ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет146/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   153

қызыңды тоқалдыққа бер, сөзім осы! – дейді. Сонда шал: 

Жас шыбық қу терекке тең бола ма, 

Теңізге телмірткенің жөн бола ма? 

Жібекпен жөке жолдас болған емес, 

Бекерге мен қрсқаным ем бола ма? 

–  Саған  қызымды  тоқалдыққа  сатып  көп  алтын  мал  алғанымнан  өзімнің  еңбекпен  алған  күнделікті 

шабағым артық, – дейді. Хан бұл сөзге қатты ашуланып, шалды дарға асуға жендеттеріне жарлық етеді. 

Сонда шал сасқалақтап үш күнге ханнан рұқсат сұрауға тілі әзер келеді. Хан айтады: 

–  Шал,  саған  үш  күнге  рұқсат,  егер  айтқанымды  орындамай  келсең,  осы  құрылған  дар  осылай  сен 

келгенше құрылған қалпында тұрады. Бәрібір дарға асыласың! – дейді. Сонда қыз: 

– Бұл үшін сіз жыламаңыз, мың күн өлік болғаннан бір күн тірлік артық. Сіз ханға қайта барыңыз, көп 

берді деп алтынын алма, менің өзім айтқан қалың малды берсе ризалық етіңіз. 

Бірінші, киіктің он құлағын берсін, жиырма тірі түлкі, отыз қасқыр, қырық арыстан, елу ат, алпыс шідер, 

жетпіс  арқан,  сексен  қаны  жоқ  кепкен  жүрек  берсін.  Мұңсыз-қайғысыз  қарт  адамға  некемді  қисын, 

осының  бәрін  орындап  берсе,  риза  болыңыз!  –  дейді.  Бұл  сөзге  шал  аң-таң  болып,  амалсыздан  ханға 

барады. Шал ханға қыздың айтқан сәлемін айтады. Бұл сөзге хан қуанып шалға көп алтын сый беріп: 

– Осы айтқан қалың малын тауып берем, – деп шалды риза қып үйіне қайтарады. 

Содан кейін хан уәзірлері мен ақылшы қарияларды шақырып жинап, қыз айтқан аңдарды қалай ұстаудың 

әдісі жөнінде сұрайды. Сонда қариялардың біреуі тұрып: 

–  Қасыр,  түлкіні  ұстау  оңай.  Ал  арыстанды  қалай  ұстауға  болады?  –  дейді.  Көпшілік  қайран  болып 

отырады. Сонда екінші бір қарт: 

– Осының айтуын білген қыз, ұстауын да біледі. Сондықтан қыздың өзін алғызып сұрау керек, – дейді. 

Содан кейін хан қызға кісі жіберіп, қызды шақыртып алдырады. Қызды орталарына алдырып хан: 

– Саған осы арыстан, қасқыр, аңдардың крегі қанша, оның орнына алтын алсаң болмай ма? Осы аңдарды 

алдырғанда сенде не мақсат бар? – дейді. Қыз азырақ үндемей отырып: 

– Отырған аталар, ағалар! Мен аң сұраған жоқ едім, өзімнің қатарлас құрбыма бару үшін ханнан басыма 

бостандық сұраған едім: 

Он жаста қыз киіктің лағы рас, 

Елуде ат болмай ма қамал бұзбас? 

Жиырмада әйел түлкі бұлаңдаған, 

Алпыста шідерлеулі болмай ма бас? 

Осыдан нәпсі қасқыр жалмайтұғын, 

Жетпісте арқан атты байлайтұғын. 

Қасқырға қайрат қылмас арқандаулы ат, 

Жатықпен жерім осы ойлайтұғын. 

Қызықта нәпсі арыстан болар толып, 

Сексенде жүректегі қаны соғып. 

Аржағында тірліктің не сәні бар, 

Санда бар, сапада жоқ болмай ма өлік. 

– Енді, некемді мұңсыз адамға қидыр дегенім! – жер шарында мұңсыз адам болмайды. Мұңсызды сен 

таба  алмайсың.  Соның  үшін  «некемді  саған  мен  қимаймын!»  дегенім  еді.  Енді  хан,  ақсақал,  қариялар 

сіздерден  менің  бас  бостандығыма  ерік  беріп,  босатуларыңызды  сұрамын.  Және  осы  отырған  хан, 

қариялар  өздеріңіздің  он  жастағы  қыздарыңызды  бір  елудегі  шал  аламын  десе,  қандай  төрелік  берер 

едіңіздер? Мені де сол өз балаларыңыздай есептеңіздер! – дейді. Сонда қарттардың біреуі отырып: – Хан, 

сіз сабыр етіңіз! Балам, сен бақытты бол, жолың болсын! – деп, қызға рұқсат береді. Сонда хан дағдарып, 

ешбір жауап айта алмай отырып қала береді. 

32. Өнеге 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              957 bet 

Бұрынғы заманда бір шәһәр бар екен. Бұл шәһәрдің ханы болыпты. Ол күнде жаман киініп, жабайы кісі 

болып, шәһәрді, базарды аралап жүреді екен. Күндерде бір күн хан базарды аралап келе жатып, басына 

бір кесек алтын, аяғына бір кесек алтын қойып жатқан бір адамды көреді. Мұны көріп, хан таң қалып, 

неше күндей мұны сыртынан бағып жүреді. Бұл адам ерте де, кеш те бір қалыпта басына, аяғына бір-бір 

кесек алтын қойып жатады. Ақырында, бір күні хан: 

– Сен не қылған адамсың? – деп, сұрайды. 

Ол адам басын көтеріп: 

– Мен ақыл сатушымын, – дейді. 

– Олай болса, маған бір ақыл сатшы, – дейді патша. 

Онда ол адам: 

– Құп болады, бірақ әр ақылымның бағасы мың алтын, – дейді. 

Хан санап, мың алтын береді. 

– Не істесең де ойлап істе, ойламай қылсаң, қор боласың, – дейді. 

Мұнан соң хан ордасына келіп, баяғы сөзді әрбір көзге түсетін жерлерге, орамал-дастарханға дейін жазып 

қояды. Күндерде бір күн хан шашын алғызатын болып:  «Шаштараз алып кел», – деп, бас  уәзірге әмір 

қылады. Уәзір дереу бір шаштаразға барып: «Ертең кел, ханның шашын ал», – деп бұйырады. Ертең ерте 

шаштараз ханның ордасына келе жатса, алдынан уәзір шығады. Уәзір: 

– Ей, шаштараз, ханның шашын қандай ұстарамен алмақшы боласың? – дейді. 

Шаштараз: 

– Ай, тақсыр, күндегі ұстап жүрген жабайы ұстарамен аламындағы. Жақсы ұстараны мен байғұс қайдан 

аламын? – дейді. 

Сонда уәзір: 

–  Ей,  ақымақ!  Ханның  шашын  жабайы  ұстарамен  алуға  болмайды.  Мә,  мынау  ұстарамен  ал,  –  деп, 

қалтасынан шығарып, бір алтын сапты ұстара береді. 

Шаштараз қуанып, ханның құзырына келіп, шашын жібіте бастайды. Сол уақытта шаштараз: «Не істесең 

де ойлап істе, ойламай іс қылсаң, қор боларсың!» – деп, әр жерге жазылған сөздерді көреді де, ішінен: 

«Қой, уәзірдің ұстарасын қояйын, өзімнің үйренген жаман ұстараммен-ақ ханның шашын алайын» – деп, 

уәзірдің алтын сапты ұстарасын былай қойып, өзінің ағаш сапты ұстарасымен ала бастайды. Мұны көріп, 

хан ішінен: «Бұл ақымақ алтын сапты ұстарасын менің шашымды алуға аяды ғой! Онымен менен артық 

кімнің шашын алады. Тоқтай тұр, мен саған көрсетейін!» – деп шашын алғызып болған соң хан: 

– Дереу жендетті шақырып келіңдер, мен бұл шаштараздың басын аламын! – деп, кісілеріне әмір қылады. 

Шаштараз мұны естіп, не қылмысты болғанын білмей, қайран қалып тұр еді; жендет келген соң, бишара 

шаштараз ханның аяғына жығылып: 

– Ей, тақсыр, менің басымды алсаңыз да ықтияр, бірақ менің кінамды айтып алсаңыз екен! – дейді. 

Хан: 


– Сен басында менің шашымды алтын сапты ұстарамен алмақшы болып, ақырында, оны менен аяп, ағаш 

сапты жабайы ұстарамен алып, мені қорладың. Сенің кінаң осы, – дейді. 

Сонда шаштараз: 

– Жаңа сіздің шашыңызды алуға ордаға келе жатқанымда, алдымнан бас уәзірің шығып: «ханның шашын 

алуға мына ұстара лайық», – деп, осы алтын сапты ұстараны беріп еді. Мен сіздің шашыңызды жібітіп 

жатып, әр жерде жазылған «Не істесең де ойлап істе, ойламай істесең, қор боларсың», – деген сөздерді 

көріп:  «Бұл  уәзір  берген  ұстараның  қандай  да  болса,  үйренген  өзімнің  ұстараммен  алайын»,  –  деп, 

ойладым. Шашыңызды ағаш ұстарамен алған себебім осы еді, – дейді. 

Сонан соң хан жасауылдарын жіберіп бас уәзірін шақыртып алдырып: 

– Мынау ұстараны шаштаразға сен бердің бе? – деп сұрайды. 

Уәзір: 

– Мен бердім, – дейді. 



– Олай болса, бұл ұстарамен уәзірдің шашын ал, – деп, хан шаштаразға бұйырады. 

Шаштараз  уәзірдің  шашын  жібітіп,  алтын  ұстарамен  бір  сыйпап  еді,  уәзірдің  жаны  да  шығып  кетті. 

Сөйтсе, бұл уәзір ханға қас екен, соны өлтірмекші болып, ұстарасын зәрге суарған екен. Мұны көріп, хан 

шаштаразға көп риза болады, көп алтын, күміс сыйлық беріп, үйіне қайтарады. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              958 bet 

Мұнан соң хан бұрынғыдай жабайы киініп, шәһәрді, базарды аралап жүреді. Күндерде бір күн базарда 

баяғы ақыл сатушыны тауып, ордасына алып келіп, бас уәзір етеді. Екеуі бек тату болып, күні-түні бірге 

болып, не істесе де ақылдаспай істемейтін болады. Және хан өзі бір жаққа кетсе, орнында уәзір қалып, 

ханның үйде бар-жоғы да білінбейді. Күндерде бір күн хан жабайы кимімен базарға келсе, қанша халық 

бір наубайшының нанын таласып алып жатқанын көреді. Жұрт таласып алып жатқан бұл қандай нан? – 

деп, хан да азырақ на алып қараса, дәмі дүниеде жоқ тәтті көрінеді. «Бұл нан тәтті екен. Күнде осындай 

нан алып жесе болады екен», – деген оймен, хан наубайшыға: 

– Ай, науайшы, наның артықша дәмді екен! Сен маған үйіңді көрсетіп қойшы, мен сенен күнде нан алып 

тұрайын, – дейді. 

Наубайшы қуанып: «Құп болады!» – деп, ханды үйіне ертіп апарады, үйден үйге, бөлмеден бөлмеге ертіп, 

аралап  келіп,  ақырында,  ханды  жер  астындағы  бір  үлкен  үйге  алып  кіреді.  Қараса,  ол  үйдің  ішінде 

қаншама адам темір көгенде көгенделіп жатыр. Наубайшы бұл ханды да көгендейді. «Сен кімсің?» – деп, 

сұрайды. Хан «Мен ханмын», – деп, айтпайды. Бұл наубайшы күнде көгендегі адамдардың бірін сойып, 

майына нан пісіріп, базарға сатады екен. Сөйтіп, хан көгенге түсіп қалып, неше күнге шейін ордасына 

қайтпайды. Бұған уәзір қайран қалады, бірақ ханның жоғалғанын халыққа жария қылмай, бұрынғыдай 

хан орнына әмір, жарлық қылып тұра береді. 

Күндерде бір күн кезек ханға келеді. Наубайшы мұны соймақшы болып, жетектеп алып шығады. Сонда 

хан: 

– Ай, наубайшы! Сен мені сойма, мен саған менің майыма піскен нанды сатып алатын ақшадан артық 



ақша тауып беремін. Мен неше түрлі қымбат кілем тоқуды білемін, – деді. 

Наубайшы: 

– Жарайды, – деп ханды бір бөлмеге қамап, дереу базардан барып кілемге керек жабдық әкеліп береді. 

Хан күнде бір кілем тоқып шығаратын болады. Бір күні бір қырмызы кілем тоқып наубайшыға: 

– Бұл кілемді ханға апарып сатыңыз, бірақ мың алтыннан кемге бермеңіз, – дейді. 

Бұл кілемді наубайшы ханға мың алтынға сатады. Ертеңіне тағы бір кілем тоқып шығарады. 

– Мұны екі мың алтыннан кем сатпаңыз, – дейді. 

Айтқанындай, хан бұл кілемді екі мың алтынға алады. 

Үшінші күні хан тағы бір кілем тоқып шығарады, кілемге неше түрлі гүл салып, ортасына: «Не істесең де 

ойлап істе, ойламай іс қылсаң, жазым боларсың», – деп жазу түсіреді. Бұл кілемді наубайшы тағы ханға 

алып келеді. Хан – баяғы ақыл сатушы – бұл кілемді көріп, ортасындағы жазуды оқып ішінен: «Ханымыз 

табылды», – деп ойлайды да, наубайшыға: 

– Бұл кілеміңе үш мың алтын берейін және мұнан былай кілем керек болса, сенен басқа кісіден алмаймын. 

Сен мына менің жасауылдарыма үйіңді көрсет, ақшаңды қайтып келіп аларсың, – деді. 

Наубайшы қуанып: 

– Құп, тақсыр! – деп, ханның үш жасауылын үйін көрсетуге ертіп кетеді. 

Бұл екі арада уәзір әскерін жиып, даяр болып тұрады. Біраздан соң жасауылдар мен наубайшы ақшаны 

алуға  қайтып  келеді.  Уәзір  бұл  жасауылдарды  ертіп,  әскерімен  наубайшының  үйіне  келіп,  есіктерін 

сындырып кірсе, темір көгенде жатқан адамдарды көреді. Уәзір мен хан жыласып көріседі. Сонан соң 

көгендегі  адамдарды  босатып,  наубайшының  мойнына  шынжыр  тағып,  ордаға  алып  келіп,  дарға  асып 

өлтіреді. 

33. Балықшы шал 

Бұрынғы өткен заманда, теңіздің жағасынба бір кәрі шал өмірінше балық аулап күн көріпті. Ауына күніне 

үш шабақтан артық түспейтін болыпты. Кей күні о да түспей, аш жататын күндері де болған екен. Шал 

мен кемпірдің он үш жасар Мергүл деген жалғыз қызы бар екен. Қыз он үшке келгенше көзге де түспепті, 

құлаққа да ілікпепті. 

Сүйтіп жүргенде бір күні елінің ханы: 

– Менің халықтан сұрайтын үш сұрауым бар, соны шешкен адамға үлкен сыйлық беремін. Соны шешемін 

деген талапкер жиналсын! – деп халқына жар шақыртыпты. Халық айтылған күні қалаға жиналыпты. 

Сонда хан тұрып: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              959 bet 

– Менің сендерге қоятын сұрауларым бар. Ойланып келіп, шешулеріңе он күн ерік беремін. Содан кейін 

шешемін деген адамдар келсін. Шешкен адамға қазынамның жетіден бірін беремін. Шеше алмаса басын 

аламын! – депті хан. 

Ханның  жарлық  шақырғанында  балықшы  шал  да  болыпты.  Сұрауды  естіп  қайтқан  шал  үйіне  келіп, 

кемпірі мен қызына есіткендерін айтыпты: – Бұл ханның сұрауын шешкен адам үлкен бақытты болады. 

Бізге  бұл  сұрауды  шешіп,  патшаның  қазынасының  жеті  бөлігінің  бірін  алу  қайда!  –  деп  шал  ауыр 

күрсініпті. 

Сонда жалғыз қызы Мергүл: 

– Ата ол қандай сұрау? – депті. Шал ханның халыққа қойған: «Осы дүниеде не тәтті, не қатты, не ауыр?» 

– деген үш сұрауын айтып беріпті. 

Сонда Мергүл атасынан: 

– Осы сұрауды шешу үшін хан халыққа неше күн ерік берді? – деп сұрапты. 

– Хан мұны ойлап шешемін деушілерге он күн ерік берді, – депті шал. 

Сонда Мергүл ойланып тұрып: 

– Ата, бұл  сұрауларды мен шешемін. Соны сіз үйреніп алып, халық алдында ханға айтып беріңіз, хан 

қазынасының бір бөлігін берсе, ең болмаса бір рет есімізді жинап, әлденейік, – депті. 

«Бұл дүниеде не тәтті?» деген сұрауға: «Бұл дүниедегі ең тәтті – арасына арамдық араласпаған, бірін-бірі 

сүйіп қосылған ерлі-зайыпты адамның махаббаты тәтті» деңіз. 

«Дүниеде не қатты?» деген сұрауына: «Бұл дүниеде ең қатты нәрсе – жоқтық, себебі өз қолыңда болмаса, 

кісіден сұрап ала алмайсың, соның үшін жоқтықтан қатты нәрсе жоқ» деңіз. 

«Дүниеде не ауыр?» деген сұрауға: «Дүниеде жылқы малы ауыр. Себебі ауылдың сыртынан бір топ атты 

шауып өтсе, оның тұяғы тиген дүбірінен жер дүрсілдеп, үйде отырған адамның құлағына естіледі» – деп 

жауып беріңіз, – дейді қыз. 

Бұл сұрауларды шеше алмаған адамды хан дарға асамын деген болса, сұрауды шешемін деген талапкер 

аз болар. Болмаса ешкім шешемін деп айтпас. Ата, сен мен үйреткен сұраудың шешімін айтарсыз. Сонда 

сізге хан сенбес те. «Бұл сұрауды шешу сенің қолыңнан келмейді, осыны шешкен адамды айт» деп сізді 

сабар, бірақ сіз айтушы болмаңыз. Егер айтсаңыз, сендерге мен жоқпын, – дейді. Нағыз өлтіретін болып, 

дар астына апарып, майныңа арқан салғанша айтпа! Сонда жиналған халық ханға айтар: 

– Тақсыр, сұрауды шешкен де өлсе, шешпеген де өлсе, хан әмірі екі болып, ата жолын бұзған болмай ма 

дер! – депті. 

Арада үш күн өткен соң, хан: 

– Сұрауды шешемін деген адам болса, шешкенді көремін деушілер болса, қалмай келсін! – деп, қол астына 

тағы да жар шақырыпты. Сұрауды шешемін деп шеше алмағанды дарға асамын деген соң, халық аз келіпті. 

Хан майданға алтын тағын орнатып, өзі үстінде отырып, жендеттерін екі жағына қойып, қырық уәзірін 

қоршалатып, би-бектерін қасына алып: «Енді сұрауды шешем деушілер рұқсат депті. Сонда шешемін деп 

келген адамдардың бірі «жан тәтті», енді бірі «бал тәтті», кейбіреуі «ас тәтті», енді біреулері «бас тәтті» 

деп өзара «күңкілдеп», келістіре алмапты. Сүйтіп ешкім мен шешемін деп шықпапты. 

Сонда баяғы балықшы шал Мергүлдің айтуы бойынша: 

– Мен шешемін, – депті. Сол уақытта сыртта тұрған халық: 

– Бұл жаман шал қалай шешемін? – дейді. Сияғы анау, тізесіне тоны жетпейді. Ішер асы жоқ, мінер аты 

жоқ, күні-күні аулағаны балық, құдайы қалаған күні ауына үш шабақ түседі, қаламаған күні о да жоқ. 

Кемпір  екеуінің  ортасындағы  жалғыз  қызына  тамақ  тауып  бере  алмай,  екі  күннің  бірінде  аш  жатады. 

Ханның сұрауын шешемін деп, өзіне күндегі үш шабағын көпсініп, дүние үшін өлейін деп отырған шал 

ғой, – десіпті. 

Ханның тәртібі бойынша шал ортаға шығыпты. 

– Бірінші сұрау бойынша: «Тәтті де – ерлі-зайыпты адамдардың адал махаббаты тәтті болады», – депті. 

Екінші сұрау бойынша: «Қаттыда – жоқтық қатты болады», – депті. Үшінші сұрау бойынша: «Ауырда – 

жылқы малы ауыр болады», – депті. 

Хан  балықшы  шалдың  шешуіне  риза  болыпты.  Бірақ  «шал  бұны  өзі  шешіп  тұрған  жоқ,  біреудің 

үйретуімен шешіп тұр», – деп, шалдың сырт пішін, тұлғасына қанағат етпепті. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              960 bet 

– Мұны шешу сенің өз қолыңнан келмейді. Осыны шешкен адамды айт, айтпасаң өлесің, – деп бұйрық 

береді хан. Шал шынын айтпапты. Оған хан одан әрі ашуланып шалды дарға асуға бұйырыпты. 

Шалды дар астына әкелгенде, жиналған халық: – Тақсыр хан, сұрауды шешкен де өлсе, шеше алмаған да 

өлсе, бұл бұйрықтың әділдігі қайсы жерінде, сондықтан шалды дарға аспаңыз! – депті. 

Сонда хан айтыпты: 

– Құдайда екілік болмайды, хан әмірінде екілік болмайды. Шал шынын айтпаса, дарға асылады, – депті. 

Сонда жиналған халық дар астында тұрған шалға: 

–  Сорлы-ау,  шыныңды  айта  бер,  босқа  өлгенше!  –  депті.  Сонда  нағыз  өлеріне  көзі  жеткен  соң,  шал 

айтыпты: Менің үйімде он үш жасар Мергүл деген жалғыз қызым бар, бұны шешкен сол еді, мен соның 

үйретуі бойынша айтып едім, – дейді. 

Сонда  хан  балықшы  шалдың  қызын  шақырып  алыпты.  Хан  қыздан:  Өзің  болсаң  он  үш  жасқа  жаңа 

келіпсің,  ерлі-зайыпты  адамның  арасындағы  махаббаттың  тәтті  екенін,  жоқтықтың  қатты  екенін  және 

жылқының ауыр екенін қайдан білдің? – деп сұрапты. 

Сонда қыз айтыпты: 

–  Мен  кемпір-шалдың  ортасындағы  көзінің  ағы  мен  қарасындай  жалғыз  перзентімін.  Түнде  екеуінің 

ортасында жатам, мен қашан ұйықтап қалғанша кемпір-шалым маған қарап жат деп, екеуі екі жағымнан 

тартып, маған таласып бір-біріне өкпелесіп қалады. Немесе жетпейтін кемтаршылық дүние ауға шабақ 

түспей қалса да, екеуі бір-біріне сенің несібең жоқ деп іренжісіп бет көргісіз болып қалады. Сонда мен 

ойлаймын: Әкем мен шешем енді бірін-бірі қалай көрер екен деп. Түнде ұйықтап қалам. Оянсам баяғы 

мен үшін талас та жоқ «дүние үшін ұрыс та жоқ, мен бір шетте жалғыз қалып қоямын, кемпір-шалым 

екеуі бірігіп кетеді. Мен соған қарап, дүниедегі шын қосылған ерлі-зайыпты арасындағы сүйіспеншілік 

махабатты тәтті деп білемін, – дейді. 

– Менің әкем өмірінше балық аулайды. Бірақ біздің несібемізге күніне үш шабақтан артық жазбаған, о да 

кей күні түспей қалады. Болмай қалған күні ішуге тамақ жоқ, бірімізден біріміз көріп, сол күні аш жатамыз. 

Алатын жер жоқ, кісіден сұрағанымен бермейді. Міне осыған қарап, дүниеде жоқтықтан қатты нәрсе жоқ 

деп білемін, – дейді одан кейін. 

– Жылқы малы ауыр дейтінім, – ауылдың сыртынан бір топ атты шауып өтсе, аттың дүрсілдеп шапқан 

жүрісінен  біз  отырған  жаман  лашықтың  асты  солқылдап,  денеміз  дір-дір  етеді,  соған  қарағанда,  мен 

жылқы малы ауыр деп білемін, – депті қыз ақырында. 

Сонда  хан  қыздың  шешуіне,  соған  берген  дәлеліне  қатты  разы  болып,  шалды  өлімнен  құтқарыпты. 

Кемпір-шалға дүние-мүлік беріп, хан өзінің қызда ойы бар екенін білдіріпті. 

Арада бірнеше күн өткесін хан шалды шақыртып алып: 

– Қызыңды маған әйелдікке бересің, соның үшін қызыңның қалың малын айт? – дейді. 

Сонда шал: 

– Онда, маған үш күн мәулет бер, содан кейін жауабын берейін, – депті. 

Шал үш күн рұқсат алып үйіне келіп: 

– Ой, кемпір, біз екеуіміз ортаға алып, ермек етіп жүрген жалғыз Мергүлжанды хан отыз әйелдің үстіне 

әйелдікке бересің, соның қалың малын айт! – деп мені шақыртып алды. Мен оған сенсіз жауап бере алмай 

және алпыстағы шалға Мергүлжанды көзім қимай ханнан үш күн ерік алып саған келдім. Ханнан қалың 

малды көп сұрасам көп сұрадың деп жазықтаса, аз сұрасам екеуіміздің өл-өлгенше ішіп-жерімізге жетпесе 

қайтеміз, – депті. 

Қайғымен шал басын көтерместен екі күн жылаумен жатқанда кемпірі жатқан шалының қасына келіп, 

төмендегі өлеңді айтып, бұ да жылапты. 

Әй, алла, біз сорлыға мал бермедің, 

Болмаса бағып-қағар ұл бермедің, 

Жалғыз қыз ортамызда ермек қылған, 

Басына салып шырмау әуреледің! 

Теңім бе менің патша қыз бергендей 

Қысымы етіп жүрген шермендемін, 

Сұрауға қалың малын аузы бармай, 

Сорлы шал, болып қапа, еңіредің. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              961 bet 

Әй, алла, бір пендеңе бақты бердің, 

Арылмас өмірінше тақты бердің. 

Болса да асау, жылпос көндіреді, 

Ісіне не қылса да ерік бердің. 

Шал сорлы жылап жатыр үйден шықпай, 

Болмайды деп айталмай айтқан сөзін. 

Алагөр кешіктірмей біз сорлыны

Қу құдай, артық болса, берген демің! 

Сорлы шал басың көтер жылай бермей, 

Сенде жоқ жұбатқандай келіп елің. 

Үш-ақ күн берген ерік ханың саған, 

Жылаумен өтіп кетті екі күнің. 

Шал кемпірінің сөзін естіп, жатқан орнынан басын көтеріп, не де болса бұл пәледен құтылмасақ болмас 

деп отырғанда, қыз айтады: 

– Әке, мен үшін сендер уайым жемеңдер, менің қалың малымды өзім айтамын. Сен ханға бар, ойласатын 

би-бектерін тегіс жинасын, солардың алдында қызым қалың малымды өзім айтамын деп айтты де, – депті. 

Шал ханға келіп, қызының айтқанын айтыпты. 

Хан бұл қыз не сұрар екен, көрейін деп ойласатын бектерін, билерін жинап алып, қызды алдырыпты. 

Хан айтады: 

– Ата тұрғанда ата жолын бұзып, қалың малын өзі айтқан қызды қайдан көрдің? – деп қыздан сұрапты. 

Сонда қыз айтыпты: 

– Менің әкем сізден қорқып қалыпты. Қалың малды көп сұрасам, хан көпсінер, аз сұрасам, қолымнан 

жалғыз перзентім кеткен соң, алған қалың малым кемпіріміз бен екеуімізге өлгенше напақа болмас, қалай 

күн көремін деп, әкем үйге барған соң орнынан тұрмай екі күн жатты. Сонсын әкемнің көңілін тауып, көз 

жасын  тияйын  деп  әкеме  қалың  маклымды  өзім  айтамын,  –  дедім.  Және  қалың  малды  өзім  айтсам, 

түсінгенге өте қымбат болсын, түсінбегенге сөкет болсын, – дедім, тақсыр! – депті қыз. 

Сонда хан: – Не де болса, айт өзің! – депті. 

– Тақсыр ханымыз, маған рұқсат берсеңіз қалың малым қиын емес. Менің қалың малым үшін он үш жүген, 

қырық ноқта, алпыс арқан, жетпіс шідер бересіз! – депті. Сол жерге жиналған адамдар, «бұл қыз ақылды 

емес, барып тұрған жынды екен. Есігінде үрерге иті жоқ, жүгенді, ноқтаны, шідерді не қылады. Қартайған 

ата-анасына өле-өлгенше жететін алтын сұрамай ма», – десіпті. 

Содан кейін басын шайқап, қызды сарайға апарып, қымбатты сый беріп қайтарыпты. Қыз кеткен соң хан 

өзінің ақылгөй уәзірлерін жинап алып: 

– Сендер қыздың сұраған қалың малын түсіндіңдер ме? – деп сұрайды. Бәрі де: «түсінбедік» депті. Сонда 

хан айтқан екен: 

– Қыз дүниядағы ең ақылды адам екен. Ол жанды ауыртпай, менің өзіне өмір серік бола алмайтынымды 

айтты,  –  депті.  Мал  басы  етіп  он  үш  жүген  бер  дегені:  Мен  он  үштемін.  Маған  он  үш  жерден  жүген 

салғаныңмен қатын болмаймын деген сөзі еді, – депті. – Қырық ноқта дегені – жігіт қырықта толығып 

болады дегені. Алпыс арқан бер дегені бұл күнде арқандаулы ат болдың деген сөзі, – депті. – Жетпіс шідер 

бер дегені – енді он жылда жетпіске шығасың, сонда шідерлеген аттай боласың, деген сөзі еді. Соның 

үшін мен қыздан жеңіліп, оған айып-анжы, сый беріп жөнелттім. Енді балама әперіп, келін етемін, – деген 

екен хан. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет