ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет150/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   153

үшеуі үш дорбалап тасып көрге әкеліп жинай беретін болды. 

Азанда  патша  қазынасын  қараса,  алтынның  азайғанын  көреді.  Ертеңіне  уәзірлері  мен  қарауылдарын 

қояды.  Сонда  да  сол  күні  үшеуі  ешкімге  білдірместен  тағы  алтын  ұрлап  көрге  әкелді.  Ертеңіне  патша 

қараса, тағы азайып қалған. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              978 bet 

Патша қапаланып өзі қарауыл болып тұрады, «көрейікші қандай неме ол» деп қарқындап, сол күні өзі 

қарауыл болады. Сонда да патшаға білдірмей әлгі үшеуі тағы да қазынадан алтынды ұрлап алады. Азанда 

қазынаны қараса, тағы жоқ біраз алтын, қапаланып патша сол күні кешке жансыз болып, жаман киімді 

киіп алып кешке түнімен жүреді, сөйтіп жүрсе, бір жерде бір үшеу бір нәрсе арқалаған, ырс-ырс етеді. 

Дереу патша артынан ере береді. Балалар жаңағы адамнан:  «Қайда барасыз?»  – деп сұрайды. Ол адам 

өздерінен «Сіздер қайда барасыздар?» – дейді. Бұл үшеуі  «нан талап» дейді. Әлгі адам да «мен де нан 

талаппын, қарағым» дейді. 

Әңгімелесіп көрге қарай келе жатса, бір жерде ит үріпті қоймастан, сонан соң жаңағы үшеуінің біреуі 

тұрып: «Ә, сіз патша ма едіңіз, ана ит маған іштеріңде патша кетіп бара жатыр деп үріп тұр ғой», – депті. 

Сонда  ол:  «Жоқ,  шырағым,  менен  патшалық  не  алсын,  бірақ  кішкене  күнімде  өздерімізше  ойнап 

жүргенімізде  балалар  мені  патша  етіп  ойнаушы  еді»,  –  деп  жалтартыпты.  Олар  осы  айтқанға  шыннан 

сеніпті. Үшеуі әлгі адаммен төртеу болып көрден соққан үйіне келеді. Өздерінше жай әңгімелесіп әлгі 

адам әңгімемен бұлардың әдіс-айласын білу үшін әр түрлі сөзге сала отырып, үшеуіне айтыпты: 

– Ұрлық ету үшін қандай айла-амалдарың бар? – депті. Үш баланың біреуі: «Менің амалым патшаның 

қазынасынан алтын ұрлағанымды ешкімге білдірмеймін де, сездірмеймін де, міне, менің айла әдісім», – 

депті.  Екіншісі:  «Менің  амалым  үрген  иттің  тілін  білем!»  –  депті.  Үшінші  біреуі:  «Мен  бір  көрген 

адамымды  айнытпай  күндіз  тауып  аламын,  маған  бәрібір  жеті  қараңғыда  көрсем  де,  күндіз  көрсем  де 

танимын», – депті. 

Бұл үшеуі сөзін бітіріп болған соң: «Иә, сіздің қандай айла-амалыңыз бар?» – депті. Бұл адам айтыпты: 

«Ажалға кетіп бара жатқан адамды ажалдан құтқарамын», – деген екен. Енді бұлар сөзін тауысып төртеуі 

ұйқыға кетеді. Сол уақытта ана үшеуін ұйықтата салып патша қайтадан бұрынғы киімін киініп болып, 

дереу  тез  қарауылдарына  барып:  «Дәл  көрде  үш  бала  бар,  соны  барып  үшеуін  бірдей  дарға  тартып, 

алтынды  қазынаға  сал!»  –  депті.  Дереу  қарауылдар  келсе,  үш  бала  ұйықтап  жатыр,  қасында  алтын. 

Алтынды алып сол түнде қазынаға салады да, азанға шейін қарауыл тұрады. 

Азанда үшеуі тұрса, алтын да, жанындағы адам да жоқ. Дереу үшеуі жан-жағына алақтап, сасқалақтап 

далаға  шығайын  десе,  ана  қарауыл  әскерлер  үшеуін  ұстап  алып,  аяқ-қолын  байлап  дарға  аспақ  үшін 

даршыға береді. Даршы үшеуінің мойнына жіп байлап аспақшы болып жатады. Осы уақта патша бір биік 

жерден жаңағы үшеуін көрмекші болып тұр еді, себебі қандай әдістер жасар екен деп ойлап еді. 

Сол уақытта адам танығыш бала дереу даршыдан ұлықсат сұрап мойнын босаттырады да, әлгі патшаға 

бала тұрып: 

–  Е,  адам,  түндегі  адам  сен  емес  пе  едің,  өлімге,  ажалға  кетіп  бара  жатқан  адамды  өлімнен,  ажалдан 

құтқарам  дегенің  қайда,  құтқар,  міне,  өлімге  кетіп  бара  жатырмыз,  –  деді.  Сонда  патша  даршыға 

босаттырып, құтқарып жебірепті. Сөйтіп, өзіне әлгі үшеуін уәзір қылып алыпты. 

42. Ат бағушы құл 

Бұрынғы заманда бір әмірлі ханның үш тұлпар аттары болып, ол тұлпар аттарын өзінің бір өте сенімді 

құлына ғана бақтырады екен. Хан сейілге шығарында, ханның мінемін деген тұлпарын атбағушы құлы 

ерттеп әкеп беріп, кешке құл тапсырып алып тұрады екен. Хан әлгі сенімді құлына өтірік айтпайды деп 

өте қатты сенеді екен. 

Бір  күндерде,  ханның  ордасында  барлық  уәзірлерімен  өзара  кеңесіп  отырғанда  хан  отырып,  менің 

тұлпарларым бағушы құлым өмірінде өтірік айтпайды, мұндай өтірік айтпайтын адам болады екен депті. 

Сонда қасында отырған бас уәзірі: Тақсырау өтірік айтуға тура келгенде өтірік айтпайтын адам баласы 

бола ма екен? Ол құлыңызыдың өтірік айтуына тура келетін істер кезікпей жүр ғой депті. Сонда хан, ол 

құлым өліп кетуіне хайыр өтірік айтпайды. Ол жөнде мен қатты сенемін депті. Сонда уәзір тұрып: 

– Тақсыр, сол құлыңызға өтірік айтқызсам қайтесіз, – депті. Сонда хан тұрып, «егерде сен сол құлыма 

өтірік айтқызсаң мен орнымнан түсіп хандығымды саған беремін, егер өтірік айтқыза алмасаң басыңда 

аламын», – депті. 

Бұл сөзге уәзірде келісіп, құлыңызға үш­төрт күн ішінде өтірік айтқызамын деп, уәзір ордадан шығып 

үйіне келіпті. Уәзірдің ай десе ай емес, күн десе күн емес, өте сұлу үш қызы бар екен. Уәзңр үйіне келген 

соң қыздарын шақырып алып, «балаларым, мен ханман осындай уәде тоқтам жасап келдім, ханның ана 

үш тұлпарын бағатын құлына бір ауыз өтірік айтқыза алсақ, құдай жарылқап мен хан болдым, ал енді 

өтірік айтқыза алмасақ үш балам әкеңнен үміт қылмаңдар, мен өлген кісі», – депті. Сонда қыздары отырып, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              979 bet 

ойбай  іс  қиынға  айналыпты  ғой,  енді  ол  құлға  қалай  өтірік  айтқызу  керек  депті.  Сонда  уәзір  тұрып, 

«балаларым сендер әкеміз өлімнен аман болып, мұрадына жетсін десеңдер, оның оңай», – депті. 

Сонда қыздары, ойбай, ол құл бізбен байланысты өтірік айтатын болса, ол үшін көрсеткен ақылыңызға 

біздер даярмыз ғой депті. Сонда уәзір тұрып: 

– Балаларым ол жөндегі ақылым, бүгіннен бастап ол құлдың ат бағып тұрған жеріне үшеуің үш түн қонақ 

болыңдар.  Сендер  әрқайсың  ол  құлмен  бір  кеш  бірге  жатып,  бұйымтай  сұрағанда,  бағып  тұлпарының 

бірінің  басын  сұрап,  үшеуің  үш  түнеп,  сол  үш  тұлпардың  басын  кестіріп  әкелсеңдер,  ол  құлда  өтірік 

айтпайтын шара қалмайды, – депті. Бұл сөзге қыздары «мақұл» деп бірінші күні үлкен қызы түрліше асыл 

киімдерді  киіп,  хош  иісті  майларды  жағынып,  бейне  бір  перінің  қызы  сияқтанып,  атбағушы  құлдың 

жататын үйіне келеді. Айдай болып сұлу қыз қасына жетіп келгенде құл недерін білме алмай, «ханшайым 

жолыңыз болсын», – депті. 

Сонда  уәзірдің  қызы  әкесінің  үйретуі  бойынша  «мен  бас  уәзірдің  қызы  едім.  Өзіміз  теңдес  уәзір,  бек 

ханзадалардың  балалары  жастық  махаббатпен  ойнап­күлелік  деседағы,  солардың  өмір  махаббәтінан 

сіздің күніңізді артық көріп, сізге көптен бері жан­діліммен ғашық  болғанымнан, сіздің қасыңызға бір 

түнеп шықсам деп, әдейі іздеп келіп едім. Егер рұқсат болса», – депті. 

Сонда құл қанышаға, «ойбаяу сіздің мұндай ойыңызға мен даярмын», – деп, ол түнді екеуі тамашамен 

өткізіп, қыз тәңертең үйіне қайтпақшы болғанында, құл тұрып «я ханышам көңілге алған бүйімтайыңыз 

бар ма?», – депті. Сонда уәзірдің қызы менің сұрағанымды беретін болсаңыз бүйімтайым бар депті. Сонда 

құл тұрып «көңіліңізде не болсада орындаймын демедім бе, не сұрағыңыз болсада айтыңыз», – депті. 

Сонда уәзірдің қызы: «тілегім тұлпардың бірінің басы еді» дегенде, құл сөзге келместен, бір тұлпарды 

алып  ұрып,  басын  кесіп,  бере  салыпты.  Уәзірдің  қызы  басын  алып  үйіне  барыпты.  Ханның  қызы 

кеткеннен  кейін  құл  бұрынғы  әдетінше  ханға  барып,  тақсыр  тұлпарлар  аман  деп  аттардың  амадық 

хабарын бере алмай ол күні қалған екі атын бағып, жата беріпті. Екінші күні кешінде уәзірдің екінші қызы 

ханның құлына қонаққа келіп, әкесінің үйретуі бойынша алдыңғы тәтесі сияқты түрліше киімдерін киіп 

келіп, перінің қызындай болып келіп, қонақ болып түнімен бірге жатып, ертеңінде қайтарда екі тұлпардың 

бірінің  басын  кестіріп  алып,  әкесіне  келіп  баяндап  беріпті.  Үшінші  күні  кешінде  уәзірідің  кіші  қызы 

алдыңғы  тәтелері  сияқты  ат  бағушы  құлға  келіп,  қонақ  болып,  түнімен  бірге  жатып,  ертеңінде  қалған 

үшінші тұлпардың басын кестіріп алып кетіпті. Атбағушы құл үш күнге дейін ханға бара алмай төртінші 

күні  ханға  барып,  аттардың  амандық  хабарын  бермекші  болыпты.  Ханға  не  айтарын  біле  алмай, 

басындағы бөркін төр алдына қойып, бөркін хан қылып қойып, өзі бұрынғы әдетінше есіктен кіріп келіпті. 

– Е, үш күннен бері қайдасың, тұлпарлар аман ба? 

– Е, тақсыр, тұлпарлар түгел аман, сабындап жуылды, – деп тұрып, басын шайқап, «жоқ мұным болмайды 

екен» деп, сыртқа шығып кетіпті. Екі рет қайтып оралғанда бөрік: 

– Е, үш күннен бері неғып келмедің, тұлпарлар аман ба? – дейді. Сонда құл: 

– Е, тақсыр, тұлпарлар дақ бұрынғыдай емес, үш күннен бері жем­шөп жемей қатты ауырып тұр дейді де, 

жоқ деп, басын шайқап, бұл да болмады, – деп тағыда далаға шығып кетеді. Осылайша әлденеше қайталап 

және кіріп келіп, хан болып: 

– Е, сен үш күннен бері неғып келмедің? Тұлпарлар аман ба? – дейді. Мұнан кейін өзі бала болып: 

– Е, тақсыр тұлпар көңілдегідей аман емес. Себебі, тұлпардың үшеуіде ауырып, біреуі бүгін өліп кетті деп 

тұрып,  басын  шайқап­шайқап,  жоқ­жоқ,  бұл  да  болмады,  болмады,  –  деп  және  далаға  шығып  кетіп, 

төртінші рет қайтып келіп тұрып, хан болып: 

– Е, сен үш күннен бері неғып келмедің? Тұлпарлар аман ба? – дейді. Кейін өзі болып: 

– Е, тақсыр тұлпарлар аман емес. Өзі хан болып: 

– Е, не болды, тұлпарлар ауырып қалды ма? Не болды депті? 

Сонда атбағушы құл: 

– Тақсыр аттар ауырған жоқ, бірақта, үшеуіде тірі емес, үшеуіде өліп қалды. Хан болып: 

– Ой мынау не сандырақтап тұр, ауырмаған аттар өлуші ме еді, ой, не дейсің? – дейді. Өзі болып: 

– Тақсыр, қайран тұлпарлардың үшеуіде ауырмай­ақ өліп кеткені рас – депті. Өзі хан болып: 

– Ауырмай қалай өлді, сен мас болып тұрмысың? – дейді. Өзі болып: 

– Тақсыр, хан кессеңіз міні басым, сіздің уәзіріңіздің үлкен қызы маған қонаққа келіп, ол маған ғашық 

екен, менімен бір түн бірге жатты. Ертесіне қыз үйіне қайтар кезінде мен қыздан небүйімтайың бар деп 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              980 bet 

сұрағанымда, маған мына бағып тұрған тұлпарыңның басы қажет деп сұрады, сонда сонда мен сөзге де 

келмей  тұлпардың  бірінің  басын  кестім  де  қызға  беріп  жібердім.  Сонан  екінші  күні  кеште  сіздің 

уәзіріңіздің екінші қызы келіп, менімен тағыда бір түн бірге жатып, ол қызда қайтарында бір тұлпардың 

басы қажетт еді деп сұраған соң, оғанда бір тұлпардың басын кесіп бердім. Сонан өткен түні уәзіріңіздің 

үшінші  қызы  келіп,  ол  қызда  бір  түн  менімен  бірге  жатып,  ертесін  енді  қалған  бір  тұлпардың  басын 

сұраған соң, қалған бір тұлпардың басын оғанда кесіп беріп жібердім, – деп, бөркін алып, басына киіп, 

бұрынғы әдетінше өзінің хан ордасына барып, ханның уәзір бектерімен кеңесетін үйіне кіріп келгенінде 

ханның бас уәзірі ішінде, өзге уәзірлері және бар, қанша адамдарымен хан ордасында отыр екен. 

Сонда хан атбағушы құлына: 

– Е, сен үш күннен бері қайдасың, тұлпарлар аман ба? – депті. Сонда атбағушы құл: 

– Тақсыр, тұлпарлар аман емес, қайран тұлпарлар аман болмай қалды ғой – депті. Хан ашуланып: 

– Е, не болып қалды? – дейді. Құл: 

– Тақсыр, хан сіз кесу үшін басымды даярлап келдім. Ол тұлпарларың аман болмаған себебі мұнандай еді 

депті: 

– Осыдан үш күн бұрын, кешінде сіздің бас уәзіріңіздің үлкен қызы маған келіп, қонақ болып, екеуміз бір 



түн бірге жатып, қайтарында не бүйімтайың бар? – деп сұрадым. Менің бүйімтайым өзіңнің бағып жүрген 

тұлпарларыңның  басы  деген  соң,  мен  бір  тұлпардың  басын  кесіп  беріп  жібердім.  Сонымен  ертеңгісі 

кешінде уәзіріңіздің екінші қызы келіп, қонақ болып, менімен бір түн бірге жатып, ол қызда қайтарында, 

менің қажетім тұлпардың бірінің басы еді деген соң, оған тағы бір тұлпардың басын кесіп беріп жібердім. 

Сонан кейін түні кешкісін уәзіріңіздің үшінші қызы келіп, қонақ болып, менімен бір түн бірге жатып, 

бағана  қайтар  кезінде  ол  да  бір  тұлпардың  басын  сұраған  соң  қалған  тұлпардың  басын  кесіп  беріп 

жібердім. Басымды үш тұлпардың басы үшін алдыңызға әкеліп тұрмын, – депті. 

Сонда  ханмен  бәс  қылған  бас  уәзір  қалтырап,  дірілдей  бастапты.  Хан  үш  тұлпарының  бірдей  өліп 

кеткеніне  ренжіп,  отырған  көпшілікке  уәзірімен  болған  бәстерін  баяндап  беріпті.  Сонан  кейін 

жендеттерін шақырып, бас уәзірдің басын алғызып тастап, оның орнына атбағушы құлды бас уәзір етіп 

сайлапты. Ат бағушы құл өтірік айтпағандықтан ақыры мұрадына жетіп, уәзір болып өмір өткізіпті. 

43. Жомарт 

Баяғы өткен заманда, халық ханнан зар илеген заманда өте әділ, өзі бай бір хан жасапты. Ол халқын халық 

оны сүйіпті. Ханның қырық уәзірі, оның ішінде өте бай, долы, шаш ал десе, бас алатын Қасым және Манап 

деген екі атақты уәзірі болыпты. Хан өте ақылды адам екен. Ол ханның тұсында өте тыныштық болып, 

халқы жақсы тұрмыта тұрыпты. Бір күндері хан екі уәзірін шақырып алып: «Я, құрметті уәзірлерім, мен 

сен екеуіңізді басқа уәзірлерге қарағанда өте жақсы, ақылды, ойшыл деп санаймын. Осыған байланысты 

сендерге бір сұрақ берейін. Оған қалай қарайсыңдар», – дейді. 

 

378 - Бөлім: Қазақ ертегілері (11) 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2075 

 

 



– Айтыңыз, айтыңыз, құрметті тақсыр, – деп, екі уәзір басын төмен иіп тәжім етті. 

–  Айтайын  құрметті  уәзірлерім.  Сендер  өте  бай,  бақытты  және  жомарт  адамсыңдар.  Бірақ,  сіздер  сол 

жомарттық неден болады деп ойлайсыңдар? Ниеттен бе, әлде байлықтан ба? 

– Бұл қандай сұрақ қояр екен? Бір қиын сұрақ болмаса нетті. Мүмкін бізді бір қиын сапарға баруымызды 

сұрар ма екен?  – деп, үрейде отырған  уәзірлер бұл  сұрақты естіп,  «е, оңай сұрақ екен ғой»  деп ойлап 

көңілденіп қувнып қалды. 

«Дүниенің бәрі байлықтан» деп ойлайтын олар, енді өз байлықтарын мадақтағандай: 

– Әрине, тақсыр, жомарттық байлықтан туады, – деді жамыраса, егер байлық, болмаса, ниеттен не шықпақ. 

Ниетте тұрған түкте жоқ. Жомарт байлықтан, – дейді. 

–  Жоқ,  уәзірлерім,  сендер  дұрыс  жауап  бермедіңдер.  Жомарт  –  байлықтан  емес,  ниеттен  туады.  Егер 

ниетің болмаса, қанша бай болсаң да жомарт емес сараң боласың, – деді хан күле. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              981 bet 

–  Жоқ,  тақсыр,  сіз  қате  айтасыз.  Жомарт  байлықтан.  Егер  қолыңда  түгің  жоқ  болса,  қанша  ниетің 

болғанмен қалай жомарт болмақсыз. Неғұрлым бай болсаңыз соғұрлым жомарт боласыз. Ендеше жомарт 

болу байлықтан. 

– Жоқ, уәзірлерім, таласпаңдар жомарт ниеттен. 

– Жоқ, тақсыр, жомарт байлықтан. 

Сүйтіп хан мен уәзірлерінің арасында келіспеушілік туып, хан уәзірлеріне, уәзірлер ханға көнбеді. Хан 

біраз ойланып отырғаннан кейін уәзірлеріне: 

– Шырақтарым, егер сендер олай десеңдер жеті күн той жасап, елге шүлен таратыңдар. Кемпір болсын 

шал болсын, қайыршы болсын елдің сұрағанын беріңдер. Егер сендердің тойларың мен шүлендерің жақсы 

өтсе, онда жомарт – байлықтан деп патшалығымның жартысын берем. Егер осы айтқанымды орындай 

алмасаңдар онда жомарт – ниеттен деп есептеймін. 

– Құп болады тақсыр – деп, екі уәзір басын иіп шығып кетеді. 

ІІ 


Тойға деген дайындық бітіп, керемет дегендей Қасым мен Манаптың жеті күндік тойы басталды да кетті. 

Жеті күн қызық думан той болып, елдер көше­көшеге лық толды. Уәзір тойы басталды дегенге жас демей, 

кәрі  демей  халықтар  жер­жерден,  түкпір­түкпірден  жиналды.  Уәзірлер  хан  айтқандай  елдерге  шүлен 

таратады. Тойдың алты күні өтіп жетінші күні дегенде хан үйінде отырғысы келмей, қызметшісіне көк 

ешек қайыршының киімін алғызды да, дыюананың киімін киіп, көк ешекке мініп, басына аққудың терісін 

жамылып,  (ол  уақытта  дыюаналардың  белгісі  басына  аққудың  терісін  жамылады  екен),  қызметшісіне 

ешкімге айтпауға бұйырып бірнеше алтын ақша берді де, жолға шығып жүріп кетті. 

Көк ешек мінген басына аққудың терісін жамылған диуана бірінші уәзір Қасымның есігінің алдына келіп: 

– Ақ, мың ділдәдан кем берсең алмаймын­ақ, – деп айғай салды. 

Мұны естіген қыметшісі бұл сөзді Қасымға жеткізді. Қасым: «Әй, бұл үйде кісі сыймай отырғанын өзің 

көріп  тұрсың  кісісі  аз  ғой  анау  Манаптыкіне  барсын».  Қызметші  үйден  жүгіріп  шығып:  «Әй,  дыюана 

мұнда кісі көп анау Манаптыкіне бар. Білдің бе? Онда кісі аз», – деді. 

– Ең болмаса нан ауыз тигізсін, – деп, айтты де шырағым. Қызметші бұл сөзді де Қасымға жеткізді. «Ой, 

сол диуаналар­ақ нан тілейді де жүреді екен. Ана нанның қалдығын апарып бер», – деп, Қасым дастархан 

үстінде жатқан нанның күйіктерін көрсетті. Қызметші нан күйіктерін жинап әкеп, диуанаға берді. Диуана 

оны таза бір шүберекке орады да дорбасына салып жүріп кетті. Диуана екінші уәзір Манаптыкіне келді 

де: 

– Ақ, мың ділдәдан кем берсең алмаймын­ақ, – деп айғай салды. Мұны естіген Манап өзі шығып: «Қария 



мұнда кісі сыймай отыр, бос қой анау Қасымдыкіне барсаңызшы», – деді. 

– Қарағам­ай, нанда болса ауыз тигізсеңші. 

Манап  қайтіп  үйге  кірді  де  қызметшісінен  бір  үзім  нан  беріп  жіберді.  Диуана  оны  ақ  орамалға  түйіп, 

дорбасына салып алып жүріп кетті. Оның қайда барғанын кім білсін, сол кеткеннен басқа бір жаққа кете 

барды. 

Ертеңіне уәзірлердің жеті күндік тойы бітіп «Уһ» – деп, бір демалысты да, енді ханды жеңген шығармыз 



жарты хандық біздікі болатын болды ғой деп екеуі ханға келді. Келсе хан баяғы қалпында, баяғы түрінде 

отыр екен. Ханға бас иіп, екеуіде «алдярлап» сәлем берді. Хан уәзірлерінің сәлемін алып: «Я, уәзірлерім 

тойларың қалай өтті», – деді күлімдеп. 

– Я, тақсыр, жеті күндей той жасап, елге шүлен тараттық. Өте жақсы өтті, енді сіздің жарты хандығыңыз 

біздікі болмақ. 

– Жарайды болсын, бірақ, сендер жомарт неден деп таптыңдар. 

– Әрине, тақсыр «жомарт» байлықтан болды ғой енді. 

– Жарайды болсын. Енді сендерге тапсыратын бір жұмысым бар. Ол мынау: «Менің бүгін түнде жақсы 

дөнен қойларым жоғалды. Сол қойларымды бүгін тауып әкеліңдер және ұрлаған кісіне де ұрмай соқпай, 

тиместен  алып  келіңдер.  Егер  оны  алып  келсеңдер  хандығымды  түгел  беремін»,  –  деп,  қойларының 

түр­түстерінің бәрін айтып берді. 

– Құп, тақсыр, – деп, хандығымды түгел беремін дегенді естіген уәзірлері атқа мініп, көшені аралап, шаба 

жөнелді.  Қасым  мен  Манап  қойларды  еш  жерден  таппай,  әбден  шаршап,  енді  базарға  баралық  одан 

таппасақ, қайталық, ертең іздерміз деп базарға келді. Базарға келсе топ саудашының ңшңнде бір жас бала 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              982 bet 

жеті қойдың терісімен етік сатып тұр екен. Уәзірлер терілерін анықтап қарап тура ханның айтқанындай 

жеті қойдың терісі екенін таныды да «Ә, ұры бала сен бе едің» деп бас салып сабай бастады. 

– Ағатайлар­ай мен ұры емеспін, бұл өз қойым, өз еңбегім жіберіңіздер шынымды айтамын, – деп бала 

зарлап босанғысы келгендей бұлқынады. 

– Өмір үніңді, иттің баласы. Хан қойларын ұрлауыңмен қоймай, оны сойып жіберіп сатып тұрғанын. Тағы 

өзі  «мен  емес  жібер»  дейді  ғой.  Міне  саған  жіберген,  –  деп,  Қасым  баланы  тартып­тартып  жіберді. 

«Ағатайлар­ай, мен ұры емеспін» – деп безектейді жас бала. Үйіріле соғылған қайы қамшы тыз­тыз етіп, 

баланың етін пышақпен кескендей қылды. Бірақ, зарлаған балаға жан ашыр уәзірлер ме «міне саған ұры 

емес, міне саған ұры емес», – деп ұруды үдеткен­үстіне үдетеді. 

Уәзірлер жеті теріні және баланы алып ханға келді. 

– Алып келдік тақсыр. Қойыңызды ұрлаған бір жетім бала екен. Есік алдында тұр, – деді жарыса сөйлеген 

уәзірлер. 

– Әкеліңдер, баланы бері, – деді хан екі  уәзіріне. Екі  уәзір далаға жүгіре шығып баланың екі қолынан 

сүрей­мүйрей, тері­мерісімен ханға алып кірді. «Тақсыр, қойларыңыз мынау ма?» – деп екеуі жеті теріні 

бірінен соң бірі көтерді. «Дәл өзі» – деді хан шіреніп. 

–  Ол  емес  тақсыр,  бұл  менің  өз  еңбегім,  –  деп  бала  зарлап  жылап  қоя  берді.  Хан  баланың  бетіндегі 

қамшының ізінен түскен таңбадан тамшылаған қанды көріп сұрланып кетті. 

–  Иә,  уәзірлерім.  Айтқанымды  орындап  сабамай­ақ  алып  келіпсіңдер,  –  деді  хан  мысқылдап.  Қане, 

баланың  арқасын  көрсетіңдерші  маған.  Қасым  барып  баланы  теріс  айналдырды  да,  жейдесін  көтеріп 

баланың арқасын көрсетті. 

Хан баланың арқасының білеу­білеу болып ісіп кеткенін көріп күрсінді де, баланы алдына шақырып алып: 

– Қарағым мына қойларды қайдан алдың, – деді. 

Бала ханның қарағым дегеніне іші жылып кетіп, жылағанын қоя салды да: 

– Тақсыр, бұл менің табан ақы, маңдай теріммен тапқан малым. Мен ұры емеспін тақсыр, – деп, әңгімесін 

бастады. 

ІІІ 

– Құрметті тақсыр, менің әкем жас кезімде қайтыс болды да содан ес білгенге дейін шешем асырап келді. 



Мен ес білгеннен кейін шешемнен де әл кетіп ауырғыш болып алды. Ақыры жоқшылықтың зардабынан 

Кенбай деген байға жеті жасымнан бастап қой бағатын жалшы болып орналастым. Жаста болса ерінбей 

қарамағымдағы қойларымды өте жақсы күтіп, баптап өсірдім. Қыстан да малдарым күйлі, жардай семіз 

болып шықты. Содан Кенбай байдың қадірлі жалшысының бірі мен болдым. Малдарды өлтірместен өте 

жақсы өсіргеніме ол маған жылына бір қойдан ақымды төлеп тұрды. Кенбай байдың қолында алты жыл 

жұмыс  істеп,  ақыма  алты  қой  алдым.  Ақырғы  жетінші  жылдың  аяғында  мен  басқа  жаққа  жұмысқа 

тұрмақшы болып ол кісіден сұрандым. Ол кісі әрең­әрең қимастан мені босатып ақырғы жылыңның еңбегі 

деп бір қой, оған қоса «жеті жылда бірде бір қойымды өлтірмей аман, күйлі ғып өсіргенің үшін сыйлығыңа 

алты қой бердім» – деп, жеті қой берді де маңдайымнан сүйіп аттандырды. Сүйтіп жеті қойды айдадымда 

үйге әкеп қораға кіргізіп қойдым. Сол күні кеште есік алдында отын жарып тұр едім астына көк ешек 

басына аққу терісін жамылған диуана келіп: 

– Қонақпын қарағым, – деді. 

– Қонақ болсаңыз қоныңыз, үй міне қария деп үйді көрсеттім. Мен ес білгелі келген бірінші қонақ еді. 

Сондықтан мен оған дыюана болсада қатты қуандым. Бұрын  «біздікіне өмірі қонақ келмеді­ау»,  – деп 

режуші едім. Енді қонақ келгеніне әкем қайта келгендей қуандым. Диуананы үйге кіргізіп, астына жалғыз 

көрпемді салдым. Қонақ аты, жөнімді, не жұмыс істейтінімді және тұрмысқа байланысты сұрақтар берді. 

Мен  жауап  беріп,  өз  аты­жөнін  сұрауға  ұялып  далаға  шығып  кеттім.  Жеті  қойдың  бірін  әкеп  шешем 

екеуміз сойып, басын үйтіп қазанға салғалы жатқанымда әлгі диуана: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет