– деп отырды да, жарайды, әкеңмен дәмдес болып едім, бір рет сынап, берейін. Мен адамзат патшасы
Онзила шаһарының қызына ғашық едім, мен соны тартып алам деп барғанымды біліп елі исмиағзам
дұғасын оқып жолатпай қойып еді, сонан не істерімді білмей отырмын. Не ықтиярымен бермейді, соны
қас қылмай әкеп берсең маймылдың суретін берейін, – деді. Пері патшасы соны айтып, қолымызға:
«мынаумен іздейсіңдер» деп, бір қыздың суретін берді. Қарасақ көрген адам жолында өлетін.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
859 bet
Суретті алып, патшаның ғашық қызын іздеп кеттік. Көрсеткен жөнімен іздеп, неше күн жүріп келе жатыр
едім, елсіз далада иығына қоржын салған бір қайыршы шал кезіге кетті. Сәлем беріп жөн сұрады:
– Балалар, мен сол шаһардікімін, – деді. Қайыршыдан мына жақсылық хабарды естіген соң, мен тұрып:
– Е, ақсақал, қайырсыз мың тенге аласыз ба, жоқ қайырлы бір теңге аласыз ба? – дедім. Қайыршы:
– Қайырсызды не қылайын, қайырлы бір теңге беріңдер, шырақтарым, – деді. Сол жерде қайыршыға бір
ділдә беріп, жүріп кеттік. Жөнін сұрап, бір мезгілде шаһарды тауып алып, күн кешкірген уақыт, шаһарды
аралап келе жатыр едік, шаһардың орта тұсында бір үлкен алтын сарай тұр екен. Бір жағы құлаған, ішінде
бір шал, бір қыз отыр. Келсек бағанағы қойнымыздағы суреттегі қыз. Көңіл шат болып, осында қонайық
деп келе жатсақ, отырған шал бағанағы өзіміздің қайыр берген шалымыз. Аттарымызды байлап тастап,
«ассалаумағалайкүм» деп кіріп келдік. Көргеннен-ақ тани кетті. Бәрі де, жылап отыр. Шал қалбалақтап:
– Жоғары шығыңдар, балалар. Жолдарың болсын, қарақтарым, сендердің, бір ділдәлерің, қайырлы,
берекелі болып, бүгін соған көп нәрсе алдым. Мына балам қуанып көп алғыс айтып отыр, – деді. Алла
сендердің жолдарыңды қылар, біз де мүсәпір адам едік, – деді. Сонда қуанып отырып, қасымдағы досым
сөз бастап, пері патшасы жібергенін айтып, қызды сұрады.
Шал мына сөзді естіп, жылап сөз бастады:
– Балалар, мен заманымда патша едім. Қапыда құдай тағала мына күйге салды, сол пері лағнет келіп,
соғысып, мал мүлкімді талауға салып, көп қинау көрсетті. Мен де патшамын, жөншілікпен қызды
бермедім. Енді күллі елді бүлдіретін болды. Сонан соң молдалар жиып, періге ем мынау болады деп, бәрі
исмиағзамның дұғасын оқыды. Әрі беріден соң албасты секілді басып отырған пері әскері бір сағатта
кетіп бітті. Кетсе де тыныш кеткен жоқ. Осылайша өзімізді ғарып қып, мына сарайдың бір жағын бұзып,
барлық адамдарымызды жылатып кетті. Сонан бері осы халмен күн көріп жатырмыз. Сіздердің кешегі
берген ақшаларыңыз өзім осы халге келгеннен бері көрген қайырлы нәрсем болды.
Енді, балалар, сендерге не айтам, өзім мына халде отырмын, заттарың тәуір керінеді, періге осы баламды
бермеймін деп, түсіп отырмын ғой, қалай қып аласыздар, өстіп отырып бұл баламды енді жылата бермейін,
құдай алдынан жарылқасын, – деді шал. Осы күні сол сарайда болып, ертеңіне қызды алып келе жатырмыз.
Мен қызға жан-тәніммен ғашықпын. Жоқ жерде өзімнің ғашық екенімді қызға айттым. Қыз Шарбану:
– Мен қайдан білейін, менде не ерік бар, мені не қылғалы алып келесіздер, – деп, ауыр күрсініп жылады.
– Жаным Шарбану, мен сендік, енді ешкімге бермеймін, ықтиярмысың, – дедім.
– Ондай күн болатын болса, өз нәсілімнен қайда барам. Амал жоқ, ерік кетіп келе жатырмын. Онда да мен
қанша баянды болып тұрар дейсің. Құса болып өлем. Нәсілің адам, пері емессіз ғой, сізге мен де
ғашықпын, не қылсаң да ықтиярмын, – деді.
Шарбану сүйтіп тұрғанда бағанағы досым келіп:
– Ой, ақымақ, былай жүр, есітіп пе ең патшаның айтқан сөзін. Қастық қылма дегені қайда. Бұған қатысып
алып, берсең, сен де, қыз да, мен де бұл жиһанда болмаймыз. Есің жоқ, біз ана қалаған маймылдың суретін
алсақ барлық мұратқа жетеміз жолаушы болма, – деп ұрсып, қуып жіберді. Енді таң атып бұл қонған
жерден жүріп кеттік. Ертең мен қыздың қасына келіп, әртүрлі сөз айтып отыр едім, досым және келіп
ұрысты. Мен әрі-бері көнбей:
– Маған енді маймылдын суретінің керегі жоқ, осы Шарбануды өзім алайын, – деп айтып едім, досым
маңға отырғызбады.
– Бұл жерде әзір ақымақтық қылма, суретті алсақ, осы мұраттың бәрі де болады. Мен өзім бәрін де
орындаймын, – деп қызға жолатпады. Осымен келе жаттық. Енді екеумізді аңдып жақындастырмады.
Ішімнен қан өтіп мен жүрмін. Ақырында аңдушыны, алдаушы жеңеді деген ғой, бір қапысын тауып,
Шарбанумен қосылып қалдым. Оны досым біліп қалып, ойбай салып, сен бүлдірдің, енді бізге түк жоқ, –
деп, жер теуіп ұрысты. Мен досыма жалынып: «Ей, ағатай, маған жаныңыз ашыса, осы Шарбануды өзім
алайын, енді маймылдың суретінің керегі жоқ», – деп зарлап жыладым.
Олай-бұлай айтып едім болмады. Зарығып жылап жалындым, болмады. Ақырда менің көңілімді қимай
айтты:
– Жарайды, енді тұра-тұр, осы перілердің мұрнына исі келсе, жоламайтын бір дәрі болушы еді, кінә өзінен
болсын, оның исі мұрнына келсе, Шарбанудан безіп кетеді, тастайды. Сонан кейін қызды да аламыз,
маймылдын суретін де аламыз, – деді. Сонымен қыз Шарбанудын қолына дәрі жақты. Бірнеше күн жол
жүріп алып келді. Сонан соң бізді бір бөлек үйге әкеліп кіргізді, қызды онаша бір үйге апартты. Тамақ
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
860 bet
ішіп болған соң, досымыз екеумізді қыз отырған үйге әкелді. Әр-беріден соң Шарбанудың қасына барып
еді, иіскелеп тұрып шошып, секіріп шықты. Сүйтіп біздің қасымызға келіп, ақырып:
– Батшағар, сен неше келіп, менің неше түрлі сырымның бәрін білгенсің. Антұрған, саған мен көрсетейін,
– деді. Маған келіп: «Ей, оңбаған, адалмын, дос болам дейсің адамзат опасыз келеді» деп, екеумізді жаққа
екі тартып еді, дүние жүзі зілзала орнағандай шақыр-шүқыр етіп астан-кестен болды. Мен өліппін де
қалыппын. Сонан кейінгі халдің не болғанын білмеймін. Бір уақыттар болғанда көзімді ашсам ел жоқ, күн
жоқ, бір меңреу cap далада жатырмын. Досым да жоқ, қыз да жоқ, перінің шаһары да жоқ, не жер екенін
біле алмай естен танып, жынды кісіше біраз отырыппын. Аздан соң есімді жиып алып, бір таныс жер
табылар ма екен деп едім, жердің бәрі жат, әкеден, тәж, тақтан, ел-жұрттан айрылған былай тұрсын,
бәрінен мынау өтіп кетті. Ыза мен дерт ішке симай жылап: «Я, құдай, неңді алдым, осынша жас басымнан
ғарып қылғандай, енді мынау күйікті тарттырғанша, ал құдай деп, ызаланып, жылап жатып, ұйықтап
кеткен екенмін. Түсімде әкем келіп айтады: «Шырағым, ренжіме, Алланын жазуы осы, осыдан аумай
бетінді күн батысқа қойып жүре бер. Алдыңнан бір биік зеңгір тау керінеді. Соның батыс жақ етегінде
бір бейіт бар, соған барсаң барлық тілеуің қабыл болады», – деді. Сонан еш нәрседе жұмысым жоқ, қатты
қуандым. Түсімдегі аян бойынша жобалап жүріп келсем, бейіт тұр екен. Ішіне кірсем мына кісі жалғыз
отыр екен деп, сол жақтағы біреуін көрсетті. Өзге отырғандар:
– Жарайды, бұл осымен тоқтасын. Енді сіз айтыңыз, – деді бәрі ең алғашқы келген біреуіне. Ол сөзін
бастады.
Tөртінші дәруіш
Төртінші дәруіш отырып:
– Мен бір уәзірдің баласы едім. Әкем ағалы-інілі немере еді. Екеуі де уәзір еді. Екеуі өлердей дос, сонша
жолдас, бір-біріне жанын қиятын еді. Екеуінде де бала болмапты. Сүйтіп жүргенде аруақ жар болып,
екеуінің де кейінгі алған қатыны жүкті болыпты. Өте қуанышты, шаттанып жүріпті. Менің әкемнін аты
Фазыл еді, анау уәзірдің аты Қамза еді. Бір күні, менің әкем Қамзаны қонаққа шақырып, кеңесіп отырып,
екеуміздің де әйеліміз жүкті болды, екеуі бірдей ұл тапса, нұр үстіне нұр, екеуі бірдей қыз тапса, онда
керегі жоқ, егерде екеуміздің әйеліміз бірі ұл, бірі қыз тапса, қосайық, – дейді.
«Ата-ененің жоралғысы, менің әйелім ұл табады, сенің әйелің қыз табады деген сөз емес қой», – дейді,
менің әкем отырып. Қамза отырып айтады: «Бұл дұрыс сөз, осы сөз менің де ойымда бар еді, бір айтайын
деп жүр едім», – дейді. Осыған екеуі де сөз байласып қояды. Бір күндер болғанда, ай-күндері жетіп екеуі
босанады. Менің шешем ұл табады, Қамзаның әйелі қыз табады. Ол қыз тапты деп ренжімейді, әйтеуір
перзентке зар болып жүрген адамдар қатты қуанып, неше күндей ұдайы той қылады. Сонымен екеумізді
тәрбиелеп жүреді. Екеуміз де сұлу, көркем болыппыз. Менің атымды Хасен қойыпты, қыздың атын
Күлзайра қояды. Сонымен екеумізді бір жерге күтіп, бір жерге асырайды, көз тиеді деп жасырып
асырайды. Осымен бірнеше уақыт өтіп, бес жасқа толған соң молдаға береді.
Оқып жүрдік, тәуір ғылым иесі болдық. Бір күні менің әкем отырды да:
– Ұлы жоқ адам сорлы, мал-мүлкі иесіз тұрған бір нәрсе емес пе. Қызды балам деуге бола ма? Ертең өскен
соң біреумен кетеді. Ақыры жиған-тергені сол қызын кім алса, сонікі болады. Менің артыма ие болады,
мұра болады деуге болмайды. Біздің Қамза да сорлы адам ғой, жасы болса келіп қалды. Мирасқоры жоқ.
Күлзайра да біреу үшін асырап отырған балапан емес пе, – депті. Бұл сөзді Қамза естіп, ботадай боздап
жылап:
– Мына сөзді Фазылдан естігенше өлейіп. Мен Күлзайраны ұлдан артық көріп жүргенде Фазыл мынаны
айтты. Ертең біреу мұнан да жаман сөз айтар. Онан да мынау Фазылдың сөзін естімей, құлақ естімеске
кетейін, – деп Қамза бір түнде кашып кетеді де қалады. Оны ешкім білмейді. Жалғыз-ақ бір жапырақ
қағазды жазып, төрт бүктеп, есіктің маңдайына қыстырып кетеді. Бұл мұнымен бара тұрсын.
Әкем ертең ертемен тұрып, уақытында қызметіне кетеді. Ол күні Қамза уәзір бармайды. Менің әкем: «бұл
кеше кешке аман еді, ауырып қалған ғой, көңілін сұрайын» деп, есіктен шығып келе жатса, есіктің
маңдайында төрт бүктеулі қағаз қыстырулы түр. Мұны кім қыстырды екен, бұрын бұл жерде ешнәрсе
болмаушы еді деп, тамашалап келіп алады. Қараса, жазылған қағаз. Жазған сөз мынау: «Қош, досым
Фазыл, ақиретте көрісерміз, бұл жалғанда енді екеумізге бір тұрып, бір жүруге нәсіп етпеген, енді көз
көрмес, құлақ естімеске кеттім, менің қалған дүниемді сен жиып аларсың, ақыр менде бала жоқ, иесіз
дүние ғой», – деп, аяғына атын қойыпты.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
861 bet
Әкем мына сөзді оқып, «дүние мені жазым басқан екен, сөзімді естіген екен ғой, қайран досым-ай» деп,
есінен танып қалады.
Есіктің алдында бұл кісінің талып жатқанын шешем көріп, не болып қалды деп, есі шығып қорқып, «әлде,
Хасеніме бірдеме болып қалды ма» деп ойлап, оған қарамай жүгіріп үйге келді. Мен жаспын, ештемені
парықтаған уағым емес. Артынан мен де шықтым. Келсек әкем әлі талып жатыр. Әкемді көрген соң мен
шырқырап бас салып, жылап жатырмын. Шешем енді қайтерін білмей, әкемнің бетіне су бүрікті, әкем
аздан соң есін жиып, көзін ашты. Зарлап жылап, «не болды, не көрдің, біреу ұрды ма, болмаса бір нәрсе
көрдің бе, неге бүйтесің» деп шешем сұрап еді, әкем ештеме емес деп айтпады. Сол уайымдаған бетімен
үйге келді. Келген соң: «Қайран, досым-ай!» – деп және жылады. Досым деген соң шешемнің түсі
бұзылып: «Не болыпты, Қамза өліп пе?» – деп сұрап еді: «Қашып, көшіп кетіпті, маған тастап кеткен хаты
мынау», – деді. Шешем қағазды алып оқыса, жазылған сөз әлгі. Бұл хаттағы сөзді естіген сон, мен де
ботадай боздап жылап, баршамызға бір үлкен қайғы болып, не қыларды білмей құр жылаумен отырдық
та қойдық. Осы қайғымен әкем уәзірліктен шықты. «Іздеймін», – деді. Ешбір дерегін біле алмады. Осы
уайымда жүріп әкем өзінің айтқан арманын қылып ауып кетті. Мен дәулеттен айырылдым, жай кетуге
айналды. Сонымен бір уақыттар болғанда, әкем дүниеден қайтты. Жетім бала, жесір қатын болып қалдық.
Әкеден онша дәулет болмады. Мен сол уақытта он үш жасқа келдім. Бір күні: «бүйтіп отырмайық, бір
кәсіп істейік деп, мен келіп базардан бір балаған жасап алып, ылғи халуа пісіріп сататын болдым. Жұрт
халуамды тәтті деп, екінші өзімді де тамашалап келді. Халуам өтімді болды, осымен пайда қылып жақсы
болып тұрдым. Иә, бұл осымен тұра тұрсын.
Сонымен Қамза сол кеткеннен мол кетті. Басқа патшаның қол астына барып уәзір болды. Күлзайра
тамаша болып өсті. Адам баласы қарап тұрғандай, он төртінен туған айдай толықсыды. Сонысынан
кауіптеніп Қамза Күлзайраны ешкімге көрсетпеді. Сонымен ол да жата тұрсын. Енді екі періден сөйлейік.
Пері патшасының Шымыр, Әмір деген екі жол қараушысы жаңа дүние жүзін түгел кезіп, байқап жүретін
екі перісі бар еді. Екеуі дүние жүзін кезіп жүріп, бір жерде кездесіп, көрген-білгендерін әңгіме қып
отырып, Шымыр айтады:
– Ей, Әмір, мен бір нәрсе көрдім. Дүние жүзінде бір адамзаттың қызы бар. Аты Күлзайра. Шіркін-ай,
мұнша да көрік біте береді екен. Кез келіп сол шаһардың ішін аралап жүрдім. Бір қараңғы үйден өтіп келе
жатсам терезеден жарық көрініп тұр екен. Ептеп бақылап қарасам жаңағы қыз қараңғы үйді нұрымен
жарық қылып тұр екен. Қайран болып, соны патшаға айтайын деп келе жатыр едім, – деді Шымыр Әмірге.
Сонда Әмір:
– Ей, сенің оның өтірік. Мен бір жігіт көрдім. Аты Хасен. Құдай тағала бұл секілді адамды да жарата
береді екен. Сенің мына айтқаныңнан он есе артық. Бір күні сол уәзірдің тұрған шаһарына келе жатыр
едім, анадайдан бір сәуле бетіме түсті. Әлгі сәулеге қарап келдім, келсем бір нашар ғана үйдің ішінен
жарық шығып тұр, ақырын ғана келсем сол үйдің іші айналасымен жап-жарық болып тұр. Көрсем үйдің
ішінде бір нашар ғана жігіт жатыр. Тікелеп қарасаң көзіңді шыдатпайды. Біраз тұрып қайттым. Өзіміздің
перілерде осы секілді жан бар ма екен деп, жай ғана байқайын деп келе жатыр едім, – деді Әмір пері.
Шымыры айтты, «сен өтірік айтасың, қыз әдемі болу керек» деді. Әмір айтты: «Хасен жігіт әдемі»», – деп.
Шымыр: «Ендеше мен қызды әкелейін, сен жігітті әкел, сонан соң қатар салып қарайык, қайсы әдемі екен,
әйтпесе біле алмаймыз», – деді. Шымыр жарайды деп, екеуі қыз бен Хасенді алып келуге жүріп кетті. Әрі-
беріден соң Әмір Хасенді (мені) тауып алып, қыздың үйіне алып келе жатты. Бұл екі арада Күлзайра
қыздың басында бір хал болып қалды.
Бір күні хан аңнан келе жатып, уәзірдің қызын көріп қалып, жан-тәнімен ғашық болады. Үйіне келіп
отырып, тағына мінген соң уәзірін шақырып алады да: «Сенің қызың бар ма», - деп сұрайды. Уәзір
сасыңқырап: «Жоқ еді, тақсыр», - дейді. Патша долданып: «Бар қызын жоқ деуін қарашы, әлде маған
бермейін деп айтып отырмысың, бермеген өнеріңді көрейін», – деп, жендетті шақыртып алады. Сол кезде
патшаның қаһарына шыдамай: «Тақсырай, биттей тұра-тұршы, айтайын, қызым бар, жасым болса келіп
қалды, өзіңіз көріп отырсыз, жалғыз бала болған соң, әзір ешкімге бермеймін деген антым бар еді, сол
уәде бойынша айтып салдым, ғапу етіңіз, не қыл дейсіз», – депті. Мына сөзді естіп, патша қаһарынан
қайтып: «Қызыңды маған бер, әйтпесе басыңды алам», – дейді. Уәзір: «Жарайды», – деп, ренжіп, үйіне
келеді. Түсі өзгерген. Екі көзінде жас бар. Қатыны: «Жарқыным, неге бүйтесің, не болды», – деп сұрап
еді, Қамза жылап: «Осынша жасқа келгенде көзімнің ағы мен қарасындай бала еді, соны патша бер», –
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
862 bet
деді, бермесең үй ішіңмен түгел қырам деді», –деп, Қамза көзінін жасын тия алмай өкіріп қоя берді. Әкесін
көріп, Күлзайра шыдай алмай: «Әке жылама, патшаға жауабын өзім берейін», – деді. «Қарағым-ай, сен не
жауап бере аласың», – деп әкесі мұңайды. «Жоқ, әке, қызымның өзі біледі деңіз, сонан соң өзі келеді,
болмаса кісі жібереді», – депті Күлзайра. Әкесі: «Жарайды», – дейді. Патша әрі-беріден соң шақырып
алып: «Қалың малыңды алып, қызыңды кешіктірмей бер», – депті. «Жарайды, тақсыр, әйтсе де қызымның
өзіне өзің барып сөйлес, болмаса кісі жібер, менің де көзімнің ағындай жалғыз қызым еді, бір ауыз сөз
салмай бара салуға көнбес, болмаса бірдеме етіп өліп кетер, туғалы беті қайтпаған бала еді», – депті.
Мына сөзге патша ойысып, бір уәзірін жіберді. Уәзір кеп айтқан екен, қыз: «Мен патша екенмін деп
масаттанбасын, менің теңім емес, қу түбірді құшақтап жата алмаймын, өз теңім керек, кім болса да жас
керек», – депті. Уәзір мына сөзді естіп, патшаға айтып келді. Бұл сөз патшанын өңменіне салған найзадан
кем тиген жоқ. «Патшаға қыз тимепті» деген сұмдық сөз ә дегенше-ақ ел арасына жайылып кетті. Патша
«дереу осы шаһардан өзі жынды бір жас адам тауып әкел», - деп бұйрық қылды. Уәзір сол жерде шаһарды
кезіп жүріп бір жынды бала тауып алды. Жасы сол кезде он бес, он алты шамасында еді. Алып келіп
патшаға берді. Уәзір ызаланып, қорланып, терісіне симай отыр. Хан қаһарына мініп: «Дереу екеуіне бүгін
қалыңдық ойнат, мына жынды бала күйеу болады, Күлзайраны осы жындыға берсін, болмаймын десе қыз
да, әкесі де бетін айтсын, қарсылыққа қаһарымды көрсетіп, түгел дарға тартам», – деп, әмір қылды.
Уәзіріне «тез қайтып кел» деп жіберді. Уәзір келіп, патша осылай деп айтады деп еді, Қамза ойланып,
төмен қарап отырып, қорланып: «Патша не қылса да әміріндемін», – деді. Уәзір осылай деп айтты деп
келді. Сол күні патшаның әмірі бойынша, Күлзайраны жындыға қоспақ. Кеш болған сон, жындыны
күйеушілетіп алып келді. Бір оңаша үйді босаттырды. Төсекті салып, жындыға ұқтырып, не қылсаң да
Күлзайраның қасына жат деп, уәзірлері қайтып кетіпті. Бірақ, жынды не білсін, баруға бата алмай
Күлзайраның қарсысында тұрады да алады.
Бұлар бүйтіп түрғанда, Әмір, Шымыр – екі пері мені алып жетіп келді. Шымыр: «Үйде кім бар екен, мен
біліп шығайын», – деп, ішке, қыздың жатқан үйіне кірді. Келсе, адам сияғы жоқ біреу тұр, қыз ызаланып
бетін бүркеп алған екен. Сол жерде Шымыр осылай да осылай екен деп Әмірге қайтып келді. Сонан екеуін
сыналық деді Әмір, Шымыр қайта жүріп, жындыны алып шығып, далаға апарып, жасыра салып, мені үйге
алып кірді. Кірсем қыз кішкене тыныштанып ұйықтап қалыпты. Перілер мені қасына әкеп жатқызды. Енді
өздері кейінірек барып тұрды. Мынау жақсы деп айта алмай, енді былай қылайық деп, Әмір пері айтты:
374 - Бөлім: Қазақ ертегілері (7)
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2071
– Бірі ұйықтағанда, бірін оятайық, қайсысы бетінен бұрын сүйсе сол сұлу, – деді. Сөйтіп келіп, мені
оятады. Сонан соң көзімді ашып қарасам, бір түрлі хош иісті, таза ауалы, жібек пен торғыннан басқа
ештеңе төселмеген үйде жатырмын. Қасымда бір қыз жатыр. Мына халді өзіме сиғыза алмай қайран
болып, Күлзайраға қарап отырдым, өне бойым балқып, денем шымырлап, құдай мына халді маған
көрсетеді екен-ау деп, ыстық жас көзімнен шығып кетті. Не қыларымды білмей, басқаға қарауға дәрменім
жоқ, ештеңе дей алмай жалтақтап, өңім бе, түсім бе деп қарадым да отырдым. Оятайын деп едім пері
соғып кете ме деп, қорқып, оята алмадым. Сөйтіп отыр едім бар бойым балқып, ұйқым кеп, еріксізден
еріксіз ұйықтап қалдым. Мен ұйықтаған соң Күлзайраны оятады. Ол оянып, шошынып, әлде ұйықтаған
соң қасыма келіп жатқан жынды ма деп ойлап, мұнымен бүйтіп өмір өткізгенше, өлейін деп, тәні бұзылып,
ұшып тұра келеді. Қарап, бір тамаша адамға ұқсамаған, өзіне теңдес бір жігітті көреді. Мен ұйықтап
жатырмын. Сол жерде Күлзайра қуанып, өзін-өзі ұстай алмай менің бетімнен сүйіп алады. Онан мен
сескеніп, оянып тұра келдім. Екеуміз сол жерде құшақтасып, бастан өткен оқиға халді айттық. Сол
уақытта таңға жақындап қалған уақыт еді. Пешпетім, бөркім бар, киімнің бәрін шешіп қойғам. Екеуміз
амандасқан соң, басқа сөзді қойып, көңілдің нәсібесін тойғыздық. Содан соң екеуміз бірдей маужырап,
сол құшақтасқан бойымызбен ұйықтап қалыппыз.
Бір уақытта оянып көзімді ашсам, не онда емес, не мұнда емес, бір көріп білмеген, сыртын шыр айнала
қорған соққан шаһардың сыртында жатырмын. Есім кетіп, не болғанымды білмей басым шыр айналды.
Сөйтсем, біз ұйықтағаннан кейін екі пері мені алыпты да кетіпті. Таң атыпты, басымды көтеріп қарасам,
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
863 bet
білмеген жер, енді Күлзайра естен кете ме, көзімнен жас аға береді. Не қыларымды білмей, қорғанды
жағалап жүріп келе жатыр едім, қойнымда бір нәрсе сыртылдайды. Алып қарасам төрт бүктелген қағаз
екен. Ашып қарасам, барлық болған оқиғаны жазып кеткен. Есім шығып, мынаны көрген соң қайғы басып,
енді ешкімге өлімтігімді көрсетпейін, бәрібір Күлзайра табылмаса, менде тіршілік жоқ деп ойладым. Бірақ,
Күлзайраның туған жерін жазбапты. Осымен не қыларымды білмей қаңғып жүріп кеттім. Бірнеше уақыт
жол жүріп, қарным ашып, есім кетіп, жүдеп келе жатып ойладым. «Қой, бүйтіп өлгенше, тез өлейін деп,
бір үлкен дарияға келіп, секіріп өлейін», – деп тұрғанда жоғарыдан бір дауыс:
«Ей, бейшара, түспе, неге кетесің. Ана тұрған бейітке барсаң, мұрадың хасыл болады», – деді. Мұнда
келіп, сандалып, мұрадым қалай хасыл болады деп ойланып отыр едім, мына кісі келді, – деп, өзінен кейін
келген бір дәруішті көрсетті.
Бұл төрт дәруіш әңгімелерін аяқтап болып отырғанда сырттан бір адам:
– Ассалаумағалайкүм, – деп кіріп келді. Бұған бәрі де қарай қалды.
–Жоғары шығыңыз, – деді отырған дәруіштер. Келген кісі:
– Жоқ, отыра беріңдер, менің айтатын бір сөзім бар. Ол қайсы десеңіздер, мен өзім патша едім, жасым
мынау, орта жасқа келдім. Бір күні түсімде әкем «Қара әулиенің бейітіне барсаң ішінде төрт дәруіш
отырады, сөйлесіп, соның сөзін әбден бітірген соң қатының ұл тауып мұрадың хасыл болады», – деді.
Міне, менің келгеніме бүгін бір жыл болды. Сіздер де сөздеріңізді бітірдіңіздер. Жаңа ғана бір кісі:
«Әйеліңіз ұл тапты», – деп сүйінші сұрап келді. Сіздердің арқаңызда құдай мұратымды хасыл қылды.
Енді жүріп біздікіне қонақ болыңыздар. Жайларыңызды білдім, шама келсе, көмек қылайын, көптен ел
көрмей жүрген шығарсыздар, – деді.
Патшаның сөзін естіп, қалай қыламыз деп, дәруіштер ақылдасқан кісіше, бірінің бетіне бірі қарады. Бұл
қалай, әруақ өтірік айта ма, біздің мұратымыз қане хасыл болғаны? – деп, көздерімен ишараттап сөйлесті.
Сонда біреуі отырып:
– Көзім әлі іштемеге жеткен жоқ, жүріңдер, барайық, – деді. Барлығы да: «Барсақ, барайық», – деп,
Достарыңызбен бөлісу: |