ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет145/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   153

қояды. 


Күткен көктем де туады. Диханшы жиған-терген бидайын жеті күн бойы судан шығармай бөктіріп қояды. 

Бір  айдаған  жерін  жеті  рет  тырмалап,  бидайын  себеді.  Егінді  суаратын  кез  келеді.  Суға  келсе,  су  өз 

деңгейінен  қырық  кез  төмен  түсіп  кеткен  екен.  Диханшы  жүгіріп  үйіне  келіп  ара  мен  балтасын  алып, 

қалың  ағашты  кескілей  бастайды.  Ақыры  ағашты  кесіп  болып,  жаяу  арқалап,  зорға  дегенде  құдықтың 

басына жеткізеді. Сөйтіп шығыр орнатып, оған қырық қауғаны қатарынан салып, айналдыра бастайды. 

Бұған  шыдай  алмаған  су  аспанға  шапшып,  сол  аймаққа  тарайды.  Суға  қанған  егін  бас  жарып,  көктей 

жөнеледі. Мұны есітіп, таң-тамаша қалған періштелер былтырғыдан да көп жиналады. Ал, қүс патшалары 

бұрынғы әдетінше Сүлеймен патшаға кешігіп келеді. Жиын біткен соң құс патшасының бірі тұрып тағы 

да: 

– Тақсыр, осы біздің былтырғы айтқан диханшымыз сізді аузына ала ма екен өзі. Биылғы еккен егінін 



көрсеңіз, қайран каласыз. Оған жиналған періштеде де қисап жоқ. Солардың көптігінен әрең өтіп, міне 

тағы да кешігіп келіп отырмыз, – деп сұрады. 

Бұл сөзге іштей ашуланған Сүлеймен желге мініп, қаһарын тігіп, тұқымға келді: 

– Сен неге менің айтқан бұйрығымды орындамадың. Мен шықпа дегенім қайда? – деп ақырды. 

– Тақсыр, мен орындамайын дедім бе, жеті күн суға салып, тұншықтырып, есімді тандырды, – деді тұқым. 

– Ал, сен неге өндіріп шығарасың, – деп Сүлеймен пайғамбар жерге ақырды. 

– Тақсыр, менің өндірмесіме қойды ма?! Жеті рет жыртып, жеті рет тырмалап, әбден есімді тандырды. Су 

ішіп, қәзір ғана есімді жиып тұрмын, – деді жер. 

Сол-ақ екен Сүлеймен пайғамбар суға келіп: 

–  Мен  саған  жер  бетіне  шықпай  қырық  кез  төмен  түсіп  кет  дегенім  қайда?  Бұйрығымды  неге 

орындамайсың? – деп тіксінді. 

– Тақсыр, мен сіздің айтқаныңызды орындадым. Қырық кез төмен түсіп те кеттім. Бірақ, оған диханшы 

қойды ма, еріксіз аспанға шығарды, – деді. 

Бұдан ешнәрсе шықпайтынын көріп, Сүлеймен пайғамбар әрі ойланып, бері ойланып: 

– Еңбек қылған алсын, – деп, жүріп кетіпті. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              951 bet 

29. Қарахан ертегісі 

Қарахан деген қадірлі хан болыпты. Қырық уәзірімен бір жерге сейілге шығыпты. Әлгі сейілге шыққанда 

қырық уәзірдің қасында қырық кісі бар екен. Сейілге шығып жолда келе жатқанда Қараханның қамшысы 

қолынан түсіп кетеді. Сол арада көп кісі – қырық уәзір, қырық кісі тегісімен атынан түсе қалып ханның 

қамшысын  әпермекші  болады.  Тигені  қамшыны  ұстап,  тимегені  тек  ұмтылып,  бәрі  де  ханға  құрмет 

қылады. Сол кезде Қарахан ат үстінде тұрып ойлап: «Япырау, бір қамшы үшін қырық уәзірім мен қырық 

кісі бірдей түсіп қүрмет істегендей мен сонша қадірлімін бе? Халық жақсы құрметтейді екен ғой», – дейді. 

«Мен бұған шүкіршілік қылайын, халықтың маған істеген сол құрметіне мен оларға көңіл бөліп, қаріп-

қасырларға болысайын, жұрт айта қалғандай бір жомарттық істейін» деген ой көңіліне кірді. 

Содан хан қырық уәзір, қырық жігітпен күні бойы аңда болып кешке жақын аман-есен үйіне келді, Үйіне 

келіп, жайласып отырған соң, ханның үйіне үстіне жаман киім киген бір қайыршы адам кіріп келеді. 

Күндіз  аңда  жүргенде  «зор  жомарттық  істеймін»  деп  хан  өзіне  уәде  қылған.  Орнынан  тұрды  да 

қайыршыға бір үлкен сый тартпақшы болды. Сонда қайыршы айтты: 

– Сен маған шын ниетіңменен сый беретін болсаң, менің көңілім не тілесе сен соны бер, – деді. Хан айтты: 

«Төрт түлігімнен, мүлкімнен не тілесең соны бердім, қалағаныңды ал», – деді. «Жоқ, сенің төрт түлігіңнің 

маған керегі жоқ. Сен берсең, патшалық орныңды бер. Менің көңілім осыны сүйеді»,  – деді қайыршы. 

Хан айтты: «Орнымды да бердім», – деді. Қайыршы айтты: «Берсең түс, орныңа мен отырайын», – деді. 

Хан мұны да жақсылық көріп орнынан түсті. Бақсы айтты: «Сен мұнда тұрма, төрт түліктен таңдаған атың 

мен дүние ал да жайыңа бар», – деді. Хан қайыршының айтқанын істеп, жылқыдан таңдап ат алып, керекті 

бұйым  алып,  үйінің  ішін  арбаға  мінгізді  де  шаһардан  шығып,  екінші  бір  шаһарға  жөнелді.  Келе-келе 

жатып ханның үй іші бір өзен суға кездесті. Өзен су терең екен, түгел өтейін десе, тегісімен суға кетеміз 

бе деп, жарымдап өтуді ойлады. Ең алдымен екі баласы мен қатынды өткізді. Одан кейін қайыра қалған 

жүкке жөнелді. Қарахан жүкке қарай өтіп келе жатқанда, қатын, балаларын орнына тастап, жарды жағалап 

ұзаңқырап кетті. Сол кезде екі қасқыр шауып келіп екі баланы көтеріп алып кетті. Балаларды қасқырдың 

көтеріп алып бара жатқанын хан да, қатын да көріп тұр. Бірақ олардың бірі ар  жақта, жаяу не істесін, 

өздерін-өздері  жұбатты.  Содан  кейін  хан  мен  қатын  өзенді  жағалап  келіп  бір  жерге  келіп  жатты.  Сол 

уақытта  олардың  үстіне  бір  топ  керуен  көшіп  келді.  Керуен  келіп  қонған  соң  олардың  ішіндегі 

кейбіреулері хан мен қатынға келіп жолықты. Ханның қатыны көркем сұлу кісі еді. Керуеннің сал-сері 

жігіттері  оны  керуен  басы  Ханзадаға  айтып  келді.  Олардың  айтуы  бойынша  керуен  басы  оған  ғашық 

болды. Содан кейін керуен басшысын бір қиял билеп, қатынды көру үшін екі жігітті жұмсады. 

«Бізде бір адам сырқат еді, «қырықтың бірі – қыдыр» деген сөз бар еді. Жолаушы әйел соны келіп көріп 

берсе екен деп айтындар», – деді. 

Жігіттер  ханның  арбасына  келіп  керуен  басының  сөзін  қатынға  айтқанда,  қатын  «бармаймын»  деді. 

Жігіттер өтініп үш рет  сұрады. Қатын үшеуінде де  «бармаймын» деп жауап қайырды. Қарахан айтты: 

«Бұлар да жолаушы адам ғой, барып келе ғой», – деді. 

Қатын керуеннің шатырына келген соң, бағанағы көрмей ғашық болған керуен басы қатынды көріп, оның 

көркем  сұлулығына  таң  қалады.  Қатынды  күйеуіне  қайтармай  бауыр  басып,  шатырын  жиып  көше 

жөнеледі.  Хан  бұған  да  ішінен  сабырлық  қылды.  Содан  кейін  қатынды  алып  керуен  басы  жөнеліп, 

Қарахан өз жайына кетті. Қарахан жүре-жүре тағы бір өзенге кез келді. Бұл су да терең екен. Өтіп келе 

жатқанда аты суға кетіп, өзі ғана жүзіп шықты. Содан киейін десе киім жоқ, ішейін десе асы жоқ, келе-

келе жатып шаршап, бір салындының арасына кіріп жатты. Бұл жерге шаһар таяу екен. Бұл шаһардың 

ханы  өліп  иесіз  тұр  екен.  Бұрынғы  заманда  хан  өлгенде  дәулет  құсын  ұшыру  елдің  салты  екен.  Бұл 

шаһардың  халқы  жиналып  дәулет  құсын  ұшырыпты.  Ұшырған  дәулет  құсы  ұшып  келіп  бағанағы 

салындыға қонады. Ол жерде Караханнан басқа ешкім жоқ. Осы салындыға келіп қонғанда, артынан үш 

жігіт  құсты  алып  кетті.  Жігіттердің  қолындағы  құсы  талпынып  салындыға  қарай  береді.  Құс  талпына 

берген соң, қоя беріп қараса, құс қайтадан барып салындыға қонады. Ол жерде жігіттердің дыбысымен 

Қарахан оянады. Жігіттер оған таң қалып, құсты алып, Қараханды ертіп топ басына барады. Барған жерде 

жиналған топ Қараханның жайын, неғып жүрген адам екенін сұрап таныған соң, оны ақ киізге орап хан 

көтеріп, шаһарға хан сайлайды. Қарахан бұл шаһардың ханы болып тұрды. Дәулет құсы басына қонып, 

бақтың сарайыңа кірсе де, ойынан қатын мен бала шықпады. Оларды көп ойлады. Ақырында ханым мен 

баласын  іздеуге  көп  кісі  ертіп  жолға  шықты.  Айдан  ай,  жылдан  жыл  өтті.  Ел-елден  сұрап  ханым  мен 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              952 bet 

балаларды іздеді. Неше заман жол жүріп келе жатқан адам бір елде қайыр сұрап жүрген әйеліне кездесті. 

Ханым үстінде киім, ішерге ас жоқ, тек елден сұрап күнелтіл жүр екен. Ханын көріп қайтадан жасағандай 

болды. Екеуі бірін-бірі құшып, мауқын басты. Хан ханымынан балаларынан хабар білер ме деп сұрады. 

Ханым бұрынғы есіткен бойынша балаларынын қай жерде тұрғанын айтты. Хан мен ханым көп нөкермен 

балаларын іздеді. Айдан ай өтіп, келе-келе жатып бір өзен бойында қой бағып жүрген қойшыға жолықты. 

Қойшыдан жөн сұрады. Қойшы бағып жүрген қой қай елдің қойы екенін айтты. Қойшы жай қойшыдай 

емес, еті тірі болғандықтан оның кім екенін сұрады. Қойшы: 

– Мен Қарахан деген кісінің баласымын, – деді. Оны жас күнінде бөрі алып қашқан екен. Бөріден бұл 

елдің бір байы құтқарып алып, асырап енді қой бақтырып қойыпты. Оның қасында інісі бар екен. Інісі – 

ол да қозы бағып жүр екен. Балалардың етін бит жеп, аяғын тас қырқып әбден жүдеген екен. Оларды іздеп 

тауып  иіскеп  бір  жасады.  Содан  балаларыи  жанына  ертіп  еліне  қайтып,  бұрынғы  хандығына  отырып, 

барша мұрат басына жетті. 

30. Хан қызы 

Бұрынғы  заманда  бір  хан  болыпты.  Ханның  бір  қызы  болыпты.  Төрт  уәзірі  болыпты.  Хан  сейілге 

шығыпты, қасында бір уәзірі болыпты. Ханның алдынан екі қоңыр қаз ұшып барады екен. Хан уәзіріне 

айтты: «Осы екі қоңыр қаздың тілін маған айт! Не деп кетіп барады?», – деді. Уәзірі айтты; «Тақсыр, мен 

білмеймін». Хан айтты: «Айт! Айтпасаң басыңды аламын». Уәзір айтты: «Тақсыр, үш күн мұрсат бер», – 

деді. Хан: «Жарайды», – деді. 

Ханның өзі қаздың тілін біледі екен, үндемей үйге келді, атынан түсті, отырды. Уәзірі өз үйіне келді. «А, 

қатын! Сен маған, мен саған жоқ», – деді. Қатыны айтты: «Неден қорықтың?» – деді. «Хан маған қаздың 

тілін тауып айт, айта алмасаң басынды аламын», – деді. Үш күн мұрсат сұрадым. Үш күн мұрсат берді. 

Уәзір таза суға шомылды, ақыретін қойнына салды, күннің батыс жағына кетті. Ханның қызы жүр екен, 

қырық қыз нөкері бар екен. Кетіп бара жатқан уәзірді ханның қызы көрді. Бір қызға айтты: «Анау кетіп 

бара жатқан кімнің уәзірі екен, шақыршы», – деді. Қыз жүгіріп кетті. Уәзірге жетті, айтты: «Сені ханның 

қызы шақырады», – деді. Уәзір ханның қызына келді. Ханның қызы айтты: 

– Е, уәзірім, қайда бара жатырсың жаяу? – деді. 

– Солай, солай! Кеше ханмен сейілге шықтық, алдыңыздан екі қоңыр қаз ұшты. Хан айтты, «сол ұшып 

бара жатқан қоңыр қаздың тілін маған айт! Айта алмасаң басынды аламын», – деді. Сонан қорыққан соң 

үш  күн  мұрсат  сұрадым,  мұрсатымды  берді.  Үш  күнде  тауып  айтсам,  басымды  алмайды.  Сонан 

қорыққаннан кетіп барамын, қаздың тілін білмеймін. Әкеңіздің қылған жарлығы сол, – деді. 

Қыз айтты: 

– Е, уәзір, мен саған жақсылық қылар едім, қорыққан соң, әкеме айтасың ғой, – деді. 

– Жоқ, ханша, айтпаймын. Өлсем өліп кетермін, жақсылық қылған кісіні неге айтайын?. 

– Жарайды, уәзірім, мен сені аядым. Мен айтайын, сен тыңда! Қаздың тілін кім айтты деп сұрар. Сонда 

мені айтпа, айтсаң менің обалым сенде болар. Онан соң қыз айтты: «Алдыңғы ұшқан еркегі, соңғы ұшқан 

ұрғашысы екен. Еркегі айтты: «Жылда екеуіміз құстың соңынан ұшушы едік, биыл неге құстың алдында 

ұшып барамыз?» – деді. Ұрғашысы айтты: «Жылда соңында қалатынымыз сен ақсақ болған соң», – деді. 

«Мен сені асырадым, күттім, жаман еркекті жақсы ұрғашысы асырайды екен», – деді. Ұқтың ба, уәзірім? 

– деді қыз. 

– Ұқтым! – деді. 

– Ертең барып айт. Әкем менің айтқанымды білер, білсе де айтпағайсыз, – деді қыз. 

Уәзір қуанды, үйіне келді. Қатыны сұрады: 

– А, қарағым, неге қуандың? – деді. 

– Е, бір жақсылық бар, енді қорықпаймын, – деп уәзір айтты. 

Ертеңіне уәзір ерте тұрып, беті-қолын жуып, ханға келіп: 

– Ассалаумағалейкүм, алдияр! – деді. Хан: 

– Уағалейкум уәссәләм, уәзірім, – деді. 

– Хан, кешегі тауып айт деген сөзіңізді айтқалы келдім, – деді. 

– Жарайды, уәзірім, айт! – деді. 

– Айтайын, құлағыңызды салып тыңдаңыз. Алдыңғы ұшқан қаз еркек екен, соңғы ұшқан қаз ұрғашысы 

екен. Еркегі айтты: «Біз жылда құстың соңында қалатын едік, биыл неге құстың алдында кетіп барамыз?». 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              953 bet 

Ұрғашысы  айтты:  «Жылда  біз  құстың  соңында  қалсақ,  сенің  аяғың  ақсақ  еді,  сондықтан  бұрын  ұша 

алмадық, сені мен сақтадым, күттім, сені тастап кетпедім, жаман еркекті жақсы ұрғашы асырайды екен», 

– деп кетіп барады екен. Осы сөзді айтқан екен, осы тақсыр, білгеніміз дейді уәзір. 

– Білдің, уәзірім! Бұл сөзді саған кім үйретті, айт, шыныңды айтпасаң, басыңды аламын,  – деді. Уәзір 

айтты: 


– Адам үйреткен жоқ, менің аузыма құдай өзі салды, – деді. 

– Өлтіремін, айтпасаң, – деді. Уәзір қорыққан соң: 

– Айтайын, – деді. Мұны айтқан қызың, – деді. Хан айтты: 

– Өзім де біліп едім, – деп хан елін, жұртын жиды, жоғарғы елін шақырды, жорға бие сойды, той жасады. 

«Қызымды кімде-кім жаман болса, соған беремін», – деді. «Жаман еркекті қайтып жақсы қылар екен?» – 

деді. Жаман балаларды жинады. Бір жаманға бермек болды. Басынан қотырдың қаны аққан, мұрнынан 

боғы аққан, аяғының шуашы бар жаман тазшаға хан қызын берді. Ханның қызы орнынан көшті. Ханның 

қызы тазшаға қатын болды, өзі шебер екен, бау өріп, үйінің қасынан құдық қазып алды. Құдықтың суы 

алтын болды. Тазша байы қатынының тілін алды, қатыны күнде бау өріп, киім тігіп апарғызып сатқызады. 

Байы кешке келіпті, ділдә әкеліпті, өздері бай болыпты. Астары өзі пісіріліп, өзі түсіріледі, дастарқаны 

өзі жайылады екен. Төрт шамшырағы жағылады екен, сөйтіп жүріпті. 

Қатыны ертеңіне тұрып беті-қолын жуьшты, байына айтыпты: 

– Сен бүгін шаһарға бар, онда бір адам қаракөк ат сатады, соны сен сатып алып кел! – деп ақ орамалға 

ділдә түйіп береді. Байы орамалды алып қойнына салып, жаяу кетіпті. Базардың басында жүрсе, бір адам 

қаракөк ат жетектеп жүр екен. Тазша тұрып айтты: 

– Ағеке, атыңды сатамысың? – деді. 

– Сатамын, не бересің? – деді. 

– Екі ділдә берейін. 

– Үш ділдә бер. Орамалыңмен бер, – деді. Тазша берді, қаракөк атты алды қолына. Қаракөк атты жетектеп 

үйіне келді. Атты байлады, үйіне енді. Қатын сұрады: 

– Келдің бе? 

– Келдім. 

– Атты әкелдің бе? 

– Әкелдім. 

– Мықтап байладың ба? 

– Байладым. 

Қатын айтты: «Жат бүгін!». Қатынымен екеуі жатты, ұйықтады, ерте тұрды, беті-қолын жуды, намазын 

оқыды. «Е, тазшам, қаракөк атты ертте, алдыңғы айылын бос тарт, артқы айылын берік тарт. Бүгін менің 

әкем бір киікті қуып келе жатады. Киіктің басы алтын, арты күміс. Екі күн, екі түн қуып еді, жете алмады. 

Сен көк атқа мін, құрықты қарыңа іл. Сен барып жетерсің, құрықпен ұстарсың, бауыздайын деп атыңнан 

түсе қал. Әкем келер: «Е, жігітім, осы киікті маған бер, дүниеде тілеген тілегіңді берейін», – деп айтар. 

Сонда сен киікті бер де үйге қайтып кел», – деді. 

Тазша көк атқа мінді. Құрықты қарына ілді, бір таудың басына шықты, шығып қараса, бір адам бір киікті 

қуып  келе  жатыр  екен,  жете  алмай  келеді  екен.  Алдынан  тазша  шығып  киікті  қуып  жетті.  Құрықты 

мойнына салды, аттан түсе қалды, бауыздайын деп пышағын қынынан суырды. Артынан хан шауып келді: 

– Е, жігітім, осы киігіңді маған бер, – деді. 

– Бермеймін! – деді. 

– Дүниеде тілеген тілегінді берейін. 

– Жарайды, ал, – деді. 

Хан киікті алып үйіне кетті. Тазша үйіне барған соң, қатыны алдынан шықты. 

– Келдің бе, тазшам? 

– Келдім. 

– Ұстадың ба? 

– Ұстадым, ханға бердім. 

– Бәрекелді! – деді. 

Олар жатты, ұйықтады. Ертеңіне тұрды. Қатыны айтты: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              954 bet 

– Е, тазшам, ханнан не тілек сүрайсың? 

Тазша айтты: 

– Не тілек сұрайын, мал сұраймын, бас сұраймын. 

Қатыны айтты: 

– Е, тазшам, ақылың жоқ, мал не керек, жан не керек? Мал да бар, жан да бар. Сен хандікіне барсаң: «Не 

сұрай келдің?» – деп хан айтар. Сонда сен айт: «Әнеукүні берем деген тілегіңізге келдім», – деп, сонда: 

«Не тілейсің?» – дер. Сен айт: «Өзіңізге қараған жандар үш күн үш түн от жақпасын, бір өзімнен басқа 

адам шықпасын», – деп. «Жарайды, қатын!» – деді. 

Қатын  байына  құрымнан  шапан  тікті,  құрымнан  тымақ  тікті,  көзіне  шиден  түйреуіш  салды,  көзін 

қызартты. Тазша хандікіне келді. Тазша үйге енді. «Ассалаумағалейкүм, хан!» – деді. Хан алтын тағында 

отыр екен. Хан шошып төсегінің үстіне барып отырды, тазша ханның тағына отырды. 

– Е, жаным, қайда барасың? – деді. 

– Алдияр, сізге келдім. 

– Не жұмысың бар? 

Тазша айтты: 

– Жұмысым бар, беремін деген тілегіңізге келдім, – деді. 

Патша айтты: 

– Берейін, жігітім, не тілейсің? – деді. 

–  Алдияр,  мен  не  тілейін,  маған  берсеңіз  үш  күн,  үш  түн  тірі  жан  от  жақпасын!.  Өз  үйім  от  жақсын, 

берсеңіз осы тілекті тілеймін, – деді. 

Патша: 


– Жарайды, болсын, бола қалсын, – деді. 

Уәзірін қара атқа мінгізді, жұртына хабар берді. «Үш күн, үш түн ішінде от жаққанның басын аламын», – 

деді. Уәзір кетті, жұртына хабар берді, қайтып үйіне келді. Хан тазшаны үйіне қайтарды. 

Тазша үйіне келді, қатыны сұрады: «Айттың ба, тазша?»  – деді. «Айттым. Үш күн, үш түн тірі жан от 

жақпайды. Өз үйім үш күн, үш түн от сөндірмейді, – деді. 

Бақ келді, Ырыс келді, Қыдыр келді, жарыққа жиылды. Ертеңіне жігіт тұрып қараса, төңірегі малға толып 

қалыпты, өзі бай болыпты. Бай енді маңғаз болды. Қатыны айтты: 

– Бүгін көк атқа мін. Сейілге шық, хан жолығар, ол да сейілде жүрер аң аулап. Соған сен бар, мына азықты 

қанжығаңа байла, түс болғанда ас ішеміз, – деп атыңнан түс, хан да түсер атынан. Ас жейік деп хан сені 

шақырар. Сен барма, хан асынан берсе, сен жеме, сен берсең асыңнан ол жер, енді бар!» – деді. 

Тазша көк атты ерттеді, мінді, сейілге кетті. Алдынан хан жолықты, амандасты-есендесті. Аң аулап жүр 

екен. Түс болды. Хан аттан түсті. 

– Ас жейік, – деді тазша. 

– Жарайды, – деп, аттан түсіп хан асын жеді. 

Тазшаны шақырды, тазша жақын келмеді, асынан беріп еді, жемеді. Тазша асынан беріп еді, хан жеді. 

– Япырмай, тәттісін-ай! – деді. Менің бір қатыным болған, сол осындай пісіруші еді, сонан туған қызым 

осылай пісіруші еді. Сол қызым кеткен соң, көрген тәтті дәмім осы! – деді. Астарын жесті, аттарына мінді. 

Тазша айтты: 

– Алдияр! Біздікіне қонаққа жүріңіз. 

– Жарайды! – деді. 

Хан тазшаның үйіне келді. Үйіне келсе, ханның өзінің үйінен артық екен. Хан сенерін де, сенбесін де 

білмеді. 

Қызы айтты: 

– Жоғары шығыңыз!. Хан жоғары шықты, отырды. Қыз дастарқанды жайды, алып келіп алдына ас қойды. 

Хан жеді, айтты: 

– Апырымай! Астың тәттісін-ай! Менің кеткен қызым осылай пісіруші еді. 

Қыз айтты: 

– Қызыңызды кімге беріп едіңіз? 

Хан айтты: 

– Қызымды бір жаман тазшаға беріп едім. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              955 bet 

Қызы айтты: 

– Сол қызың мен емес пе, күйеуің мынау емес пе? – деп, өзінің байын көрсетті. Көзіңе қалай көрінеді? – 

деді. 


Әкесі айтты: 

– Жақсы көрінеді. 

Қыз айтты: 

– Жаманды жақсы қылдым, жаман еркекті жақсы қатын асырайды деген осы ма, әкем? Сен мені жаманға 

беріп едің. Сен басы алтын, бөксесі күміс киікті қудың. Сен ұстай алмадың, менің куйеуім ұстады. Оның 

сізден  артық  болғаны  емес  пе?  Үйіңе  барды  байым,  сонда  сіз  алтын  тағыңыздан  түрегеліп  төсегіңізге 

барып отырдыңыз. Ол таққа барып отырды. Оның артық болғаны емес пе? 

Хан айтты: 

– Рас, менің тағымды күйеуім алсын! 

Хан құса болып айтты: 

– Е, қызым, сен ақылды екенсің, мен ақымақ екенмін, менің еліме кел, менің шаһарымды биле. Хан үйіне 

келіп өлді. Күйеуі хан болды, қызы ханша болды. 

31. Күлше қыз 

Ерте уақытта Махмұт деген хан болыпты. Күндердің бір күнінде хан қол астындағы халқына тегіс хабар 

салыпты. «Үш ауыз сөз сұраймын, соны шешкен адамға ат басындай алтын беремін. Қарт болса, ақылшы 

қылып өз қасыма аламын. Жас болса, орнымды беріп соңына еремін!», – дейді. 

Сонымен бар халқы жиналғаннан кейін хан өзінің айтайын деген мақсұтты сұрағын халыққа айтады. Хан: 

«бірінші – тәттіде не тәтті? Екінші – қаттыда не қаты? Үшінші – ауырда не ауыр?», – дейді. 

Жиылған көпшілік қанша ойласа да таба алмайды. Сол кезде босағадан бір қыз тұрып сқйлеуге рұқсат 

алады. 


– Жасым онда, атым Күлше, балықшы шалдың қызымын. Бала деп сертіңізден таймасаңыз мен бұл үш 

сөзіңіздің мәнісін шешіп берейін, – дейді қыз. Хан рұқсат береді, сонда қыз: 

– Балдан тәтті – жігіттің адал жары, тастан қатты – жоқтықтың өткен зары. Шын уағдадан ауырды көре 

алмады, уағдаға байланысты ердің ары, – деп жауап берді. Сонда хан: 

Күлше қыз ал алтынды таптың рас, 

Сонда да сөз қисынын айтпай болмас. 

Арасын ерлі-зайып қайдан білдің? 

Көрмеген махаббатты өрімсің жас. 

Жоқтықтың жас балаға зары өте ме? 

Баладан ауыр уағда дәмете ме? 

Неліктен жас жүрекке түскен сана? 

Іс екен таңғаларлық ретіне. 

Сонда қыз айтады: 

– Мен теңіздің жиегіндегі балықшы шалдың жалғыз қызымын. Шалдың менен басқа баласы жоқ. Шалдың 

күнделік балықтан басқа тапқан малы да жоқ. Мен әкеммен бірге қармақ, ау салып теңіз жағасында балық 

ұстап күнелтемін. Кешке жатқанда әке-шешем «жаным-күнім, жалғызым» деп ортасына алып жатушы еді. 

Таңертең ұйқымды ашып тұрғанымда шетте жатам. Сонда ойлаушы едім: «Қандай жақсы болса дағы өзі 

сүйген жарынан тәтті жақын болмайды екен!» – деп. 

– Екінші – тастан жоқшылық қатты дегенім, қайсы күні жалғыз шабақ та ала алмай қайтатын уақыт та 

болатын. Сол кезде кәрі әкем тең-құрбысы келгенде, дәм тауып бере алмай: «Қайран, жоқшылық!», – деп 

қайғырып отырғанын көп көрдім. Сонда: «Жоқшылық тастан да қатты-ау!», – деп ойлаушы едім. 

Үшінші – уағда ауыр дегенім, осы үш сөзге уағда жеңіл болса ат басындай алтынды неге бердіңіз? Осыдан 

уағда ауыр деп есептедім, – дейді Күлше қыз. Сонан соң хан қызға: 

– Үш күннен қалдырмай әкеңді маған жібер. Уағда жайын білетін боласың ғой, сөзімді аяқсыз қалдырма! 

– дейді. 

Сонан соң қыз ханнан алған ат басындай алтынды үйіне алып келіп, әке-шешесін қуантты. Үш күннен 

кейін қыз ханға берген уағдасы бойынша әкесін ханға жібереді. Ханға жіберу алдында әкесіне: «Осыдан 

сіз ханға барыңыз, егер сұрақ болса өзіңіз жауап айтарсыз. Қиын соғатын сұрақ болса, үш күнге рұқсат 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              956 bet 

алып қайтыңыз! – дейді. Шал ханға барғаннан кейін хан шалды ордасына шақырып алып: Кеше қызыңа 

ат басындай алтын бердім, өзіңе тағы да дүние-мал беремін, жоқшылықпен өмір өткізген адам екенсің, 

өмірлік  байлыққа  жеткізем.  Бұрын  алты  қатыным  бар  еді,  осыдан  бір  перзент  көрмедім.  Енді  кешегі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет