Сонда Боқбасар тұрып, былай дейді:
– Байбатшалар, сіз екеулерің бекер таласпаңдар. Әуелі жатып ұйықтаңыздар. Қашан үйректі мен қақтап,
пісіргенге шейін қай жақсы түс көргендерің үйректі жерсіңдер, – дейді. Байбатшалар Боқбасардың
айтқанын мақұл көріп:
– Мұндай әділеттікпенен билік қылғаныңа бәлі, рақмет, – деп, Боқбасарды мақтайды да, өздері
шапандарын айқара жамылып, ұйықтауға жатты. Бұлар жатқанменен ұйықтамады. (Қайтып ұйықтасын,
бір жағынан, қарны ашып бара жатса, бір жағынан, істікке қақтаған шүрегейдің иісі қызықтырып тұрса.)
Өтірік ұйықтаған болып, «Қандай жақсы түсті ойлап айтсақ екен», – деп жатты. Сол арада Боқбасар
байбатшаларға білдірместен істіктен шүрегейді алып, жайыменен отырып, жеп қойды. Мұнан соң ескі
шекпенін басына бүркеніп, ұйықтап қалды. Біраздан соң байбатшалардың екеуі де қатар оянды. (Себебі –
сол, екеуі бірінің артынан бірі аңдып жатқан еді.) Боқбасарды оятып, бұған көрген түстерін айта бастады
(істіктің сорайып босқа жатқанын аңғармады). Сәлім айтты:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
813 bet
– Мен үстіме ақ шапан киіппін, ақ шалманы басыма ораппын, ақбоз атқа мініп, аспанға ұшыппын.
Аспанда періштелерді көріп, Мұхаммед-Расулменен сөйлесіппін. Маған онда сондай қызық, сондай
тамаша болған еді. Не қылып жылдам оянғаныма өкінемін, – дейді. Рахым айтты:
– Мен де һәм ақ киімдер киіп, ұжмақта болыппын, ұжмақтардың жемістерін асаппын, кәусар шарап
ішіппін, ұжмақтардың бақтарында хор қыздарыменен бірге серуен етіп жүріппін. Ақырында, Рахым
айтты:
– Мен де һәм өкінемін сондай тез оянғаныма, – дейді. Сәлім менен Рахымның айтқан түстерін тыңдап
отырып, Боқбасар айтты:
– Солай, байбатшаларым, сіздердің айтқандарыңыз бәрі рас, – дейді.
– Жаңа мен ұйықтап кетсем, түсімде сіздерді көрдім. Біреуің Мұхаммет пайғамбарменен сөйлесіп, уа,
біреуің хор қыздарыменен сөйлесіп тұр екенсіңдер. Бұл себептен мен ойладым, бұлар көктегі
тамашаларды тастап, қайтып келмес деп, мен шүрегейді жеп қойдым, – дейді.
Мұнан соң байбатшалар сорайып тұрған істікке қарап, көріп, Боқбасардың көрген түсінің дұрыс екеніне
таңғалысты. Рахым шүрегейдің не себепті жоқ болғанына көңіліне күдік алған еді. Қанша айтқаныменен,
Сәлім көпті көрген ақылды емес пе, түсте көрген өңде болуға да мүмкін деп, Боқбасардың айтқанын мақұл
көрді. Сәлім өзінің сөзін расқа шығармақ үшін бір күні түнде өзінің есегін күзеткенде көрген хикаясын
сөйледі.
– Мен қалғып кетіп, түсімде есегімді ұрлайын деп келе жатқан ұрыны қолынан тұттым. Қашан оянып
кеткен едім, екі қолымменен есегімнің құйрығын тұтып отырғанымды көрдім. Мұнан соң байбатшалар:
– Боқбасар үйректі қас қылып, әдейі жеген жоқ шығар. Түсінде жеген шығар, – деп сеніп, қолдарын бір
сілтеп, аңдарын аулап, жүре беріпті.
60. ЖАҚСЫЛЫҚ, ЖАМАНДЫҚ ЖОЛДАС БОЛҒАН
(І – нұсқа)
Бұрынғы заманда Жақсылық пен Жамандық жолдас болыпты. Екеуінің де ат, тоны, азығы болыпты. Екеуі
Жақсылықтың азығымен жүріпті. Жол жүргенде, Жақсылықтың азығы таусылыпты. Жамандық айтыпты:
– Жақсылығым, азығың таусылды, енді қайтесің? – депті.
– Жамандығым, өзің біл! – депті.
– Өзім білсем, атыңды сояйық, – дейді. Жақсылықтың атын сойып, етін екеуі бөліп жепті, азық тағы
таусылыпты.
– Жақсылығым, енді қайтесің, атыңның еті таусылды, – деді.
– Жамандығым, әлі де болса, өзіңіз біліңіз, – депті.
– Өзім білсем, Жақсылығым, бір құлағыңды пісіріп, өзіңе берейін, жеймісің?
– Жеймін, Жамандығым, – депті. Бір құлағын кесті, бір күнге азық болды. Жамандық айтты:
– Бір құлағыңды бір күнге тағы да асып берейін, – депті.
– Тағы да азық таусылды, Жақсылығым, енді қайтейін? – депті.
– Әлі де болса, Жамандығым, өзің біл, – депті.
– Жақсылығым, өзім білсем, бір көзіңді ойып, бір күнге азық қылып берейін, – депті. Бір көзін тағы да
ойып, бір күнге азық қылып берді.
Жақсылықтың ат, тоны, азығы, құлағы, көзі бітті. Жамандық Жақсылықтың азығын бірге жеп, түгесіп,
түгесті. Жақсылықтың азығы таусылған соң, Жамандық азығын бермеді.
– Жақсылығым, – деді, – атыңды сойып жедік, – деді, – екі көзіңді ойып, құлағыңды кесіп, төрт күн азық
бердім, – деді.
– Жақсылығым, енді қайтесің? Енді құлағың жоқ, көзің жоқ, Жақсылық, сені тастап кетемін, – деді.
– Жамандығым, тастап кетсең, бір қалың қара тоғайдың ішіне таста, – деді. Жамандық қалың қара
тоғайдың ішіне Жақсылықты әкеліп, тастап кетті.
Тоғайдың ішінде Жақсылық отырса, бір жолбарыс, бір түлкі, бір қасқыр – үшеуі кеңеседі.
Қасқыр айтады:
– Жолбарысым, сен осы тоғайдан шықпайсың, тоғайда не істеп жүресің? – деді.
– Бұ тоғайда екі бәйтерек бар, – деді, – көзсізге көз береді, құлақсызға құлақ береді. Мен соны аңдып
жүремін, – деді, – қасқырым!
Жолбарыс айтты:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
814 bet
– Сен, қасқырым, осы жерден шықпайсың, неғылып жүресің? – деді.
– Мына жерде бір мың қойлы бай бар, ол байдың бір қара төбеті бар, осы қара төбеттің сүйегі өлген кісіге
жан береді, – деді. – Мен, – деді, – соны алайын деп жүрмін.
Қасқыр айтты:
– Сен, түлкім, сен қара обаның түбінен шықпайсың, не қылып жүрсің? – деді.
– Қара обаның түбінде ат басындай алтын бар, – деді, – соны аңдып жүрмін, – деді.
Бағанағы Жақсылық үшеуінің сөзін естіді, тоғайдың ішін аралады, аралап жүргенде, екі бәйтерек қолына
түсті. Көзін үйкеді, көзі бітті, құлағын үйкеп, екі құлақ бітті. Тоғайдан Жақсылық шықты, бағанағы қара
обаның түбіне келді, түлкінің қарап жүрген ат басындай алтынды алды. Ат басындай алтынды алып, мың
қойлы байдікіне келді.
– Бай, – деді, – қара төбетіңді сатамысың? – деді.
– Не бересің? – деді.
– Ат басындай алтын берейін, – деді.
– Ат басындай алтын берсең, ал! – деді. Қара төбетті ат басындай алтын беріп алды, қара төбетті жетелеп,
далаға алып шықты. Қара төбетті бір жерге келіп, ұрып өлтірді. Шақпағын Жақсылық шақты, от жақты,
қара төбетті өртеді, құр қара төбеттің сүйегі қалды, сүйегін Жақсылық алды, сүйегін алып, түйді. Сүйегін
ап, ақ қылып түйді, түйіп, екі шонтайға салып алды, жүріп, бір хандікіне келді.
– Неғып жүрген адамсың? – деді.
– Ұлсызға ұл болайын деп жүрмін, қызсызға қыз болайын деп жүрмін, – деді.
Ханның ханшасы айтты:
– Ұлсызға ұл болсаң, – деді, – маған ұл бол! Менің ұлым жоқ, хан ауырып жатыр, – деді.
– Ұл болайын саған, – деді.
Ұл болды, ұл болып, жылқыға кетті. Кешке Жақсылық жылқыдан келсе, хан өліп калыпты. Ханша жылап
отыр екен. Жақсылық жылқыдан кеп, «Жылама», – деді.
– Тірілер, – деді. Бағанағы қара төбеттің сүйегі өлген кісіге жан береді. Қара төбеттің сүйегінен Жақсылық
ханшаға кішкене берді, «Апарып, ханның аузына сал!» – деп. Ханша барып, ханның аузына салып еді,
хан «Қатты ұйықтап кеткенмін», – деп түрегелді.
Ертең хан елі-жұртын жиды. Жақсылық ханшаға айтты. Хан елі-жұртын алып, «Маған жақсылық қылған
кісі бар ма?» – деп сұраса, «Мені айтпа», – деп, Жақсылық жылқыға кетті.
Ертең хан елі-жұртынан:
– Маған жақсылық қылған кісі бар ма? – деп сұрады.
– Ешкім жақсылық қылған жоқ, – деді. Елі-жұрты тарқап кетті.
– Енді кім қалды? – деді. Ханша айтты:
– Ханым, – деді, – сен ауырып жатқанда, мен бір жігітті бала қылып алып едім. Жылқыда бір-ақ сол қалды,
шақыр соны, – деді.
Хан Жақсылықты шақыртып алды.
– Сен маған жақсылық қылдың ба? – деді.
– Мен сізге көп жақсылық қылғаным жоқ, – деді.
– Бір кішкене ханшаға ақ дәрі беріп едім, ханша апарып, сіздің аузыңызға салды. Сіз «Қатты ұйықтап
кеткен екенмін», – деп түрегелдіңіз. Мен сонан басқа жақсылық қылғаным жоқ, – деді.
– Ханша, дәрі бергені шын ба? – хан сұрады. Ханша айтты:
– Шын. Хан алтын тағынан түсті, алтын тағын Жақсылыққа берді. Ай десе аузы жоқ, күн десе көзі жоқ,
бір сұлу қызы бар екен.
– Маған жақсылық қылсаң, қызымды саған берейін, – деді. Жалғыз қызын берді, қара қылдан қақ жарып,
малын берді, күйеу қылып алды. Жақсылық байып жүрді.
Жақсылық бір күнде жылқыда жүрсе, баяғы жолдас болған Жамандық жолдасы кез келеді.
– Жақсылық, сен не қылып адам болдың? – деді.
– Мен сөйтіп, сөйтіп, жүрдім, – деп, Жақсылық шынын айтты.
Жамандық айтты:
– Жақсылығым, мені қалың қара тоғайдың ішіне апарып тасташы, мен де сендей адам болар ма екенмін,
– деді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
815 bet
– Мен сенің екі көзіңді, екі құлағыңды алып, сені тоғайдың ішіне тастап кетейін. Сен де адам боласың, –
деді.
– Менің екі көзімді ойып, екі құлағымды кесіп тастап, өзің адам болған тоғайға мені де апарып тасташы,
– деді.
Жақсылық апарып, тоғайдың ішіне Жамандықты тастады.
Түлкі менен қасқыр, жолбарыс – үшеуі тоғайдың ішін қарады, қарап жүріп, бір жерде Жамандықты тауып
алды, жеп қойды үшеуі.
– «Жақсылыққа – жақсылық, жамандыққа – жамандық» деген осы екен, – деп, үшеуі оны жеп қойды.
61. ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ЖАМАНДЫҚ
(ІІ – нұсқа)
Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық деген кісілер болыпты. Бір күні Жамандық жол жүріп келе
жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Сонда Жамандық
тұрып:
– Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кет, – депті.
Жақсылық:
– Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жерге барып, атты байлап, жаяу кете берерсің. Мен жетіп,
атпен біраз жер жүріп, саған тағы байлап кетермін. Сөйтіп, баратын жерімізге жетейік. Екеуіміз мінгессек,
атқа қиын соғар, – депті.
Сонсын Жамандық:
– Жарар, – деп, атқа мініп, кете беріпті. Жақсылық жолда әбден шаршапты. Жамандық атына мініп алып,
Жақсылықты есіне алмастан кете беріпті. Жақсылық шаршап, талып, кешке жақын бір күркеге келеді.
Ішіне кірсе, жан жоқ. Бірақ ортада үлкен қазан асулы тұр екен.
– Айдалада қайнап тұрған не қылған тамақ, дәм татайын, – деп, шынтағының ұшын батырып, дәм татады
да, күркенің төбесіне шығып жатады.
Бір уақытта қасқыр, түлкі, арыстан – үшеуі келіп, күркеге кіріпті. Түлкі тамақты көре салып:
– Ойбай, мына тамақтан біреу ішіпті, – деп, ойбай салады. Қасқыр мен арыстан екеуі:
– Кім жеуші еді, адам келетін жер ме бұл жер? – деп кейігесін үшеуі отырып, тамақ ішіп, әңгімеге кіріседі.
Арыстан, қасқыр, түлкі көрген-білгендерін айтысады.
– Түлкі, сен не көрдің, не естіп білдің? – дейді арыстан мен қасқыр түлкіге. Сонда түлкі тұрып:
– Мен бір жерден бір алтын көрдім. Бәленше байдың қыстауының қасындағы жаман қыстаудың
ортасында бір сүйем жердің астында бір құмыра алтынды күнде қарауылдап қарап келемін, – дейді.
Сонда қасқыр тұрып:
– Мен күнде пәленше байдың қойының арасында үлкен ала тоқтыны қарауылдап келемін. Себебі – сол
байдың ауырып жатқан бойжеткен қызы бар, ем қылса да, жазылмайды және де оның емін ешкім білмейді.
Бірақ мен білемін, ол қызды жазатын – ала тоқты. Ала тоқтыны сойып, өкпесімен қақса, жазылады. Тағы
ол бай жар салдырған «кімде-кім осы қызымды жазса, соған осы қызымды беремін», – деп. Оның емін әлі
ешкім тауып айтқан жоқ. Тауып айта алмайды да, – дейді.
Арыстанға кезек келгесін арыстан тұрып:
– Мен де түнде барып, түгенше байдың жылқысының біреуін жеп келемін. Ол бай мені ешуақытта ұстай
алмайды. Және мені оның ешбір жылқысы қуып жете алмайды. Жететін бір ақ тай бар. Ол тай пәлен
тоғайдағы жылқының ішінде, со тайдан басқасынан мен құтылып кете беремін. Және ол байдың жар
салғаны бар, кімде-кім менің жылқымды жеп жүрген арыстанды ұстап берсе, соған бір үйір жылқымды
беремін деген, – деп, әңгімелерін тауысып, ұйықтап, азаннан тұрып, жұмыстарына кетеді.
Жақсылық барлық әңгімені естіп алып, дуана құсап, байдікіне кіреді. Бай қалендер адам болғансын
құрметтеп, «Жоғары шығыңыз», – деп, Жақсылық науқас қызға қарап:
– Баланы емдетпей, қинапсыңдар ғой, неғып осы уақытқа шейін ала тоқтыны соймадың? – дейді. Бай:
– Тақсырым, лажын сіз таптыңыз, біз састық, – дейді. Жақсылық:
– Олай болса, әкел анау үлкен ала тоқтыны, соның өкпесінде мұның ауруы, – дейді. Бай дереу
қойшыларды жіберіп, тоқтыны алдырады. Жақсылық тоқтының өкпесімен қағып, қызды жазып, өзі алады.
Сөйтіп, бағанағы жаман қыстауға келеді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
816 bet
Қораның ортасынан бір сүйемдей қазса, бір құмыра алтын шығады, оны алып, арыстанның айтқан жеріне
барады. Барса, бай әлі арыстанды ұстаған жоқ екен. Сонда байға Жақсылық айтыпты:
– Мен сол арыстанды ұстап берсем, сен маған не бересің? – деп.
Бай айтады:
– Егер ұстап берсең, саған бір үйір жылқы беремін, – деп.
Жақсылық:
– Жарар, – деп, тоғайдағы жылқыларының ішіндегі ала тайды ұстап алып, арыстанды күтіп тұрыпты.
Арыстан келіп, бір жылқыны алып, қаша бергенде, Жақсылық әлгі ала таймен қуып жетіп, арыстанды
ұрып жығып, байдың бір үйір жылқысын алып, үлкен бай бопты.
Неше ай, неше жылдар өткенде бір күні Жамандық келіпті. Қараса, үсті-басында дым жоқ, қайыршы,
дуана секілді болып келіп, Жақсылықты көріп:
– Ойбай! Жақсылық, мен саған жамандық қыламын деп, мұндай күйге ұшырадым. Енді сен мені адам қыл.
Сен бұл мал-мүліктерді қайақтан таптың? – дейді.
Сонда Жақсылық:
– Не де болса, адамзатсың ғой, сен жамандық қылғанмен, мен саған жақсылық қылайын, – деп, өзінің
көрген уақиғасын айтыпты.
– Сөйтіп, сен қазір барғасын пәлен төбедегі күрке бар, оның ішінде асулы қазан бар, оның ішіндегі еттен
жеме, тек шынтағыңды батырып, дәмін көр де, күркенің үстіне шығып, жат. Сонда түлкі, қасқыр, арыстан
келеді. Сөйтіп, олар әңгіме қылады, солардан есіткен сөздеріңді істесең, сен де осындай бай боласың, –
депті.
Сосын Жамандық:
– Жарайды, – деп, баяғы күркеге барыпты. Қараса, қазан тола ет, көзі қызығып кетіп, шыдай алмай:
– Мынау жілігін жейінші, омыртқасын жейінші, – деп, ақырында, сорпасынан да бес-алты ұрттап алыпты.
Сөйтіп, күркенің төбесіне шығып жатыпты.
Бір уақытта түлкі, арыстан, қасқыр – үшеуі кіріп кепті. Түлкі тамақты көре салып:
– Ойбай, мына еттің тоқпақ жілігі жоқ... омыртқасы жоқ... сорпасы жоқ. Біреу ішіпті, – депті. Сонсын
арыстан, қасқыр тұрып:
– Кім жеуші еді соны, бұл жерге адам келуші ме еді? – депті. Сонда түлкі:
– Жоқ, бір бәле бар, мен осы түсті [тұсты дегені] көрейінші, – деп, жата қалыпты. Біраздан соң тұрып:
– Осы тамның басына шығайықшы. Сонда бір бәле барға ұқсайды, – депті.
Бұл сөзін аналар да мақұл көріп, шықса, Жамандық жатыр. Үшеуі ортаға алып тұрып, Жамандықты жеп,
ыңқайып тойып алады. Сөйтіп, Жақсылық жақсылығымен бай болып, мұрат-мақсатына жетіпті.
Жамандық жамандығымен ит-құсқа жем болып қалыпты.
62. РАС ҺӘМ ҚИСЫҚ
Баяғы заманда қанша уақыт өткенін білмейміз, қазақ жерінде апалы-сіңлілі екі қыз болыпты. Үлкенінің
есімі − Рас, Кішісінің есімі – Қисық. Бұл қыздар бек кедей екен. Күн көруге қаражаты болмай, бір ауылдан
бір ауылға қайыр сұрап жүріпті. Қазақтар шамасы келгенше бұларға қайыр беруші еді. Рас көркем,
салмақты еді һәм адал жүріп, тыныш жүруші еді. Сонысына қарай қазақтар мұны жақсы көруші еді.
Растың сіңлісі Қисық тынышсыз, ұрысқақ, қу болыпты. Һәм оңай жатқан нәрсе болса, ұрлап әкетуші еді.
Мұндай мінезіне қарай қазақтар мұны жек көруші еді.
Бұл екеуі көп зәрушілік көрісті. Ғұмырларында шаттық етіп, бақ көре алмады. Ғұмырлары мұндайменен
өтті, арты қандай болары белгісіз. Күндерде бір күн бұл екеуі ауылдан алысырақ барып, кеңес құрысты.
Ақырында, ойласып-ойласып, өзге тарапқа барысып, бағын сынаспақшы болды. Әр ауылдан ірімшік, құрт
жиып алып, екеуі де ақырындап, жолға түсті. Бұлар дамыл алмай, көп жүрді. Жел жоқ, салқын соқпай,
ауа айналып, жерге түскендей ыстық болды. Жан-жаққа қараған, ешнәрсе көрінбеді. Мұндай ыстық
уақытта жан-жануар қамысқа қорғалаушы еді. Осыған қарағанда бұл екі міскіннің сапары бек қиын болды.
Күн батып бара жатқанда, бұл жолаушылар Түркістан жерінде Темір деген өзеннің жағасына келді. Бұл
уақытта алқызыл болып батқан күннің сәулесі жердің жүзінен шыққандай болып көгерген аспанмен
шашырап, бір нұрлы жұлдызға ұқсады. Бұл жұлдыздың алқызыл нұры жердің бетіне жайыла жатып,
күмістей жарқыратты даланың сарғайған шөбін, қамыстарды, өзеннің жағаларын һәм көрініп тұрған
аймақтың бәрін. Түс уақытында ыстық басылды. Ауа бұрынғысындай емес, жел де басылды. Өзеннің
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
817 bet
бойынан жан-жаққа қарай шу көтерілді. Күн ысығанда қалғығандай болған дала салқын түскен соң у-
шуға тола бастады. Алысырақ балықшы деген құс шақырды. Жылқыдан адасқан құлын кісінеді. Әртүрлі
дыбыс шықты. Сиырлар мөңіреп, қой маңырап, бұлардан жоғары аспанда бүркіт айналып жүрді.
Ымырт бата бастады. Жақын арадағы ауылдан от шықты. Қазақтардың ұрғашылары салма деген тамағын
пісіре бастады. Екі қыз жерге отырысып, тамақтарын жесе бастады. Міскін Рас бек жаман шаршап,
ұйықтағысы келіп отыр еді сіңлісі Қисық жаны ашығандай болып айтты: «Азық салған дорбаң ауыр
шығар, саған жеңіл болуға әуелі сенің азығыңды жейік, одан соң менің азығымды жерміз». Растың
көңілінде дәнеме жоқ, сіңлісі Қисықтың айтқанына көнді. Бір-екі күн өткен соң Растың азығы бітті. Бұлар
қонатын жерге келді. Азығы таусылған соң Рас сіңлісінен азық сұрап еді, Қисық мұны мазақ қылып, күлді.
«Сен ақымақсың ба, өз азығыңды жеп қойып, енді саған не керек?» − дейді. Рас бұл сөзге аң-таң болып,
Қисықтың неге күлгенін білмей, оған айтты: «Менің азығымды бірге жеп, түгесіп едің. Егер де менің
азығым таусылса, сен маған қарасамын деп, уәде беріп едің», − дейді. «Олай емес, мен мұндай іс істемен,
азығым таусылған соң мен қайтемін?», − деп, Қисық жауап берді. Рас қанша сұраса да, Қисықтан бір үзім
нан ала алмай, қарны ашып, жылап, ұйықтап қалды.
Келер күні екеуі жолға түсіп, Рас аштықтан әрең аяғын басты және күн бек ыстық еді. Аш бейшара мұндай
ыстықта қалайша жүрсін? Мидай далада ыстықтан қызған пештей болды.
Сарғайған қыр қоншы шөптер сабағын имитіп, бастарын жерге салбыратып тұр. Жерден салқын һәм дым
сорғаннан, күннің қызғанынан құм да қарайып кетті. Аппақ болған қақтар әртүрлі түске түсті. Бұл қақтар
мұндай болып жалтыраған, көз жұмбай, тік қарауға лаж жоқ болды. Осы уақытта дала тып-тыныш еді.
Жанды нәрселер күйіп тұрған күннен қашып, әр жерге кетті. Көшкен ел жоқ, жүрген керуен жоқ, жалғыз-
ақ екі міскін әйелден басқа, құм басқан жол. Бір қимылдаған Рас бишара күші кетіп, дәрменсіз болып,
жерге жығылды. Жан-жаққа қараса, ешнәрсе жоқ, мидай даладан басқа. Бұл бек сусап еді. Сусын ішейін
десе, жақын арада құдық та һәм бұлақ та жоқ. Пақырлар, Рас бек қабағат шөлдеді. Аузы кеуіп, Рас
сіңлісінен жалынып, жалпайып, бір кесек құрт сұрады. Құдай сақтасын, Қисық мұның сөзін естімей, еш
қайрылыспады. Бірақ айтты: «Егер маған екі көзіңді ойдырсаң, сонда саған құрт беремін», − деп, Қисық
айтты. Рас, пақыр мұндай сөзден бек сескенді һәм зарланып, сіңлісінен құрт сұрады. «Мен көзсіз қайтып
күн көремін?» − деп. «Сен көзсіз болсаң, мен сені орыстарға апарамын, олар бізге көп қайыр береді. Бұл
жерден біз бай болып кетеміз», − дейді. Рас уһлеп, күрсініп, Құдай тағалаға мінәжат айтып, Қисықтың
айтқанына көнді. Қисық мұның екі көзін ойып алып һәм бұған қараспай, далаға жапа-жалғыз тастады өз
жөніне жүре беріп. Екі көзінің орнынан қан кетіп, Рас қансырап, талып қалды. Бірқадар уақытта тұрды,
пақыр көп қиналды көзінің жарасынан. Көзсіз болған бейшараға жер дүниенің бәрі қараңғы болды, сөзіме
нанар болсаң. Бәрі еске түсіп, Рас бек қатты жылады зар тұтып. «Мидай далаға тастама!», − деп, сіңлісін
шақырды. Мұның даусын кім естиді? Қисық әлдеқашан безіп кеткен. Мұндай басқа түскен пәледен
құтылмасын біліп, Рас Аллаға дұға қылды «Маған өлім бер», − деп. Құдай тағала мұның дұғасын естіп,
бүркіт сүгіретінде қып бұған періштені жіберді. Періште мұның қасына келіп айтты: «Әй, мұсылман,
саған не болды? Маған бәрін айт, мені саған Мұхаммет пайғамбар жіберді». Періштенің мұндай айтқан
жылы сөзін естіп, Рас өз ахуалын мағлұм етті. «Көп жылама, жылауды Құдай сүймейді. Сен бақытты
боларсың», − деп, бүркіт бұған бір торсық өлгенді тірілтетін су берді көзін жууға. Рас мұның айтқанының
баршасын істеп еді, көзі бұрынғыдай сау саламат болды. Бүркіт ұшып кетіп, недәуір заманда бір торсық
қымыз, шелпек һәм құрт әкеліп берді. Рас әкелген тамақты асап, қымызды ішіп, қатты ұйықтап қалды.
Келер күні ұйқысынан оянса, күн шыққан екен. Кешегі жолсыз жерде айнадай жалтырап бұлақ аққан,
жағалары сексеуіл һәм қамысқа толып жатқан. Бұл ұйықтап жатқан қызға қалың қамыстың һәм
сексеуілдің көлеңкесі түскен екен. Мұның жанында бір шұңқырдың қасында бүркіт отыр еді. Рас мұның
жанына келіп, шұңқырға қарады. Мінеки, бұған дәулет орнады. Шұңқыр толған алтын екен. Шұңқырға
қарап, өз көзіне сенбей тұрды. «Мұның баршасы сенікі», − деп, Расқа бүркіт айтты. Рас бек шаттықпен
көп ойламай, алтынды қапшығына сала бастады һәм азығынан азырақ жеп, жолға түсті. Мұның алдында
бүркіт ұшып отырды бұған жол көрсетіп. Бүркітпенен жолдас болып, Рас бір орыстың қаласына келді.
Көшеде келе жатып, бетпе-бет Қисық екеуі жолығыса кетті. Қисық Расты көріп бек қайран қалды. Бұны,
ғажайып, көзі жоқ еді, көзі сау һәм тірі. «Мені танымай тұрмысың?», − деп, Рас бұған айтты. «Сені танып
тұрмын. Қалайша сен мидай даладан жол тауып, мұнда келдің?», − деп, Қисық сұрады тілін шолжаңдатып,
аузы арақ сасып. Рас жауап берді ешнәрсені тастамай, бәрін айтты және алтын тауып алғанын да
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
818 bet
жасырмай. «Сенің ақшаң бар екен, маған бөліп бер», − деп, Қисық Расқа айтты. Жуас, ақкөңілді Рас арам Достарыңызбен бөлісу: |