Қанекей, 

байла»,  –  деп,  қасқайып  отырды.  Мен  көзді  байладым  да,  домбырасын  қолына  бердім.  Сонда  күйшім 

«Бозайғыр» деп, күй тартты. Мен соның мәнісін сұрап, алдандыра бердім. Жігіт шығып кетті. Осындай 

сасқаным жоқ шығар. Амалдап, жігіттен зорға құтылғанмын, – деді. 

Екінші әйел: 

– Мен-дағы әлді шаруаның қызы едім. Әкем мені өзіңе тең деп, бір азаматқа әйелдікке берді. Аса жақсы 

ғұмыр сүрдік, күйеуім адамнан асқан мерген еді. Бір күні мені қасына ертіп, саяхатқа шықты. Бір киіктің 

текесі тұр екен. Ату жеріне келді де: 

– Осының қай жерінен атайын, айтшы, – деді. 

Мен тұрдым да «Машұғың білсін», – дедім. Үш рет атты, мен де үш рет «Машұғың білсін», – дедім. 

– Сен мені сыйламадың, сөзімді қайырдың, – деп, маған өкпелеп, мал–мүлкіммен мені тастап кетті. Сол 

күннен бастап мен бір әлді жігітті қолыма ұстап, бір жаңа туған бұзауым бар еді, осыны аяғын байлап, 

мойнына салып жіберіп, таудың басына күніне үш рет шығартушы ем. Басқа жұмысқа қоспаймын, толық 

еңбегін беріп отырдым. Бұзауым тайынша болды, одан өрлеп, бес жасқа жетті. Жігітім бұрынғы ғадетінше 

арқалап, күніне үш рет тау басына апарып, қайтып келер еді. 

Бір күні шаһарда ұлық мейрам болып, бәйге ат шауып, балуан күресін жамбы атып, ат үстінен сайысып, 

аударысуда әркім өз білгенін майданға көрсетіп жатты. Сонда мен тұрып: 

– Менің мына жігітім бес жастағы өгізімді мына тұрған тау басына арқалап шығарып, қайтадан топқа 

әкеледі. Менің ерім жамбы атып, бәйге алушының бірі еді. 

– Өйтіп мақтанба, – деп, маған келіп, сап ете түсті. 

Мен еркекше киінгем, мені танымайды, сол жерде тұрып екеуміз серттестік. Сертіміз былай еді. Ол кісі 

маған бір міндет бермек, соны орындаймын. Ол менікін орындамақ болды. Халық алдында уағдаға кірісіп, 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              810 bet 

жігітіме ишара еткенде, өгізді алып ұрып, аяғын байлап, жонына салып жіберіп, таудың басына арқалап 

барып, қайтадан алып келді. Өгізді босатты, халық шуылдады мергенші ұтылды деп, тілегіңді айт дегенде: 

–  Киіктің  қай  жерінен  атамын  дегенде  «машығыңыз  білсін»,  –  дедім.  «Мені  сыйламадың»,  –  деп,  сіз 

тастадыңыз, машық деген осы. Мен сонан бері сұрасаң, күніне үш рет арқалаттым. Биыл бес жыл болады. 

Маған қойған кінәңізді кешіріп, қайтадан қосылуыңызды сұраймын, – дедім. Жиылған көп бір ауыздан 

шу ете түсті. Мырзам қабыл етіп, қайтадан алды. Осы уақытқа дейін жолдасым, – деді. 

Үшінші қатын: 

– Мен де бір байдың қызы едім. Өзім жас күнімде сасулы едім. Мені бір мырза айттырды. Сол кезде өз 

елімізде  бір  жағынан  асқан  ұста  болды,  қара  темірге  жан  салады  деуге  болар  еді.  Және  күміске  де 

сондайлық  еді.  Ол  жігіт  менен  көңіл  ететін.  Осының  шеберлігіне  қызығып,  дос  болып  қалдым.  Сол 

кездерде күйеуім есік көре келді, жеңгелерім мені апарды. Күйеумен ойнап, күлдік. Күйеу үйіне барған 

соң менің әкеме кісі жіберді. Баласын басқа адамға бере берсін деп, себебі менің жұмысым  – халыққа 

басшы болғандығы сондайлық еді. Мен сасып, ұстаға келдім де: 

– Маған қарала капказдап алтын-күміспен жүргізіп, бір белдік істе, – 

[дедім]. 

Неше түрлі нақышпен бір пышақ істеді. Оны капказдады, бұлардың 

сұлулығы адам таңырқағандай еді. Астыма сұлу қара ат мініп, үстіме қара құлын жарғақ киіп, басыма 

түлкі тымақ киіп, жаныма жолдас ертіп, әлгі мырзаның аулына жақын жерге келіп қондым. Астыртын 

мырза үйде ме деп сұрасам, ертең батысқа атқа мінеді екен, одан гөрі бұрынырақ мініп, тау басынан қарап 

отырдым.  Бір  кезде  мырза  да  шықты.  Мырзаны  өткізіп,  көлденеңдеп  келе,  амандасып  тұрыстық.  Жөн 

сұрасып болған соң баратын бетіміз бір еді. Жүріп келеміз, жол бойында мырза тұрып, кездікті сұрады 

тырнақ кесу үшін. Суырып ұстата бердім. Тырнағын алып болып, өзіме берді. Мырза: 

–  Осы  белдігіңді  бер, құшақтасып,  қияметтік  дос  болдық,  дүниеліктен  не  алам  десеңіз  де,  қолыңызды 

қақпаймын, – деді. 

Мен тұрып: 

–  Шіркін,  дүние  ғой.  Алам  десең  ал,  бірақ  бұл  туралы  менің  сізден  алатын  қолқам  берсеңіз  –  арзан, 

бермесеңіз, қымбат, – дедім. Сонда жігіт тұрып: 

– Ей, сенен еш нәрсе аямаспын, – деді. Ендеше мырза осыны істеген адам баласы ғой, осындай өнеріне 

мен де алдандым, мінекей, алсаңыз, – деп, шешіп тастап едім, жігіт буынып, «Ал, енді менен сұрайтын 

қолқаңды айт», – деді. Сол жерде мен аттан түсіп, еркек киімдерімді өзгертіп, әйел бала киімдерімді кидім, 

өзінің қалыңдығы екенімді танып, тоқтап қалды да: 

– Бердім, – деді. 

– Қатеңді кешірем, – деп, қатамды кешіріп, мені қайтадан жарасып алды. Осы күнгі жолдасым сол ерім 

еді. Бала-шағам да бар, – деді. 

57. АЛСА – БЕРМЕС ПЕН БЕРСЕ – ҚОЙМАС 

Баяғы өткен заманда Алса–бермес, Берсе–қоймас деген екі қу болыпты. Оның аты айтылу себебі олай деп, 

бір кісіден алған затын түк бермейді екен, сол үшін оны Алса–бермес қойған. Берсе–қоймас ол біреуге 

бір  зат  берсе,  алмай  қоймайды  екен.  Сол  үшін  аты  солай  болыпты.  Екеуінің  де  дабысы  жер  жүзіне 

жайылыпты.  Бір  күні  Бағадат  шәрінде  Алса–берместі  естіп,  соған  Берсе-қоймас  бармақ  болып,  көз 

жанарын тартарлық етіп, түрлі алтын сапты кездік соқтырады. 

– Барып, үйіне қонғанда, көрсетейін, сұраса, берейін, – деп, соны алып, бірнеше күн жол жүріп, Алса–

берместің  үйіне  іздеп  келіп,  қонады.  Тамақ  ішіп-жеп  болған  соң  түрлі  кездікті  жайып  салып,  көрсете 

бастайды. Көріп-көріп, сұрамай қойды. Ертеңіне таң атты. Шай ішіп отырып, әйеліне айтыпты: 

– Әй, мен бүгін базарға барып, жөні келсе, бір сиыр сатып әкелейін, – деді. 

Сонымен базарға барды, әлгі қонағы да барды. Барып, базардан бір сиырды сатып алатын болды. Сонда 

он тиыны жетпей қалды. Жан-жағына қараса, түнде үйіне қонған қонағы тұр екен. 

– Әй, он тиының бар ма? – деді. 

–  Бар,  бар,  –  деп,  әкеп  бере  салды.  Сонымен  сиырды  алып,  үйіне  келді.  Кешке  тамақты  ішейін  деп 

отырғанда Берсе–қоймас: 

– Асалаумалейкім, – [деп], кіріп келді. 

– Кел, кел, – деп, орын берді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              811 bet 

– Ал, мен жүремін, әлгі алған он тиының бар ма? – деді. 

– Ойбай-ай, қазір жоқ еді, – деді. 

– О, қиналмаңыз, табылғанда алам, – деп, шығып кетті. 

Ертеңгісін шайды алдына ала бергенде: 

– Асалаумалейкім, – деп, кіріп келді. 

– Кел, кел, жоғары шық, – деді. Шайды ішіп болғанда ол: 

– Бұйымыңды айт, – деді. 

– О-бой-ау, бұйым – өзің алған он тиының бар ма? – деді. 

– О-бай-ай, жоқ еді, – деді. 

– О, онша сіз қиналмаңыз, табылған күні алармын, – деді де, кетіп қалды. Түс болды, әйелі шайды әкеле 

жатып қараса, жүгіріп келеді екен. Оны көріп, әйелі күйеуіне ашуланды. 

– Не болды саған, осы бір ай өте он тиын түгел жүз сомның тамағын ішті, – деп. 

– Әй, олай болса, мен өтірік өлейін. Сен шашыңды жайып, қара киіп, бетіңді қанатып, жылай бер, – деп, 

төсекке құлап, серейіп, «өліп» қалды. 

– Асалаумалейкім, – деп, үйге кіріп келді. Қатыны жылап отыр. 

– Ой, не болды? – деп сұрады. 

– Көріп тұрсың ғой, күйеуім дүниеден кеткенін... 

– О, олай болса, өзім-ақ тазалап, жуайын да, – деп, киімін шешіп, бір шәугім суды өзі от жағып, қайнатып 

әкелді де, шешіндіріп, «бесмылда, оң жақ иығынан бастайын», – деп, қайнаған суды құйып жібергенде, 

тыржың ете қалды. Сонда ақырын: 

– Әй, он тиын бар ма? – деп, құлағына сыбыр ете қалды. 

Тағы құйса, тағы да тыржың ете қалды. 

– Әй, он тиын бар ма? – деп, сыбыр етті құлағына. Жуып та болды. Несін айтасың, бар денесі күйіп те 

болды.  Ақ  шүберекке  орап,  ел  жинап,  ауылдан  молаға  көтеріп  те  барды.  Апарып,  ақымға  қояйын  деп 

көтеріп қойып жатып: 

– Әй, – деді құлағына, – ал, жан керек пе, саған он тиын керек пе? Он тиынды бересің бе, жоқ па? Бермесең, 

ал енді көмеміз. Өлсең де өлдің, өлмесең де өлдің, – деді. 

– Әй, ағатай, өлгенше жақсылық еткеніңді ұмытпайын. Мені көмбе, – деді. 

– Қатын келсін, он тиыныңды берейін, – деді. 

Онан соң көрден шығып: 

– Ал, сіздер қайта беріңіздер, көмуін өзім-ақ көмем, – деді. Ел қайтып кетті. 

Қатыны келді, сонда он тиынды алды: 

– Қош, аман сау бол, – деп, Берсе-қоймас қайтты. 

Осы хабар елге жайылып, елден алған қарызын түгелдей қайырып беріпті дейді. Сонан бастап Береген 

атқа ие болды. 

58. ҚАҢБАҚ ШАЛ 

Қаңбақ шалдың жеңілдігі сондай, жел болған күні ұшарын жел, қонарын сай біледі екен. Бір сайға келіп, 

қонып жатса, бір батыр кеңеседі, екеуі достаспақ болу үшін ең әуелі күштерін сынасады. 

– Мен тепкенде, жердің миын шығарам, – дейді шал. 

– Қане, тепші, – дейді батыр. 

– Мақұл, – деп, бұрыннан жерге көміп қойған құстың үш жұмыртқасын басып қалып, бырс еткізеді. 

– Міне, жердің миын шығардым ба? – дейді. 

– Сен, қане, тас лақтыршы, – дейді батырға шал. Батыр лақтырса, көзкөрім жерге барып түседі. 

– Мен лақтырсам, ертең осы уақыт әрең түседі, – дейді шал. Тасты лақтырып жібереді. Кеш болып, ұйқыға 

кетеді. Түн ортасы алдында шал тұрып, малта таспен батырды маңдайға дәлдеп тұрып, қойып кеп кетіп, 

өзі жата қалады. Батыр шошып оянса, шал жатып: 

– Кешегі менің тасым ғой, жаңа кеп түскен, – дейді. 

Батыр шалды қонаққа шақырады. 

– Мен жүз қой сойсаң, тоямын, – дейді шал. 

– Менде жүз қой жоқ. Тойдыру үшін емес, дәм тату үшін ғана шақырам,  – дейді. Бірер қойын сойып, 

тамақтанып алып, жатарға таянғанда: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              812 bet 

– Мен сыртқа жатам, – дейді шал. Батыр онысын мақұл көріп, төсекті сыртқа салдырып береді. 

Шал ел жатқасын орнына тас қойып, өзі тың тыңдайды. Батыр: 

– Түбіме осы шал жетпей қоймас. Онан да өлтірейін, – деп, қылышын қайрап алып барып, кергітіп отырып, 

бір салғанда, қылышы сынып кетеді. Батыр жайғап салған болармын деп, үйіне жайланып жеткен кезде 

шал тасты лақтырып тастап, өзі орнына жата қалады. 

Ертеңінде таңертең асты ішуге батырмен дастарқанда болады. 

– Қонағым, қалай түнеп шықтың? – дейді. 

– Арқамды маса шаға бергендей болды, – дейді. 

Ертеңінде  тағы  да  өз  орнына  томар  қоя  қояды.  Қайнаған  сумен  бырыстырдым  деп,  батыр  жайланып 

орнынан тұрса, шал ап-аман. 

– Қонағым, жақсы ұйықтадың ба? – деп [сұрайды батыр.] 

–  Жаңбыр  себелеңкіреді,  –  дейді  шал.  Батыр  ат  басындай  алтын  береді.  Шалдың  оны  көтеріп  апаруға 

шамасы жоқ. Онысын сездірмей: 

– Сіз де біздің үйден дәм татыңыз, оныңызды сол барғаныңызда ала келерсіз, – дейді. 

Өзі үйіне бұрын келіп, қатынына ақылын үйретіп-үйретіп қояды. Батыр келеді. Амандасады. Бәрі жым–

жырт отырады. Шал отырып: 

– Қатын, қонағыңа қазан ас, – дейді. 

– Ет жоқ, немді асайын? – дейді қатын. 

– Қара қойдың санын ас, қызыл қойдың басын ас, ол екеуі болмаса, мына батырдың өзін ас! – деуі-ақ мұң 

екен, батыр қаша кеп жөнеледі. 

59.  СӘЛІМ  БАЙБАТША  МЕН  РАХЫМ  БАЙБАТШАЛАРДЫҢ  ҚАЛАЙ  ШҮРЕГЕЙ  ЕТІНЕН  ҚҰР 

ҚАЛҒАНЫ 

Бір күні Сәлім байбатша менен Рахым байбатша аң аулауға шығыпты. Бұлардың қасында құсшы болған 

бір Боқбасар деген қазағы бар екен. Бұлар құстың етін жейміз ғой деп, жол азық алмапты. 

Аң аулап жүргенде, бұларға ешнәрсе кез келмепті. Ертеден бері намазына шейін аулап жүріп, бір жалғыз 

шүрегей атып алыпты. Бұлар көп жүріп шаршаған соң бір жерге келіп, дем алмаққа тоқтапты. Әсіресе, 

қарны  ашқан  соң  атып  алған  үйректің  етін  асып  жемекке  ойланып,  Боқбасарға  үйректің  етін  істікке 

шаншып, «отқа қақта», – деп, бұйрық қылыпты. Байбатшалар дем алуға жатыпты. Боқбасар онша көңілі 

қош болмай, мешкей байбатшалар, тым болмаса, маған үйректің бір жапырағын тастамас деп, үйректі 

жайғастыра  бастапты.  Қашан  Боқбасар  үйректің  жүнін  жұлып  болғанда,  байбатшалар  қынжылып, 

бұлайша депті: «Үйрек бек кішкене екен, екеумізді тойғызбас», [– депті]. «[Ал] Боқбасарға да береміз», – 

деп, бір сөз айтпайды. Боқбасар қазақ болса да, қу қазақ еді. Байбатшалардың не ойлағанын күні бұрын 

біліп, оларға айтты: 

–  Шүрегей  бек  кішкентай,  байбатшалар,  сіз  екеуіңіз  тоймайсыздар. Мұны  жегендеріңмен  қарындарың 

тоймай, ауыздарыңның дәмін алып, бекер тамсанып, сілекейлерің ағар. Менің ойымша, екеулерің бірдей 

аш  болғанша,  онан  да  шүрегейді  біреулерің  жеп,  біреулерің  аш  болыңдар,  –  дейді.  Байбатшалар 

Боқбасардың айтқанын мақұл көрсе де, шүрегейдің етін біріне-бірі қимай, екеулері де аш қалуға көнбеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет