ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет16/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   153

- Суда балықша жүзу ежелгі арманым еді, обалыма қалдыңдар, - деп, балықшылардың өздеріне байбалам 

салыпты. 

 

63 - Бөлім: Оған саспай-ақ қой 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1760 

 

 



Қарызға белшесінен батқан бір кісі Қожаға айтыпты: 

-  Мойнымдағы  қарыздарды  үзгенше  әзірейіл  жанымды  алып  қоймаса  жарар  еді.  Қожекең  оған  көңілін 

көтеріп: 

-  Сенің қарызың үзіліп біткенше әзірейіл қартайып, жаныңды алуға да күші жетпейтін болар, оған саспай-

ақ қой, - депті. 

 

64 - Бөлім: Қожанасырдың қой сойып алуы 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              99 bet 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1761 

 

 

Қожекең көшеде адасып жүрген бір қойды үйіне әкеп сойып алады  және оны сыр ғып бір жолдасына 



айтады. 

Жолдасы Қожекеңе «кияметке барғанда не деп жауап бересіз?» - дейді. 

-  Танамын, мен жегенім жоқ, деймін. 

-   Жоқ, тана алмайсыз, қойдың өзі келіп куә болады ғой! 

-   Қойдың өзі келсе тіпті жақсы болар еді, ұстап  алып иесіне берер едім, - депті Қожанасыр. 

 

65 - Бөлім: Тоғыз теңге болса да берші 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1762 

 

 



Қожекең бір күні түс көреді. Түсінде тәжі қоразы бар екен дейді. Алдына бір кісі келіп: 

-    Қожа, қоразыңызды сатасыз ба? - деп сұрайды. 

-    Ақшаны көп берсең сатамын, - дейді. 

-    Кәне, қаншаға бересіз? - дейді кісі. 

-    Он екі теңге бер. 

-    Жеті теңге берейін. 

-    Жоқ. 

-    Болмаса сегіз теңге берейін.Осылай таласып, нарық тоғыз теңгеге шыққанда, Қожанасыр оянып кетіпті. 

Оянса қоразы да, алушы да, ақша да жоқ. Қожекең дереу көзін жұмып: «Тоғыз теңге болса да берші!» - 

деп қолын созады. 

 

66 - Бөлім: Қожанасырдың ораза ұстағаны 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1763 

 

 



Қожанасыр бұрын ораза ұстамаған кісі екен. «Пайғамбар жасына келіп қалдың, енді ораза мезгілі жетті»,-

деп, әйелі  мазалай берген соң Қожанасыр келісіп, ораза ұстапты. Бірақ қарны ашқан соң Қожа күннің 

көзінің  ауыл  сыртындағы  тауға  жетіп  жасырынуын  шыдамсыздана  күтетін  болыпты.  Шыдамы  кеткен 

Қожекең бір күні «ақыл таптым» деп, үйін жығып есегіне арта  бастапты. Әйелі аң-таң болып:  «Бұның 

не?» - деп Қожакеңнің бірдемені бүлдіретінін сезіп, безек қағады. Қожанасыр: 

    «Үндеме, ақыл таптым, ораза біткенше күннің қысқа еріне барып отырамыз», - деп, таудың нақ шығыс 

жағындағы бір шұңқырға апарып үйін тігіпті. Бұл жерден күннің көзі түс ауса-ақ тауға жасырынып, қара 

көлеңке тартып кетеді екен. Қожекең күннің қара көлеңке болуы аңдып тұрады да, күннің көзі таудан 

асысымен: «Қатын, күн батты, ас әкел!» - деп, аузын аша беретін болыпты. 

 

67 - Бөлім: Ақ көйлек 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1764 

 

 



Қожанасыр  бір  күні  түнде  далаға  шықса,  есіктің  алдында  ағарып  тұрған  бір  затты  көреді.  Жалма-жан 

үйіне  жүгіріп  кіріп,  мылтығын  алып  шығып,  әлгі  ағарғанды  атып  тастайды  да:  «Не  де  болса  ертең 

көрермін», - деп үйіне кіріп жатып қалады. Ертеңінде тұрып түндегі атқан нәрсесін қараса, ол өзінің жуып, 

жайып қойған көйлегі екен, мылтықтың оғы шұрық-тесік қып кетіпті. Қожа көйлегін әрі-бері айналдырып 

көріп тұрып: «Қатын, қатын, апырай, көйлегімнің ішінде өзімнің болмағаныма шүкір, егерде өзім болсам 

не болар едім?» - депті 

 

68 - Бөлім: Айды аспанға бір шығардым 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              100 bet 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1765 

 

 

Қожанасыр бір күні  әбден шөлдеген соң су алып ішпек болып, түнде құдыққа барады. Құдыққа қауға 



салып  тартса,  шықпайды.  «Бұған  не  болды?»  -  деп,  Қожанасыр  үңіліп  қараса,  құдықтың  түбінен  ай 

көрінеді.   «Ә, қауғам айға ілініп қалған екен ғой», - деп, Қожа жұлып тартып қалғанда, қауғасы шығып 

кетеді, өзі шалқасынан түседі. Жерге басын соғып, есеңгіреп қалған Қожанасыр әлден уақытта көзін ашса, 

ай аспанда тұр. Сонда Қожекең қуанып: 

- Не болса, о болсын, айды аспанға бір шығардым-ау! - депті. 

 

69 - Бөлім: Абай мен Қиясбай 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1766 

 

 



Қиясбай  бірде  Абайдың  үйіне  кіріп  келіпті.  Басына  киген  қызыл  елтірінің  жүнін  сыртына  қаратып, 

пұшпағынан байлап қойыпты. Абай оның басына қараса, Қиясбай: 

- Абай аға, сені білгіш дейді, менің басыма кигенім ненің терісі, тапшы? - депті. Абай күліп: 

- Мен қайдан білейін, өзің айтпасаң, - депті. Қиясбай: 

- Бәлі, Абай аға, бұл аң-таңның терісі емес пе,-депті. Абай көзінен жас аққанша күліп: 

«Жүрген жерің күнде ду, 

Сыртың - аңқау, ішің - қу», -депті. 

- Таптың, Абай аға, таптың, - деп Қиясбай басын изеп күліпті. Сонан кейін: 

-  Абай аға, маған мына қағазыңды, қарындашыңды берші, жазайын, - депті. 

-  Қияс, жаза ғой, - деп Абай қағаз, қарындаш беріпті. 

Қиясбай қағаздың бетіне иір-иір етіп шұбыртып шимайлап шығыпты да: 

- Абай аға, сені жеті жұрттың тілін біледі дейді, мына жазуды оқышы, - депті. Абай: 

- Әй, Қиясбай, мына жазғаның оқуға келмейді ғой, -деп күліпті. 

- Әй, Абай аға-ай, сізді ел босқа мақтайды екен, бұл айғыр тышқанның ізі емес пе, - депті. 

Қиясбай сыбызғышы болыпты. Оның қонышында жүретін, ырғайдан ойып, өңешпен қаптаған сыбызғысы 

болады екен. Бір күні Қиясбай сыбызғысын тартып келе жатқанын Абай есітіп, бір жігітке: 

- Ана Қиясбай келеді, шақыр,- депті. Қиясбай келіп отырғаннан кейін Абай: 

- Қиясбай, сені ақын дейді ғой, өлең айтшы! - депті. Қиясбай сыбызғысын ойнап, өзінше өлеңдетіп қоя 

беріпті. 

- Ақ сиырдан туады жирен айғыр

Қойға қасқыр шабады шоқаң-шоқаң. 

Көктен жауып келеді боталы інген, 

Буынғаным белімде сексен арқан. 

Абай  козінен  жас  аққанша  күліп,  өлеңін  қайта  айтқызыпты.Тобықтының  шынжыр  балақ,  шұбар  төс 

шонжарлары Абай үйінде мәжіліс құрып отырады. Осы мәжіліс үстіне кенет Қиясбай кіріп келеді. Ешкім 

оны келдің-ау, кеттің-ау деп елемейді. Қиясбай сәл бөгеліп тұрады да: 

- Уа, игі жақсы тақсырлар, - дейді дауыстап, -Абай ағамда оңаша айтарлық бір шаруам бар. Барлығың да 

шыға тұрыңдар! 

«Мына неме не дейді?» - дегендей, төрде отырғандар  терісіне сыймай дүрдиісіп Абайға қарайды. Абай: 

- Иә, Қиясбайдың оңаша айтарлық шаруасы болса, шыға тұрыңыздар, - дейді. Жұрт амалсыздан дүрлігіп 

сыртқа беттейді. 

- Немене, Қиясжан? - дейді Абай оңаша қалған соң. 

-  Абай  аға,  маған  ұрыса  көрме,  жаңағы  иттерің  мені  адам  құрлы  көрмеді.  Соларға  өзімнің  күшімді 

көрсетейін деп, әдейі айтып едім, - дейді Қиясбай. 

- Қияс, ризамын. Тапқырлығың үшін қой берейін,алып кете аласың ба? - дейді Абай ішегі қатқанша күліп. 

- Алып кетпейтін несі бар, - дейді Қиясбай қулана жымиып. - Абай ағам өңгертеді деймісің, айдатады да 

жібереді. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              101 bet 

-    «Сөз  тапқанға  қолқа  жоқ»,  -  деп,  Абай  оған  он  шақты  қой  айдатып  жіберіпті.  Қиясбай  сақа  жігіт 

болғанша үйленбепті. Бір күні Абай оған: 

- Осы сенің не ойлағаның бар? Үйленетін уақытың жетті емес пе? - депті. 

- Ұнатқан қызымды әперсең үйленемін. 

- Әперейін. 

-  Алдымен  қыз  қарап  көрейін.  Содан  соң  ұнатқанымды  өзіңе  келіп  айтармын.Бір  күні  қазанның  қара 

бораны соғып тұрғанда, Қиясбай ебіл-дебіл боп Абайдың үйіне жетіп келіпті. 

-  Абай  аға,  тезірек  шықшы,  ұнатқан  қызымды  көрсетейін.  Абай  шапанын  жамылып  сыртқа  шықса, 

жамыраған бұзауына қарай жүгіріп бара жатқан қызды көрсетіп: 

- Анау! - депті Қиясбай. 

- Екеуің бірігіп, шаруа құрып кете аласыңдар ма? -дейді Абай сәл ойланып. 

- Несі бар, сізге ұнамай тұр ма? 

- Қайдам... 

-  Ендеше,  өз  көзіңізді  былай  алып  қойып,  орнына  менің  көзімді  салып  тағы  да  бір  қараңызшы,-  депті 

Қиясбай. 

- Сезім айнасы - көз, әділет қазығы - аталы сөз, -депті Абай. - Айтқаның болсын. Құдалыққа кісі жіберейін. 

 

70 - Бөлім: Абай мен Әбіш 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1767 

 

 



Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол: 

-    Абайжан,  өзіңе  асыл  сөз,  алғыр  ой  тауып  айтқан  кісі  болды  ма?  -  деп  сұрапты.Абай  сәл  ойланып 

отырыпты да: 

-  Менің  Әбдірахман  деген  балам  бар  еді.  Оны  тоғыз  жасында  Семейдегі  орыс  мектебіне  оқуға  бердім. 

Оны бітірген соң, Петербурға жібердім. Қыс оқып, жаз демалысқа үйге келді. Сұрастырып байқасам, оқуы 

жақсы көрінеді. Баламның алымдылығын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып: 

-  Қалқам  Әбіш,  осы  әлемдегі  жаратылыста  ақ  зат  асыл  ма,  қара  зат  асыл  ма?  -  деп  сұраған  едім.  Ол 

іркілместен: 

-  Ақ зат асыл ғой, - деді. 

-  Неге, қара зат асыл емес пе? - дедім мен. Әбіш бетіме қарап күлді де: 

-  Қараны қалай асыл дейсіз? - деді. Мен: 

-  Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен кереді емес пе, - дедім,- Бірақ көздің 

ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. Қараның асылдығына осы дәлел. Екіншіден, 

қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне жазған қара сиядан 

өнер-білім  алады.  Үшіншіден,  жас  шақта  адамның  сақал-шашы  қара  болады.  Осыған  байланысты  жас 

күнде адамда ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда шаш-сақал ағарады. Ал, адамда ақыл, білім, 

қайрат та азаяды. сондықтан ақтан қараны асыл ма деп ойлаймын, - дедім. 

Сонда Әбіш: 

-  Оның бәрін қалай білдіңіз? - деді. 

-  Ақылмен білдім, - дедім мен. 

-  Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе! 

Екіншіден, ақыл - нұр, жарық зат. О да аққа ұқсамай ма? - деді. 

Мен баламның тауып айтқан сөзіне риза болып, маңдайынан иіскедім. 

 

71 - Бөлім: Дос бол мен Шоқайдың Ерденге көңіл айтуы 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1768 

 

 



Ерденнің  жалғыз  баласы  қайтыс  болғанда,  аяқ  жетер  жердегі  ел  түгел  келіп,  көңіл  айтса  да  басын 

көтермей, сартөсек боп сарғайып жатып алыпты. Бұл хабар тигеннен кейін Сыр бойындағы Досбол мен 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              102 bet 

Шоқай ел арасы шалғайлықтан жетінші күні жетіпті. Үйге кіріп, өлгенге - иман, тіріге - береке тілеп, бет 

сипасқан соң: 

- Уа, Ерден! - депті Досбол, - өлмесе қайда кетті бұрынғының кәрісі? Әлемді жалмап-жұтса да, өмірінде 

тоймаған  қара  жердің  талысы!  Өткенге  өкінбе,  келмеске  күйінбе,  өлім  деген  -  ұзын  жолдың  алысы. 

Туғаннан кейін барлық жанның қабір емес пе барысы? Құдайға мұнша наз қылатындай ашынасы ма ең, 

әлде көз көрген танысы ма ең?! 

    Бұған  да  мызғымаған  соң  Шоқай  малдас  құрып  отырған  қалпынан  ауысып,  жүгіне  қос  тізерлеп, 

қамшысын мықынына таяна ұстап, аңға түсер мұзбалақтай шаңқ етіп: 

   -Ей, батыр Ерден! Басыңды көтер жерден! Құдайға құдіреттімін деп, мейманасың тасып кеткен екенсің 

кердең?! Мыңды айдаған әкең Сандыбай да қара жерге енген! 

   Оны мына Шоқай көзімен көрген! Әулие болсаң, әкеңді де балаңды да алып қалуға әлің қане, келген?! 

Көкті бу көтереді, жүйрікті ду көтереді, өлімді ер көтереді, ауырды нар көтереді! Ер емес пе едің талай 

құқайды  көрген?!  Тағы  да  айтамын  басыңды  көтер  жерден?!  Құнсыз  беріп,  пұлсыз  алды,  нең  бар  еді 

құдайға берген?! - депті. 

   Сонда Ерден төсегінен шүйіле көтеріліп, сартап боп сарғайған жүзін орамалымен сипап: 

-        Уа, асып туған асылдар! Қайғырсаң да қаншама,өлі артынан өлмек жоқ. Құрдымға хайыл кеткен соң, 

екі  айналып  келмек  жоқ!  Көтермесем  басымды,  көңілім  өксік  қаяулы!  Ардақтыларым  едің  аяулы, 

саңлақтыларым  едің  санаулы!  Көңілде  қайғы,  шеменшер,  төбелерің көрінбеген  соң,  күтіп жатыр  едім, 

өздеріңдей  асыл  ерлерді  жараулы!  -  деп,  құшақтаса  көрісіпті.  Досбол  мен  Шоқай  үш-төрт  күн  болып 

Ерденнің көңілін демдеп, қайғысын бөлісіп аттанған екен. 

 

72 - Бөлім: Қожанасыр туралы қысқа аңыздары 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1769 

 

 



Қожа көшеде адасып жүрген бір қойды ұстап, сойып алады. Оны бір жолдасына сыр ғып айтады. Жолдасы: 

— Қияметке барғанда не деп жауап бересің? — дейді. 

— Танамын, мен жеген жоқпын деймін. 

— Жоқ, тана алмайсың, қойдың өзі келіп куә болады. 

— Онда тіпті жақсы, ұстап алып, иесіне қайтарып беремін, — депті Қожекең. 

 

*** 



Қожекең басына сәлдесін орап, көшеде келе жатады.  

Біреу аптыға жүгіріп келіп: 

— Мына хатты оқып беріңізші! — деп өтініпті. 

— Мен хат танымаймын. 

— Ендеше неге басыңызға сәлде орайсыз? 

— Е, мәселе сәлде де болса, мә, басыңы ора да, хатыңды оқып ала ғой, — депті оған Қожекең. 

 

*** 


Хан Қожанасырды шақырып алып, алдына ақша қойыпты да былай депті; 

— Қожеке, мынау бір сом мен бір тиын. Осының қайсысы көп, соны айтшы? 

Қожа ойланып тұрып: 

— Әрине, бір тиын көп, — депті. Таң қалған хан: 

— Неге бір тиынды көп дейсің? Себебін айтшы? 

— Себебі, бір сом дегенде алты әріп бар. Ал бір тиын дегенде жеті әріп бар. Өзіңіз айтыңызшы, алты көп 

пе, жеті көп пе?.. 

 

*** 



Қожекең  бірде  бояу  шеберханасын  ашады.  Шеберханаға  келіп-кетіп  жатқандардың  бірі  Қожекеңді 

мұқатпақ болып: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              103 bet 

— Қожеке, мына бір затты ешкім естімеген, ешкім көрмеген яғни, қара да емес, ақ та емес, көк те емес, 

қызыл да емес, сары да емес, жасыл да емес, қоңыр да емес, сұр да емес, бір түске бояп берші, — дейді. 

Қожанасыр оның кекесінін түсіне қояды: 

— Жарайды, айтқаның болсын, тастап кет. 

— Қашан келейін? — дейді анау, қулығын асырдым деп мәз болып. 

— Қашан келсең де өз еркің. Бірақ сен келетін күн дүйсенбі де, сейсенбі де, сәрсенбі де, бейсенбі де, жұма 

да, сенбі де, жексенбі де болмасын, — дейді сонда Қожанасыр. 

 

*** 


— Мен жақында есік алдына өрік шыбығын отырғыздым. Жеміс берген кезінде бәріңді өрікке сылқитып 

бір тойғызбақшымын, — дейді Қожа жолдастарымен отырғанда.  

— Ой, рахмет, Қожеке. Осы тәтті лебізіңнің өзіне өрік жегендей тойып қалдық, — деген олардың сөзін 

естіген Қожа: 

— Өрікке тойып қалсаңдар, отырғызған шыбықтарымды жұлып тастап, алма ағашын отырғызайын. Бұған 

да мерзімінен бұрын әлгіндей тойып қалсаңдар мені тер төгіп еңбектенуден құтқарар едіңдер, — дейді. 

 

*** 


—  Соңғы  күндері  сені  әлдебір  ой  меңдеп  алған  тәрізді.  Нендей  ой  екенін  мағанда  айтсаңшы,  бәлкім 

жәрдемім тиер,- депті Қожаға кемпірі. Сонда жарықтық терең күрсініп: 

— Жаман айтпай жақсы жоқ. Қатын, әбден қартайыпсың. Екеуміз отау құрғанымызға да қырық жылдан 

асыпты. «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» деген. Танысып қоялықшы, осы сенің атың кім? — 

деген екен. 

 

*** 



— Теңіздің суы неге ащы? — деп сұрапты біреу Қожанасырдан. 

— Теңіздің суы қозғалыссыз бір жерде тұрады, сондықтан ашып кеткен ғой, — депті Қожанасыр. 

 

*** 


Әпенді мен Алдаркөсе Ыстықкөл жағалауын айналып жүр екен. Алдаркөсе Әпендіден: 

— Қожеке, мына көлдің суы неше шелек шығар екен? — деп сұрапты. 

Әпенді ойланбастан: 

— Осы көлдей шелек тапсаң, бір-ақ шелек шығады, — деген екен. 

 

73 - Бөлім: Аяз би 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1770 

 

 



Ертеде  Мадан  деген  хан  болыпты.  Хан  болған  соң,  оның  қырық  уәзірі  болады  ғой.  Бір  күні  хан 

уәзірлерімен мәжілістес болып отырып: 

-        Уәзірлерім! Сендер қырқың да, асып туған ақылды, данышпан едіңдер. Мен сендерді бір жұмысқа 

жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның жаманын және шөптің жаманын, құстың жаманын тауып 

келіңдер. Он бір ай уақыт беремін. Сол он бір айдың ішінде тауып келмесеңдер, жазалы боласыңдар! - 

деді. Хан бұйырған соң, амал жоқ! Уәзірлері  өзара  ақылдасып, іздеуге кіріседі. Көп іздеп, азап шегіп, 

шеңгел деген шөпті тауып: «Өзі - тікен, арасынан жүрсе, киім жыртады, мал жемейді екен, шөптің жаманы 

осы  гой»,  -  деп,  шеңгелді  алады.  Қырғауыл  деген  құсты  тауып:  «Үстінде  жүні  жоқ,  ұсқыны  келіссіз, 

құстың жаманы осы екен», - деп, қырғауылды атып алады. Енді адамның жаманын таба алмай, қырық 

уәзір келе жатса, таудың етегінде, үстінде жыртық тоны, басында тері тымағы бар, бір адам бес-он қойды 

бағып жүр. Уәзірлер: «Адамның жаманы, сірә, осы болар-ау», - деп тұрганда, әлгі адам: 

-        Уа, мырзалар, жол болсын! - деді. Уәзірлер ханның сондай бір жұмысқа жұмсағанын, шөптің, құстың 

жаманын тауып, ал адамның жаманын таба алмай жүргендерін айтады. Жаман тұрып: 

-        Түсінікті! Адамның жаманы керек болса, мен боламын, - дейді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              104 bet 

-        Олай болса, жарайды, - деп, Жаманды атына мінгестіріп алып ханға жөнеледі. Ханға келе жатып, 

Жаман: 

-        Адамның жаманын тауып алдыңыздар, бірақ шөптің жаманы мен құстың жаманын таба алмаған 



екенсіңдер. Шөптің жаманы - қарақоға, құстың жаманы - сауысқан еді, - деп, уәзірлерге қырғауыл мен 

шеңгелді тастатып, олардың орнына қарақоға мен сауысқанды алдырған. Уәзірлер мәнісін сұрайын деп 

еді: 

-        Хан алдында айтамын, - деп Жаман сөйлемеді. Уәзірлер келген соң, хан әкелген адамға қарап: 



-        Әкелген адамдарың жарайды. Қазірге аспазшыға апарып беріңдер, көже мен нан берсін, сыйласын. 

Ертең ортаға алып, тамаша етеміз, - деп, Жаманды ас үйге жібертеді. 

-        Бірақ, - дейді хан, - құстың жаманы мен шөптің жаманын таба алмаған екенсіңдер. Құстың жаманы 

- қырғауыл, шөптің жаманы шеңгел еді. Осыны көре, бұларды әкелулеріңнің не жөні бар еді? - деп, хан 

уәзірлерге қатулана бастайды. Сонда уәзірлер: 

-        Тақсыр! Айтқаныңыз дұрыс! Біз, шөп жаманы деп - шеңгелді, құс жаманы деп - қырғауылды алып 

едік. Бірақ жолшыбай әлгі жаман: «Шөптің жаманы - қарақоға, құстың жаманы - сауысқан», - деп, бізге 

оларды тастатып, қарақоға мен сауысқанды алдырды, - деп, жауап береді. Хан тоқтаңқырап: 

-        Е, Жаманның не білгені бар екен? Шөптің жаманы - қарақоға, құстың жаманы - сауысқан екенін 

қайдан  біледі?  Алып  келіңіздер!  Сұралық,  -  деп,  бұйрық  етеді.  Жаманды  ханға  алып  келеді.  Хан 

Жаманның бетіне қарап: 

Мен  құстың  жаманы  -  қырғауыл,  шөптің  жаманы  -  шеңгел  деп  ойлаушы  едім,  сен  оларды  уәзірлерге 

тастатыпсың. Сен шөптің жаманы - қарақоға, құстың жаманы - сауысқан екенін қайдан білдің? - дейді. 

-              Тақсыр хан! Елу  жасқа келіп жаман болған  жоқпын, жасымнан-ақ жаман едім. Өмірім отын, су 

тасумен кісі есігінде құлшылықта өтті. Сол уақытта шеңгелді әкеліп отқа жақсам, кешке жаққан отым 

ертеңіне дейін, сексеуілдің шоғындай жайнап жататын еді. Сол уақытта  «Киім жыртып, мал жемейтін 

шеңгел отын болып, пайдаға асады екен-ау», - деп, ойлаған едім. Ал енді қарақоғаны алып, отқа жақсам, 

жанбайтын еді, үрсем, жалыны мен шоғы бірге сөніп, күлі бұрқырап үйдің ішін алып кететін еді. Отқа 

жанбаған  соң  апарып  малға  салсам,  барлық  мал  мұрнын  жиырып,  жемейтін.  Сонсоң:  «Қарақоға  тіпті 

пайдаға аспайтын шөп қой», - деп ойлаушы едім. Қарақоғаның жамандығын содан білдім, - дейді Жаман. 

-        Сауысқанның жаман екенін қайдан білдің? - дейді хан. 

-        Қырғауылдың қанаты бар да, жүні жоқ болса да, адамның пайдасына жарайтын құс еді. Біреудің 

сиықсыз болуы оның жаратылысынан. Қырғауылдың айыбы - тек сиықсыздығы. Ал сауысқанның жүні 

ала болғаны сияқты, өзі де ала, бірлігі жоқ. Екеуі бірігіп ұшпаған, екеуі бірігіп қонбаған, адам пайдасына 

аспайтын құс еді. Сондықтан құс жаманы - сауысқан деймін. 

-        Сауысқан мен қарақоғаның жамандығын білдің. Енді өзіңнің жамандығыңды қайдаң білдің? - дейді 

хан. 

-        Уа, тақсыр! Менің жасым елуге келді. Мен қатарлылар әйел алып, бала көрді; келін жұмсап, қызық 



көріп  отыр.  Мен  қайда  болса  сонда,  әлі  күнге  дейін  әркімнің  артына  мінгесіп,  басқа  біреудің 

құлшылығында жүрмін. Енді мен жаман емей, жақсымын ба?  - деп, Жаман ханға қарайды. Хан басын 

шайқап: 

-        Апыр-ай, осы жаман болса жарар еді, - деп ойлап: 

-  Құстың, шөптің, өзінің жамандығына да дәлел  айттың. Жарайды. Енді  менің бір тұлпарым бар, соны 

сынап бересің бе? - дейді. 

-        Жақсы, сынап берейін, - деп, тұлпарды алып келген соң, Жаман тұлпардың алды-артына қарап:  

- Тұлпарыңыздың сипатынан мін таба алмадым. Енді мініп қарар едім, - деп, ханнан рұқсат сұрап алып, 

тұлпарға мініп, есік алдындағы өзеннен әрі-бері өтті де, кайтып келіп: - Тақсыр! Тұлпарыңнан басқа мін 

таба алмадым. Тұлпарыңыз тек сиырға шатыс екен, - дейді. 

-        Апыр-ай, оны қайдан білдің? Айтқаның рас. Менің Ақша хан деген құдам бар еді. Соның тұлпар 

табатын бір биесін қалап алдырғанмын. Бие күні жетіп, құлынды туа алмай, өлер болған соң: «Бие өлсе 

өлсін, құлын қалсын», - деп, ішін жарып, құлынды алғанмын. Сол құлын осы еді, әбден отығып кеткенше, 

сиырдың  сүтімен  асырап  едім.  Ал  енді  сен  мұның  сиырға  шатыс  екенін  қайдан  білдің?  -  дейді  хан 

таңданып. Тұлпарыңыз судан әрі-бері өткенде, аузын суға малып, артқы аяғын сілкіп өтті. Сиыр күніне 

қырық суарсаң да судан айдағанда, аузын суға малмай, артқы аяғын  сілікпей, өтпеуші  еді. Тұлпардың 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              105 bet 

сиырға  шатыс  екенін  сонан  білдім,  -  дейді.  Жұрт  таң  қалып,  бір-біріне  қарасады.  Хан  біраз  ойланып 

отырып: 

-        Енді менің бір гауһар тасым бар. Ол тастың Сүлейменнің жүзігіндей, Мұсаның асасындай, Дәуіттің 

қоржынындай  қасиеті  бар.  Сол  тасымның  қандай  қасиеті  бар  екенін  тап,  -  деп,  қазынасындағы  тасты 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет