ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет147/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   153

Мұны есіткен ханның баласы: 

– Менің теңім хан болмасада бектің қызы болуы керек. Қайдағы тамағын таппай жүрген балықшының 

қызын алмаймын, – депті. Хан баласының айтқанын істемей өзінің қазынасының бірін беріп, балықшы 

шалдың қызын келін етіп түсіреді. 

Ханның баласы әкесінен қорыққанынан келіншегіне келіп-кетіп жүреді. Бір күні ол келіншегінің қасына 

келіп: 

– Мен саған үш түрлі шарт қоямын, – дейді. Бірінші шартым – қолымдағы жүзіктен айнымайтын сексен 



жүзікті  жеті  жылда  соқтырып  қоясың,  –  дейді.  Екінші  шартым  –  қолыңа  бір  боз  жорға  беремін,  мен 

келгенше сол боз жорғадан айнымайтын жеті боз жорға туғызып бересің, – дейді. Үшінші шартым – осы 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              962 bet 

жеті  жылдың  ішінде  өзімнен  айнымайтын  бір  ұл  туып  қоясың.  Еген  осы  қойған  шарттарымды 

орындамасаң, маған әйел болмайсың, – деп қасына қырық жігіт алып. Жалпақтау деген таудың күншығыс 

арқасына жеті жылға аң аулауға жүріп кетеді. 

Ханның баласы қарамай кеткен соң, Мергүл қайын атасы ханның алдына барып: 

– Ата, балаңыз маған үш түрлі шарт қойды, сол шартты жеті жылда орынап қоясың, орындай алмасаң, 

меніменен өмір серік бола алмайсың деп кетті, – деп атасына баласының қойған шарттарын бастан-аяқ 

айтып берді. 

Сонда хан келініне: 

– Енді сен не істемексің? – деп сұрапты. 

Келіні айтыпты: 

–  Балаңыздың  қолындағы  жүзікті  соққан  зергерге  үш  айдың  ішінде  сол  жүзіктен  айнытпай  81  жүзік 

соқтырып беріңіз. Бұл сырды сіз бен бізден басқа бір адамның аузынан шықса, өзі өлімдар, малы талауға 

түсетінін зергерге қатты ескертіңіз! – дейді. Екінші, қасыма қырық қыз, қырық отау және үш боз жорға 

бие беріп, мені Жалпақтаудың арқа шығысына апарып қондырыңыз, содан соңғы міндет өзімде, – депті. 

Ханның  баласының  қолындағы  жүзікті  соққан  зергер  өлген  екен,  сол  үшін  оған  ұсатып  жүзікті  ешкім 

соққан  емес  екен.  Соның  үшін  жүзікті  шарттың  біріне  қойған  себебі  сол  екен.  Сол  жүзікті  соққан 

зергердің шәкірті үш айдың ішінде сексен бір жүзікті бір-бірінен айырғысыз етіп, соғып беріпті. 

Содан кейін ханның келіні қасына қырық қызын, қырық отауын алып, Жалпақтаудың арқа шығысына 

барып қоныпты. 

Арадан бір жыл өткен соң, ханның баласының қасындағы бір топ жігіттер аң аулап жүріп, қыздардың 

тіккен  қырық  ақ  отауының  үстінен  шығыпты.  Жігіттер  қыздармен  сөйлесіп  отырып,  өздерінің  ішкі 

сырларын айтыпты. 

Содан кейін жігіттер: 

– Сендер нағып жүрген қыздарсыңдар? – деп сұрапты. 

Сонда қыздар: 

– Біз де осы таудың арасындағы бір хандықтан боламыз, ішімізде ханымыздың асқан сұлу қызы бар, сол 

қыз  ханымыздың  жалғыз  перзенті  еді,  әкесіне  айтып  үш  жылға  осы  таудың  арасын  серуендеу  үшін 

тамашаға шықты. Біз сол қыздың қасындағы күтуші қыздарымыз, – депті. 

Келген жігіттер қыздарға бір күн қонақ болып, азанда елдеріне, өздерінің жатқан жерленріне қайтыпты. 

Бірақ ол келгенінде ханның қызын көре алмапты. Жолдастарына келген жігіттер өзара ойласып: «Біз де 

хан баласымен қырық бір адамбыз, қыздар да хан қызымен қырық бір екен, жеті жылға дейін далада босқа 

жүре бергенше, осы қыздармен ойнап-күліп, уақыт өткізейік», – деп ойласып, ханның баласына өздерінің 

көргендерін айтады. Сонда жігіттердің бұл сөзі хан баласына да мақұл көрініпті. 

Содан  кейін  ханның  баласы  қырық  жігітімен,  хандық  салтанатпен  қыздардың  аулына  келіпті.  Қыздар 

келген қонақтарды үлкен құрметпен күтіп алып, сый-сыяпаттар беріп, әр түрлі ойын-тамашалар көрсетіп, 

келген жігіттердің ақыл-есін алыпты. 

Ақырында қыздар бір жақ, жігіттер бір жақ болып карта ойнайды. Сол ойында хан баласының қырық 

жігіті  астындағы  аттарын,  үстіндегі  киімдерін  картаға  ұттырыпты.  Сонда  ханның  баласы  қасындағы 

жігіттеріне: 

– Сендер қыздардың ықпалына жығылып, астарыңдағы аттарыңды, үстеріңдегі киімдеріңді ұттырдыңдар! 

– деп кейіп, нөкер қыздармен және хан қызымен өзі жеке карта ойнайды. Сол ойында хан баласы бірінші 

жолында  қолындағы  жүзікті  ұттырады.  Екіншіде  астындағы  боз  жорға  айғырды  ұттырады  және 

«бермеймін» деп айта алмайды. Боз жорға атты ұтып алған соң қыз оны өзінің ауылдан алып шыққан үш 

боз жорға биесіне үйірге қосып жібереді. 

Үш айдан соң қыздар ханның баласын қасындағы жігіттерімен қонаққа шақырып отырып айтады: 

– Сіздер біздің үстімізге келген қонақ едіңдер, сендердің ат-тондарыңды алып қалғанымыз ұят болар, – 

деп, жігіттердің ат-тонын өздеріне қайырып беріпті. 

Сол жерде хан баласы «хан қызымен» үш ай бойы көңіл қосып жүріпті. Сөйтіп жүргенде «ханның қызы» 

жүкті  болыпты.  Туатын  баланың  ұл  екені,  қыз  екені  белгісіз  болғандығы  үшін  «ханның  қызы» 

Жалпақтаудың  арқа  шығысын  бір  жыл  мекен  етіп  отырыпты.  Уақыты  біткен  соң  ханның  баласынан 

айнымайтын бір ұл бала туыпты. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              963 bet 

Содан соң Мергүл қыздармен еліне қайтып келіпті. «Хан әулетінің сөзі бір болады дейтін еді. Соның үшін 

күйеуім жеті жылын бітірмей келмес, не де болса бес жыл күтейін», – деп қыз отыра беріпті. Үш боз жорға 

биеден  туған  құлындардың  бірінші  туғаны  бес  жасар,  соңғы  туғандары  үш-төрт  жасар  ат  болыпты. 

Қыздың хан баласынан туған ұлының атын Тауданхан қойпты, ол да беске толыпты. 

Алтыншы жылы хан баласы өзінің істеген қателігін білер. Хан қызының атағы мен Жалпақтаудың арқа 

шығысында  өзінің  алмаймын  деген  балықшының  қызымен  карта  ойнап,  қолындағы  алтын  жүзікті, 

астындағы боз жорға атты картаға ұттырып, өзі сол қызбен көңілдес болғаны, жүзікті, айғырды қонақсың 

деп қыздың қайтып бергені есіне түссе, елге қайтар деп хан баласының қойған шартын өткен күндерді 

көзалдына елестетіп, хан баласына хат жазыпты: 

Сексеннен сексен бірге жетті жүзік, 

Жаным-ау, кеткенің бе күдер үзіп. 

Атанып ханның қызы жүргенімде, 

Келуші-ең сағатына көзің сүзіп. 

Қызына хан мен бектің үйленем деп, 

Кетіп ең жеті жылға елден безіп. 

Үш шартың бізге қойған орындалды, 

Көріп кет сенбесеңіз елге келіп. 

Арадан бес жыл өтті содан бері, 

Еш пайда таба алмайсыз сыртта жүріп. 

Жастық шақ шешектеген гүл сияқты, 

Соңынан өкінерсің өзің біліп. 

Серт еттім шартыңды өзіңізден, 

Барыңды қолыңдағы өзің беріп. 

Ризамын қайын атама мен өмірлік, 

Жеткерген керегімді бөліп беріп. 

Қыз осы хатты жазып, ханның баласына бер деп үш жігіт жіберіпті. Ханның баласы хатты оқып көрсе, 

жазуы  таныс.  Бала  баяғы  Жалпақтаудың  арқа  шығысында  қырық  отау  тіктіріп,  қырық  қызбен  хан 

қызымын  деп  салтанат  құрып  жатқан  қыз  балықшының  қызы  деп,  кемсініп  алмай  кеткен  өзінің  әкесі 

әперген келіншегі Мергүл екенін сонда біліпті. «Мен ақымақ екенмін, ол қыз әкем айтқандай дүниядағы 

ең  ақылды  адам  екен.  Мен  енді  жындылықты  қойдым»,  –  деп,  хан  баласы  ата-анасынан,  өмірлік 

жұбайынан елге қайтуға рұқсат сұрап, төмендегі сөзді жазыпты. 

Баста бақ, астымда тақ аңдамадым

Ақыл деп ата сөзін тыңдамадым. 

Қызы деп балықшының көңілім толмай, 

Атамды ұлық біліп сыйламадым. 

Мергүл қыз үшінші рет тапты ақыл, 

Бұл ақыл табылар деп ойламадым. 

Жарлыдан жақсы туар деген нақыл, 

Ісінен Мергүл қыздың көріп нандым. 

Адасқан ақылынан мен бір балаң, 

Шет жүріп ақыл-ойға жарымаған. 

Ата-анам, кешірім бер жалғызыңа, 

Қамқорш сізден артық таба алмадым. 

Алды жөн адасқанның деген осы, 

Алты жыл өтті өмір болып жарым. 

Қайтуға балаңызға рұқсат бер, 

Мергүл қыз бетке баспас, сүйген жарым! – 

деп Мергүлдің хатына жауап қайтарыпты. Хан баласының хатын оқып өзінің бас уәзірін жіберіп, баласын 

алдырыпты. Хан баласы мен балықшы қызы қайта қосылып, барша мұратына жетіпті. 

34. Мафрузаның уақиғасы 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              964 bet 

Ертеде сауық-сайранмен жүретін Мәлік деген патша болыпты. Патшаның Шаһизат деген адамнан асқан 

керемет сұлу жалғыз қызы болыпты. Қызық ержеткен кезде патша өзім сынап бір өнерлі адамға берсем 

деп ойлайды екен. сол шаһарда Мафруза деген асқан сұлу, өнерлі қыз патшаны сүйеді екен де, ал Хайдар 

деген кедей шаруаның Баязит деген жалғыз ұлы Мәлік патшаның қызына ғашық екен. 

Бір күні Баязит сол қаланың көшелерін аралап, салы суға кетіп, ғашықтық арманмен қатты уайымдап, 

арып-жүдеп  кетіп  бара  жатса,  сәулетті  бір  үйдің  терезесін  қағып,  біреу  шақырады:  Біле  кетейін  деп 

терезенің тұсына жақындаса, бір тамаша бой жеткен қыз, терезенің қақпағын азырақ ашып жіберіп: 

–  Немене,  байғұс,  мендей  қыздан  шошып  тұрсың  ба,  жасы  жастың  тілеуі  бір  деген,  сені  арманыңа 

жеткізуге кірісейін, үйге кіре кет! – дейді. 

Баязиттің бір арманы Шаһизат еді, не айтар екен деп үйге кірсе: 

– Мен Мафруза деген замандасыңмын, сен патшаның Шаһизатына ғашық болып, жылдан артық уайым-

қайғы басып, қор болып жүрсің ғой. Мен ондай жайды жақсы білемін, қандай қиының болсын ақылын да, 

айтасын да табамын, сен қазір үйіңе қайт, Шаһизат саған ынтық болып тұрса да, әкесі Мәлік патшаның 

рұқсатынсыз саған бара алмайды. Ертең әкеңді патшаға жібер, қорықпай бойын бекітіп барсын, жұмысың 

не дегенде, ешбір амалым болмағандықтан келіп тұрмын, жалғыз ұлым сіздің балаңызға ғашық болғанына 

екі жылға таяу уақыт өтті, содан ауруға айналды, енді жалғыз ұлымның өміріне әйтеуір бір өлім ғой деп 

алдыңызға келдім, тақсыр, – десін. Содан кейін патшаның айтқан жауабын маған айтып кел. Оның да 

ақылын өзім тауып беремін. Бірақ та мен айтты деп патшаға да, басқа адамға да аузыңнан шығарма деп 

уәделесіп, қайтарып жібереді. 

Баязит енді қуана түсіп, аяғын ширақ басып, үйіне келіп, ертеңінде әкесін Мәлік патшаға жібереді. Әкесі 

патшаға келіп қыздың үйреткен сөздерін бұлжытпай айтты. Бұл сөзді естіген соң, Мәлік патша екі көзін 

Хайдарға қадап отырып: 

Күндіз келме, кешке кел

Кешке келме, күндіз кел, 

Жаяу келме, атпен кел, 

Атпен келсең, екі атпен кел! 

Бірінің басы күнбатысқа қарап тұрсын, 

Бірінің басы күншығысқа қарап тұрсын! 

Саған  айтар  сөзім  сол,  енді  барып  тұр!  –  деді.  Хайдар  сорлы  патшаның  не  айтқанын  түсінбей,  аң-таң 

болып біраз аңырып тұрып, кейін шегініп шығып кетті. Қатты ренжіп, үйіне келіп, баласы Баязитке айтты: 

– Ей, балам, патша бізге қайдан дұрыс жауап берсін, адам ұқпайтын сөз айтып, өзімді мазақтап жіберді. 

Қайта патшаның басымды алмай, не зынданына салмай жібергеніне шүкір етіп қайттым, – дейді. 

– Патша сонда не деп мазақ етті, – деп сұрады баласы. Хайдар патшаның жоғарғы айтқан сөздерін айтып 

берді. 

Баязит сөзді ести сала манағы Мафруза деген қызға келіп баяндады. 



Мафруза ойланып: 

–  Е,  Баязит,  сен  қазір  түңілме,  патша  сендерге  бір  жұмбақ  сөз  айтқан  екен,  соны  тауып,  айтқандай 

істесеңдер,  қызымды  берем  деген  екен.  Ешкімнің  бай-кедейі  емес,  ойға  жүйрік,  өнерлі  адамға  беруді 

мақсат еткен екен. Енді сен қазір тез үйіңе қайт, ертең тағы да әкеңді таң атып келе жатқан мезгілде, буаз 

биеге мінгізіп патшаның үйіне жібер, қорықпай терезесін қағып былай десін: 

– Патша, өз уәдеңіз бойынша, әміріңізді екі етпей айтқан уақытыңызда келіп тұрмын, атым Хайдар! – 

десін. Патша қалай келдің? – дер. Сонда әкең: 

–  Түн  түріліп  бара  жатыр,  күндіз  емес.  Таң  атып  келе  жатыр,  түн  емес.  Жаяу  келгенім  жоқ,  екі  атпен 

келдім. Биемнің бас күнбатыс жаққа қарап тұр, ішіндегі құлынның басы күншығысқа қарап тұр, – десін. 

Сонан кейін патша бір жауабын айтар дейді. 

Хайдар қыздың айтқанын істеп патшаға тағы барады, айт дегенін айтты. Сонда патша: 

– Қазір қайта бер, ертең бір жауабын айтармын, – деді. 

Патша ертеңіне Хайдардан жауап алып тергей бастады: 

–  Менің  алғашқы  айтқан  сөзімнің  мағнасын  сендер  өз  ойларыңмен  тапқан  жоқсыңдар,  кімге 

ақылдастыңдар! Сол адамды маған айт, айтпасаң қазір басыңды алғызамын! – деп қорқытты. Патшаның 

кәрінен  зәресі  ұшып,  амалсыздың  күнінен,  осы  шаһарда  тұратын  Мафруза  деген  қыз  айтып  еді.  Мені 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              965 bet 

жазалай көрмеңіз деп жалынды Хайдар. Сол сағатта патша Мафруза қызды менің құзырыма тез алып кел 

деп,  орындаушы  кісілерін  жібереді.  Олар  барып  Мафрузаны  алып  келіп,  Мәлік  патшаның  құзырына 

тапсырды. Патша қызды өз алдына тұрғызып қойып: 

–  Сен  менің  жарлығымнан  тыс  іске  араласқан  екенсің,  енді  өз  басыңа,  маған  жауап  беретін,  үш  түрлі 

аманат  жүктеледі. Мен бүгіннен бастап, сахара  уалаятына саяхат-сейілге шығып, бір жыл мөлшерінде 

қайтып оралам. Келгенімде осы сарайдан табылатын боласың. Сондықтан оған дейін өз басыңа қоятын 

шарттарым мынау: 

– Мына сарайдың қорасында тұрған қырық қара арғымақ биенің айғырын өзім алып кетем. Мен келгенше 

сол қырық биеге қырық құлын туғызып құлындатып қоясың. Бәрінің де түсі енесіне, не мендегі атасына 

тартатын болсын. 

Мына  тұрған  үлкен  сандыққа  қазір  өз  көзіңе  көрсетіп,  мына  масаты  кілемді  салып,  аузын  жауып, 

сыртынан сорғыштап бекітіп, мына қолымдағы аты-жөнім жазылған алтын балдағымның мөрін түсіріп 

таңба  соғамын.  Мен  келгенше  сандықты  бұзып  сындырмай,  аузындағы  жүзік  мөрі  басылған  тәубені 

бұзбай ішіндегі кілемді алып, өзің жатқан тұсыңа іліп қойғаныңды келгенде көзім көретін болсын. Мен 

келгенше,  дәл  өзіме  тартқан  бір  бала  тауып  қоясың.  Егер  осы  айтқандар  менің  айтқанымдай  болып 

орындалмаса, өлдім деп санай бер! – дейді патша. 

Сонымен патшаның сөзі тұжырымды болды. 

Мафрузаның жалғыз-ақ айтқаны: 

–  Құрметті  билеуші  патшамыз!  Менің  басыма  сондайлық  қиын  жұмыстарды  тапсырып  отырсың,  егер 

айтқаныңды орындайтын болсам, маған қандай баға беріп, нендей сыйлық жасар едіңіз, – деді. 

Мәлік патша аз ойланып тұрып: 

– Егер өз айтқанымдай орындасаң, сені осы қаладағы әйел заттарының ең ақылдысы екен деп бағалаймын 

және менің басыма қояр нендей тілектерің болса да орындаймын, – деді. 

Соны айтып патша өзінің нөкерлерімен, кернейлетіп, сырнайлатып саяхат-сейіл сапарына жүріп кетті. 

Бұдан соң Мафруза Баязитті шақырып алып. 

–  Мен  сен  үшін,  саған  көмек  етем  деп  ақыры  Мәлік  патшаның  қармағына  өзім  түсіп  қалдым,  мені 

айтпаңдар деп ескертіп едім, аңқау, сорлы әкең, Хайдар айтып қойыпты. Өткен іске енді өкінбейік, бір 

мәнісі болар. Сен қазір үйіңе барып атыңды мін-дағы, қала маңында жол көп қой, сен патшаның көзіне 

түспей, қалай бет алып кеткенін байқап қал, одан арғысын мен өзім білермін, – деді қыз. 

Баязит атына мініп, алыстан қараларын әбден байқап, патшаның кеткен жолдарын бұлжытпай, жаңылмай, 

Мафрузаға айтып келді. Сөйтіп, өзі үйіне барып, бұрынғысынан да жаман сары уайымға түсіп, жата берді. 

Патша кеткеннен жиырма шақты күннен соң, Мафруза қаладан өзіне сенімді нөкер жинап алып, неше 

түсті киімдер киіп, қырық көкала түсті шатыр алып, қырық арғымақ айдатып, патшаның кеткен жолымен, 

сейілге шықты. Қаладан шыққан соң өз серіктеріне айтты: 

– Егер менсіз жерде біреулер жолығып жөн сұраса, жөндеріңді айтпаңдар, басқа бір алыс жердегі пәлен 

шаһардағы патшаның жалғыз қызы саяхат, сауыққа шығып бара жатыр деңдер, – деді. 

Жердің, жолдың бәрін Мафруза өзі біледі, бір ай шамасында көкорай-шалғын бәйшешек, құстары, аңдары 

көп бір тамаша жерге келіп, шатырларын тігеді. Патша да осы маңның бір жеріне келген шығар деп, жер 

жайын білетін адамдардан жасырын бақылау жүргізді. 

Бақылаушы адамдар іздеп, іздеріне дейін байқап, ақырында пашаның қосы бір жемісті, тоғайлы, таулы 

жерде, бір өзен бойында тұрғанын біліп келеді. 

Мафруза  оны  естіген  соң  өздерінің  түстерін  өзгертіп,  киініп,  беттерін  бояп,  шаштарын  тарап,  адам 

қызыққандай әдеміленіп алады. 

Жатқан жерлерінен көшіп, ымырт жабылып, көз байлана патша жатқан өзеннің бойына, бір көк майса 

белеңнің  үстіне  келіп  қонады.  Қаз-қатар  қырық  көк  шатырды  тігіп  тастайды.  Өзі  жататын  шатырын 

меруерттеп, маржандап, күнге шағылысқандай әдемілеп, ортаға құрып жатып қалады. 

Өздерімен айдатып келген қырық арғымақ биелерін сол түні елге көрсетпей, түстік жердегі бір оңаша таса 

жерге  қойғызып,  сол  жерден  жайылып,  су  ішетін  етіп  бөлек  бақтырып  қояды.  Тәңертең  Мәлік  патша 

нөкерлерімен далаға шықса, төрт-бес шақырым жерде тізілген әдемі шатырлар тұр. Патша таңқалады. 

– Апыр-ау, мынау шатырлар кеше тіпті күн батарға дейін жоқ еді, мынау бір керемет қой. Не де болса 

мәнісін  біліп  кел,  –  деп  екі-үш  нөкерін  жібереді.  Бұлар  барып  жолығып,  көрген-білгендерін  патшаға 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              966 bet 

айтып  келеді.  Пәлен  шаһардағы  атақты  бір  патшаның  саяхат-сейілге  шыққан  жалғыз  қызы  екен. 

Шіркіннің маңдайынан күн, тамағынан ішкен асы көрінеді, адам талып жығылатандай сұлу екен, – дейді. 

Мұны естіген соң Мәлік патша асығып елеңдей бастайды. Қасына бес нөкерін ертіп, қызды бір көруге 

құмартып  алты  кісі  атқа  мінеді.  Қырық  шатырдың  ішінде  күнге  шағылып  алтындай  жарқырап  тұрған 

қыздың шатырларына келіп түседі. Рұқсат  болса патшаның қызына жолығып, амандасамыз деген соң, 

алдынан  қыз  нөкерлері  шығып,  кісілерді  Мафрузаның  шатырына  кіргізеді.  Шолпан  жұлдыздай  «хан 

қызының»  нөкерлері  жиылып,  шатырдың  іші-тысы  әдемілене  түседі.  Патша  мен  қыздар  сыпайы 

амандасып, әзілдесіп отырады. Әсіресе, патша көңілденіп, масаттанып Мафрузадан көз алмайды. 

Қыздар қонақтарға алуан түрлі жемістер мен шай беріп енді түскі тамақ дайындауға шығады. Мәлік патша 

мен Мафруза шатыраш ойнауға кіріседі. Қыз патшаны ұта бастайды. Ақырында патшаның қара айғырын 

ұтып алады. Ертеңінде тағы да ойнаймын деп патша нөкерлерімен өзінің шатырына қайтып кетеді. Олар 

кетісімен қыз қара арғымақ айғырты қырық арғымақ биеге өзінің үйіріне қосып қойғызады. 

Екінші  күн  қыз  патшаның  алтын  балдағын  ұтып  алады.  Қызға  құмартып  отырған  патша  ұтылғанына 

рендімейді, қайта қуана түседі. Қайтсем қыз көңіліне жағам деп жетекшіл бозтайлақтай қыздың ыңғайына 

ере береді. 

Кешке таман патша өз қосына қайтарда: 

– Ертең нөкеріңізбен біздің қосқа келіп қонақ болып, дәм татыңыздар! – деп, қызды қонаққа шақырады. 

Қыздар қабыл алады. 

Хан қыздарды қарсы алып, құрметпен қостарына кіргізеді. Неше түрлі тағам, жемістермен сыйлап, адам 

айтқысыз салтанатпен күтті. Тағамнан кейін тағы да мәжіліс болып, бәстесіп шатыраш ойнамақ болды. 

Патша бұл ойынға не тігеміз дегенде, Мафруза айтты: 

– Мен екі рет айттым ғой, ендігіні сіз айтыңыз, – деді. 

Өз арманына жете алмай, көзі тұнып отырған патша: 

–  Маған  айт  десеңіз  екеуміз  де  өз  бастарымызды  тігейік,  мен  ұтсам,  сіз  менің  билігімде  болыңыз,  сіз 

ұтсаңыз, мен сіздің билігіңізде болайын, махаббатымыз жарасса, өмірлік жолдас болып кетерміз. Оны 

ауырлайтын  болсаңыз,  ешнәрсе  аямайтын  бұл  жалғандық  дос  болып  кетерміз,  мұнымыз  да 

ұмытылмайтын өмір болар, – деді. Осыған екеуі келісіп, үшінші рет шатыраш ойнады. 

Бұл жолы Мафруза ұтылып қалды. Сол түннен бастап, келісім-уағыдалары бойынша қыз бен патша көңіл 

қосып, ерлі-зайыпты кісілер сияқты араласып кетті.  Бір-біріне кезек барысып, сұрасқандарын алысып, 

айнымастай  сүйісті.  Осылайша  үш  айдай  бірге  саяхатта  болып  сайрандап  жүріп  жатты.  Бұл  кездерде 

қырық арғымақ бие айғырдан бөлінді. Сіздің астыңыздағы атыңызды алып, жаяу қалдырып қайтем, – деп 

қыз  қара  арғымақ  айғырын  патшаның  өзіне  қайтарып  берді.  Мафрузаның  өзі  жүкті  болып  қалды.  Бұл 

уақытқа  дейін  патша  Мафрузаның  анық  кім  екенін  білмеді.  Әйтеуір  бір  патшаның  саяхатта  жүріп  кез 

болған, іздеп табылмайтын абзал қызы деп жүрді. Содан Мафруза үйден шыққалы төрт айға жақындаған 

кезде, бір күні түнде өз нөкерлеріне патшаға білгізбей елге қайтамыз деп әмір берді. Түстік жерде бағулы 

жатқан қырық биені сол жерден елге айдатты. Қырық шатырды жығып, бір түнде ұрланып көшіп кетті. 

Ел ұйқыда жатқанда қалаға келіп Мәлік патшаның сарайына орналасты. Қырық арғымақ биені сарайдағы 

сол орнына, бұрынғыдай күтімге қойды. 

Бұл ауқыттарда патша күндегідей орнынан тұрса бұрынғы жерінде қыздар да жоқ, қызық та жоқ, із де 

жоқ, шатыр да жоқ. Көрген түстей көзден ғайып болды. Патша таң-тамаша қайран болып қала беріпті. 

Мафруза  мекеніне  келіп,  әбден  жайғасқан  соң,  айы-күні  жетіп,  қырық  арғымақ  бие  құлындады, 

құлындарының барлығы да өзінің атасы мен енесіне тартыпды. 

Өзінің  де  уақыты  толып  босанып,  ұл  туды.  Мафруза  енді  патшаның  айтқан  үлкен  сандығының  аузын 

ашып, ішіндегі кілемді алып, өзінің тұсына құрды. Сандықтың аузын бұрынғыдай сорғыштап, патшадан 

ұтып алған алтын балдақтың мөрін басып, бұрынғыдай тәуеттеп қойды. 

Мәлік патша сол бетінде жылдан астам сейілде жүріп, өлінің қаласына қайтып келді. Келіп сарайына кірсе, 

Мафрузаның жанында өзіне тартқан бір бала ойнап жүр. Патша сүйкімді баланы көргенде мейірі түсіп, 

баланың бетінен бір сүйіп алады. 

Өзі көрсетіп кеткен үлкен сандықты көрсе, аузы бұзылмаған, өзінің алтын балдақты мөрін басқан таңбасы 

тұр. Сандықтың ішіндегі масаты кілем, Мафрузаның тұсында ілулі тұр. Арғымақтары тұратын сарайға 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              967 bet 

кірсе, қырық қара арғымақ бие тегіс құлындапты, құлындары атасы мен енелерінен аумайды. Сонда патша 

ғажаптанып Мафрузаға қарайды. 

– Уағдам бойынша сенің сұраған тілегіңді  берейін, шарттарымды қалай орындадың, мәнісін айтшы!  – 

дейді. 

Мафруза жымиып күліп: 



–  Сіз  көргеніңізді  ұмытып,  жолдасыңыздан  жеңіліп  қалады  екенсіз,  –  деп  қалжыңдап  болған  оқиғаны 

бастан-аяқ айта бастағанда, Мәлік аяғына дейін айтқызбай Мафрузаны құшақтай алды... 

Мафрузаның тілегі  бойынша Мәлік патша жалғыз қызы Шаһизатты отыз күн ойын, қырық күн тойын 

жасап, Баязитке қосты. 

Сөйтіп Мафруза, Мәлік, Шаһизат пен Баязит өмірлік жолдас болып, арманына жеткен екен, – дейді. 

35. Хан мен уәзір 

Ертеде бір хан және оның ақылды бір уәзірі болыпты. Хан мен уәзір үнемі ел аралауға шығып тұрады 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет