ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет148/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   153

екен. Бір күні уәзірмен ел аралауға шығыпты. Шыққанда, жаман киім киіп: «Елде кім ханды жақсы көреді 

екен?»  –  деп,  жасырын  жүріп,  тың  тыңдайды.  Сол  аралаумен  жүріп,  бір  кедейдің  үйіне  келіп,  қонуға 

рұқсат сұрайды. Ол кедейдің қатыны толғатып жатыр екен. Үй иесі: 

– Әйелім босанғалы жатыр, – деп, қондырмайды. 

Толғатып жатқан әйел: 

– «Қырықтың бірі қыдыр» деген, қондыр, – дейді күйеуіне. 

Үй  иесі  қонақтарды  қондыруға  рұқсат  береді.  Сөйтіп,  екі  қонақ  отырады.  Әлде  не  уақытта  толғатып 

тұрған әйел босанып, еркек бала табады. Бала шырылдап жерге түскенде ханның уәзірі мырс етіп күліп 

жібереді. 

Бұрын орынсыз күлмейтін, күлгенде бірдеменің мәнін болжап күлетін уәзірінің бұл күлкісі ханға оғаш 

көрінеді. 

Хан: 

– Неге күлдің? – деп, сұрайды. 



Уәзір: 

– Жай күлдім, – дейді. 

Хан: 

– Жай күлген жоқсың, айт, – деді. 



Уәзір: 

– Жай күлдім, – деп, болмайды. 

Хан сұрап қоймаған соң, уәзір: 

– Осы бала сізге күйеу болады, – дейді. 

Хан жұлып алғандай: 

– Қойшы! Мен осы бір кедейдің баласына қызымды беремін бе? – дейді. 

– Ол арасын өзіңіз білесіз, әйтеуір осы бала сізге күйеу болады, – дейді. 

Хан: 


– Ендеше мұны сатып алып, өлтірейік! – дейді. 

Ертең таң атқан соң хан отырып үй иесіне: 

– Сен, мына балаңды бізге сат, өзінің үлкендігіндей алтын берейін, – дейді. 

Бірақ, үй иесі жұлып алғандай: 

– Сатпаймын! – дейді. 

Әйелі: 


–  Қой,  өзіңнің  үлкендігіндей  алтын  берсе,  сатып-ақ  жіберейік.  Бұл  бала  өсіп,  бізді  асырағанша,  талай 

уақыт бар. Құдай берейін десе, сәтімен тағы берер, – деп, сатқызады. 

Хан баланы алады да, бір жәшікке салып, суға ағызып жібереді. Хәшік сумен ағып келіп, бір шалдың 

диірменінің  кіндігіне  оралып,  диірмен  жүрмей  қалады.  Шал  диірменін  аралап  келіп  қараса,  бір  жәшік 

ілініп тұр. Жәшікті алып ашып жіберсе, ішінде бір аппақ, сазандай ұл бала жатыр. 

Диірменші шалдың сегіз ұлы бар еді. Сегізі де жас еді. Шал судан алған баланы кемпіріне алып келіп: 

– Мына баланы өлтірейік! Бала өзімізде жетеді ғой! – дейді. Кемпір: 

– Қой, өлтірмейік! – дейді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              968 bet 

Шал: 


– Мұны қалай асыраймыз. Өзіңнің сегіз балаңды асырасаң да жетер, – дейді. 

Кемпір: 


– Құдайдың өзі асырайды. Көзін қиып қалай өлтіресің? Балалармен бірге жүрсін. Сенің ырысыңды ішіп 

бара ма? – деп көнбейді. 

Шал да бұл сөзден аса алмай: 

– Мейлі, жүрсе жүрсін, – дейді. 

Сонымен, шал асырап, бала жүре береді. Енді олардың балалары тоғыз болды. Оның ішіндегі ең кішісі 

тауып  алған  бала,  қалғандары  онан  үлкенірек,  бәрі  де  үйелмелі-сүйелмелі,  үйректің  балапанындай 

жарасып тұратын болды. 

Күндерде бір күн хан бас уәзірін ертіп, ел аралауға шығады. Елді аралап жүріп, шалдың есігінің алдынан 

өте бергенде, уәзір тағы да мырс етіп, күліп жібереді. 

Хан: 


– Неге күлдің? – деп сұрайды. 

Ойнап жүрген балалардың ініндегі әне бір кішкентай сізге күйеу болады, – дейді. 

Хан жұлып алғандай: 

– Қойшы! Ханға күйеу болуға кедейдің баласын жазып қойып па? – дейді. 

– Көрерсіз! – дейді уәзір. 

– Олай болса өлтіру керек, – дейді хан. 

Оны қалай өлтіру керек? Хан мен уәзір амалсыз шалдың үйіне бұрылып келіп: 

– Анау кішкентай бала сенікі ме? – дейді. 

– Менікі, тауып алған балам, қалғаны өзімнің балам! – дейді шал. 

– Ана тауып алған кішкентай балаңды сатшы, өзінің үлкендігіндей алтын берейін, – дейді хан. 

Шал қуанып кетіп, баланың үлкендігіндей алтын алып, оны ханға беріп қоя береді. Хан баланы әкеліп: 

«Осыны өлтір!» – деп бір уәзіріне береді. Уәзір баланы жазықсыз өлтіруге қимайды да асырай береді. 

Осымен жүргенде бала өсіп қалады. Хан келіп қараса, бала өлмепті: 

– Мұны неге өлтірмедің? – деді хан. 

– Тіпті өлтіруге қиятын бала емес. Өзі ақылды, өзі әдемі, еш кінасы жоқ. Қалай етіп өлтіруді білмедім, – 

дейді. 


Сол уақытта ханның еліне жау тиеді. Хан әскерін жинап, соғысқа кетерде еліндегі бас  уәзірлеріне хат 

жазып: «Мына баланы барысымен өлтірсін!», – деп үкім етіп, хатты баланың өзінен беріп жібереді де, 

өздері соғысқа кетіп қалады. Бала хатта не барын білмейді. Оған: «Хатты тез алып бар!» – деген. «Осы 

хат бойынша онан бізге әскер жібереді. Ертең ертеден қалма», – деген. 

Бала  хатты  алып,  жүгіріп  келе  жатып,  әбден  шаршайды,  содан  ханның  үйіне  жетпей  шаһарға 

жақындағанда  ханның  бау-бақшасының  ішіне  келіп  ұйықтап  қалады.  Ханның  қызы  бақшаны  аралап 

жүрсе, ұйықтап жатқан бір сұлу баланы көреді. Қыз оған ғашық болады. Жанындағы нөкерлеріне: 

– Сендер жүре беріңдер, мен мына баланың кім екенін білейін, – дейді. 

Баланы оятып, құшақтап, сүйіп, баланың қолына қараса, хат бар екен, оны ашып, оқып жіберсе: «Мына 

баланы  мен  барғанша  өлтір!»  –  деп  жазған.  Қыз  хатты  алып,  жыртып  тастап,  оның  орнына:  «Мен 

барғанша  мына  балаға  қызымды  некелеп  қой»  –  деп,  жазады  да  кетіп  қалады.  Бала  оянып  тұра  келсе, 

ханның бар деген уақыт өтіп кетіпті, бала сасып: «Хан ұрсар ма екен?» – деп, уәзірге жүгіріп барып, хатты 

береді. Ханның жарлығы екі бола ма? Қазір ат шаптырып, той істеп, ханның қызын балаға некелейді. 

Бала ханның қызын алып, жата береді. Хан жауды жеңе алмай, төрт-бес жыл соғыста болады. Бұл уақытта 

ханның қызы екі балалы болып қалады. Ханның қызы бұл айланы өзі ғана біледі. Бір күні: «Хан соғыстан 

қайтып келе жатыр», – деген хабар естіледі. Ханның қызы күйеуіне: 

– Сен мына екі баланың бірін жетектеп, екіншісін көтеріп, ханның алдынан шық. Әкемнің мінезі жаман 

еді. Ашуын қалдырса, мүмкін, сонда қалдырар, – дейді. 

Екі  жиенін  алдынан  шығарып,  жігіт  ханға  сәлем  беріп  еді,  ханның  ішіне  мұз  құйылды,  суық  қана 

амандасты да қойды. Бірақ, ренжігенін білдірмейді. «Жарайды», – деп, хан үйіне келді. «Мына ханның 

қызын қаңғырған кедейдің баласы алыпты», – деген ат ханның сүйегіне таңба болатын болды. Әркімнің 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              969 bet 

күңкілі күшейді: «Ханға бір ханның баласы табылмады ма? Осы қаңғырған баланың несіне қызықты?» – 

деген сөздер желдей есті. 

Әркімнің өсегіне қалмау үшін хан нан пісіретін жерге уәзірінен қағаз беріп: «Ертемен келген адамды кім 

де болса, ең ақыр аяғы, мен болсам да отқа жағып жіберіңдер!» – дейді. Уәзір ханның сөзін бұлжытпастан 

жеткізеді. Хан күйеу баласын тәңертең нан пісіретін жерге баруға қосады. 

Тәңертең  пәлен  сағатта  барсын  дегенмен  бала  үйден  шығып  келе  жатса,  бір  жерде  сырнай-кернейлер 

жартып  жатыр  екен,  ол  сол  үнді  тыңдап  кідіріп  қалды.  Баланы  жағып  жібер  деген  уақыт  та  болды. 

«Баланың жанып жатқанын көзіммен көрейінші!» – деп, хан келді. Нан пісіретін жігіттер нанды ала салып, 

сөзге келтірген жоқ, кешегі ханның уәзірінің тапсыруы бойынша, көтеріп алды да, пешке тығып жіберді. 

Бұл жана берсін. 

Әлде  не  уақытта:  «уақытым  болып  қалды-ау!»  –  деп,  асығып  бала  келді.  Барса,  наншылар:  «Біз  бұл 

адамды ханның кешегі тапсыруымен бағана өртеп жібергенбіз», – дейді. 

Бала  қағазын  береді  де,  қайтып  келеді.  Сол  күні  ұзамай-ақ  ханды  жоқтайды.  «Хан  қайда?»  –  дегенде, 

ханның  өртеніп  кеткендігі  айқындалады.  Енді  жаңадан  хан  сайлау  керек  болады.  Халықтың  барлығы 

шақырылып:  «Ханға  кімді  ұсынамыз?»  –  деген  сөз  көтеріледі.  Сонда  ханның бас  уәзірі,  сыншы  уәзір, 

ханның  күйеуінің  басынан  өткізген  түрлі-түрлі  қиыншылықтарын  айта  келіп,  хандыққа  сол  ханның 

күйеуін ұсынады. 

Бұрын хан жоқта ханның орнына хан болып жүрген бас уәзір, хандыққа таласпай-ақ, өзі ұсынып тұрған 

соң, қалған уәзірдің көмейіне құм құйылады да, жас бала хан болады. Сөйтіп, мұратына жетеді. 

36. Ақылды әйел 

Бұрынғы өткен заманда Қожанай деген бай болыпты. Оның жалғыз ұлы бар екен, өзі қалжақбас, мылжың 

екен.  Бай  осы  баласы  туғанда  бір  молданы  әкеліп  атын  қойдырыпты.  Молдасы  құрғыр  жақсырақ  ат 

таппаған  ба,  яки  бай  орамалды  жақсы  бермесіне  көзі  жеткен  бе,  әйтеуір  баланың  атын  Тесікбай  дей 

салыпты. Тесікбай ержетіпті, өсіпті, айтқанды ұқпайтын ақпа құлақ болыпты. Ел аузына қақпақ қойған 

бар ма: «Балысының басы тесік болғандықтан, миы да ағып түсіп қалған-ау» дейтін болыпты. 

Қожанай мұны естіп намыстанады, осының басын түзейтін ақылды келін іздеп табуды ойлайды. 

Осымен күндерден күн өте береді. Тесікбай хандардың, байлардың, мырзалардың арасында сауық құрып 

жүреді. Бір отырған сауықта Бекеханның баласы Тесікбайды балағаттайды. Әкең Қожанайдың аты әлемге 

жайылды.  Байлығы  жұрттан  асты,  сөйте  тұра  сені  үйлендірген  жоқ.  Өзің  де  езсің,  сұлу  таңдап  сүюді 

білмейсің, – деп азғырды. 

Бұған ызаланған Тесікбай күнде әкесінің мазасын кетіре беріпті, кетіре беріпті. Сондағы атары бір сөз-ау: 

«сұлу қатын алып бер» дейді  екен. Қожанай ханның да, молданың да қызын көреді. Баласына бас-көз 

болар ақылды қызды таба алмайды. Енді өз елінен табылмаған соң, Темірхан ханның елінде жақсы қыз 

көп шығады дегенді есітіп, солай қарай аттанады. Атағы жұрттан асқан бай келді дегенді есітіп, Темірхан 

Қожанайды үйіне шақырады, қызын да көрсетеді. 

Ал, сөйтіп, басы ханның қызы болып, бұл елден де ақылды қызды көре алмайды, кері жүріп еліне қайтады. 

Неше күн жол жүріп, үлкен өзеннің бойына келеді. Күн кеш болады, байға қонарға орын табылмайды. 

Өңкей ғана қара лашықты балықшыдан басқа онда кім болсын. 

Байдың  өз  дүниесі  өзіне  жетеді  ғой,  неше  нарға  жүк  артып  келе  жатқанда,  далаға  болса  да,  түнеуге 

ұйғарады. Жігіттеріне жайлы орынға жүкті түсір дегенше, екі жолдың айырығында бір он төрт жасар қыз 

кез келе кетеді. Қожанай бай қызға «кімнің баласысың?» – дейді. 

Қамысты жарып қала еткен, 

Балықты жарып бал еткен, 

Табылғанын нар еткен, 

Осында талай жан өткен. 

Төсеніп құрақ зар еткен, 

Кеңімей дүние тар еткен, 

Панасы қамыс әкем бар, 

Мен осындай ер жеткем, – дейді қыз тайынбастан. Қожанай ойланыпты да, қыздың өзін балықшының 

баласы екенін түсіндіргеніне сүйініпті. 

– Балам үйіңе баста, қамыс күркеңнен дәм таталық, – депті бай. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              970 bet 

Қыз тағы да іркілмей: 

–  Қоныңыз,  ата,  –  дейді  де  үйіне  ертіп  барады.  Расында  қамыстан  қалаған  үйі  бар,  құрақтан  тоқыған 

көрпесі бар шал әкесі күркеде отыр екен. Бай амандық айтысып, сәлемдеседі де, қыздың әрекетіне қарап 

отырады. Жүгіріп еңбек еткен жас қыз бір табақтағы шортанның сорпасын келтіріп: 

– Мынау, ата, шортан, сорпасын ұрттауға өзім де қорқам, – дейді. Екінші табақты көрсетіп: Мынау, ата 

сазан, осы үшін әбден кетті мазам. Мынау, ата, бекіре, жайын балық, жей беріңіз кекіре, – дейді. 

Қожанай қызда зеректік барын байқап, баласына айттыруға құдалық сөйлесіпті. Балықшы шал тез көніпті. 

Бай малды айдап беріпті де, қызды Тесікбайға алып беріпті. Ел: «Малын көзіне сүрткен Қожанай қу кедей 

балықшының қызын баласына әперді» дейді. Қожекең, амал не, балам тең болмады-ау деп, арман етеді 

екен.  Тесікбай  болса,  балықшының  қызы  Сақыпжамалға  «күркеден  шыққан  кедей  қызы»  дей  беріпті. 

Сақыпжамал  да  есесін  жібермепті.  «Қамыс  тесігінің  саңлауы  бар,  сенің  басыңның  саңлауы»  доқ  деп, 

әзілдейді екен. Не керек, осымен күндер өтіп жүре береді. Қыз қылығынан ғой, Сақыпжамал атасына жаға 

беріпті. 

Қожынай  сырт  хандардың  еліне  көп  барып,  саяхат  ететін,  мал  айырбастайтын,  сонымен  байлығын 

жұрттан асырған бай екен. Сол әдеті бойынша бай сыртқа шыға беріпті. Бар қазынасын келініне сеніп, 

тапсыратын болыпты. 

Бай бір рет Пак патшасының еліне барып, онан сансыз алтын, күміс, асыл тастар, асыл бұйымдар алып 

еліне  қайтпты.  Ұлы  керуенімен  келе  жатса,  ортадағы  үлкен  тауда  қашаннан  бекініп  жататын  қырық 

қарақшы бар екен, байдың керуені осыған келіп кездесіпті. Қарақшылар барлық асыл мүлікті талап алады. 

Аты шыққан Қожанайды таниды, мұны тірі жіберсек, бізді қоймай табады, онан да өлтірелік деп кеңеседі. 

Оны Қожанай да біледі. Қарақшының бастығын шақырып алады. 

–  Қарақтарым,  сендер  осы  тауда  мал  іздеп  жүрсіңдер  ғой.  Менің  малым  жетеді.  Бәрін  алыңдар,  мені 

жіберіңдер! – дейді. Оған тонаушылар көнбейді. 

– Ендеше мұның үстіне үйімде екі алтын терегім бар, бірін алыңдар. Мына малдарымның бағасынан он 

есе артық келеді. Бір қамбада толған алтыным бар, оның жартысын алыңдар да, мені жіберіңдер! – дейді. 

Қарақшылар оны алудың жолын сұрайды. Мен хат жазып, мөр басып берем, кісі жіберіңдер, балам береді, 

– дейді. 

Қарақшы ойланыпты да, «Жаз хатыңды, көрейік», – депті. Қожанай баласына мынадай хат жазыпты: 

– Балам Тесікбай! Мен Пак патшасына есік алдындағы екі алтын ретектің бірін тартуға тарттым. Сол үшін 

бірін  қалдырып,  бірін  бер.  Мұнда  қырық  нарға  артатын  асыл  бұйым  барды,  ала  кету  үшін  қамбадағы 

алтынның  жартысын  бер.  Алтын  ақ  бас,  бура  бас  нарларға  тартылсын  –  барған  адам  өзімнің  мал 

басыларым. Жұмысы тез бітсін, Әкең Қожанай, – деп мөрін басады. 

Қарақшы оқып көрді де: «Осыны әкеліп алып, онан кейін байдың жазасын беремін», – дейді де, мықты 

екі қарақшысын хатпен жібереді. Айтуы бойынша екі қарақшысы Тесікбайға хатты әкеліп тапсырады. Ол 

хатты оқи сала дүңк етіп: 

– Қайдағы алтын терек, алтыны несі, тіпті бізде ақ бас бура бар ма, алжыпты әкем! – деп, сөйлей бастайды. 

Бұл дүңкілді үйде отырған Сақыпжамал естиді де, жүгіре шығып: 

– Немесе, атамнан хат бар ма? – дейді. 

– Бар, міне, алжыпты атаң! – дейді баласы. Сақып хатты оқып, мазмұнын түсінеді де: 

– Өзі жинаған дүниесін өзінен аяймыз ба, береміз, бәрі де бар, қонақтар үйге кіріңдер! – дейді. Сөйтіп екі 

қарақшыны ішкі үйге ендіріп, есікті сыртынан мықтап бекітеді. Тесікбайды хатпен ханға жібереді. Хан 

хатты оқып, түк те түсінбейді. Сақыпжамалды шақыртады. Сақыптан хан хаттың мазмұнын сұрайды. 

Сонда Сақып хатты мынадай деп шешкен екен: 

– Атам хатты перделеп жазған, есік алдындағы екі алтын терек дегені – Тесікбай мен мені айтқаны. Қазір 

жау  қолында  қиналудамын,  жаным  кейігенде  сендердің  біріңді  беруге  дейін  даярмын  дегені.  Екеуінің 

бірін қалдырып, бірін бер деуі – екі қарақшы кетті, бірін қалдырып, бірін бастатып келіп, құтқарыңдар 

дегені. Қырық нарға артатын асыл бұйым бар дегені – қарақшының саны қырық дегені. Алтын ақ бас бура 

басты нарларға артылсын дегені – хатымды сендер шеше алмасаңдар, ханға апар, ол шешеді, әскерін тез 

жібереді дегені ғой. Ханда қырық кісінің ақылы бар деуші еді, тақсыр бір әйелдің ақылына жетпейсіз бе, 

– деп сөккен екен. Хан ашуланып сол сағатында әскерлерін жіберіпті. Әскерлері Қожанайды босатып, 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              971 bet 

қарақшыларды  ұстап  әкеліпті.  Осылай  жүргенде  Қожанай  бай  өледі.  Әкесінің  орнына  Тесікбай  сырт 

хандықтарының еліне шыға бастайды. 

Тесікбайды  әкесімен  бірге  жүретін  қазына  бастықтарына,  мал  бастықтарына  қосып  жіберіп  отырады 

Сақып. 

Бір  рет  Тесікбай  мармордан  қаласын  салдырған,  гауһардан  қақпасын  орнатқан,  қанатты  ат  мінген, 



қарымды қару асқан Оймауыт ханның еліне барып, мал айырбастайды. 

Өз елінен бірге шыққан ханның, уәзірлердің, байлардың мырзалары да бар екен. Арасында күнде сауық 

ойын менен тамаша. Байлыққа мас болған мырзалар жүйріктерін, тұлпарларын жарыстырады, бәйгі тігеді. 

Бір күні сорына ма, бағына ма кім білсін, Тесікбай мен Бүркіт мырзаның ат жарыстыруға бәстескені барша 

жұртқа  тарайды.  Екеуі  екі  жүйрігін  алысқа  айдайды.  Бүркіттің  жүйрігі  алдымен  келеді.  Тесікбайдың 

уәдесі бойынша қолындағы бар мүлкін Бүркітбай ұтып алады. 

Онымен де тынбайды, Тесікбай атымның бабы келмеді деген соң, бәске аттары мен әйелдерін де тігіп, екі 

жүйрікті қайта жарыстырады. Соры қайнап, Тесікбай Керқұланы да, Сақыпжамалды да Бүркітке ұттырып 

жібереді. Сөйтіп, басқа мырзалар қайтқанда Тесікбай қайта алмай Оймауыт  елінде қалады. Мастанған 

Бүркіт сонда тұра-тұрады. Тесікбайдың қазына бастықтары еліне келсе де, Сақыпқа көріне алмай жүреді. 

Кешіккен  соң  бір  сұмдық  болғанын  іші  сезген  Сақып  сәл  түсін  өзгертіп,  қаланы  аралап  жүріп,  өзінің 

қазына басшысына кезіге кетеді. Бөгде әйел болып, Тесікбайды сұрайды. Жасырын сыр әшкере болады, 

масқарасы шыққан ерін естіп біледі. Ерінің ездігіне ашынған Сақып жанына баяғы мал басшысын ертіп 

алып, асығыс ерін іздеп, жолға шығады. Күн жүреді, түн жүреді, апта жүріп, ай жүреді. Оймауыттың еліне 

барады. Қаланың бір шетінен орын алады. Ерекше жасанады да, Бүркіт мырзаның жайын іздеп табады. 

Соған жақын жерден бір үйді ұстауға бекиді де, қайта келіп, мың сандыққа тас толтырады, мың сандыққа 

жүн толтырады, сандықты бекітіп сырлатады. Барлығын нарға артып, сөйлескен үйге түседі. 

Бұ  да  бір  сылқым  мырза,  Бүркітпен  жақындаса  түседі.  Ері  байғұс  Тесікбайды  іздеп  келсе,  ошақта  от 

жағушы болып отыр екен. Қожайынға пұл беріп, оны сатып алады. Үйіне әкеліп, от жағушы етіп қояды. 

Күндердің күнінде Бүркіт мырзаны Сақып қонаққа шақырады. Бұған дейін мың сандық гауһар, алтыны 

бар, мың сандық асыл жібек малы бар бай атанған Сақыпқа жақындай алмай жүрген Бүркіт шақырғанда-

ақ жетіп келіпті. Сақып мырзаға ас пен шарапты аямай беріпті. Мырза әбден қылжақтапты. Осы кезде 

қызша  жасанып  Сақыпжамал  үйге  кіріпті.  «Мен  Жеңісханның  қызы  едім,  сендей  жігітті  іздеп  таппай 

жүргенде, сырға көріп шүкір еттім» депті. Бүркіт онан әрі мастаныпты. 

Қонақ  үйге  шешін  де  жат  деп  бұйырыпты.  Бұрыннан  дайындап  қойған  Қожанайдың  малға  басатын 

таңбасын шешініп жатқан Бүркіттің санына әкеліп басыпты. Қызған темірге шыдасын ба, мырза жалаңаш 

қашып құтылыпты. Осымен ай өтеді, апта өтеді, Бүркітті бағады да жүреді. Мырзаның жарасы жазылды 

дегенде, Оймауыт ханына Сақып жігіт болып, жасанып келіп арызданады. 

–  Әкем  Қожанай  әлемге  аты  шыққан  бай  еді.  Оның  малын  қарақшылар  ала  беруші  еді.  Ол  кісі  өлді. 

Осында  ағам  Тесікбай  келген,  оны  жоғалтыпты  да,  бар  мүлкін  Бүркіт  деген  қарақшы  талап  алыпты. 

Малымды танып ұстап, алдыңызға келдім, – дейді. Бүркіт: 

– Ұтып алғанмын, – дейді, сөйтіп екі жақ хан алдында айтысады. Сонда Сақып: 

– Мұның ұры екенінің белгісі денесінде бар, көріңіз! – деп өтінеді. Санын ашып жіберсе, Қожанайдың 

айдай таңбасы шыға келеді. 

– Міне, әкемнің малын көп ұрлаған, сан рет қолға түскен. Сонда екінші ұрлама деп, әкем таңбасын басып 

еді. Қараңыз, әкем өлген соң ағайымды да тонап, малын алған! – дейді. 

Хан Бүркітті зынданға салады да, мал-мүлкін екі есе етіп Сақыпқа қайтарады. Іс біткен соң Сақыпжамал 

еліне қайтуға дайындалады да, патшаға кіріп, Бұркітті сұрайды. 

– Ол қарақшы да болса, біздің ханның адамы ғой, беріңіз, сонда барып жазасын тартсын! – дейді. Оймауыт 

хан  мұны  мақұл  көріп,  Бүркітті  береді.  Сақып  оны  байлатады  да,  бір  түйеге  артады.  Түйенің  басын 

Тесікбайға жетелетіп қояды. Алыс жүрді, көп жүрді, қанша да болса, оң жүрді. Бір кезде Бүркіт ұтса, енді 

Бүркіт байлауда, Тесікбай оны жетелеп келеді. 

Еліне  жақын  келгенде,  Сақыпжамал  әйелше  киініп,  Тесікбайды  қасына  шақырады.  Тесікбай  әйелінің 

бетіне  бажырайып  қарапты  да  қалыпты.  Өз  көзіне  өзі  сенбей  тұрып-тұрып,  еңіреп  жылап  қоя  беріпті. 

Соңынан Бүркітті шақырады. Өзінің кім екенін сонда танытады. 

– Е, мырза, сен Тесікбайды қалай алдадың, енді кімге алдандың, көр?! – дейпті. Сонда Бүркітбай мырза: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              972 bet 

– Өмірі малайың болайын, енді масқара қыла көрме, – деп жалынып жылапты. Сол жерде Сақып оны азат 

етіпті. Тесікбайға бұдан кейін ақыл кіріп, басы бүтін бас бола бастапты. 

37. Әділ патша 

Ерте  кезде  бір  сал  жігіт  сапарға  шығып  келе  жатып  бір  үлкен  қалаға  тап  болыпты.  Ол  қаланың  дәл 

ортасында  үлкен  бәйтерек  көреді.  Бәйтеректің  бүрі  аспанға  атылып  шығып,  қайта  жерге  құлаған  екен 

дейді.  Осы  бәйтеректің  бүрі  жерді  мүлдем  жарық  қып  тұрады  екен.  Егер  кімде  кім  бұның  бүрінен 

«ұстаймын» деп таяп барса, қолы маңдайынан аспай қалады екен. Әлгі жігіт бәйтеректі анадай жерден 

көріп,  таяп  кеп,  бүрін  аламын  дегенде  қолы  маңдайынан  озбай  қалыпты.  Міне,  осы  кезде  сол  елдің 

патшасы жиналыс істеп, елді жинап құлақтандырады. 

–  Осы  бәйтеректің  бүрі  неге  жарқыратып  жарық  шашады?  Бүрін  алам  деп  кісі  барғанда  қолы  неге 

маңдайынан озбай қалады? Себебі  не?  – деп халқынан сұрапты. Жиылған елдің ішінен бірде бір адам 

сауалына жауап қайтара алмаса керек. 

– Егер таппасаңдар, бәріңді де қырып жойып, тұрған орындарыңды қанға бояймын, – деп зікір салса керек. 

Халқы: 

–  Ойбай,  тақсыр,  бізге  бір  айдың  рұқсатын  беріңіз.  Егер  таппасақ,  бәрімізді  өлтіруге  ризамыз?  –  деп 



жалынып сұрапты-мыс. 

Халқы  күнбатыс,  күншығысқа  тарап  кетіпті.  Бұл  елдің  халқы  бүйтіп  үйде  қозғалмай  отырып  өлгенше 

адасып өлейік деп жан-жаққа тарап кетеді. Осы кезде әлгі жігіт Ертіс дариясына таман өрлеген кісілермен 

ілесіп кетеді. 

Ол жігіттің ойы «осы Ертіс дариясының басын көрсем» деп ойлайды. Осылайша кетіп бара жатқанда бір 

адам  құдықтан  қауғамен  су  тартып,  мал  суарып,  ыдысқа  құйып  жатады.  Сонда  ол  көрінген  кісінің 

шелегіне су құяды да, өз шелегіне әлі құймапты. Өз шелегі сол қалыппен бос қала береді. Онан әрмен 

өрлеп келе жатса, таудың бөктерінде біреу отын алып жатыр екен дейді. Ол отынын көтерейін дегенде 

көтеріп тұра алмапты. Көтере алмаған соң отын үстіне қайта отын салады. Және көтере алмапты. Оның 

үстіне қайта салады, тағы көтере алмапты. Тіпті болмаған соң көп қып салып ап, енді көтергенде көтеріп 

кетіпті. Жолаушы жігіт бұған таңырқап, тағы өрлеп жүріп отырса, бір адам егін орып жатыр екен. Ол егін 

орса, пысқан пыспағанына қарамастан орып, суға тастап жатыр. Не бөлек жинамайды. Онан әрмен өрлеп 

келе жатып, белі  бүкір,  көзі  қызыл шал кез болып, ол кісіге сәлем береді. Одан жаңағы жолда көрген 

білгенін әңгімелеп, себебін сұраса: 

– Оны мен білмеймін. Оны менің бір ағайым біледі. Осы жолмен өрлеп жүре берсең кез боласың. Менің 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет