ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет131/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   153

болып бұл жерге келіп, бұл ханның қол астына келіп, өзі ол ханға күйеу болғанына дейін айтады. «Сен 

ертең әкеңе хабар бер, бәрі дүзелді, менің қасыма жатты деп. Егерде менің байым табылса, ол менен асқан 

сұлу, екеумізге де бай бола алады. Ең керегі сен маған сөйтіп жәрдем ет», – деп ханның қызына түнімен 

жалынып уәдесін алып, біреуі әйел, біреуі бай болып сол ханның қаласында, қол астында тұра береді. 

Сөйтіп жүргенде хан атасы ауырып қайтыс болып, оның орнына өзі хан болып тұрады. Баяғы өзі көшіп 

келетін кемелер өзінің қарауына қарап қалады. 

Ол солай хан болып, ел билеп тұра тұрсын. Ендігі сөзді бидің жоғалған баласынан есітелік. Ол сол шалға 

бала болып, бақша салысып бақша қызметінде бірнеше жыл шалмен бірге тұрады. Бір күні бақша піскен 

кез екен, түнде бақшаны аралап келе жатса, бір асқабақтың үстінде баяғы өзінің қолынан гауһарын алып 

кеткен  құлақты  жапалақ  отыр  және  аяғында  гауһары  тұр.  Бала  бұны  көріп,  бір  тасты  қолына  алып 

жапалақтың арт жағынан жақындап келіп, таспен жатқыза келіп қойып қалыпты. Жапалақ тоңқалаң асып 

құлап, өліп қалады. Сонан соң бала жүгіріп барып гауһарын алып, сол қуанған күйінде атасына келеді. 

Шал да қуанып: 

– Енді, балам, еліңді ізде, – деп, бір қол сандық жасап, оған қауыншек толтырып, оның, үстіне гауһарын 

салып,  аузына  құлып  салып,  баланы  «кемеге  мін»  деп  жөнелтіп  жібереді.  Бала  кемеге  барып  мінуге 

ұлықсат алып, қол сандығын кеме ішіне қойып, енді көптен дәмдес болып едім, атамды енді бір барып 

көріп, қоштасып келейін деп барса, шал өлейін деп жатыр екен, шал қайтыс болған соң, оны тастап кете 

алмай, оны оқытып, арулап, қабірін қазып, оны қабірге салып, қабірдің бетін жаба бергенде кеме жүретін 

белгісін  беріп,  жүріп  кетіпті.  Бидің  баласы  сөйтіп  кемеден  қалып  қойып,  шалдың  орнына,  бұрынғы 

шалдың барындағы кәсібін істеп жүре беріпті. Ал кемешілер иесі жоқ нәрсені ханға тапсыратын әдеттері 

бойынша, баяғы баланың, қол сандығын әкеліп ханға тапсырып, барлық мән-жайын айтыпты. Сонан кейін 

хан оны сарайына кіргізіп, сандықты ашып қараса өзінін гауһарын көріп және іші толған қауыншектерді 

көріп, кеме бастығын шақырып алып, «дереу осы сандықтың иесін тауып әкеліңдер» деп әмір беріпті. Хан 

әмір еткен соң, бір жеңіл кемеге мініп алып кеме бастығы баяғы бала сандық салған кеме тұратын орынға 

келіп,  баланың  кеткен  жағына  қарай  қасына  екі-үш  жігіт  ертіп  келсе,  бала  бақша  аралап  жүр  екен, 

сәлемдесіп-амандасқаннан кейін, «сен кемеге қол сандығыңды тастап, өзің мінбей қалдың, енді мына біз 

саған келдік, бізбен жүресің» десе, бала «мен бармаймын» дейді. Сонан кейін баланы байлап алып, кемеге 

салып ханға әкеліп беріпті, хан баяғы сандықты сарайға кіргізіп, сыртынан құлып салып қойыпты. Кеш 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              879 bet 

болып ел жатқан соң, қолына шам алып, қасына өзінің әйелін ертіп, хан бала жатқан сарайға келіп, балаға 

қарап: 

– Мені танисың ба? – депті. 



Онда бала: 

– Жоқ, білмеймін, – дейді. 

Сонан кейін хан бетіндегі пердесін алып тастап: 

– Енді таныдың ба? – дегенде, бала құшақтап алып, өзінің бетіндегі пердесінде алып жібергенде екеуінің 

бет сәулесі сарайды жарық қылыпты. Сонан соң әйелінің үстіндегі өзінің киімін өзі қайта киіп, әйелімен 

қайта көрісіп, көрген-білген оқиғаларын айтысып, әйелінің алған әйелін өзі алып, әйелінің орнына хан 

болып, ертеңіне халқына жар салады: 

– Кешегі кеме бастығы тауып әкелген менің жоғалған әйелім екен, еркек киімін киіп, еркек болып жүрген, 

– деп той жасап, кеме бастығына көп сыйлықтар беріпті. Сонан соң бірнеше жыл сол елде тұрып, соңғы 

алған әйелі бір ұл туыпты. Сонан кейін өзінің еліне көшіп келіп, баяғы әке-шешесіне қосылып, бай болып, 

патша мұратына жетіп, бақалшақтары көкке жетіпті. 

7. Жақсылыққа жақсылық 

Бір жігіт жолаушы жүрмек болып, жалғыз өзі келе жатса, артынан бір жігіт қуып жетеді. Сөйтсе оның да 

бара жатқан жағы осы екен. Бұл екеуінің артынан тағы бір жігіт қуып жетеді. Сөйтіп, үш жігіт болып келе 

жатады. Сол екі арада аспаннан бір қара бұлт шығып, қатты жауын болады. Үш жігіт атымызды осы жерге 

тастап кетейік деп ақыл қосып, өздері бір жартастың астына барып кіреді. Бұлар кең жартастың астына 

кіріп болған кезде жартас осы үш жігіттің жанына залалсыз қараңғылық түсіріп, басып қалады. Үш жігіт 

бұдан бұрын бірін-бірі көріп, жолдас болмаған адамдар еді. Құданың құдіретімен кездесіп, жолдас болып, 

ұзақ жол жүрмей-ақ осындай қараңғылықа түсті. 

–  Ал,  жігіттер,  кімнің  қандай  істеген  жақсылығы  бар.  Қандай  адамдарға  жаманшылық  істедіңіздер, 

айтыңыздар, – деседі. Соның ішінде бір жігіт тұрып: 

– Менің жақсылық дейтін жақсылығым жоқ, жамандық дейтін жамандығым да жоқ – дейді. Менің әкем 

кедей болған адам екен. Шешем кәрі, елден алыс отырады екен. Әкемнің мал дегенде бес лақ ешкісі бар 

екен. Әке-шешемнің аузы ораза екен. Менің сол кезде он-он бір жас шамасындағы бала күнім. Бір күні 

малды  айдап,  даладан  келсем,  әке-шешем  қатты  ұйықтап  жатыр  екен.  Күн  кеш  батып  қалыпты.  Ауыз 

ашатын уақыт та болып қалды. Әке-шешемді оятпай ешкіні өзім сауып, сүтін пісіріп қойдым. Әгер сүтті 

жерге қойсам сүт суып кетеді, Әгер әке-шешемді оятсам тәтті ұйқысын бұзамын деп, не істерімді білмей 

тұр едім, сол кезде әке-шешемнің өзі оянып дәретін алып, ауызын ашпақ болды. Шешем қазан-аяқ жақтан 

қазанды іздеді. Мен шешеме: 

– Шеше, сүтті пісіріп дайындап отырып, сіздерді оятуға ұйқыларыңызды қимадым, – дедім. Сонда әке-

шешем менің қолымдағы қазанды алып қолыма қараса екі алақаным күйіп қалыпты. Әке-шешем маған 

қатты ырзы болып: 

– Анық  атаның белінен, ананың құрсағынан болған  баламыз екенсің, қарағым,  – деп мәз болысты. Ал 

осыны өзімде жақсылыққа есептеймін. Осынан бір жақсылық болмаса, басқадан менің күтер жақсылығым 

жоқ,  –  дейді.  Сонда  үш  жігітті  басып  тұрған  қара  жартас  аздап  ашылып,  жарық  түскендей  болады. 

Жігіттер: 

– Я, алла, құдай-ай, – деседі. 

– Бір кезде халық аш болып, мен сол халыққа нан таратып беріп тұратын саудагер болдым, – деп бастады 

әңгімесін екінші біреуі. Сол нан алушылардың ішінде бір әйелге көңілім түсті. Ол күнде жас кезім еді. 

Әйелді  өзіме  қалай  қаратып  алам  деген  оймен  ғашықтығымды  айтып  едім,  ол  мені  өзіне  жақындатып 

жақсы сөзін бермеді. Мен сол әйелге тиесілі нанын бермедім. Арада бір жұма өтті. Ері әйеліне: 

– Шырағым, сенің наның қайда, міне бір жұма болды, – дейді. 

Сонда әйелі: 

– Ей, құдай қосқан сен менің ерім едің. Сенімен қосылғанда менде анадан туған қалпымда, сен де анаңнан 

тіған қалпыңда қосылып, өмірлік жолдас болып едік. Өміріміз балдай тәтті болсын деп бал жаласып едік. 

Әгер қай-қайсымыз құдайға берген уағдадан бұзылсақ құдай алдында қара жүзді болайық деспедік пе, – 

дейді. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              880 bet 

– Жоқ, егер өзіміз ғана болсақ ол солай болар еді. Мына үш баланың көз жас обалына қалармыз. Құдай 

алдында қарыз қылмайын. Сол жігіттің көңілін тауып, балдарыңа нан әкеліп бер, – деп ері ұлықсат етеді. 

Әйел келіп, кешегідей емес саудагер жігітке қылмыңдап, көз қарасы дүзеліп, бір жақсылық хабары бар 

адамдай болғанға саудагер қуанып мына халықты шапшаңдатып, жөнелтіп салады. Әлгі келген әйелді 

жекелеп алып шығып: 

– Ал, не айтасыз, – дейді. Әйел теріс қарап, жігітті көрмегенде лажысыздан болса да: 

– Біз сіздік, – дейді. Бұған жігіт қуанып, енді шариғат жағын қарастырып, апарып шариғатқа келмекші 

болғанда  әйел  қатты  қысылып,  терлеп-тепшіп,  өңі  қашып,  бұзылып,  солқылдап  тұрады.  Сонда  жігіт 

лашысын тоқтатып, әйелден сұрайды: 

–  Шырағым,  осыншама  неге  қатты  терліп,  қысылдың.  Мендей  еркек  көрмедің  бе,  болмаса  сізге 

жақпағандай нем бар, – дейді. 

Сонда әйел тұрып: 

–  Мен  еріммен  қосылғанда  құдай  деген  сөзбен  қосылған  едім.  Қарам  жолға  жүрмеске  амал  жоқ,  өзім 

аштан өлсем өлер едім, бірақ, балаларым үшін күйеуімнен ұлықсат алып, сіздің көңіліңізді аулауға келдім, 

– депті. 

– Я, құдай-ай, кеш кеш. Мен жолдан тайып, біреудің алалын арамдамақ болған екенмін, – деп, тәубаға 

келіп, әлгі әйелді азат еттім. Қалған күндерінің нанын беріп, сол әйелдің ерімен дос болдым. Білмеймін, 

осымнан бір жақсылық күтепесем, басқа адамға істеген жамандығым да, жақсылығым да жоқ еді, – дейді. 

Сонда қара жартас қарыс көтеріліп, бір-бірінің өңін көріпті. 

Үшінші жігіт: 

– Мен патша болдым. Келешекке мұнара боларлықтай іс болсын деп бір үй салдырдым. Қол астымдағы 

елге  хабарлап,  таңертең  басталып,  бір  күн  ішінде,  кешке  бітеді  деп  жария  қылдым,  –  депті.  Халық 

жиналып,  ертеңіне  сағат  алтыда  жұмыс  басталды.  Біреу  ағаш  кесіп,  біреу  ағаш  тартып,  енді  біреуі  үй 

салып жатыр. Сол жиналған халықтың ішінде біреу сағат тоғызда келді. Балтасын ағашқа қадап қойып, 

алдымен  тамаққа  отырды.  Тамаққа  тойып  алып,  темекісін  атып  барып  жұмысқа  кірісті.  Кешке  жұмыс 

көңілдегідей істеліп бітті. Адам басына жиырма тиыннан ақша ақы төледім. Әлгі соңынан келген адамға 

он тиын бердім. Ол адам бұған наразы болып, он тиын ақшаны алмады. Жиналған халық тарады. Ол он 

тиын менің қалтамда кетті. Арада бес жыл уақыт өтті. Егер сол он тиынды құдайы садақаға берсем, не 

маған, не сол ақшаның иесіне пайда жоқ. Қой, онан да сол он тиынға не келер екен, базарға барайын, он 

тиынның  құны  не  болар  екен  деп,  ойлап  жолға  шықтым.  Он  тиынға  бір  тауық  сатып  алып,  оны 

жұмыртқалатып,  жұмыртқасын  сатып,  балапан  бастырып  жүргенде,  келесі  жылы  он  тауық  болды. 

Айналасы осы тауықтан көп ақша, он бес бас сиыр, жүзге тарта тауық болып, екі кісі күтушісімен сол 

адамның пайдасына өсіріп отырдым. Көп сома ақшасы болды. Бір кезде бағанағы он тиынның иесі, кәріп 

адам ғой: 

– Мен патшаға барып, ұмытпаса сол он тиын ақшамды сұрап алайын, – деп, мені келіп табады. 

– Тақсыр, одан бері  қаншы жыл болды. Ұмытыпта қалған шығарсыз. Баяғыда үй салғаннан қалған он 

тиын ақшам бар еді. Ұлықсат болса, берсеңіз, – дейді. 

– Егер сол адам сен болсаң, жүр! – деп, үйге ертіп алып келіп, қонақ етіп, бағанағы жалғыз тауықтан өскен 

көп тауықпен он бес бас сиыр малын, көп жиналған ақшасын он бес жылдан кейін өзіне тапсырдым. Сол 

кезде он тиын ақшаның иесі кедейдің екі-үш баласы болып, он тиынға зар болып келген екен. Сол адам 

басында, мені елмен бірдей көрмеді деп ренжісе де артынан мынандай байлық бергенде өте қатты қуанып, 

риза  болып  еді.  Осынан  бір  жақсылық  болмаса,  қайдан  білейін.  Басқадай  істеген  қиянатым  жоқ  еді,  – 

дегенде қара жартас қақ ашылып, бұрыңғы орнына келіпті. Үш жігіт үңгірден шығып, аман-есен атына 

келсе, аттары өліп қалған екен. Сөйтіп, үш жігіттің істеген жақсылығына жақсылық болып, өздері тірі 

қалыпты дейді. 

8. Минуар мен Бибәтима 

Бұрынғы өткен заманда бір патшаның үш ұлы болыпты. Патша үшеуіне: «Күнде көрген түстерінді маған 

айтып тұрыңдар. Мен сендерге күнде жақсы ойыншық берем жане ойын-сауық, тойға апарып тұрам», – 

деп  тапсырады  екен.  Соған  балалары  мәз  болып,  күнде  көрген  түсін  әкесіне  айтып  келіп  жүрді.  Әкесі 

балаларын қызықтырып, түсін айтқан сайын жақсы-жақсы ойыншықтар беріп жүрді. Сонымен бір күні ең 

кіші баласы бір жақсы түс көріпті де: «Бұл түсімді өлсем де ешкімге айтпаймын», – деп ойлайды. Бала 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              881 bet 

таңертең әкесіне келді. Келсе, екі үлкен ағасы көрген түсін әкесіне айтып, ойыншықтарын алып жатыр 

екен. Ал, мына кіші баласы әкесіне айтты: 

– Әке, мен бүгін түс көргенім жоқ, – деді. Әкесі зекіп: 

– Айт шынынды, сен түс көрдің, – деп баланы ұрып-соғып, зорлай бастады. Бала әкесіне айтты: 

– Түс көргенім рас. Бірақ, бұл айтылмайтын түс. Себебі мен өлсем де ешкімге айтпасқа серт еттім, – деп 

еді,  әкесі  «мұның  сертшілін»  деп  зорлық  қып,  үш  қайырып  сұрады.  Және  «саған  ана  екеуінікінен  де 

қызықты, көп ойыншық беремін» деп алдағысы келіп еді, оған бала көнбеді. Аяғы, бала қалай қылса да 

көнбеген соң, әкесі бір жәшік жасатып, сол жәшікке баласын салып, суға ағызып қоя берді. Бала суға ағып 

кете барды. Сөйтіп, осы судың аяғында бір шаһардың кедей аушысы бар еді, сол ау салып, балық аулап 

отыр еді, әлден уақытта ауына бір ауыр нәрсе келіп ілінді. Аушы байғұс қуанып кетті. Әйелі мен баласын 

шақырып, үшеулеп, әзер деп тартып алса, жәшік екен. Жәшікті ашса, ай мен күндей бір жас бала жатыр 

екен. Баланы күтіп, есін жиғызып, тамақ беріп, мән-жайды сұрады. Бала бұрынғы болған оқиғаның бәрін 

жасырмай айтты. «Әкем түсіңді айтпадың деп, суға салып жіберді», – деді. 

Аушы айтты: 

– Енді түсіңді маған айт, сені өлтірмей судан тірі алып шықтым ғой, – деді. Бала: 

– Жоқ, мен өз әкеме де айтпаған түсімді ешкімге айтпаймын. Және ешкімге айтпасқа сертім бар, – деді. 

– Сырыңды айтпасаң, сені  ұрып өлтіремін,  – деп, аушы баланы ұрып-соғып  жатыр еді,  сол шаһардың 

патшасы аң аулап келе жатып, бұларды көріп: 

– Мына баланы неге ұрасыңдар? – деп сұрады. Аушы: 

– Маған сырын айтпады, – деді. Баладан сұрап еді, бала бастан аяқ бәрін айтып берді. 

– Сол көрген түсіңді маған айт деп зорлайды. Мен әкеме айтпағанда, бұларға айтам ба? – деді бала. Патша: 

– Жарайды, – деп, баланы алып, «мен өзіме қызметші ғып алам» деп, баланы алып кетіп, үйіне келді. Бір 

күні балаға патша айтты: 

– Сені аушылар ұрып өлтіретін еді, мен сені ажалдан айырып алдым ғой. Көрген түсіңді маған айт, – деді. 

Бала айтты: 

–  Тақсыр  патша,  мені  зорламаңыз,  мен  әкеме  айтқам  жоқ,  аушыға  да  айтқам  жоқ,  мен  серт  еткем. 

Өлтірсеңіз, өлтіріңіз, бұл түсімді сізге де айтпаймын, – деді бала. Сонан кейін патша ойлап-ойлап: 

– Жарайды, серт қылсаң айтпай-ақ қой. Бірақ, бала, – деді патша, мен саған мына қызымды беремін. Және 

өзім тақтан түсіп саған патшалығымды беремін. Сен маған түсіңді айтып, сат, – деді. Бала да ойлап-ойлап: 

«Менің көрген түсім осы ғой. Маған қызын берсе және патшалығын берсе», – деді де: «Жарайды, сатайын. 

Халқыңызды жинап, мені патша қойғандығыңызды хабарлаңыз. Сонан кейін түсімді айтып беремін», – 

деді бала. Сонымен патша келісіп, халқын жинап: 

–  Мен  тағымнан  түстім,  патшалығымды  мына  балаға  берем.  Қызымды  және  берем,  –  деп  хабарлады. 

Халқы мақұлдап, патша той жасап: 

– Ал, бала, түсіңді айт! – деді. Бала түсін айтты. 

– Түсімде мына қолтығыма ай, мына қолтығыма күн кіріп жатыр екен. Екеуін де құшақтап, көзімді ашсам, 

түсім екен. Сонымен ойладым: «Мен бір мақсатыма жетеді екенмін. Бұл түсімді ешкімге айтпайын»,  – 

деп, өзіме-өзім серт еттім. Міне, сол көрген түсім осы еді, сізге саттым, – деді бала. Патша да: 

– Жарайды, мен де сертім бойынша сатып алдым, – деді. Сонымен екеуі қол ұстасып, бірі саттым деп, бірі 

сатып алдым деп, қош айтысып, бала патша болып тұра берді. Патша баланың түсін сатып алып, қаңғып 

беті ауған жаққа қарай жүре берді. Сол жүргеннен жүріп, бірнеше ай сандалып, арып-ашып келе жатып, 

түннің  ортасы  шамасында  бір  шаһарға  келіп  кірді.  Көшемен  жүріп  келе  жатса,  бір  үлкен  қақпаның 

сыртында ерттеулі екі арғымақ байлаулы тұр. Атты көріп жақындап келіп еді, қақпаның ар жағынан бір 

қыз: 

– Келдің бе? – деді. 



– Келдім, – деді жігіт. 

– Келсең, мына атқа мін, – деді қыз. 

Екеуі екі атқа мініп, қаладан қырға шығып, жүріп кетті. Екеуінде де үн жоқ. Қыз жігітті байқап келе жатыр. 

Жігіттің ат үстінде қалай отырып келе жатқанын, пішін тұлғасының жас дене емес орта тартқан кісі екенін 

сезіп, қыз өзімен-өзі ойланып, ақылдасып отырып: «Жарайды, тәңірдің бұйрығы осылай шығар», – деп 

келісті. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              882 bet 

–  Менің  көрген  түсім  бұл  емес  еді.  Жарайды,  көрген  түсімнің  сол  сағатына,  сол  күніне  ат  байлап, 

дайындалып отырғанымда сен кез келдің. Не болса да мен сендікпін, басқа бір шаһарға барып тұралық, – 

деді. Жігіт те қуанып, жарайды деп, жүріп отырып, бір шаһарға келіп, үй алып екеуі бірігіп тұра берді. 

Бір күні кешке таман патшаның екі уәзірі саяхаттап көшені аралап келе жатып, есігінің алдында жүрген 

қыз бен жігітті көрді. Екі уәзірдің көзі қызға түсіп, қызығып таң қалып: 

–  Бұлар  қайдан  келді?  Бұл  жердікі  емес  қой?  –  деп,  екеуі  ақылдасып:  «Қой,  мұны  біз  патшаға  барып 

айталық», – деді. Сонымен екеуі ертеңіне патшаға келіп: 

– Тақсыр патша, кеше көшеде саяхатта жүрін бір сұлу қыз бен жігітті көрдік. Қыз ай мен күндей сұлу 

екен. Тек сізге ханымдыққа лайық екен. Осы қызды не қылсаңыз да сіз алуыңыз керек, – деді екі уәзір. 

Патша да сұлу деген соң қызығып: 

– Жарайды, ақылын тауып мұны қалай аламыз? – деді. Бір уәзір тұрып айтты: 

–  Сіз  жігітті  өмірі  тауып  келе  алмайтын  бір  нәрсені  тауып  әкел  деп,  алысқа  жұмсаңыз,  –  деді.  Патша 

ойланып отырып: 

– Бар, жігітті тез шақырын кел, – деп, бір уәзірге бұйрық берді. Уәзір барын жігітке: 

– Сізді патша шақырады, – дейді. Жігіт те: «Жарайды», – деп, уәзірге еріп патшаға келді. Қол қусырып 

сәлем берді. Патша сәлем алып, жігіттің жөнін сұрап болып: 

– Саған бұйрық берем. Соны орындап тауып әкелесің. Егер таппасаң басыңды аламын, – деді. Жігіт: 

– Қандайлық бұйрық? – деді. 

Патша айтты: 

– Біздің осы шаһарымызда жарық жоқ. Соған осы шаһарды түнде жарық қып тұратын гауһар тас тауып 

әкелесің. Егер де тауып әкелмесең, басыңды аламын. Сол үшін неше күн уақыт сұрайсың, соныңды ғана 

айт, – деді. Жігіт: 

– Жарайды, тақсыр! Бүгін рұқсат беріңіз. Үйге барып, ертең келіп, уақытын айтайын, – деді. Патша рұқсат 

берді. Жігіт үйіне уайымдап қайғырып, уһілеп келді. Әйелі: 

– Патша не айтты? – деді. Жігіт айтты; 

– Маған қаланы жарық қып тұратын гауһар тас тауып әкел, егер әкелмесең, басыңды аламын дейді, мен 

оны қайдан табамын, – деп уһіледі. Әйелі айтты: 

– Жарайды, саспа. Патшаға барып: «Мен тауып әкелем, маған жиырма күн уақыт бер және мен келгенше 

үй ішім керек қылатындай бес қой, төрт қап ұн бер деп айт», – деді. 

Жігіт қуанып патшаға келіп: 

– Тақсыр, маған жиырма күн уақыт беріңіз және үй ішім керек ететін, бес қой, төрт қап ұн беріңіз. Мен 

тапсырған гауһарыңызды іздеп көрейін, – деді. Патша: «Жарайды», – деп жігіттің айтқанының бәрін беріп 

жібереді. Жігіт қойды, ұнды алып, үйіне келді. 

– Ал патша айтқанымыздың бәрін берді. Енді гауһарды қалай табамыз? – деді әйеліне. Сонымен, әйелі 

мән-жайды айтып үйіне хат жазды. 

– Осыны алып менің шешеме бар, – деп жазған хатты берді. Жігіт хатты алып, қайнына жөнелді. Бірнеше 

күн жүріп, қайнына келіп, қызының хатын шешесіне берді. Шешесі хатты алып оқыды. Қызының қайда 

кетіп,  қайда  қойғанын  білмей  зарлап,  жылап  отырған  шешесі  қатты  қуанып,  күйеу  баласын  неше  күн 

қонақ қылып, сұраған төрт гауһар тасты беріп, үйіне қайырады. Сонымен күйеу бала төрт гауһарды алып 

үйіне келді. Әйеліне көрген-білгенін айтып, алған төрт гауһарды көрсетті. Әйелі: 

– Жарайды, ертең патшаға алып барып бер. Бірақ патша саған пәле жабады. Сен гауһарды бергеннен кейін 

гауһарды патша қарап отырып: «Ә, мен жоғалтқан гауһарымды еш жерден таба алмай қойып едім, сен 

ұрлаған екенсің ғой, басыңды аламын», – дер. Сонда сен былай де: «Тақсыр, жоғалған гауһарыңыз біреу 

ме? Екеу ме? Жоқ, төртеу ме еді?», – де. Сонда патша айтады: «Жоқ, біреу», – дейді. «Олай болса, тақсыр, 

менде әлі үшеуі бар», – деп гауһарларыңды алып көрсет. Сонда патша ұялғанынан, үндемей сені босатады, 

– деді әйелі. 

Сонымен ертесіне жігіт әйелімен қош айтысып, патшаға келіп сәлем берді. Патша сәлемін құптап алып: 

– Е, жігітім, уәделескен күн де бітті. Гауһарды әкелдің бе? – деді. Жігіт айтты: 

– Тақсыр, сіздің бұйрығыңызды орындамасқа бола ма? Айтқан гауһарыңызды таптым ғой, – деп гауһарды 

ұсынады. Патша гауһарды қолына алып, әрлі-берлі қарап отырып: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              883 bet 

– Е, сен жігіт, нағыз зәлім қудың өзі екенсің, мен сендей зәлімді көрген жоқ едім. Бұл менің жоғалған 

гауһарым, мұны іздетпеген жерім жоқ, еш жерден таба алмап едім. Гауһарымды, міне, сен зәлім алған 

екенсің. Қазір сенің басыңды аламын, – деп қылышын жұлып алды. Сонда жігіт: 

– Дат, – дейді. Патша: 

– Датың болса, айт, – дейді. Жігіт: 

– Тақсыр, сіздің жоғалған гауһарыңыз біреу ме, екеу ме? Жоқ, болмаса төртеу ме? – дейді. Сонда патша 

сасып, нешеу дерін білмей: 

– Жоқ, осы біреу, – дейді. Жігіт сонда: 

– Тақсыр, ендеше менде тағы үшеуі бар, – деп қалтасынан үш гауһарды алып, патшаға көрсетеді. Патша 

ұялып қалып: 

– Жарайды, саған жай айтып едім, – деп, жігітті үйіне босатып жіберді. Жігіт қуанып үйіне келіп, әйеліне 

естіп білгендерінің бәрін айтты. Сөйтіп әйелімен ойнап-күліп бірнеше күн жата берді. Бір күні жігіт ерігіп, 

іші пысып әйеліне айтты: 

– Сен ренжімесең, мен бір он шақты күн таулы жерге барып аң аулап келейін, – депті. Әйелі ойланып 

отырып:  «Мұны  құр  далаға  жібергенше,  барып  қызық  көріп,  көңіл  көтеріп  келсін»,  –  деп,  өз  әкесінің 

сәндеп салдырған неше түрлі қызықты ойын-сауық құратын бағына жібермек болады. 

– Бірақ, – деді күйеуіне әйелі, – мен саған бір серт қоямын. Онда барғанда неше түрлі ойын-сауық, неше 

түрлі қызығы бар, оның бәріне де рұқсат. Күмістен салынған үлкен ақ үй бар, соның алдында бақ. Бақтың 

ішінде  тарам-тарам  жол  бар.  Күнбатыс  жағындағы  жолмен  жүріп  келе  жатқаныңда  алдыңнан  кішкене 

қара тас кезігеді. Соның жан-жағынан неше түрлі су шаншып жатады, ішкің келсе, соның бәрін іш. Бірақ, 

сол тастың ар жағында ақ шыныда мөлдір көк су бар, соны ішуші болма. Менін саған қойған сертім де, 

сұрайтыным да сол, – деді. Сөйтіп, күйеуінен серт алып жібереді. 

Жігіт  әйеліне  сертін  беріп,  сол  бетімен  жүріп  кетті.  Жүріп  отырып,  әйелі  айтқан  баққа  келеді.  Келсе, 

айтқанындай неше  түрлі  қызық  сонда  екен.  Жігіт  те  келіп қызыққа  батып,  ойын-сауыққа  кіріп кетеді. 

Барлығын он шақты күндей аралайды. Жігіт сонда да қызыққа тоймайды. Бір күні бақты тағы аралап келе 

жатып әйелінің айтқан тасына кезіге кетеді. Тастың сол жағына шығып қараса, әдемі көк мөлдір су тұр. 

Әлгіні көріп жігіт қатты құмарланып, ішкісі кеп кетеді. Жігіт ойланады: «Япырмай, әйелім мына судың 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет