Патша өте қатты қуанып, барлығын даяр қылады. Мыстан, бір асыл ішікпен өзі көтергендей гауһарды
арқалап, дерек қағып Қыпшаға жетіп келеді. Мыстан, «балам жалғызымның бір көзін әкелдім. Мұнымен
қосып көтергенімше гауһар, діллалардан бір азырағында көтергенінше әкелдім. Менің енді кәрі қойдың
жасындай ғана жасым қалды, жаным балам өздеріңнің дүниелерің ғой далада қалғанша қалғанын түгел
жеткізіп алсақ қайтеді», – дейді. Қыпша бұл мыстанға әбден сеніп:
– Оларыңыз жақындама, –деп сұрайды.
Мыстан:
– Қарағым-ау қашық емес демедім бе? Оңаша бір бақтың ішінде. Балам бетіңе пердеңді жауып ал, өзіңе
құдайымның берген шырайы бар емес пе? нәма харамдар жүзіңді байқамасын. Менен жас, қайратың бар
ғой, екеуміздің бір рет көтеріп келгенімізден қала қоймас. Егер түгел көтере алмасақ қалғаны көп болса
менің бір барып әкелетінімдей-ақ қалар, – дейді.
Қыпша кемпірге күдіксіз сеніп ішінен «мұның алтын, гауһарларының жер астында қалғаны да болмас»
деп ойланып:
– Жүрсеңіз жүріңіз, – деп, кемпірге ілесіп көшеге шығады. Мыстан кемпір патшаның жеке бір қалың
бағына алып келмекші болған екен, кемпір Қыпшаны сол баққа ертіп келеді. Бұларды асығып күтіп тұрған
патша жендеттері сөзге келтірмей патшаның ордасына алып келеді. Қыпша бармағын шайнап шарасыздан
патшаның ордасында еріксіз қолға түседі.
Патша Қыпшаны көрген соң бүтіндей есінен айырылып:
– Мен сізге көрмей жан, діліммен ғашық болып алғыздым. Әзірден бастап менің адамымсың, – деп,
мақсатын орындамақшы болды.
Қыпша:
– Сізде, бізде мұсылманбыз, мұсылман шариғатында, бір әйел ерінен шықса үш ай он күн мүдеті
болатынын әділ патша өзіңіз жақсы білесіз. Менің бұрын ері бар адаммын, ерім болсада ендігі өмірім сіз
сияқты атақты патшаға тура келген соң мен сізге ризамын. Бірақ та менің тілегім келешегіміз қайырлы
болуы үшін шариғат үкіміне бой сұналық, асығыстық шайтан ісі деген. Шариғат үкімі біткенше екі
жағымызда сабыр етелік, – депті.
Патша үш ай он күнді өте қашықсынып:
– Ойбай оныңыз тым ұзақ қой, сіз шын тілесеңіз бір ай он күнге тоқталық, – деп, 40 күнге тоқтайды.
Қыпша берік сарайда қамауда еріксіз қала береді. Ендігі әңгімені ері саудагерден басталық. Саудагер
базардан шығып үйіне келсе, үйінде Қыпша да, кемпір де жоқ. Сұмдықтың болғанын сезіп шаш, сақалын
жұлып есінен танып біраз жатып қалады. Бір кезде есін жиып, біраз отырып, «маған енді тіршіліктің
керегіне» деп ойлап, үйіне бір адамды пәтерге отырғызып қайыршының киімін киіп, үй ме үй, көше ме
көшелерде «Алла ақ», – деп тентіреп мойнына қоржын салып, «Қыпшадан хабар шығар ма екен», – деп
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
869 bet
жүре береді. Саудагер күндіз болса үй-үйден қайыр сұрап, қора-қораларға кіріп, дымы құрығанда кешінде
өз үйіне келіп жатады.
Сонымын арада 38 күн өтеді, Қыпшадан әлі хабар жоқ, отыз тоғызыншы күні тентіреп жүріп патшаның
қақпасының алдына келіп бар дауысымен «Алла ақ», – деп асай-мұсайларын салдырлатып тұрады. Қыпша
ері саудагердің дауысын танып, хат жазып, болған мәселені айтып, «пәлен адамда осы патшаның биік
дауыл қорғанынан қарғып түсетін екі тұлпар атты бар екен, соны қайтсеңде сатып алып, ертең кеште ел
ұйықтаған кезінде осы қақпаның ішіне кірмесең, енді мен саған жоқпын», – деп, ол хатты бір нанның
ішіне тығып бір күтушіге «мына нанды, сыртта тұрған қайыршыға бер», – деп беріп жібереді. Ері ол
нанды қоржындғы көп нанның ішіне тастай салып тағыда жүріп кете береді. Отыз тоғызыншы күні
сәудегер еш қандай дерек табалмай қайғымен қатып үйіне келіп жатады. Қыпша кеткелі анық бір жапырақ
нанның басын құрап жемеген, қарыны әбден ашқан, жылап жатып үйіп төгіп тастаған нанның ішінен бір
нан алып жемекші болып, қолына алған нанды пышақпен кесіп жібергенде ішінен Қыпшаның хаты шыға
келеді.
Саудагер хатты оқып ақуалға толық түсініп, сол түні таң атқанша ұйықтамай, таң атысымен екі тұлпардың
иесіне келіп, өз бағасынан неше есе артық баға беріп екі тұлпарды сатып алады да даярлық етіп тұрады.
Кешінде патшаның биік дауалына екі тұлпар атты қамшылап, қамшылап жіберіп, биік дауылдан
қарғытып ішке түседі. Саудагер ішке түскенде Қыпшаның алдындағы күтушілері ұйықтамай, Қыпша
кешігіп қалады.
Саудагер бірқанша күндерден бері қайғымен ұйықтамай жүргендіктен, біраз отырған соң ұйқысы келіп
тұтқыйылдан ұйықтап кеткенін өзі білмей қалады. Сәудегер ұйықтап жата берсін, сол шәріде жатқанның
жанын кесетін бір ұры бар екен. Ол ұры патшаның қазынасын ұрламақшы болып, сырттан бұзып алуға
ретін таба алмай қазына қорының ішінде болған үшін жер астынан тесіп келіп, алдымен қораның ішіне
кірмекші болып, бірнеше күндерден тартып жер астын кеулеп қазған екен. Саудагер қатты ұйқыға кірген
кезінде әлгі ұры патшаның биік дауылының ортасынан тесіп шыға келеді. Ұры шыға келсе, бір адам екі
жақсы атты ұстап, ұйықтап жатады. Ұры «бұл атпен қалай түседі, мұнда бір сыр болу керек» деп, екі атты
саудагердің қолынан алып, басқа бір жерге барып тұра қалғанда сарт етіп есік ашылады. Ұры «бұл
нағылған адам екен» деп қарағанша болмай қоржынның екі басын толтырып көтерген бір әйел жетіп келіп
ұрыға «қоржынды мықтап байла, тезірек кетелік», – дейді.
Ұры қайран қалып, «не болса, сол болсын осы адамның бетіне қарай істейін» деп қоржынды тездете
қанжығаға байлағанша Қыпша тұлпарға мініп дауылдан қарғыта жөнеледі. Ұры аттардың дауылдан
қарғып кететінін біліп қоржын байлаған атпен қарғытып Қыпшаның қасына ереді. Қыпша, «ал енді
бетіңді түзе де осы тұлпардың бар жүрісімен жүр», – деп екеуі қараңғы түн ішінде жарысып жүріп кетеді.
Бұлар жарысып кете берсін, саудагер бір кезде қатты ұйқыдан ояна келсе, қолындағы аттары жоқ.
Саудагер сұмдықтың болғанын біліп, есі шығып қалай болса солай қораның ішінде сенделіп жүріп, бір
жерге гүп етіп түсіп кеткенін өзі білмей қалыпты. Бұл түсіп кеткен жері патшаның қазынасын ұрлау үшін
қазып шыққан ұрының қазған жері болып, соныменен таң біліне көшеге шыға келеді.
Қыпшадан айрылған соң, «маған енді тіршіліктің керегі жоқ», деп, дерексіз кеткен Қыпшаны іздеп, беті
қалай ауса солай тентіреп жүре береді.
Ендігі сөз Қыпшадан басталық, «бәледен құтылдым ба» деп, асығып аттың арынымен тұра шаба жөнелген
Қыпша бір-екі көше айналғанда-ақ басқа адам екенін білсе де, «не де болса болары болды, ақырын бірақ
көрейін» деп сол бетімен кете береді. Ұрының қуанышы ішіне сыймай Қыпшамен үзеңгі қағысып
жарысып келеді. Таң атқанда қараса, адам екені, перизат екені белгісіз бір сұлу. Қыпшаға қарағанда аттан
талып түсе жаздап, жан-тәнімен ғашық болып, «Құдай бағымды көтеріп, қиуасыз жерден кез болған
жаным, енді мақсатты орындалық», – деп Қыпшаны айналдыра бастайды.
Қыпша:
– Мені құдай сізге қосу үшін ойда жоқ жерден кезіктірді, енді мен сіздің адамыңыз болдым. Асықпаңыз,
асығыс сайтан ісі емес пе? Алдымен мына зұлым патшадан ұзап құтылып алған соң, өзімізді өзіміз білеміз
ғой, – дейді. Ұры бұл сөзге қатты риза болып, сол жарысқан беттерімен тұлпарлардың бар жүрісіменен
шауып отырып, түс қайта бір қалың ағашқа келіп түседі.
Бұлар аттан түскенде, ұры сенделіп, ат соғып шаршап қалғандығын айтады. Сонда Қыпша:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
870 bet
– Сіз жер қазумен бұрын қатты шаршағансыз ғой, мен артық шаршамадым, сырқыраған қол-аяғыңызды
біраз уқалап, сізді тезірек тынықтырып алайын, – деп, ұрының қол-аяғын уқалай бастайды. Ұры бұған өте
насаттанып, мұртынан күліп, аяқтарын созып жіберіп, қуанышы ішіне сыймай жата береді. Қыпша адам
талдыратын у дәріні білгізбей ұрының аяғына жаға береді. У дәрі ұрының денесіне жайыла бергенде ұры
бір-екі есінен талып талып қалады. Қыпша ұрыны талдырып тастап, тұлпардың бірін мініп бірін жетегіне
алып жүріп кетеді. Ұры талған күйінше жата берсін.
Қыпша ұрының бар киімін шешіп алған еді, ұрыдан ұзап шыққан соң өз киімдерін қоржынға салып
бөктеріп алып, ұрының бар киімін киіп еркек болып алып тарта береді.
Бір шәрінің сырт жағына келгенде топырлаған қалың адамды қөріп бір адамнан жиылған адамның жәйін
сұрайды. Сұраған адамы:
- Біздің шәріміздің бір-неше заманнан бері «бақыт құс» деген бір құсы болды. Ол құстың тұқымы өмірінде
бірақ рет жұмыртқалайды. Жұмыртқаларында тамақ жемей, су ішпей, қанат қағып шақылдайды. Сол
кезде босатып қоя берсе, ұшып кетіп екі ай өткенде келеді. Сонан кейін ұзамай ақ жұмыртқалап,
жұмыртқасын басып, балапан шығарған соң ұзамай өзі өліп, балапаны қолдан асыраумен анасындай
бақыт құсы болады. Сонымен бірге біздің осы шәрімізге кім патша болатын болса, бақыт құсы сол
адамның басына қонады. Біздің осы шәріге көп жылдардан бері бақыт құс басына қонбай ешкім патша
болған емес. Ал енді мына халықтың жиылған себебі, біздің патшамыз өлгеніне бір айдан артық болды.
Шәрі халқы бақыт құсын жіберіп, патша сайламақшы болып құсты ұшырғалы бірнеше күн өтсе де, бақыт
құсы ешбір адамның басына қонбай, ағаш басына қонып, осы сіз келген жаққа қарап қанатын қаға береді,
соған халық қайран болып күн сайын осы насай топыр, – деп сөзін аяқтатады.
Қыпша жыйылған елдің жәйін түсінген соң, «осылардың тамашасын көрейінші» деп, көпшіліктің ішіне
келіп тұра қалады.
Қыпша келіп тоқтасымен бақыт құсы үшіп келіп Қышаның басына қонып, біраздан соң қайта ұшып баяғы
отырған ағашына барып қонып отырады. Көпшілік бұған қайран болды. Құсты сынау үшін отырған
ағашынан түртіп ұшырып жіберсе, Қыпшаның басына келіп қонып, аз отырып қайтадан отырған ағашына
барып қонады. Көпшілікте үш рет сынап көреді, үшеуінде де құс бір қалыптан аумайды. Сонда өлген
патшаның ақылды бас уәзірі айтады, «көпшілік осы келген адам бізге уақытлы патша екен, біздің негізгі
патшамыз бұл халықтың ішінде жоқ екен. Енді осы жігітті таққа шығарайық, негізгі патшамызды тағыда
көрерміз», – дейді.
Қыпшаға барлық көпшілік бас иіп, «тақсыр сіз біздің патшамызсыз», – деп таққа шығарып, патша қылады.
Қыпша өте әділеттілікпен халықты басқарып тұра береді. Қыпшаға көпшілік, «сізде әйел жоқ екен,
өзіңізге лайық бір сұлу алыңыз, әйелсіз тұруға бола ма», – дейді. Қыпша, «менің үйленетін уақытым
кейінірек, әзірше үйленбеймін», – деп қояды. Патшасы өлген шәрінің бақыт құсы бір қанша күнге дейін
ешкімнің басына қонбай қойғаны, ақырында екі тұлпар аты бар бір жолаушының басына бірнеше рет
қонып қайтадан үшіп тұрғаны, ол адам патша болып, үйленбей тұрғаны елден елге естіліп дабырап кетеді.
Қыпшаның ері саудагермен Қыпшаны алдырған патша, мас болып қалған ұры үшеуі де Қыпшаның
дертіменен, қайғысымен қарайып, Қыпшаны іздеп сандалып жүріп ел аузындағы өлген патшаның орнына
патша жайлы болған ахуалдарды үшеуіде естиді.
Бұлар болған істің жайына қарап, «жаңа болған патша анық Қыпша болар» деп, қуаныштан жүректері
жарылып кете жаздайды. Қыпшаға ғашық болған патша, «Қыпша уақытша патша негізгі падша бар деп
дәулет құсының күтіп тұрғаны өзім-ақ болдым ғой» деп қуанады. Қыпшаның ері саудагер осы ойды ойлап,
«құдай бұйырса Қыпшаны таптым ғой, сол анық Қыпша болды» деп қуанады. Ұры «бұл анық мен
патшаның ордасынан алып шыққан сұлусымақ болды. Ол сұлу маған шын сөзін айтып ақ еді, бірақта мен
тұтқыйылдан талып қалған соң кетіп қалды ғой. Енді тауып алсам, өзінің уәдесі бойынша ол сұлу менікі
болады. Сонда дәулет құстың күтіп тұрған падшасы мен болдым ғой» деп қуанады.
Бұл үшеуі де жаңа патшаның шәрісінің жөнін сұрап алып, асығыстықпен сол шәріге қарап жүріп береді.
Саудагер асығыстықпен келе жатып, сапарда көп жүрген бір адамга кезігеді. Екеуінің бет алысы бір жақта
болып, бұлар жолдас болып бірге жүріп келе жатып, саудагер жөн сұрайды. Патша өткен ақуалды түгел
айтып келіп, іздеген ғашығымды тауып, сол шәрінің өзіне патша болуға аз уақытым қалды деп қуанышын
түгел сөйлеп береді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
871 bet
Саудагер толық түсініп, ішінен құдайға тәубә қылып, ақ иіледі сынбайды деген ғой істі бәйгеде көрерміз
деп, мен сол шәріде бір жұмысым болып келемін, сапарыңыз қайырлы болсын. Енді екеуміз бір жолдас
екенбіз деп ойлап, екеуі жолдас болып жүре береді. Бір-екі күн өткен бұлар бір адамға кезігіп жөн сұраса,
ол адам Қыпшаны алып қашқан ұры болып шығады.
Ұры Қыпшаның берген уәдесі айта келіп, енді іздеген ғашығымды тапсам, дәулет құсы күтіп тұрған
патшасы өзім шығармын деген қуанышын айтады. Сонда падша саудагерге сыбырлап қана «мына
тамашаға қараңыз, менің еңбекпен алдырған ғашығымды ұрлап алып кетіп, айтып келе жатқан сөзін
көрдіңіз бе? Сіздің де жұмысыңыз сол шәріде екен ғой, Қыпшаны тапқаннан кейін мұның оттасын көресіз
ғой», – деп теріс қарап мырыс-мырыс күліп жібереді. Саудагер ішінен «тұп-тура айтып келесің, сен зұлым
болмасаң, Қыпша екеумізге осы көрген бейнет барма еді» деп патшаға қосыла күледі. Бұл үшеуіде
қуанышпен келе берсін, енді Қыпша жақтан әңгіме басталық.
Қыпша таққа отырғаннан кейін ерін іздеу үшін әртүрлі ойға келіп, «Япырай дерексіз қалай іздетемін. Осы
атақты шәрінің падшасын сайлаудағы болған ахуал талай жерге таралмас па екен, ел аузынан есіткен
аңызға қарай менің осы елге уақытлы патша болғанымды халайық оймен білмес екен, мүмкін менің өз
ерім тұрсын, зәлім патша мен ұры да іздеп келмегей неде болса бір аз уақыт байқайын» деп, патшалық
үкімін жүргізіп өзінің әйел екендігін білгізбей тұра береді. Сонымен бір қанша күндер өткен соң, бір күні
дәулет құсы қанатын қағып, шиқылдап, талпынып аласұра бастайды.
Мұны көрген ақылды бас уәзір, мына құстың мынандай етуі бекер емес, мұнда бір мән болды. Мүмкін
бұл құстың жұмыртқалайтын да уағы емес, меніңше біздің негізгі патшамыз осы шәріге келген болуы
керек деп, құстың аласұруын Қыпшаға айтады. Қыпша, «олай болса халық жиылып майданға шықсын,
құсты жіберіп көрелік» деп, халық болып майданға шығады. Халық жиылып түгел болғанда, дәулет құсын
отырған орнынан ұшырып жіберсе, құс ешкімнің басына қонбай Қыпшаның басынан үш айналып келіп,
өзін ұшырған орнына қонып отырады. Көпшілік үш рет сынап көрсе құс бір қалыптан аумайды. Сонда
бас уәзір тұрып, «мынаның ойынша біздің ендігі патшамыз басқа адам болатын болды. Бірақта мына
патшамыздың басынан айлана беруі қалай екен? Осы жиынға келмей қалған адам бар ма екен» дегенше
болмай, үш жолаушы қалың топтың ішіне жетіп келеді. Қыпша сонадайдан үшеуінде танып, ішінен
құдайға шүкірлік етіп, қуаныш пен тағында отыра береді. Жолаушылар келіп тұра қалсымен-ақ дәулет
құсы ұша жөнеліп, тұрған зәлім патшаның беттерін тырнап қаната барып, сәудегердің басына қона қалады.
Қыпша шыдай алмай, қалың жиынның ішінде ерімен жылап көріседі. Саудагер Қыпшаны көргенде есінен
танып, жығылып түседі. Көпшілік қайран қалып Қыпшаның әйел екенін сонда ғана біледі. Қыпша
бұрынғы өтілген, бастан кешкен істерді түгел сөйлеп береді. Жиылған халық Қыпшаға сансыз
рахметтерін айтып, ері саудагерды сол сағатында таққа шығарып патша етеді. Саудагер патша болған соң,
зұлым патшаны дараға тартып өлтіртіп, ұрыны азат етіп еліне жібереді. Саудагермен Қыпша сол шәріде
патшалық дәуірімен қалған өмірлерін қызықпенен өткізіпті.
5. Қарға Шаһизат
Ілгергі өткен ерте заманда өте даулетті бай болады. Есігінің алдында бірнеше малайлары, құлдары болған.
Малы орасан көп болған. Бай алпыс үшке жеткенше бала көрмей, бір перзентке зар болған. Үш әйел алады,
үшеуінен де еркек кіндік болмайды. Бай алпыс үшке келгенде төртінші өйел етіп, бір кедейдің қызын
алады. Тоғыз ай, тоғыз күн өткенде әйел екі қабат болады. Бай қуанып, ел-жұртын жинап:
– Менің әйелім ұл перзент таба қойса, менің жүрегім жарылып кетер, әйелім туғанша тағат етіп отыра
алатын емеспін. Сондықтан маған ерем дегендерің соңыма еріңдер, мен үлкен кеме жасап су арқылы жер
жүзін кезгім келеді, – дейді.
Ел-жұрты айтқанын кабыл алып, ұсталарды жинап қырық күн ішінде ішіне елу кісі кететін кеме істеп,
бейсенбі күні түстен кейін кемені суға салмақ болып, бай құдайы қылып, ел жұртымен қоштасып елу
кісімен кемені суға итеріп салайын деп жатқанда бір қара қарға ұшып келіп, кемені суға салдырмайды.
– Мені балаңа ортақ қылсаң, кеменді суға салдырам, – дейді. Бай жолынан қалмас үшін «балама ортақ
қылам» дейді. Балама ортақ қылам деген соң, қара қарға да ушып кетіп қалады. Сонымен бай кемесін суға
салып жүріп кетеді. Бірнеше күн, айлар өтеді. Ай толып, байдың әйелі арыстандай бір ұл табады. Елі
жиылып неше күн ойын, неше күн той қылып, баланың атын қояды. Байды іздеп сүйінші алуға жұрт
асығады. Күні-түні теңізді аңдиды. Байдан хабар болмайды. Бірнеше жылдар өтеді. Бала қара табан болып,
бес-алты жасқа жетеді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
872 bet
Ел-жұрты байдан, қасындағы жолдастарынан күдер үзеді. Он шақты жылға дейін хабар болмайды. Бала
он төрт он беске келеді.
Бір күні бала шешесінен:
– Менің әкем қайда? – деп сұрайды.
Шешесі болған істі бастан-аяқ баян етеді. Бала ел-жұртын жиып, қасына қарулы, әдісшіл бірнеше жігіт
алып, әкесін іздемекші болады. Елін жиып кенес құрып жатқанда он бес кісімен азып-тозып жаяу,
табандары кесіліп, көрмеген қорлығын көріп, бай еліне келеді. Жұрты алдынан шығып сүйінші сұрап,
байды қуантады. Бай баласымен көрісіп, жүрегі жарылғандай қуанып, қайтадан қырық күн ойын, қырық
күн той қылып шерін тарқатып, мұнша жасқа келгенде ұл перзент бергеніне құдайға тәубә қылып, жетім-
жесірге қарап, қолындағы барлық құлына бостандық береді. Бала балалармен асық ойнап жүре береді.
Бір күні бір баланың асығын зорлықпен жығып салып тартып алады. Астында жатқан бір таз қу бала екен.
– Сенің, біздің елде не жүмысың бар? Сенің әкең қарға Шаһизат, біреудің елінде жүріп бүйтесің. Еліңе
кет, қаңғырған неме, – дейді. Бала үстінен түседі де, үйіне жылап жүре береді. Әкесіне келіп:
– Менің әкем кім? Мен әкемді іздеймін. Бұл елде тұрмаймын, – дейді.
Әкесі өткен істі жылап отырып баян етеді. Бала Қарға Шаһизатты іздемекші болады. Бай ел-жұртын жиып,
балаға неше күндік асын беріп, астына өзінің сүйген атын беріп «шылауыңды қаусал ағзам, періштелер
қолдасын, бабаларым жар болсын» деп, еңіз-теңіз болып, батасын беріп баланы ат тандырады.
Бала кару жарақ асынып, ел-жүртымен амандасып, жолға шығып кетеді. Сонан бала неше күн, неше түн
жүріп отырып, бір күндері бір үлкен шаһарга кез келеді.
Шаһардың шетінде бір данышпан адамға кездеседі. Жөн сүрасады. Данышпан адам:
– Бұл жылан патшасының шаһары. Бір жақтан келген бөтен адамды біледі. Ордасына апарып, көп
жыланның ортасына қояды. Біреуі мұрныңнан, біреуі аузыңнан кіріп, мойныңа оралып, тұла-бойыңды
аралайды. Ол кезде тіпті қимылдамағайсың. Өйткені сені арбап жүреді, Егер қимылдасаң, өлгенің, – дейді.
Сонымен бала ордаға келеді. Хан шақыртып алады. Хан кішкентай жіңішке ақ жылан екен. Алтын табаққа
салып, айдаһар басына көтеріп жүреді екен. Баланы апарып көп жыланның ортасына кіргізеді. Біреуі
аузына, аяғына, құлағына, мойнына кіріп, оралып жүреді. Бала қозғалмай тұрады. Қозғалса, өлетінін
біледі. Бала жыланнан аман-есен құтылып, бағанағы жолыққан кісіге келеді. Не қылып ел кезіп жүргенін
бастан-аяқ баян етеді. Жаңағы кісі:
– Ол қарға Шаһизат осы жерден жақын. Ол кезеп хан. Алдына барған кісі аман қайтпайды. Барғаныңмен
өліп кайтасың, – дейді.
– Сен жап-жас бала екенсің, саған мен бір жақсылық қылайын, айтқанымды орында, – дейді.
Бала әбден болады дейді. Қуанғаннан астындағы атын түсіп береді. Кісі:
– Қарға Шаһизаттың қырық қызы бар. Қырқынын қырық отауы бар. Күнде түсте қырқы қырық аққу болып,
сәске түсте ұшып келіп, осы жақын жерде бұлақ бар, соған шомылады. Сол шомылғанда отыз тоғызы бір
де, жалғыз біреуі белек түседі. Сен амалдап сол жалғыз түскен қыздың киімін түсіріп алсаң, ісіңнің
орындалғаны, – дейді.
Бала қуанып таңертең барып, қыздардың суға түседі-ау деген жеріне барып аңдып жатады. Сәске түс бола
берген кезде қырық аққу шырқ айналып келіп, бұлақка қонады. Отыз тоғызы бір түседі де, бір аққу бөлек
түседі. Бала андып жатып, шешініп суға шомылған кезде жүгіріп келіп киімін баса қалады. Басқалары
адамды көріп үшып кетіп, жалғыз өзі қалады. Жаңағы қыз:
– Ей, адамзат, киімімді бер. Саған да бір жәрдемім тиер, егер мен керек болсам қырық бірінші отаудан
мені тап, – дейді. Сосын бала киімін береді. Қыз киінеді де, аққу болып ұшады да кетеді.
Бала күн батқанша асығып, күн батқан кезде қатар тіккен қырық отаудын күншығыс шетіндегі жеке
отауға кіріп келсе, ай десе аузы, күн десе көзі бар, шашы жерге тиіп көзі жарқырап баяғы қыз отыр екен.
Бала қарға Шаһизатты іздеп келе жатқанын, неше ай, неше жыл іздеп азап шеккенін айтады. Қыз
жақсылап күтіп, жайлы төсекке жатқызып балаға рахымы түседі.
– Менің әкем – Қарға Шаһизат. Алдына келген адам сау кетпейді. Сен ертең азанмен ханға барып сәлем
бер. Келгеніңді баян ет. Саған не айтады, не тапсырады, бұлжытпай, ұмытпай маған баян ет, – дейді.
Бала таң алакеуіммен ханның ордасына аяндайды. Рұқсат алып патшаға тағзым етіп:
Ассалаумағалейкүм, Алдияр тақсыр ханымыз,
Құтты болсын, ей, шаһым, саясатты тағыңыз.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
873 bet
Артылсын деп тілеймін, Күннен күнге біз ғарып,
Бастағы дәулет бағыңыз, – деп, алдиярлап келген жайын баян етеді.
Патша:
– Олай болса, сен ақиқат менің балам болсаң, мен сынайын. Жұмыс тапсырам. Соны орындайсың, – дейді.
Бала:
– Құп болады, – деп тәжім етеді. Патша:
– Екі шаңқан боз түрі де бір, түсі де бір. Соның анасы қайсы, баласы қайсы айырып бер. Соны айыра
алмай жүр едік, – дейді.
– Егер тапсаң, анықтап баласы дегенінді оң қолыңа, анасы дегеніңді сол қолыңа ұстап, шатастырмай алып
кел. Егер таба алмасаң жаныңнан безе бер, – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |