ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет142/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   153

Інісінің  атын  естіген  хан  Шәкір  туралы,  оның  белгілері  туралы  сұрайды.  Сонда  әйел  отырып:  «Оң 

аяғының іші-сыртында тыртығы бар болатын. Бірақ ол тыртық неден болғанын ол айтқан жоқ, мен де 

сұрағаным  жоқ»,  –  дейді.  Шәкіраттың  есіне  екеуі  қаңғырып  жүргенде  інісінің  далада  құрулы  жатқан 

қақпанға аяғыны түсіріп алғаны түседі. Азғана ойланып отырып: 

– Басының сол жақ шекесінде тыртық дағы жоқ па еді, – дейді. Өйткені оның ойына бала күнде ойнап 

жүріп, інісінің басына бір кесек тас лықтырып жібергенде, содан жара болғаны, оның орны тыртық болып 

біткені түседі. Әйел қуанғаннан жылап жіберіп: 

– Иә, дәл сондай белгісі бар, – дейді. 

Енді хан жалшыларын, уәзірлерін жинап алып, әйелді алып келген жалшыға: 

– Мына менің уәзірлерімді ертіп, өзіңнің тастап кеткен мына әйелдің күйеуі жатқан жерге апар. Ал сіздер, 

уәзірлер, сол кісіні маған әкеліңіздер, – деп бұйырады. Олар жалшының бастауымен сандықтың ішінде 

өлім халінде жатқан Шәкірді алып ханға келеді. Сөйтіп ағасы мен інісі бір-біріне қуана табысады. Ағасы 

үлкен той жасап, әйелді інісіне қосып, неке қидырады. 

Біраз  күн  сағыныштарын  басып  алған  соң,  өзін  қаңғыртып  жібергенде  әділін  тексермегенін,  өздерінің 

бейнеттерін  айтып  кісі  жібереді.  Әйелінің  сайқалдығынан  болғанын  сонда  ғана  білген  әкесі  ол  әйелді 

жалшылардың біріне қосады да, өзі үйімен балаларының хандығына көшіп келеді. Ал Шәкірат пен Шәкір 

екі хандықты қосып билеп, бай болып, барша мұрадына жетеді. Ол екеуі өле-өлегнше өздерінің басынан 

кешкендеріне көз жіберіп, жалшылардың, қарамағындағы халқының еңбегінде соның негізінде бағалап 

отырыпты. 

24. Жетім Қаппас 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              936 bet 

Ерте  заманда  Абдол  деген  бір  кедей  болыпты,  кәсібі  етікшілік  екен.  Өзінің  жалғыз  баласы  болыпты 

Қаппас деген. Сол күнде жеті жаста екен. Әкесі Абдол әйелімен өліпті. Жеті жасар Қапбас жетім қалыпты. 

Әкеден  қалған  үйінен  айырылып,  қайыр  сұрап  көшеде  жалғыз  қалыпты.  Сүйенер  жақын  жандар  жоқ. 

Жардың қуысын үй қылып жүреді. Күндердің күнінде Қаппас ойға қалады. Қайыр сұрап жүргенше ұрлық 

қылып тегін мал табайын, – деді. Бұл да дұрыс болмайды екен, мұнан да байға жалданайын. Жоқ қабырғам 

қатқан жоқ, бұғанам өскен жоқ. Мұнан да қайыр сұрап тапқанымды жеп, артылғанын молдаға беріп, сабақ 

оқиын.тапқан табысының ақшадай тапқанын молдаға беріп, сабақ оқыды. Я, күндердің күнінде Қаппас 

ой ойлайды жалғыз жүргенше өзім сияқты панасыз болса, жинап алып құралып, ел болсақ екен деп көшеге 

шығады.  Көшеде  панасыз  қайыр  сұрап  жүрген  қырық  баланы  жинап  алып  жардың  қуысындағы  үйіне 

алып келіп отырып кеңес құрады: 

– Ал, балалар, бірігіп ел болалық. Біздің жан ашыр туған туысқанымыз жоқ. Барлығымыз бірігіп қайыр 

сұралық.  Мен  қазаншы  болайын.  Сендер  тапқандарыңды  бүлдірмей  алып  келетін  болыңдар.  Балалар 

қайыр  сұрауға  шықты.  Тапқанын  жемей  Қаппастың  қолына  әкеп  беретін  болды.  Тапқан  табыстарын 

қорытып  төртке  бөлді.  Біріншісін  тамаққа,  екіншісін  киімге,  үшіншісін  қағаз,  қарындашқа,  шамға, 

төртіншісін  молданың ақысына  бөлді.  Күндіз  қырық  бала  қайыр  сұрайды,  түнде  өзі  оқып келіп  жетім 

Қаппас  қырық  баланы  оқытады.  Күндердің  күнінде  жар  үйінің  алдында  балалармен  кеңес  құрып 

отырғанда жолмен бір есек мінген шал кетіп бара жатады. Жетім Қаппас балаларға бұйырады: 

– Анау шалға барыңдар. Қайда барады, қандай жұмысы бар, біліп келіңдер. Келмесе мұнда алып келіңдер, 

– деді. Үш бала шалға барып, сәлем берді: 

– Ата жолың болсын, қайда барасың, қайдан келесіз, қандай жұмысыңыз бар, – деп сұрап еді шал жөнін 

айтпады. Жөнін айтпаған соң, есегімен шалды жетелеп жар үйдің алдындағы жетім Қаппастың алдына 

алып келді. Жетім Қаппас: 

– Ата жолың болсын, қайда барасың, жөніңді жұмысыңды айт. Айтпасаң жібермейміз. Шал амалсыздан 

жөнін айтты: 

– Айтпайын деп едім болмадың, патшаның уәзірі Қасымға барамын. Мен кемпірмен екеуіміздің баламыз 

жоқ. Бүгін түнде ұйықтап жатсам түсімде оң иығымда күн тұр, сол иығымда ай тұр, маңылайымда шолпан 

жұлдызы тұр. Осы түсімді патшаның уәзірі Қасымға жорытқалы барамын. Жетім Қаппас: 

– Қасымға бармай-ақ қой, – деді. Осы жерден қайт, мен жорып берейін деді. Күн дегенің өзің, ай дегенің 

әйелің, шолпан жұлдыз дегенің маңлайыңда жалғыз бала болады. Өзі патша болады екен, – деп жорып 

берді жетім Қаппас. Шал басқа жолмен қашып патшаның уәзірі Қасымға барады. Көрген түсін айтады. 

Қасым жетім Қаппастың жорығанындай жориды. 

– Ой, – деді шал. Сен, – деді жетім Қаппастан артық емес екенсің. Қасым шалды шақырып алды: 

– Сен олай десең, сенің көрген түсіңді жетім Қаппасқа аудардым, – деді. Шал жылап, өкініп үйіне қайтты. 

Күндердің күнінде Қасым қайғыланды «жетім Қаппас патша болса, бізге күн болмас, бұғанасы қатпай, 

бойы өспей тұрғанда өлтіріп тастатайын,  – деп Әмір деген патшаның кісі өлтіргіш жендетін шақырып 

алып: 

– Жетім Қаппасты өлтіріп кел. Өлтіріп келсең жалғыз қызым Қанышаны саған беремін, – деп уәде жасады. 



Әмір кісі өлтіргіш құралын қолына алып жетім Қаппасты іздеді. Шуылдап жар астында жатқан жетім 

балаларға келіп: 

– Жетім Қаппас қайсысың, – деп айғай салды. 

– Мен, – деп қырық баланың ортасынан шыға келді. 

–  Сен  болсаң,  –  деп  жотасынан  қысып  алып,  қапқа  салып  арқалап ала  жөнелді.  Қалған  жетім  балалар 

шуылдап, жылап қала берді. Сонда жетім Қаппас: 

– Бытырамай жата беріңдер, қайтып келемін, – деді. 

Әмір  арқалап  патшаның  кісі  өлтіретін  алаңына  апарып,  қаптан  жерге  тастап,  қылышын  қолына  алып 

басын шапқалы Қаппастың қасына барады. Қаппас: 

–  Әй  Әмір,  жазықсыз  қайыр  сұрап  күн  көріп  жүргенмін.  Бекер  қанымды  жүктеме.  Мені  өлтіргенмен 

Қасым қызы Қанышаны саған бермейді. Онан да мені өлтірдім деп Қасымға бар, қызы Қанышаны берсе 

қайтып келіп мені өлтір. Мен қашпаймын, осы жерде отырамын, – деді. 

–  Мұның  да  жөн,  – деп  Әмір  Қасымға  барып  «тақсыр  жетім  Қаппасты  өлтірдім,  енді  қызыңды  қашан 

бересің» деді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              937 bet 

Сонда Қасым: 

– А, зәлім. Қайыр сұрап күн көріп, қаңғып жүрген жетімді өлтіріп, қыз алғысы кеп жүргенін көрдің бе? 

Өзін  ұста  мұндай  зәлімді  дарға  тарту  керек,  –  деп  ашуланды.  Әмір  қашып  жаңағы  Қаппастың  қасына 

барды. 

– Сен бала болсаң да ақылды данышпан екенсің. Қасым қыз бермек тұрмақ, өзімді жауапқа тарта жаздады. 



Енді сені босаттым, – деді. 

Сонда жетім Қаппас: 

– Сен Әмір екеуіміз дос болалық, маған алтын бер, сенде алтын көп. Кейінде берген алтыныңды үш есе 

қайтарамын,  –  деді.  Әмір  көп  алтын  берді.  Екеуі  дос  болды.  Жетім  Қаппас  алтынды  алған  соң  қырық 

баланы қайыршылықтан босатып, жаппай оқуға берді. Бұл жетім Қаппаспен қырық бала оқи берсін, ендігі 

әңгімені балықшы шалдан басталады. 

Осы  қаланың  қасында  үлкен  дария  бар  екен.  Сол  дарияның  жағасында  бір  балықшы  шал  мекендепті. 

Күнде суға ау салып, балық алып ауқат қылып жүреді екен. Бір күні суға ау салса бір алтын балық ілігіпті. 

Бұл  алтын  балықты  жегенмен  ешнәрсе  шықпас.  Мұнан  да  патшаға  апарып  тартайын,  –  деп  балықты 

патшаға алып барады. 

– Тақсыр, мынау алтын балық біз жеуге лайық емес. Сіз жеуге лайық, сондықтан сізге алып келіп тұрмын, 

– деп шал отырды. Патша балықты алып көріп, қалтасынан екі жүз ділдә алып беріп: 

–  Мына  балықты  әйеліме  апарып  бер,  ол  қанша  алтын  берсе  алып  қайтарсың,  –  деп  балықты  үйіне 

жібереді. Үйіне алып барып балықшы шал патшаның әйелінің алдына қойды. Балықты көріп, алай-бұлай 

аударып балықты салып қойды да: 

–  Сен  де  менің  алдыма  келеді  екенсің-ау,  –  деп  қатты  ашуланды.  Шал  қорқып  балықты  қолына  алып 

патшаның отырған сарайына қайта барды. Патша,  «бұл қалай»,  – деді? Шал қалбырақтап, сасып зорға 

айтты: 


– Әйелің қатты ашуланып, балықты ұрды, – деп айтты. 

Патша таңданып қайран қалып, шалға қалтасынан екі жүз алтын беріп үйіне қайтарды. Патша балықты 

алдына қойып, неше күн, неше түн ешнәрсе таба алмай қайран қалып патша уәзірлерін шақырды: 

– Мынау алтын балықтың мәнісін табыңдар, – деп бас уәзірі Қасымға тапсырды. Қырық күн уақыт бердім, 

таба алмасаң басыңды аламын, – дейді. 

Қасым  барлық  жұмыстан  босанып  үйіне  барып,  жылап  жатып  алды.  Әш  мәнісін  таба  алмай  ағайын 

туғандар, ел жұрты жиналып «тақсыр қандай қайғың бар?», – деп сұрады. 

Қасым: 


– Патшаның бір алтын балдығы бар, соның мәнісін тап деп қырық күнге сүрег берді. Таппасаң басыңды 

алам деді. Сол балықтың жағдайын білмедім, сол үшін маған ажал дайындалып тұр, – деп жылады. 

Сонда елі жұрты былай деді: 

– Бекерге қарап өлуге болмайды. Бақсы-балгерді жина, амалын тапса солар табар, – деді. 

Қасым сол қаладағы бақсы-балгерлерді түгел жинады. Балгер бал ашып: 

– Тапса, – деді, осы қалада жетім Қаппас деген бала бар, тапса сол табады, – деді. Сонда Қасым: 

– Алда қашан жетім Қаппасты өлтіртіп тастағанмын, – деді. Сонда балгер айтты: 

– Өлген болса сүйегін тауып алып өртеп күлін тамаққа қосып ішіп, ойланса да табады, – дейді. Енді Қасым 

ойланды «мен енді жетім Қаппасты өлтірген Әмірді іздеп табайын» деді. Әмірді іздеп тауып алады. 

– Әй Әмір, өлтірсең жетім Қаппастың сүйегін тауып бер, өлмесе өзін тауып бер, жалғыз қызым Қанышаны 

берейін, – дейді. Әмір: 

– Жетім Қаппас алда қашан өліп қалған, оның сүйегін қайдан тауып берейін, – деп жүріп кетті. Қасым 

бұрынғыдан да қатты қайғыға батты. Әмір іздеп жетім Қаппасты табады, барлық болған жағдайды түгел 

жетім Қаппасқа айтады. Ол «қиын емес, табу оңай, сен Қасымға бар, жетім Қаппасты тірі тауып беремін 

де, әуелі қызың Қанышаны маған қос де», – дейді. 

Әмір қайта Қасымға барып, «мен жетім Қаппасты тірі тауып берейін, қызың Қанышаны маған бүгіннен 

бастап қос деді. 

– Сен жетім Қаппасты қолыма әкеп бергеннен кейін қызымды қосамын, – дейді Қасым. Әмір: 

–  Өткен  уақытта  қызыңды  беремін  деп  алдағансың,  –  деп  жүріп кетіпті.  Қасымның  елі  жиналып  «бұл 

дұрыс  емес,  қызыңды  бер,  ажалдан  құтыл»  деді.  Қасым  Әмірді  шақырып  алып,  амалсыздан  қызы 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              938 bet 

Қанышаны  Әмірге  қосады.  Қызын  алған  соң  Әмір  жетім  Қаппасқа  барып,  Қасымның  қызын  алғанын 

айтты. Ал ендеше, мені Қасымға апарып бер, – деді. Әмір жетім Қаппасты Қасымның үйіне алып келді. 

Қасым көріп қатты қуанды. Ол мына балықтың мәнісін айт деді. Қаппас: 

– Тақсыр, мен өзім қаңғып жүрген жетім баламын. Біраз күн тойынып, дем алайын, – деді. Амалсыздан 

Қасым ұлықсат етті. Бірнеше күннен кейін қырық күн срогі бітті. «Мен патшаға не деп барам, балықтың 

мәнісін айт» деді. Қаппас айтты: 

–  Сен  патшаға  бар,  патша  қаһарланып  отырады.  Таптың  ба  дейді,  сен  айт  тақсыр-ай  қиын  болып  па, 

қырқынан шықпаған бала да таппай ма, мені бала дедіңіз бе де. Сонда патша «ой, жасың жетпей жүр екен-

аа, тағы қырық күн срок бердім» дер. 

– Қасым патшаға барады, жаңағы жетім Қаппастың айтқанын бұлжытпай айтады. Сонда патша «әлі жасың 

жетпей жүр екен, қырық күн срок бердім» деді. Қасым қуанып үйіне келіп жатады. Күндердің күнінде 

қырық  күн  тағы  бітеді.  Жетім  Қаппасқа  балам  айт  деді.  Алтын  балықтың  қандай  жағдайы  бар.  Осы 

барғанда  таппай  барсам,  ажалымның  жеткені  деп  қайғырып  жылай  берді.  Сонда  жетім  Қаппас  «сен 

жылама,  қайғырма,  мені  апарып  бер»  деді.  Міні  таптым  деп,  сонда  ажалдан  құтыласың.  Қасым  жетім 

Қаппасты  жетелеп,  келіп  патшаға  «міні  таптым»  деп  бере  салды.  Тапсаң  саған  лұқсат  бердім  деді  де, 

Қасым қуанып үйіне қайтты. 

Енді сөз патшадан. 

– Балам, – деді, мына балықтың мәнісін тап, – деді. 

– Йә, тақсыр, – деді. Мен өзім қаңғып жүрген жетім баламын, біраз күн тойынайын ұлықсат бер. Патша 

амалсыз ұлықсат берді. Күндерде күн өткенде балам дем алдың ғой, мына балықтың жәйін айт деді. Жетім 

Қаппас сонда балықтың жағдайын айтамын ғой. Бір ауыз әңгіме айтайын ұлықсат етіңіз. 

– Өткен заманда бір патша болыпты. Өзі әзілетті, халқы көп, елі бай екен. Сол патшаның екі құсы бар 

екен. Құстың сарайы патша сарайының қасында екен. Құсы кеуілденіп отырса халқы жақсы тұрмысты 

болады екен, құсы қайғырып отырса халқы күйзеледі екен. Бір күні патша құсының сарайына келсе, құсы 

үрпиіп отыр. Патша көріп, қорқып құсына барады: 

– Әй құсым, қалай қайғырып отырсыңдар, қандай жағдай бар? Сонда құстар айтады: 

– Тақсыр жаманшылық жоқ, халқың да аман, өзің де аман. Біздің қайғырып отырғанымыз Қап тауында 

дүние жүзінің құстарының үлкен тойы болғалы жатыр екен. Соған бара алмай қаламыз деп қайғырып 

отырмыз. 

Сонда патша: 

–  Қайғырмаңдар,  барып  тойлап  келіңдер,  рұқсат  еттім,  –  деп  құстарды  босатты.  Құстар  қуанып  Қап 

тауындағы құстардың тойына ұшып кетті. Құстар тойын тойлап, қайтатын болды. Екі құс ақылдасты: 

– Патшаға қандай сарқыт алып барамыз. Алтын, күміс мол өзінде. Бұған мына дән бидайды әйелімен екеуі 

бөліп жесе жиырма беспен отыз жастағыдай болып жасаңғырайды, өмірі ұзақ болады, – деп патшаға алып 

келген  сізге  сарқытымыз  осы  бір  бидай.  Бұл  бидайдың  қасиеті  сіз  әйеліңізбен  екеуіңіз  бөліп  жесеңіз 

жасыңыз ұзақ және өздеріңіз жиырма беспен отыз жастағы қалыптырңызға келесіз деді. 

Патша қолына алып: 

– Өзіміз жегенмен халқымыз қартайып, өліп қалса бізде қанша қасиет болды, – деп, бұл бидайды ектіріп, 

халқына түгел жететін болғанда бірақ жейін деп бір шал менен кемпірге ектіреді. Сол бидайдан патша 

алдындағы құтыға бір дән бидайды егіп жата берсін, бір күні патша халқын жинап алып: 

– Менім патшалығымды сақтап жүрген және мені қасиетті қылып жүрген құсым, – деді. Мынау қырық 

уәзірімнен пайда шамалы, – деді, сонда уәзірлер өзара сөйлесті: 

–  Мынау  алжыған  қасқыр,  халықтың  алдында  біздің  беделімізді  төкті-ай.  Мынау  екі  құсты  құртпасақ 

болмас, – деп құтыдағы бидайды у менен былғап салып қойды. 

– Йә тақсыр, сіз құсты бізден артық көрдіңіз. Бұл құс сізге қас шығар, әуелі осы бидайды күзетші кемпірге 

жегізіп көрейік, – депті. Хан «бұ да мақұл екен» деп, патша бидайды күзетші кемпірге жегізді. Кемпір у 

жаққан  бидайды  жеген  соң  өліп  қалды.  Бұл  құс  маған  қас  екен,  сендердің  айтқаның  рас  болды,  –  деп 

ашуланып екі құсының мойынын жұлып тастады. Енді бидай еккен шал мен кемпірді алып кел, басын 

шауып тастайын деп бір адамды жіберді, тез алып кел деп. Жаңағы барған адам шал мен кемпірге сендер 

у  бидай  егіпсіңдер,  дереу  патшаға  жүріңдер,  патша  басыңды  шапқалы  жатыр  дейді.  Кемпір  мен  шал 

патшаға барып қанымызды судай шашқанша у бидай жеп өлелік деп екеуі екі бидай жеп қойды. Өлген 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              939 bet 

жоқ,  шал  отыз  жастағы  жігіт,  кеміпр  де  жиырма  бестегі  қыз  болды.  Екеуін  қуып  патшаға  алып  келді. 

Патша ашуланып «менің әкел дегенімқызбен жігіт емес, бидай еккен шал мен кемпір, қызбен жігітті неге 

алып келдің» дейді. Сонда шал мен кемпір айтты: 

– Патшаның алдына барып қанымызды судай шашқанша у бидай жеп өлелік деп, екі дән бидайды жеп 

едік, біз өлгеніміз жоқ, осындай келіп жасаңғырадық, – деді. Патша ашуланып, қайғырып «құсым-құсым», 

– деп өлген екен тақсыр, алтын балықтың жәйін айтсам өлесің-ау депті жетім Қаппас. Патша: 

– Жоқ балам, өлмеймін. Тезірек алтын балықтың жәйін айт, – деді. 

– Тақсыр шаршап қалдым, біраз күн дем алайын, – деді. Патша амалсыздан ұлықсат берді. Жетім Қаппас 

біраз күн дем алып, тағы да: 

– Ұлықсат етіңіз тақсыр патшам, өткен замандағы бір патшаның алтын балық сияқты оқиғаға кездесіп, 

құса болып өлген әңгімесін айтайын. 

– Балам, айт, – деді патша. 

Өткен  заманда  бір  патша  болыпты.  Оның  қасиетті  бір  бүркіті  болыпты.  Патшаның  қасында  бүркіттің 

тұғыры болыпты, патшаның қандай зиянды жауы болса да бүркіті қиратып жеңіп келеді екен. Күндердің 

күнінде патша ерігіп отырып бүркітін қолына қондырып сейілге шығыпты. Бүркіті тілеп ұшып болмаған 

соң «бар, жануар» деп томағасын сыпырып қоя беріпті. Бүркіті шыр айналып тік аспанға ұшып кетіпті, 

ол бүркіттің артынын шаба берді. Бір жерге барғанда аты болдырып өліпті, аты өлген соң жаяу жүгіріпті, 

патша әбден шаршап шөлден өлер қалге жетіпті. Алдында үлкен бәйтерек көрінді. Сол ағаштың түбіне, 

көлеңкесіне  жатады.  Ішерге  су  таба  алмай  өлер  қалге  жеткенде  ағаштың  басына  қараса  анда-санда  су 

тамып  тұр.  Мұны  көрген  патша  қолындағы  томағасын  тосты,  томаға  толуға  жақындағанда  ішейін  деп 

ұмтылып отырса аспаннан айналып бүркіті ұшып келді де қолындағы томағадағы суды қанатымен қағып 

жібереді. 

–  Әй  менің  жануарым-ай,  менің  шөлдеп  өлгелі  отырғанымды  білмедің-ау,  –  деп  құсының  жотасынан 

сипап қойды да, қолындағы томағаны қайта тосты. Тағы да су толып, ішуге жақындады, бүркіт қанатымен 

тағы да қағып жіберіп төгіп тастады. Патша ашуланып: 

– Сен үшін өлу қаліне жетіп отырғанымда суды төгіп тастадың. Сен маған қас екенсің, өлгенімді қатты 

ұнатады екенсің, – деп бүркіттің мойнын жұлып алып ағаштың басына қараса, құсы үлкен бір айдаһарды 

өлтіріп келген екен. Сонан аққан суы айдаһардың зәрі екен, оны ішсе патша сол жерде өледі екен, бүркіт 

ішкізбей қағып отыр екен. Оны білмей патша бүркіттің мойнын жұлып алыпты. Айдаһарды көрген соң 

«бүркітім-бүркітім» деп патша өлген екен. Тақсыр алтын балықтың жәйін айтсам өлесің-ау деді жетім 

Қаппас. 


– Айт балам тезірек, өлмеймін, – деді патша. Жетім Қаппас: 

– Біраз дем алайын, – деді. Патша амалсыз ұлықсат берді, біраз күн жетім Қаппас дем алып болды. 

–  Тақсыр,  алтын  балықтың  жағдайын  қалың  ағаштың  ішіде,  тауға  барғанда  айтайын.  Екі  ат  дайындап 

мініп, екеуі тауға қарай жүрді. Жетім Қаппас айтты: 

– Мен өмірімде атқа мініп көргенім жоқ, тауға жеткенше жарыссақ қайтеді. Патша «мақұл» деп, екеуі 

аттың  басын  қоя  берді.  Жетім  Қаппас  озып,  патшаны  адастырып  қалың  ағаштың  ішімен  айналып 

патшаның сарайына қайтып келді. Қайтып келсе патшаның әйелі бақтың ішіне алтын тақты құрып, екі 

жағына екі сұлу баланы отырғызып, кезек-кезек бетінен сүйіп отыр екен. Алдында патшаның есікші қара 

құлы арақ-шарап құйып беріп, қызмет істеп жүр екен. Мұны көріп жетім Қаппас бұрынғы оқып жүрген 

жерінен  алған  сурет  басатын  афораты  бар  екен,  көрінбей  жасырынып  тұрып  әйелі  мен  алтын  тақта 

отырған баланы бір басып алады, екінші қызмет істеп жүрген қара құлды басып алады да бағанағы патша 

шыққан тауға қайта барады. Патша баладан адасып қайтады. Артынан жетім Қаппас келіп: 

–  Тақсыр  мені  адастырып  кеткеніңіздің  жәйі  қалай,  сізді  іздеп  бұрын  атқа  мінбеген  шаршап  өлермен 

болдым, – деп патшамен бірге сарайына келді. Патша айтты: 

– Балықтың жағдайын қашан айтасың, – деп жетім Қаппастан сұрады. 

– Бүгін таң атқан соң, алтын балықтың жағдайы түгел шешіледі, сол шешілген соң өлесің-ау тақсыр, – 

деді жетім Қаппас. 

Патша: 


– Өлмеймін, – деді. Таң атты. 

Бұл: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              940 bet 

– Алтын балықтың жағдайын өзіңнің әйелің шешеді, – деді. Әйеліңді алдыр алдыңа, – деді жетім Қаппас. 

Патша әйелін шақыртып алды, алдына балықты қойды: 

– Мына балықтың жағдайын шеш, – деді. Патшаның әйелі: 

– Бұл алтын балықтың жағдайын мен білмеймін, – деді. 

– Білмесең осы жерде отыр, білесің, көресің, – деді жетім Қаппас. Қолындағы суретті қара құлдың суретін 

басып тұрып, әйелдің баламен отырған суретін көрсетті «танимысың» деді де, екінші қара құлдың суретін 

көрсетті. Сонда патшаның әйелі мойыны төмен түсіп, неғыларын білмей қатты сасып, отыра берді. Енді 

жетім Қаппас суретті патшаға көрсетті. Патша суретті көргенде қаһарына мініп қылышын қолына алып, 

әйелін өлтіруге ұмтылды. Сонда жетім Қаппас патшаға: 

– Тоқта тақсыр, алтын балықтың тағдыры шешілмей жатып, мұның жарамайды. Егер балықтың жайы 

шешілсе өлесің, – деді жетім Қаппас, шешілмей жатып қолыңа қылыш алғаның сабырсыздық, – деді. Сен 

шешбесең, мен шешіп берейін. Бұл әйелің Сарықұл деген патшаның қызы еді, қыз күнінде Мәлік деген 

диюдың патшасының баласы Сағыр деген мына жатқан алтын балық. Осыған қыз күнінде ғашық болып 

жүргенде Сағыр алмайтын болды. Ал енді мынау әйелің бір сиқыршы кемпірді тауып алып, көп алтын 

беріп қолына ұстатады. Егерде Сағыр  алмаса оны сиқырлап қор қылайын деп ойлап жүрді. Күндердің 

күнінде Сағыр шеттегі бір патшаның екі баласын ұрлап алып келе жатып сенің әйеліңе кездеседі. Сенің 

әйелің айтады «Сағыр мені қашан аласың, ғашықтығым саған күннен күнге ауырлап барады» дейді. Сағыр 

айтты  «мен адамзаттың қызына үйленбеймін, мен әйелді дию патшаларының қызыннан аламын» деді. 

Әйелің «алмасаң, саған сыбаға мынау» деп балық қылып суға тастап жіберді. Содан Сағыр балық болып 

суда жүрді. Мына екі бала сенің әйеліңнің қасында қалды. Бұл баланы саған көрсетпей, сиқыршы кемпірге 

оң қолтығының астында сақтап жүр, анда-санда шығарып қасына алып отырып, қайтадан қолтығының 

астына тығып қояды. Күні бүгінге дейін Сағырдан күдер үзген жоқ, күнде судың басына барып, балық 

болған  Сағырды шақырып алып,  «мені  қашан аласың, қалпыңа келтіремін» дейді. Оған Сағыр  «балық 

болмақ түгіл ит болсам да алмаймын» дейді. Міне осымен маған нанбасаңыз оң қолтығының астындағы 

екі бала және Сағырды балық қылып байлаған қара тасты алыңыз, – деді. 

Сонда патша әмір етті уәзірі Қасымға: 

– Мынау әйелдің қолтығындағы екі бала мен қара тасты ал, – деді. Сонда Қасым әйелдің қолтығынан екі 

бала мен қара тасты алып, патшаның алдына қойды. Патша көріп қайран қалып жетім Қаппасқа қарады: 

– Балам, – деді. Мынау алтын балықты қалпына келтір, – деді. Сонда жетім Қаппас қара тасты үш бөліп 

аяқтағы суға салды, сонда дию болып алтын балық шаңғытып айқайлап, патшаның отырған сарайы бу 

болып кетті. Аздан соң бу болған дию адам суретіне келіп отырған патшаға сәлем берді: 

– Тақсыр патша, – деді дию. Мені ұлықсат етіп еліме жібер, мені әуре қылып сиқырлап ұстаған мына сенің 

әйелің, – деді. Мына екі баланы сұлу болған соң алып келе жатқанымда осындай қалге ұшырадым, – деді 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет