ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет128/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   153

патшаның  үйіне  келді.  Келсе,  елінің  бәрі  қуанышты.  Оның  үстіне  бұлар  келді.  Патша  үйіне  кіргізді. 

Баланы орап қойыпты. Той қылып жатыр. 

Сөйтіп отырғанда бала жоқ деп біреу келді. Бәрінің де есі шығып кетті. Жүгіріп катынына келсе, бала жоқ. 

Қатынының көзі былаудай. Патшаның есі шығып, талып кетті. Біраздан соң су бүркіп тұрғызып алды. 

Патшаның  көзі  күндіз-түні  жылаумен  болды.  Осымен  үш  күн  өтті.  Патша:  «Я,  құдай,  өзің  беpiп,  өзің 

алдың ба, не ғажап болғанын білмедім, Алла», – деп жылап алды. 

Сөйтіп отырғанда біреу тағы жүгіріп келді. Патша қуанып, баласын әкелдіріп көрді. Сөйтіп, қуанысып 

отырғанда біреу баланы ораған кілемді жайды. Баланы әкеліп тастаған да осы кілем екен. Жұрт кілемді 

тамашалап, қарап отырса, бір өзі қаншама дүние малға тұратындай. Жұрт кілемді жайып қойып үстіне 

отырысты. Үстіне патша, төрт дәруіш бесеуі отыруы мұң екен, кілем алып ұшып жөнелді. 

Ұшырып отырып бір қиын, құзды таудың арасына салған шаһарға алып келіп, алтын сарайдың алдына 

түсірді. Әрі-беріден соң перілер қаптап шығып, құрметтеп, бұларды қарсы алды. Сарайға келсе, алтын 

тақтың үстінде патша отыр екен. Ортасынан орын берді. Бұлар отырған соң, пері патшасы сөз бастады: 

– Менің сіздерді алдыртып отырғаным, менің әйелім босанып ұл тауып еді. Сонан бір шабарманымды 

дүние жүзін аралап бүгін осы менің қатыным босанған күні кімнің қатыны босанып, қыз тапса, соны алып 

кел деп едім, сол күні сенің қатының босанып ұл тапқан екен. Сонан соң екі баланың біріне бірінің көзі 

үйренсін  деп  үш  күн  мұнда,  үш  күн  онда  апарып  тастайтыным  сол,  –  деді.  Перінің  патшасы:  «Енді 

асықпаңдар, құдай қосқан құда болдық», – деді. Пері патшасы осыны айтты да адам көрмеген ойын-сауық 

істеп көрсетті. Бірімен бірі күрескенде, ойнап, қылыш шабысқанда, құдай мыналардың қасына жолата 

көрме дегендейсің. Себеп, екі пері алыса кеткенде бірін-бірі жығып салып, қылышпен екі бөліп, қанын 

ағызып тастайды. Әрі беріден соң, «бісмілла, ұйықтап кетіппін» деп, тұра келіп және алысады. Осындай 

ойындармен екі күн өтті. Ертеңіне тұрған соң пері патшасы: «Саяхатқа шығайық, жер аралайық, сіз келген 

соң  біздің  бәрімізді  көріп  кетіңіз»,  –  деп,  төрт  дәруіш,  жаңа  патша  бесеуін  бір  періге  мінгізіп  ұшып 

жөнелді.  Зуылдатып  келе  жатты.  Бұлар  өздерінен  өздері  жандарынан  күдер  үзіп,  ең  болмаса  ана 

жолдастарымызбен қоштаса алмадық десіп келеді. Әрқайсысы іштерінен сүйтіп ұшып келе жатыр еді, 

пері патшасы тұра қалып: «Ей, құдалар, мына адамзаттың бәрі жиналып, неге бүйтіп күңіреніп жатыр», – 

деп сұрады. Дәруіштер: «Білмейміз, біздің көзіміз жетпейді», – деді. Енді шетінен барып көрейік деп, таяп 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              864 bet 

келіп, пері патшасы төмен қараған  уақытта, Мұратқан боздап коя берді. Әлдене  уақытта есінен танып 

құлап кетті. 

Пері патшасы  «бұған не болды» деп, бір дәріні мұрнына иіскетіп еді, Мұратқан ұшып тұра келді. «Ей 

шырағым, саған не болды, мұның қалай, неге бүйіттің», – деп еді, ол халін айтуға аузы келмей, кемсеңдеп 

жылай берді. Қасындағы дәруіштің біреуі: «Тақсыр, мұның жылайтыны мынау болу керек дей бергенде, 

Мұратқан өксігін басып, мен өзім айтайын деп, сол жерде бастан-аяқ халін айтты. 

–  Анау  тұрған  сол  көк  өгіздің  иесі,  жылап  отырған  сол  ғашығы  осы  күнге  дейін  шала  жансар,  соны 

қайтерін білмей өмірін жылаумен алып келе жатыр. Анау жатыр. Анау жиналған сол жігіттің елі, ананың 

қайғысына әлі де күйзеледі, – деді. Мұратқан мұны айтқанда пері патшасы: «Келгеннен бері халіңді неге 

айтпағансың»,  –  деп,  ызаланып:  «Ол  жігіттің  исмиағзамын  әкеткен  перінің  атын  білмейсің  бе?»  –  деп 

сұрады. 


– Жоқ, білмеймін, бірақ сол пері Жауһарнегінің шаһарынан деп еді, – деді Мұратқан. Мұны естіп алып, 

пері патшасы алып кел деп бұйрық қылды. Баяғы Шымыр тоқтамай сабап кетті. Ол келгенше қалған үш 

дәруіш: Қайдархан, Зейнел, Хасен үшеуі де жылап қоя берді. 

– Я, енді сіздер қалдарыңызды айтыңыздаршы, – деді пері патшасы. «Мен айтам, мен айтам» деп, үшеуі 

таласа бергенде он жағында отырған Зейнелге:  «Шырағым, сен айтшы,  – деді. Ол да әкесінің өлгенін, 

уәзір  оның  орнына  патша  болғанын,  онан  оны  қуып  шыққанын,  онан  пері  патшасына  барып,  маймыл 

суретін  алмақ  болып,  өзін-өзі  қызға  жұмсағанын,  ол  қызға  ғашық  болғанын,  ақырында  пері  патшасы 

соның  бірін  де  бермей  қуып  жібергенін  бастан-аяқ  айтып  берді.  «Өңкей  нәлет»  деп  долданып,  пері 

патшасы Әмір деген шабарманын шақырып алып, сен Қылымда шаһарының патшасын тез барып алып 

кел», – деп, бұйрық қылды. 

Екінші кімде қандай арыз бар деді. Пері патшасы тағы да он жағына қарап, Қайдарханға айтты. Қайдархан 

тұрып: 


–  Мен  де  бір  сорлы  болып  жүріп  сізге  кез  келдім.  Аруақтың  түсімде  берген  аяны  елде  сіз  шығарсыз. 

Оқиғаңды біреуге айтып тамамдасаң, мұратыңа жетерсің деген еді, тамам етіп айтып болған соң сізге кез 

болып отырмын, – деді. Бұл Қайдархан: аң аулап шыққанын, онан киік кезігіп оны қуғанын, онан ұлы 

судан  өтіп  сарайға  келгенін,  онан  Күләнданың  суретін  көргенін,  шалдан  барлық  оқиғаның  жайын 

естігенін, онан кемеге мініп, онан қашып құтылғанын, онан бейітке келгенін, сонан осы патшаның өзіне 

жолыққанына  дейін  айтып  өтті.  Сонан  сон  пері  патшасы  бір  шабарманын  тағы  шақыртып  алып:  «Тез 

барып, адамзат Ұрмая шаһарының патшасының қызы Күләнданы алып кел», – деп жіберді. 

4. Қыпша 

Бұрынғы заманда бір саудагер өте дәулетті бір бай болыпты. Бұл саудегер байлықпенен дүниедегі не түрлі 

асылдарды,  қайдағы  адам  таң  қаларлықтай  заттарды  жинай  беріпті.  Бай  айналасын  кең,  өзін  биік 

қылғызып  қорған  жасаттырып,  не  түрлі  адам  көрмеген  заттарды  қорғанның  ішіне  жайып,  жинап  шәрі 

халқын шақырып қонақ қылып, жиналған дүние мүлік, асыл қазыналарын тамаша үшін халыққа көрсетіп: 

«Осы дүние жүзінде менде жоқ зат бар ма? Менде жоқ заттардан менде жоқ заттар болса айтыңыздар, мен 

оны тауып аламын», – деп сұрайды. Жиылған халық естіп көрмеген заттарды көріп қайран қалып, дүние 

жүзінде сізде жоқ асыл зат болмас десіп, мұндайда дүние мүлік жинаған адам болды екен-ау деп қайран 

қылыпты. 

Сонда бір адам отырып: «Ей байеке, енді мұндай он есе дүние жинасаңызда Қыпшаға жетіп жатқан жоқ», 

–  дейді  де  кетіп  қалыпты.  Саудагер  ары-бері  ойланып:  «Мен  мұнша  дүниені  жинағанда  Қыпшаға 

жетпейтін  бұл  Қыпша  деген  қандай  зат  екен?  Мұнымен  іздеп  таппасам  мен  бұл  дүние  малды  несін 

жинадым. Сол Қыпшаны не зат болсада, осы дүние жүзінде болса тауып аламын», – деп, сексен қашырға 

гәуһәр, алтын, ділләларды артып, қасына жолдас ертпей жалғыз өзі шәріден шығып кетеді. 

Елінен ұзап шығып алғанда ой түсіп, бұл Қыпша адам емес шығар? Егер адам болса, айтқан адам, пәлен 

жердегі  сондай бір сұлу дер еді. Жанды зат болса пері  болар ма?  Жоқ әлде жансыз бір асыл ма екен? 

Япырмау сол Қыпшаның не зат екенін, қай жақта, екенін сұрап алмай осы жүрісім қалай жүріс? 

Енді елге қайтып барып анығын сұрасам қайтеді деп ары-бері ойланып, енді қайтып барғаным елден ұят

неде  болса  іздеп  көрейін  деп,  бет-алдына  қаңғып  айдан-ай,  жылдан  жылдар  өтеді.  Көрінген  адамнан 

Қыпшаны білесіндер ме деп сұраса адам білмейді. Бір кезде бір шәріге келіп, әркімнен сұрап жүрсе, бір 

сақалды адам кезігеді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              865 bet 

Саудагер: 

– Ата Қыпша дегенді естуіңіз бар ма, – деп сұрайды. Әлгі: 

–  Қыпшаны  неге  сұрайсың?  Қыпшаны  қалай  есіттің,  –  дейді.  Саудагер  болған  уақиғаны  түгел  сөйлеп 

береді. Сақалды адам саудагерге біраз қарап тұрып: 

– Сұрап жүрген Қыпшаңды тауып берсем не берер едің, – дейді. 

Саудагер: 

– Сөзіңіз рас болса сексен қашыр алтын жамбы гауһарым бар, соның барлығын берейін, – дейді. 

Шал: 

– Үйім пәлен жерде кешке кел, бірақта менің әміріме бой сұнасын, –дейді. Саудагер «болады» деп, барлық 



дүниелігін өткізіп беріп, бұл Қыпша деген не зат екен? Енді не болса да болары болды, алла неге жазса 

соны көремін деп, кеш болғанда шалдың сарайының есігіне барады. 

Сол кезде шал қақпасын ашып, сәудегерге «дымыңды шығарма» деп, қылышты шығарып алып, бүркенген 

бір адамды сарайынан алып шығады да, саудагердің қасына келген соң, дыбыстарың шықса бастарыңды 

шауып жіберемін деп, екеуін айдап отырып шәрінің сыртына шығарып бір қанша жерге дейін айдап келіп, 

саудагерге:  «Ұста  мына  қолдан,  таң  атып  күн  шықпай  көруге,  немесе  жауап  қатуға  болмайды.  Ал 

кетіңдер», – деп өзі сол жерде қарап тұрады. Сәудегер бір адамның қолынан жетелеп келе жатып «Қыпша 

дегені  адам  болды  ғой,  бұл  соқыр  ма?  Пұшық  па?  Дүние  қазынамды  сарып  қылып  қанша  бейнет 

көргенімдегі тауып алған Қыпша қандай адам болып шығар екен», – деп ойланып келе жатып күрсініп 

қалыпты. Сонда жетелеп келе жатқан адамы «қорықпаңыз» деп қояды. 

Дауысын байқаса әйел дауысы, таң атып күн шыққандай бір бастауға келіп, сәудегер: «Енді неде болса 

көрейінші», – деп бетін ашып жібергенде күндей жарқ ете түсіп, саудагер талып қалады. 

Қыпша сәудегердің бетіне су бүркіп есін жиғызып алып, өзінің тарихын сөйлей бастайды: 

–  Мені  сізге  берген  шал  менің  шешемнің  ағасы.  Менің  әкемде,  шешем  де  бір  жасымда  өліп  мен 

нағашымның қолында қалыппын. Мен екіден үшке шығарымда нағашым осы балам бөлекше адамзатқа 

көрсетпей бағамын деп, елге мені өліп қалды деп хабарлап қояды. Соныменен нағашым түпкі төр үймен 

жалғастырып маған арнап жекелеп бір үй салады, менің бөлмемнің есігі түпкі үйдің төрінен төмен түсіп, 

менің үйімнің есік жағынан басқықпен өрлеп шығатын етіп жасаған. Қорамен даруазаны мықты биік етіп 

жасап, күндіз-түн қақпаны бір минөт ашық қоймайтын болған. 

Кісі  жоқта  үй  ішімізбен  бірге  отырамыз.  Сырттан  келген  адам  есік  қақпайтын  амалы  жоқ  сонда  мені 

басқышпен өз бөлме жіберіп келген адамдарға сонан кейін қақпаны ашып кіргізіп тұрады. Нағашым өзі 

оқытып өз білгенін түгел білгізді. Мені сондай етіп бағуменен нағашымның үй ішінен басқа сізден басқа 

адам баласы көрген емес. Мен биыл он сегіздемін, осыдан үш жыл бұрын нағашымның алыс жердегі бір 

қыймас досы келіп екеуі төр үйде сөйлесіп отырғанда нағашым айтты: «Біттейінен бағып, желге, құсқа 

тигізбей өсірген алма әбден піскенінде жеуге қыймағаннан қиын нәрсе болмайды екен. Бірге сондай бір 

уайым кезіккеніне бір жылдан асып барады», – деді. Сонда нағашымның досы: «Досым ондайлық жеуге 

қимайтын алманың қолға келуі оңай емес, алла тағала қимастай етіп қолға берді, Алланың төтенше берген 

бір  рахымы,  Алланы  тәрбиелеп  әбден  піскенінде  өзінің  жаралуындағы  бетіне  қарай  бейімделмесеңіз, 

алмасаңыз дер кезінен өткен соң дүниеге келіп жаралмаған өлі бір зат болады да қалады. Соның үшін 

сіздің бұл ойыңызға қосылмаймын», – деді. Нағашым үнсіз отырып қалды. Келген мейманменен барлығы 

тамаққа  отырғанда  бір  ыдыстағы  асты  нағашы  шешем  байқамай  «мынау  Қыпшаныкі»  деп  қалды. 

Нағашымнан басқа жағдайды ұққан досы нағашы апамнан менің атамды естіп қалып еді, менің бөлмемнің 

керегесі өте жұқа болған үшін төр үйдегі сөйлеген сөздерді анық естіп отыратын едім. Менің атымды сол 

адамнан басқа дүниеде адам баласы есітпеген және де менің дүниеде бар екенімді де ешкім білмейтін еді, 

сіз мені анық іздеп келсеңіз сол адамнан естіп келесіз депті. Саудагер Қыпшаны көргенше Қыпшаның не 

зат екенін білмей келгенін түгел айтып беріпті. Қыпша: 

– Алла басында мені сізге қосылуда нәсіп қылған екен енді еліңізге тартыңыз,  – деп, екеуі еліне қарай 

келе жатып, жолда бір шәріге келіп тоқтайды, екеуі кеңесіп осы шәріде бірақ тоқтап дем алалық деп, бір 

үйді пәтерге алып өздерінше бір үй болып отырады. 

Қыпша  бетіне  перде  жауып,  жүзін  бір  адамға  көрсетпей  сақтануда  болды.  Қыпша  бір  күні  «бізге  аз 

тұрсақта қаражат керек қой», – дейді де, бір орамал тігіп, «базарға апарып сатып кел» деп еріне береді. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              866 bet 

Сәудегер базарға шығарғанда базардағылар таласып ақыры бір бай сәудегер қымбат бағамен сатып алады 

да, «осындай орамалдар болса қанша болса да ала беремін», – депті. 

Орамал өте қымбат бағаға нарқы кесіліп Қыпша күн сайын бір орамал шығарады да, бір айдағы сатылған 

орамалдың соммасы бір қанша мың діллә болып кетіпті. Бұлар артықша пайдаға қызығып осы шәріден 

бір үй салмақшы болады. Қаражат жеткен үшін қорасын мықты етіп өте жақсы үй салдырады. Қора-жай 

біткен  соң  өз  үйлеріне  көшіп  шығып  Қыпша  еріне  айтады:  «Осы  қораға  адам  баласы  кірсе  өмірлік 

өкінішке қаламыз өте сақ боларсыз», – депті. 

Бұрынғы әдеттері бойынша күніне бір орамал сатып, ақыры байдың бірі болады. Бір күні сол шәрінің 

патшасы шәріні аралап жүріп орамал сатып алып жүрген сәудегердің дүкендегі орамалды көріп: 

– Мына орамалды қайдан алдыңыз? Мұны қандай адам жасады екен, – деп сұрапты. 

Сәудегер: 

– Тақсыр осы адамды сататын бірақ адам, өзі осы қаланың адамы емес сырттан келген болуы керек,  – 

депті. 


Патша орамал тіккен адамға көрмей ақ ғашық болып, саудагерге: 

– Осы орамалды сатып жүрген адамның үйін алдымен өзің көріп, онан кейін маған көрсетіп бересің, – деп 

бұйырады. 

Саудагер: 

– Болады тақсыр, – деп уәде береді. 

Патша  кетісімен  ақ  орамал  сатушы  саудагерде  орамалын  алып  келіп  қалады.  Дүкендегі  саудагер 

орамалын  алып,  тиісті  ақшасын  беріп,  тездетіп  дүкенін  жауып  орамал  сатушының  артынан  кейінірек 

жүріп еріп алады. 

Орамал  сатушы  саудагер  бірнеше  көше  айналып  келіп  өте  сәндеп  жасаған  бір  сарайға  кіріп  кетеді. 

Саудагер  көріп  алып,  ертесіне  «орамал  сатушының  үйін  таптым»  деп  хабарлайды.  Патша  көрген 

саудагерді ертіп өзі келіп көріп, «осы үйдегі әйел қандай екен көріп кел», – деп бір уәзірін жібереді. Уәзір 

келіп қақпа қақса ар жағынан бір әйел дауысы «кіруге рұқсат жоқ, қайта беріңіз» деп қақпаны ашпайды. 

Уәзір болған уақиғаны патшаға айтып келеді, патша бұл хабарды есіткен соң ойланғанымдай осында өзін 

халыққа  көрсетуге  болмайтын  әйел  бар  екендігін  біліп,  ғашықтығы  бұрынғысынан  да  арта  түседі. 

Саудагердің үйіндегі әйелді білу үшін бір неше адамдарды жібергенмен қораға кіре алмай, бұған енді не 

амал бар деп уәзірлермен ақылдасқанда, бір уәзірі, тақсыр, ол қораға айламен кірсе «пәлен» деген мыстан 

кемпір кірер дейді. 

Патша мыстан кемпірді шақыртып алып: 

– Шеше, айламен сол қорадағы әйелдің анық, қандай екенін біліп берсеңіз сізден дүние аямаймын, – дейді. 

Мыстан «қандай болса да анығын өз көзіммен көрейін», – деп уәдесін беріп, үстіне адам денесіне ілмейтін 

жаман киімдерді киіп қайыршы болып, кешке таман саудагердің қақпасына келіп қайыр сұрайды. Қыпша 

садақаға қақпасын ашпай ар жағында тұрып бір діллә береді. Кемпір ділләні алып батасын беріп, «балам, 

панасыз  алыстан  тентіреп  келген  бір  мүсәпір  едім,  осы  қаладан  бір  адамды  танымаймын,  құдай  үшін 

үйіңізге бір түнеп шықсам»,  – деп жалынады. Қыпша,  «шеше, кіруге рұқсат  жоқ, кетіңіз»,  – деп кетіп 

қалады. Мыстан ол күні кетіп қалып, ертесі кешінде тағы да қайыр сұрап келеді. Қыпша және бір алтын 

садақа беріп, нетүрлі амалмен сөйлеген сөзіне қарамай кіргізбей қояды. 

Күн батып қараңғы түсе бастағанда үй иесі саудагер келсе кемпір қақпа түбінде отырып, саудагерге неше 

түрлі айламен зарлы сөздерін айтып, бір түнеп шығуға рұқсат сұрайды. Саудагер бір діллә садақа беріп 

«шеше кіруге рұқсат жоқ» деп қораға кіргізбейді. Сәудегер қақпасын ашып ішке кіргенінде мыстан кемпір 

«балам, мен сорлыны осы шәрінің адамы үйіне кіргізу былай тұрсын, кешінде жатып шығуға қақпасының 

алдында жатқызбайды. Сізден рұқсат болса қақпаңыз алдына түнеп шығып, таң атқан соң елден сұрайтын 

қайырды сұрайын», – дейді. 

Саудагер іште тұрып, «шеше сізден мен көшені қорымайын, ондай етемін десеңіз мейліңіз», – деп кетіп 

қалады. Мыстан амалменен түнімен қақпаның алдында жатып, ел тұрған кезінде  қайыр сұраған болып 

кетіп қалады. 

Бұл мыстан осыменен үш күн кешінде үздіксіз келіп, сәудегердің қақпасының алдына түнейді. Төртінші 

кешінде қорасына кіріп бара жатқан саудагерге: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              867 bet 

– Әй көп жасағырай, сіз болмасаңыз осы қалада күндіз болсам да, түнде бола алмас едім, қақпаңыздың 

алдын бергеніңіз, маған төріңізге отырғызып, құс-төсекке жатқызғандай болды қарағым, жолың болсын», 

– дейді. 

Сонымен бір-неше күн өтіп, енді бір күні мыстан саудагерге: 

–  Балам,  мен  әзір  осындай  қалда  жүргенмен,  жаралыстан  мұндай  емес  едім.  Құдайдың  кездейсоқ 

қосуымен ғана осы қалға келген едім, сол бір төтеннен кезіккен іспен осы қалға кезгіп, сол істі негіздеп 

жүргенде жәйім бар еді. Сіз болмасаңыз осы шәріде жүре аларда емеспін, сіздің арқаңызда осы шәріге 

тиянақтап, ісім оңына таман айналғандай болды. Шаруам әбден аяқталып өз шәріме қайтарымда, өзіңізге 

қош айтып, тосынан ұшыраған ісімді әбден түсіндіріп кетемін балам, сізге көп рахмет, – дейді. 

Саудагер, «жақсы шеше, – деп қорасына кіріп кетіп, бұл сорлының кездейсоқтан жолыққан ісі қандай іс 

екен», – деген ойға келеді. Есіктен сөзін Қыпшаға айтқанда, Қыпша: 

–  Ондай  ісі  болса  кетіп  бара  жатқанда  естірсін  кім  біледі,  адам  аласы  ішінде  деген,  –  дейді.  Енді  бір 

кешінде жаңбыр жауады. Саудагер анадайдан көрінгеннен-ақ мыстан өтіріктен иегі иегіне тимей дірілдеп 

тоңып, бүржйіп тұрып саудагерге: 

– Ойпырмай жаным балам-ай, тоңып өліп кетер ме екемін, тіпті әлім құрығандай болып барамын, – дейді. 

Саудагер аз ойланып, «осы бейшарада не бар? Мына нөсер жаңбырда обал болмасыншы» деп, қақпасын 

ашып өзі қорасына кірерде, «Шеше өте қатты қалтырап тоңып кеткен екенсіз, үйге кіріңізші», – деп, үйіне 

ертіп кіреді. Мыстан ертіп кіріп келгенде Қыпшаның жүрегі  су  ете  түсіп, пердесін жүзіне жаба алмай 

қалады. Мыстан Қыпшаны көріп, «бұл шынымен адам ба? Жоқ пері зат па екен?» деп неше түрлі ойға 

қалады. Қыпша еріне «іс жаманға соқпасын, болар іс болды, енді бұл кемпірді мен жібермеймін» дейді. 

Сонымен кемпірге жаңа киім кигізіп Қыпша, «сізді шеше орнына шеше, әке орнына әке қыламыз. Дүние 

міне жетеді, енді осы қақпадан шықпайсыз, өлсеңіз өз қолымыздан таза арулап қоямыз» дейді. 

Кемпір «жібереймін» дегенге ішінен қатты қорқып, сыртынан өте қуанған болып, күле сөйлеп, «ойбай-ау 

олай  десең  балам,  менің  құдай  тілеуімді  шынымен  берді  емес  пе?  Менің  онан  артық  қандай  тілегім 

болады» деп өтіріктен батасын беріп, күлміңдеп қалады. 

Мыстан кемпір бір айдан артық тұрады. Қыпшаның байқауынша кете қоятын түріде сезілмейді. Бір күні 

мыстан бада-бада болып жылап отырғанын Қыпша көріп, «шеше не болды?» деп сұрайды. Сонда мыстан: 

–  Балам,  мен  хал-жәйімді  ашып  айтпағанмен  осы  үйдегі  балама  үйіңізден  пана  таппай  тұрғанда  шет 

жағалатып айтқан едім. Менің ерім де өздерің сияқты өте бай еді. Ерім қайтыс болып, жалғыз баламмен 

екеуміз осындай бір сарайда шошайып қалдық. Бір күні осы шәрінің қарақшылары жалғызымды өлтіріп, 

барлық қазына дүниелігімді бұлап алып кетті. Мен жалғыз қалып, бар дүниемнен айырылған соң кімге 

сиямын  деп,  сол  дүниелігінен  бірдеме  тиер  ме  екен  деп,  қайыршының  киімін  киіп  осы  қалаға  келіп 

жалбызбалап жүріп бір адаммен жалғасып, қарақшыларды тауып дүниелігімді тигізіп берсе, жалғасқан 

адамға тиген дүние мүліктің тең жарымын беретін болып, сол кісінің амал, күш-қайратымен ұрланған 

заттарымның  жарымға  жуығын  тигізген  едім.  Тиген  дүниеліктің  өзіме  тиістілерін  жерге  көміп,  қойып 

алды  тиген  соң  қалғанында  тигізіп  алайын  деп  тоқтап  жүр  едім.  Ол  көмген  заттарының  көпшілігі 

шірімейтін алтын, гауһар сияқты асылдар. Ал енді өзі өлседе өз көзім жұмылғанша, «ең болмаса киген 

киімі көз алдымда тұрсыншы» деп, жалғызымның бір бағалы ішігінің өзін алып едім. Жылаған себебім 

біріншіден  арманда  кісіден  өлген  жалғыз  есіме  түсті.  Екіншіден  көз  алдымда  тұрса  деген  ішік  шіріп 

қалады ау жалғызымның көзін құдай оңына келтіріп, қолыма тигізгенде қайтадан айрылатын болғаныма 

ренжіп  отырмын.  Мен  жалғазыммен  үстіндегі  киімі  үшін  ғана  жыламасам,  дүниесі  құрғыр  үшін 

жыламаймын қарағым. Дүние деген осы үйде жетерлік екен ғой, енді  өзімнен тумасаңдар  да туғандай 

болған сіздерге болмаса шынында шырағым маған енді қанша керегі бар. Сендер аман болсаңдар, енді 

ештеңе мұқтаж болмасыма көзім жетті шырағым. Егер сіздерге керек қой десеңіздер, өзім көтергенімше 

жарым-жартылап алып келейін. Сіздерге керек болмаса шірігені шіріп жата берсін. Енді дүниесі құрғырға 

өте қызып та отырғаным жоқ, – деп монтанысыды. 

Сонда  Қыпша  ойға  кетіп,  «осы  кемпірдің  менің  еріме  айтқаны  шын  болды  ау.  Ойлап  қарағанда  еріме 

бастапқы айтқан сөзі осы екен ғой, мұның шіріп кететін баласының киімін шіріттіргенім тіпті обал болар, 

мұны баласының киіміне жіберейін» деген ойға келеді. 

Қыпша: 

– Шеше ол балаңыздың киімін қойған жері жақын ба еді? Алыста ма? 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              868 bet 

Мыстан: 


– Ойбай қарағым, осы қаланың ішінде, адам көрмейтін бір оңаша жерге тығып едім, оны қалайша сұрадың 

шырағым, – деп қояды. 

Қыпша: 

–  Баламның  киімін  көріп  отыра  алмайтын  болдым  ау  деп  жылаған  соң  ішкімге  көрінбей  алып  келсе 



боларма екен, – деп сұрап отырмын дейді. 

Мыстан: 


– Ондай ойласаң тіпті құдай тілеуіңді берсін, ана дүниесі құрғырдан да жалғыздың киімі ғой өте маған 

қажеттісі.  Сүйтсе  де  дүниесі  құрғұр  да  өздігінен  табылмайды  ғой,  бір  күнде  еңбек  қылып  жинаған 

дүниелік  бекер  жер  астында  қалмасын,  менде  ол  толып  жатқан  дүниеліктің  қаншасын  көтеруге  шама 

болсын. Сондай болсада өзімнің шамама қарай көтергенімше ала келейін, – дейді. 

Қыпша: 

– Жарайды шеше, тезірек қайтыңыз және ешкімге көрінбей келіңіз, – дейді. 



Мыстан кемпір: 

–  Болады  балам,  –  деп  қақпадан  шығып  алып,  қуанышы  қойнына  сыймай  жүгіре  басып  патшаның 

ордасына келіп: 

– Тақсыр, ғашығыңызды таптым, пері ме десем, адамзат екен, ақылын таптым, өзін әзір алып келемін. 

Маған бір бағалы гауһар даяр етіңіз, – депті. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет