Бала иығы түсіп, екі биені жетектеп жасырынып қызға келеді. Ханға айтқанын баян етеді. Екі шаңқан
бозды тапсырғанын, содан жәрдем болмаса өлетінін айтты.
Қыз:
– Сен екі күнге ханнан мәулет сұра! – дейді. Бала ханға барып тәжім етіп, екі күнге мәулет алып келеді.
Қыз:
– Сен бұл екі атты таң асыр, қалың киіз жауып қараңғы кебеге байлап суын ал. Ертеңіне дейін шөп берме.
Күн толған соң, бір уыс жоңышқа алып әуелі біреуіне, екінші рет біреуіне бер. Сонда біреуі оқыранып,
тепсініп шыдап тұра алмас. Соны баласы, үндемегенін анасы де де, алып барып бер, – дейді.
Бала айтқанын істеп ертең азанда, «мынау-анасы, мынау -баласы» дейді де, алып барып береді. Хан екінші
рет:
– Сен бүгін түніменен бір үлкен шаһар орнат. Ішінде гүлдер болып, бұлбұл сайрап, бұлақ ағып таң-тамаша
қылғандай болсын, – дейді.
Бала:
– Құп! – деп тәжім етіп кетеді. Қызға амалдап келіп жолығады. Тапсырмасының бәрін айтады. Қыз
тепсініп-ақырып жерді теуіп-теуіп жібереді. Жұмысқа мойымайтын дәулер толып кетеді.
Қыз:
– Ертең алакеуімге дейін пәлен саржын жерге шаһар салып, ішінде бұлбүл сайратып, бау-бақшалар
орнатып, таң-тамаша қылатын шаһар салындар, - деп бұйырады. Қыз бен бала жата береді.
Бала таңертең тұрып караса, бір шаһар орнатқан. Адам қарап тұрғандай. Бұрынғы қарға Шаһизаттың
шаһарынан сәулетті, өте сұлу. Бала қуанып, азаннан патшаның ордасына аяңдап барып, тәжім етіп:
– Айтқаныңызды орындап келдім, – дейді.
Патша:
– Апырмай, нағып орындадың! Мынау кісінің қолынан келмейтін нәрсе еді. Бұл жалғыз кіші қызымның
қолынан келетін еді. Онымен қалай жақын бола қойды, – деп ойлап, хан уәзірін ертіп, жаяулап салынған
шаһарды аралап, таң-тамаша қалып, кешке әрең ордаға қайтады.
Патша:
– Енді, балам, бір буын қамыс берем. Осының басы қайсы, түбі қайсы. Соны тауып кел, – деп қолына бір
буын қамыс береді. Бала қамысты алып қызға келеді.
Қыз:
– Енді бір буын қамыс берсе, жұмысыңның оңайланғаны, – дейді.
– Қамысты аспанға лақтырсаң әуелі келіп түбі жағы түседі. Сол жағынан ұстап алып барып бер, – дейді.
Бала қамысты жоғары лақтырып, жерге түскен жағын ұстап, ертеңіне апарып береді. Патша:
– Таптың, айтқан жерден шықтың. Қырық қызым бар. Соның біреуін таңда да ал. Сөйтіп өзіме уәзір бол,
– дейді. Бала патшаның айтқанын қызға айтады.
Қыз:
– Ертең патша жұртын жияр, қырық қызды бірдей киіндіріп, беттеріне перде ұстап қатар қояр. Сен сол
кезде қайсыны аларыңды білмей сасарсың. Сол кезде мен ғаріп оң өкшемді қимылдатармын. Сен осы
қызды ұнатам деп айрылмағайсың, – дейді.
Ертең азанда жүртын жиып, қырық қыЬды қатар қойып, балаға:
– Таңдағанынды ал! – дейді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
874 bet
Бала ол жағына бір шығын, бұл жағына бір шығып, аяқтарына қарап жүрсе, қыз ортасында бір өкшесін
кимылдатып тұр екен. Бала келеді де:
– Осы қызды ұнатам, – дейді.
Патша сөзден танады:
– Бұл әкемнің кенжесі, қарындасым еді. Мұнан басқасын таңдап ал, –дейді. Бала:
– Бұл қызды бермесең, алмаймын, – дейді.
Сонымен ертең және таңдамақшы болады. Бала кешіне қызға келеді:
– Ертең менің орныма басқа қыз қойып, мені қотыр баспақ қылып, күн шуаққа байлап қояр. Мен күн
шуақта жаланып тұрармын. Сол кезде сен қыздарды ұнатпа да, сол қотыр баспақты бер деп патшадан
сұра, – дейді ол.
Ертең азанда патша жұртын жиып, қырық қызын қатар қойып, баланы жібереді. Бала әрі-бері жүріп:
– Сіз маған қызыңызды бермесеңіз, мен еліме қайтамын. Маған әне бір қотыр баспағыңызды беріңіз, күнге
кептіріп жол азық қылайын, – дейді.
Патша:
– Жоқ, ойбай, әкемнен қалған жалғыз баспақ, оны беріп әкем жүзін көре алмаймын, – дейді.
Бала:
– Оны бермесеңіз, мен қызыңызды ала алмаймын, – дейді. Патша хұзратын тарқатып, уәзірлерімен
кеңесіп, баланың біліміне ырза болып, кіші қызын беріп, неше күн ұлы той қылып, баланы өзінің орнына
хан көтеріп, өзі тәубе қылып, баланың хандық құрған қызығын көріпті. Сөйтіп бала бір қыздың білімінің
арқасында бір елді билеп, неше жыл хан болып дәурен сүріп, мұратына жеткен екен.
6. Шын сүйіскендер
Eрте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде, ел ханға қарағанда, хан елді алдағанда бір би болыпты. Ол бидің
жалғыз баласы болыпты. Өзі ол замандағы оқуды тауысқан сондай сауатты және салауатты болыпты және
катарынан асқан сұлу жігіт болған. Баласы жиырмаға келген соң, оқуды бітіргеннен кейін би баласын
шақырып алып:
– Балам, енді үйлен, мен қызығыңды көріп, немеремді сүйер ме екенмін, – дейді.
Онда баласы:
– Жарар, ата, өзіме ыңғайлы сұлу қыз болса, үйлену қиын емес қой, – деп жүре беріпті.
Атасы бірнеше қыздарды көрсетсе, оны бала жаратпай, алмаймын депті. Сонан кейін атасының көңілі
қалып, баласына ашуланып халқын жинап алып:
– Халқым, мен баламнан көңілім қалды, ол енді үйленбесе мен онымен бірге тұрмаймын, – депті. Енді
сіздерден сұрайтыным, маған әдемілеп сол балама арнап үй салып беруге жәрдем етіңдер, – дейді.
Оған халық «бұныңыз дұрыс» деп, жәрдем беріп, халық берсе көл деген, бір ай ішінде жақсы екі бөлмелі
үй салынып шығады. Сонан кейін би баласын сол үйге кіргізіп, өзі сыртынан қарап тұратын адамдар
қояды. Өзі қатынауды да қояды. Баласы кітаптарды оқып ермек етіп жата береді. Сол заманда тағы бір
ханның қызы асқан сұлу болса керек, ол қыз да күйеу таңдап, еш адамды жаратпай, өз алдына бір үй
салдырып алып, бұл қыз да жалғыз тұрады екен.
Бұрыңғының айтуы бойынша, дүние жүзінде бір-екі пері екіге бөлініпті, бөлініп алып түнге қарай ел
аралап жүреді екен, біреуінің аты – Дәу пері, екіншісінің аты – Шолақ пері болады. Сол екі пері бір түні
жер жүзін аралауға шығады, екеуі екіге жер жүзін бөліп алыпты, Дәу пері Азияны аралауға, Шолақ пері
Европаны аралауға кетіпті. Дәу пері Азияның жартысын аралап болып, енді жартысын аралап келе жатса,
бір үйдің терезесінен жарық көрінеді. «Бұл не қылған жарық» деп, жақын келіп терезеден қараса, бір
жақсы жігіт ұйықтап жатыр екен. Соның нұр сәулесі үйдің ішін жарық етіп, терезеге де түсіп тұрған сол
екен. Мұны көріп Дәу пері таң қалып, аузы аңқайып тұра береді. Бір уақытта, Шолақ пері өзінің аралайтын
жерін аралап бітіріп, Дәу перімен уәделі жерге келген соң, «бұған не болған» деп, іздеп келе жатса, баяғы
терезенің тұсында үңіліп қарап тұрған Дәу періні көреді. «Ау, сен не қылып тұрсың?» – деп қасына келеді.
Сонда Дәу пері: «Мұнда кел, қызық көресің», – деп, Шолақ періні шақырып өзі көрген жігітті көрсетіпті.
Онда Шолақ пері айтады: «Ой, осы да сұлу болып па, ой, мен бір қыз көрдім, ол мұнан екі есе артық
сұлулығы», – дейді. Онда Дәу пері: «Жоқ, мұнан артық адам баласының, сұлулығы аспайды», – дейді.
Онда Шолақ пері: «Жоқ, менің көрген қызымнан артық сұлу болмайды», – деп екеуі таласа-таласа
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
875 bet
төбелесіп те қалыпты. Оларды көретін жан жоқ, екі пері төбелескесін оңай болсын ба? Сөйтіп төбелесе,
төбелесе шаршап екеуі отыра кетіпті.
Сол уақытта Дәу пері айтады: «Әй, Шолақ, біз екеуміз бұрын өте тату едік қой. Бүгін бір-екі адамның
сұлулығына шатасып төбелескеніміз болмас, онан да бері кел, екеуміз татуласайық та, ойланып бұл
таластың шешуін шешейік», – дейді. «Ия, оның дұрыс екен», – депті. Шолақ пері қасына келіп айтады:
«Олай болса, айда, екеуміз менің көрген қызыма барайық, сен соны көр, сонан кейін ол қызды алып келіп
мына сенің көрген жігітіңнің қасына салайық та сонан кейін жігітті оятсаң, егер жігіт қызды құшақтап
бетінен сүйсе, онда қыздың сұлу болғаны. Егерде сүймей құр құшақтап жата кетсе, ол уақытта қызды
оятармыз», – деп уағда жасап қыздың еліне кетіпті.
Қыздың еліне келіп терезесінен қараса, қыз да айтқандап сұлу екен. Содан кейін уағда бойынша қызды
жігіттің еліне алып келіпті де, жігіттің қасына салып, сонап кейін ептеп жігітті оятыпты. Жігіт оянса,
қасында бір қыз жатыр, ай десе ауызы, күн десе көзі бар, жігіт ойлайды, «әкем маған теңімді жаңа тапқан
екен, енді бұл қызға мен үйленермін» деп ойлайды да, қолындағы балдағын қыздың қолына салып, өзі
қыздың қолындағы сақинасын алып өз қолына салып, сонан кейін қызға бетін беріп жатып ұйықтап
кетіпті. Бір уақыт тұрғаннан кейін екі пері енді қызды оятады, қыз оянғаннан кейін жан-жағына қараса,
бөтен ешкім жоқ, қасында өте сұлу бір жігіт жатыр. Қыз «мұндай жігітті іздеп таба алмай жүр едім, менің
теңім өзі келген екен» деп, құшақтап, үш қайтара бетінен сүйіп, сол құшақтаған күйінде ұйықтап кетіпті.
Сол кезде Дәу пері қасында тұрған Шолақ періні жұдырығымен бір ұрып жіберіп: «Әне, көрдің бе?» –
депті. Сонан соң қызды көтеріп алады да өзінің еліне апарып, төсегіне салып, өздері жөндеріне кетіпті.
Біраздан соң таң атып үйге жарық түскен соң, бидің баласы оянып қараса, қасында ешкім де жоқ. «Қой,
бұл көрген түсім шығар» десе, қолында қыздың сақинасы калған, ал өзінің жүзігі жоқ. «Япырмау, бұл
қалай, түсімде көрдім дейін десем жүзігім жоқ, өңімде көрдім дейін десем қыз жоқ» деп, аң-таң қалып
отырғанда үстіне өзінің кызметкер кісісі келеді. Ол кісінің есімі Жетім екен. «Ой, Жетім, түнде менің
қасыма әкеліп салған сұлу қыз қайда болды?» – дейді. Сонда Жетім аң-таң қалып тұрып: «Жоқ, төрем,
сіздің қасыңызға ешкім де қыз салған жоқ, мен қыз көрген де жоқпын», – дейді. «Олай болса мен жуынып
киінгенше, сен әкеме барып соның жайын біліп кел және айтарсың егер де сол қызға үйлендірсе, мен оған
өте ризамын», – дейді. Сонан соң Жетім жүгіріп биге барып: «Тақсыр би, мені сізге төре жіберді», – дейді.
«О, неге?» деп би сұрайды. Сонда Жетім Бидің, баласының сәлемін айтады. Би кішкене ойланып отырып:
«Е, оның қасына қыз салғаным жоқ, өзінің есі дұрыс па екен», – деп, өзі Жетімге еріп баласының үйіне
барса, баласы жуынып, киініп отыр екен. Әкесі келгеннен кейін сәлем беріп болып:
– Әке, түндегі менің қасыма салған қыз кімнің қызы, соны мен алар едім, – дейді.
Сонда әкесі басын шайқап:
– Мен қыз салғаным жоқ сенің қасыңа, – дейді. Оған баласы сенбейді:
– Әке, егер де ол қызды маған қосқың келмесе, мен сені көрмеймін, тамақ та ішпеймін, – дейді де тұлан
салып жатып алыпты.
Би өзінің үйіне келіп, бәйбішесіне баласының жайын айтып, еліне жар салып, «дәрігер іздеңдер, балам
ауруға айналды» деп, қарата бастайды. Онымен бала жазылмайды. Ал бұл жата берсін. Ендігі хабарды
қыздан білейік.
Сұлу қыз да таң атқан соң баяғы жігіт тәрізді өз-өзінен таңырқанып, «бұл қалай» деп, кішкене отырған
соң, есігінің алдындағы қызметкер әйелді шақырып алып: «Сен әжеме бар, менен сәлем айт, егер де әкем
мені түндегі менің жаныма салған жігітке берсе, мен барар едім», – дейді. Ол қолындағы жүзікті ешкімге
көрсетпей шығып кетеді. Қызметкер әйел барып ханның бәйбішесіне айтса, бәйбіше шошып түсіп «біз
жігіт салған жоқпыз, жігіт деген немене» деп, ханға хабар беріп, бәйбіше қызына келіп мән-жайын
сұрайды. Онда қыз шешесіне «жігітті маған қоспасаңдар, мен де сендерді көрмеймін» деп, теріс қарап
жатып алады.
Хан қызының мұнысына аң-таң болып, «жалғыз өзі бір үйде жатушы еді, бір нәрсенің салқыны түскен
шығар» деп, еліндегі өзі білетін дәрігерлерге қаратса, олар «біздің қолымыздан келмейді, бұл балаңызды
біз жаза алмаймыз» дейді. Сонан соң хан еліне жар салады. «Кімде-кім менің қызымды ауруынан жазып
шығарса, сол адамға қызымды қосамын, – дейді. Егер де жаза алмаса, сол қараған кісінің басын аламын»,
– депті. Сонан соң бірсыпыра есалаң жас жігіттер, «біз жазамыз» деп барып, бастарынан айрылып,
жұртына аңыз болыпты.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
876 bet
Бір күні қыз ойға қалып отырып, есігінің алдындағы әйелді жіберіп, әкесінің бас уәзірін шақыртып
алыпты да былай дейді:
– Әй, аға, мен сізді бір қиын сапарға жұмсайын деп отырмын, – депті, баяғы жүзікті көрсетіп отырып, сіз
осы жүзікті алыңыз, әкемнің тұлпарына мініңіз, тұлпардың кілті менде, сонымен құлыпты ашып, бірнеше
айлық азықпен сіз жүзіктің үстіндегі айшығына қарап менің көрген, ғашық болған жігітімді іздеңіз, егер
де сол елді тапсаңыз, ол жігіт те мен құсап жатқан шығар, соған дәрігер болып үйіне кіргеннен кейін осы
жүзікпен менің берген сәлемдемемді берсеңіз ол жігіт жазылады. Сонан соң амалын тауып ертіп алып
келерсіз, – дейді.
Оған уәзір:
– Жарар, іздесем іздеп көрейін, – деп, қыздан жүзік пен сәлемдеме орамалын алып, ханның тұлпарына
мініп алып, айлық азығымен жолға шығып бірнеше елдерді аралап, бірнеше ай жүріп, бір күні елге келіп
ол елдің хандарынын үйінің төбесіндегі айшыққа қолындағы жүзіктің жүзіндегі айшықты салыстырып
қараса, ұқсас болып шығады. Сонан соң уәзір бір кемпірдің үйіне келіп:
– Шеше, мен сіздікіне атымды қойып кетейін, ол атымның ақысына қой басындай алтын берем, ешкімге
көрсетпей бағып тұрарсыз, қашан өзім келгенде алам, – деп, атын сонда тастап, өзі дәрігер болып, қолына
таяқ алып, сол елді аралап ауру емдеп жүре береді.
Сонда бір кісі айтады:
– Егер де сен жақсы дәрігер болсаң, біздің бір биіміздің жалғыз баласы көптен бері ауырып жатыр соған
бар. Егер де жазып шығарсаң не тілесең де береді, – дейді.
Сонда уәзір оған «мені ертіп барыңыз» деп, жабыса кетіпті. Біраз жүрген соң, бидің үйіне келіп,
дәрігерлігін айтқаннан соң, би «болды, осы баламды жазсаң не сұрасаң береміз», – дейді.
Сонда уәзір «дәрігер» биге айтады:
– Маған үш күн уақыт берсеңіз үш күнге дейін балаңызбен өзім жалғыз боламын, ешкімді
қатынастырмаңыз, ол үшін үш күндік тамақты балаңызға бармай тұрып кіргізіп қойыңыз, сонан соң мен
барып кірген соң балаңыздың үйінің есігін сыртынан құлыптап қоярсыз, – дейді. Айтқанының бәрін істеп
болған соң уәзір «дәрігер» баланың үйіне барып кірсе бидің, баласы төсекте жатыр екен. Кішкене
отырғаннап кейін, уәзір айтады:
– Мен саған алыс жерден сәлемдеме алып келдім, басынды көтер, – дейді де қыздың берген орамалы мен
жүзігін береді. Сонда бидің баласы төсектен ұшып тұрып, киімдерін киіп, уәзірден сұрайды:
– Мені ол қызға алып барасыз ба? Ол қыздың елі қашық па? – дейді.
Сонда уәзір айтады:
– Ол біздің ханымыздың, жалғыз қызы еді, ол да сен құсап саған ғашық болып ауырып жатып алған соң,
мен сені іздеп келдім, – деді. Сонан кейін бастан өткен әңгімеге қаныққан соң бидің баласы мен уәзір
жолға дайындалады. Уәделі үш күн өткен соң, бала әкесіне хабар береді:
– Мен тәуір болдым, енді менің бес қаруым мен атымды әкеліп берсін және бір семіз атты ертіп келтірсін.
Біз дәрігер екеуміз аңға шығып серуендеп келеміз, – дейді.
Бұған би қуанып, бар сұрағанын дайындап әзірлеп береді де қуана-қуана қалады. Уәзір «дәрігер» бидің
баласын ертіп шыққан соң, баланы бір жерге қоя тұрып, өзі барып кемпірдің үйіндегі атына мініп, үш
атпен бір күншілік жерге барған соң, баяғы бидің семіз атын сойып үйден алып шыққан баласының ескі
киімдерін қанға бояп тастап, аттың етін азыққа пісіріп алып, қыздың еліне қарай уәзірге еріп бидің баласы
жүріп кетіпті. Бірнеше ай жүріп қыздың еліне келіп, баяғы өзін ертіп келген уәзірдің үйіне келіп түсіп,
атын, қару-жарағын сол үйге қойып, өзі аңшы-дәрігер болып ханға келіп:
– Мен жаңа пері жабысқан дәрігермін, сіздің қызыңызды науқас деп естіп, соны ұлықсат етсеңіз қарауға
келдім, – дейді.
Онда хан:
– Шырағым, жас бала екенсің, сен жаза алмассың, егер де жаза алмаған дәрігердің басын аламын, сөйтіп
сенің де обалыңа қалармын, – дейді.
Онда бидің баласы айтады:
– Мен оған ризамын, егер де жазып алсам сіз уәдеңіз бойынша қызыңызды маған бересіз, – дейді. Сонан
соң ханмен уәделесіп, үш күн мерзіммен жан қатынамайтын уәдемен бидің баласы хан қызының үйіне
келіп кірсе, қыз төсекте уһілеп жатыр екен. Сонда бидің баласы былай депті:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
877 bet
Мен келдім сені іздеп алыс жолдан,
Алыңыз сақинаны біздің қолдан.
Кездесіп осы үйде ғашық жарға,
Тілегім көптен күткен қабыл болған
– дегенде, басын қыз көтеріп алып:
Сіз шығар бір Алладан сұрағаным,
Күндіз-түн сенің үшін жылағаным, – деп тұра көрісіп жылағанда бидің баласы бетіндегі пердесін алып
тастап, қызды құшақтай беріпті. Сонымен уәделі үш күн біткеннен соң, ханға хабар беріп, хан отыз күн
ойын, қырық күн тойын жасап бидің баласына қызын қосыпты. Ол осыменен тұра тұрсын. Енді биден
хабар алайық.
Би бір күн өткен соң баласы қайтып келмеген соң, өзі атына мініп, қасына жігіттерін ертіп баласын іздеуге
шығыпты. Бірнеше күн іздеп жүріп бір жерде қанға боялып жатқан баласының киімін тауып алып,
«баламды өлтіріп кетіпті» деп, есінен танып жылап-жылап еліне келіп, асын беріп, құран шығарыпты.
Сонымен би баласынан күдер үзіп тұра берсін. Енді қыз бен жігіттен сөйлейік. Екеуі басын қосып,
көңілдері бірленіп бір жылдай тұрған соң, бидің баласы әйеліне айтыпты:
– Менің елімде ата-анам қалды, мен соған көшкім келеді. Сен әкеңе хабар бер, бізге ұлықсат берсін
көшуге, – деп, әйелін хан атасына жіберіпті. Хан оған риза болып, батасын беріп, қырық отауды қырық
нарға артып, қырық күң беріп, бір ауыл етіп бидің еліне қарай шығарып салыпты, балаларына батасын
беріп қоштасып қалыпты. Сонан соң бірнеше ай жүріп, бір теңізден өтетін жері бар екен, соның
қасындағы тоғайға кешкісін келіп қонып, ел жатқан соң түн ортасы болғанда, бидің баласы оянып жан-
жағына қарап жатса, қатынының қолында бір нәрсе жарқырап жатыр екен. «Япырау, бұл не нәрсе» деп,
қатынының қолынан ағытып алып, шатырының есігінің алдына апарып алақанына салып аударып-
аударып қараса, ол гауһар тас екен. Сөйтіп көріп отырғанда бір жапалақ ұшып келіп, алақанынан
гауһарды іліп алып, анадай жерге барып қонады. «Ау, шіркін, қайтеді» деп жүгіріп барса ол жапалақ онан
әрі барып тағы отырады. Оған тағы жүгіріп барса, ол жапалақ тағы сондай жерге барып қонады. Сөйте-
сөйте бір әйдік тоғайға кіреді де, жоқ болады. Енді жігіт қосына қайтайын десе, жол таба алмай адасады.
Сөйтіп жүре берсін. Бір кезде шатырда қалған әйелі оянып қараса, қасында байы жоқ екенін көріп далаға
шықса, жұмысшылары тым-тырыс ұйықтап жатыр, байы көрінбейді. Және үйге шатырына қайта кіріп
қараса, байының киімдері жатыр, өзі жоқ. «Енді қайтем» деп тұрғанда, колына көзі түссе, білегіндегі
гауһары да жоқ, сөйтіп ойға қалып отырғанда таң сарғайып ата бастайды. Енді қатын ойлайды «Менің
байым жоқ десем бұл жұмысшылар мені әйелсініп тілімді алмай қояр» деп, жалма-жан байының бар
киімін киіп, шашын төбесіне түйіп, далаға шығып айналып жүріп, қызметкер жігіттерін оятып, «менің
әйелім жоқ, тез тұрып іздеңдер» деп әмір береді.
Қырық кісі қырық жақтан айнала іздеп таба алмайды. Бір жеті іздесе де таба алмай, не қыларын білмей,
енді теңізге жақындап, кемемен теңізден өтіп, бидің еліне бармақ болып көшіп келіп, кемеге жүктерін
тиетіп теңізден өте береді әйел.
Ал бидің баласы құсын да таба алмай, гауһарды да таба алмай сілесі қатып қаңғып келе жатса, сол өзі
жүрген тоғайдың ішінде бір бақша еккен шалға кез болып, өзінің мән-жайын айтып, тамақ сұрап ішіп
отырады. Сонда шал оған айтады:
– Сен мына жерде кеме тоқтайтын ауыл бар, соған барып сұрастырсаң әйелің мен көшіңді табарсың, –
дейді.
Сонда бидің баласы:
– Жоқ, ата, мен гауһарымды таппай әйелімнің дидарын көрмеймін, – депті. Және, ата, маған сіз ұлықсат
етсеңіз мен сізге бала болып, жәрдем беріп сізбен бірге тұрсам қайтеді, – депті.
Сонда бақшашы шал:
– Оны, балам, өзің, біл, маған да қора керек, – деп ризалық беріп, сол шалмен бірге бидің баласы тұра
береді.
Ол сонымен тұра тұрсын. Енді оның көшті бастап, кетіп бара жатқан әйелінен сөз естелік. Ол баяғы
көшкен бетімен кемеге барлық жүк, мал-жанын тиетіп, сол кеменің иесі ханның қаласына келіп түседі.
Сол жерде бір жетідей болған соң, оларды сол елдің ханы қонаққа шықырып, қонақ қылады. Сонда
қонақта отырып әңгімеден әңгіме шығарып айтып, өзінің әйелін жоғалтқан жайын айтады. Онда хан:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
878 bet
– Олай болса, бұрынғының сөзі бар, «қаз орнына – қарға, қап орнына – дорба» деген, менің жалғыз қызым
бар, соны сен алып, маған күйеу бол, – деп жабыса кетіпті.
Онда «бидің баласы» келіні:
– Менің әйеліме берген уәдем бар еді, онан басқа әйел алмаймын деген – деп, ұлықсат алып, өзінің
шатырына қайтыпты.
Шатырына келген соң «еруліге қарулы деген» деп, бұл да ханды қонаққа шақырыпты. Хан қонақ болып,
енді үйіне қайтар уақытта, «мен саған қызымды берем деген соң берем, соны сен алып, маған бала болсаң»,
– дейді. Оған ойлануыңа үш күн уақыт берем, үш күннен кейін хабарын бер», – деп хан үйіне қайтып
кетіпті.
Сонан соң бидің келіні қалай жасауға білмей, үш күні бітпей ханға хабар береді:
– Мен қызын ала алмаймын, енді қош-сау тұрғын, көшем, – деп кісі жібереді.
Онда хан ашуланып:
– Менің қызымды алмаса, мен оны шауып алып, өзін есігіме құл етем, – деп бас уәзірін жіберіпті. Сонан
соң бөтен істейтін айла таба алмай, «жарар, алайын» депті. Сонан кейін хан қуанып, отыз күн ойын, қырық
күн тойын жасап қызын баяғы бидің келініне «баласына» беріп, отауға салып, күйеуге хан жарып жата
береді.
Әйел алған әйел күн батқан соң әйелінің қасына жату орнына, дәрет алып, жайнамаз жайып құбылаға
қарап түнімен намаз оқып отыра береді. Сонымен бір жеті өтіп, ханның қызы «бұл қалай, мені
менсінбейтін болды» деп, әкесіне хабар беріпті. Бұны естіген соң хан күйеуін шақырып алып:
– Егер менің қызымды қасына жатып әйел қатарына алмасаң, мен сенің басыңды алам, – дейді.
Сонымен үш күн тағы мерзім алып, бидің келіні «баласы» шатырына келіп кешке төсек салған соң өзінің
алған әйеліне жалынып, басынан өткен жайын, өзінің әйел екенін, байының бір түнде жоғалып кеткенін,
онан кейін мына құлдары әйелсініп билік бермей кететін болған соң өзі байының киімдерін киіп, еркек Достарыңызбен бөлісу: |