ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет19/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   153

Екі мырза ойлайды: «Ешкім сатқан емес екен, өзі боталап қашып кеткен екен, керуендер бізді алдаған 

екен. Енді біз барғанша керуендер көшіп кетеді. Біз бара алмайтын болдық!» –  деп қапаланып тұрады. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              118 bet 

Сол  уақытта  Бозінгеннің  ботасы  емізік  еметін  уақыты  болып,  боздайды.  Ботаның  дауысын  есітіп,  екі 

қызға мырзалардың айтқаны: 

– Жалмаңдаған сары қар, 

Жалынға күйген қара қар. 

Енесінен айырып, 

Жас ботаны қылдың зар! 

Екі жерде зарлатып

Кемпір мен шалдың пейілі тар. 

Ыңырсыған үйінде 

Жас ботаның үні бар. 

Тау менен тас күңіренді, 

Боз інгеннің күйіне, 

Жаратқан Жаппар құдая, 

Енесінен айрылған, 

Жетім бота тірі ме?! 

Мұны  естіп,  кемпір-шал  өздері  шығып,  мырзаларға  жалынып:  «Күнәмді  кешкін!»  –  дейді.  Мырзалар 

кемпір-шалдың күнәсін кешеді. 

Алпыс ділдәні алып, күн-түн қатып, сыдыртып барса, керуендер түстен кейін көшуге қамданып жатыр 

екен. Ділдәсін беріп, түйені алып, келе жатқанда: «Ботам өлі ме? Тірі ме?» – деп, Бозінгеннің зарлағаны: 

– Құдайым берді тілегім, 

Қуанып келеді жүрегім! 

Мен ботамнан айрылып, 

Еңіреп, боздап келемін. 

Аман-есен бар ма екен?! 

Ботамды көріп, құдая, 

Жарылар ма екен жүрегім? 

Жолға түсіп желемін. 

Керуеннің қолынан 

Аман қайтып келемін. 

Өлерде көрген ботамды 

Қайткенде тірі көремін?! 

Керуені құрысын, 

Ауыр жүкті көп артып, 

Жауыр қылды арқамды-ай, 

Қуанғаннан құдай-ай, 

Келемін зарлап шыдамай. 

Тірі көрер күн бар ма, 

Боташымды, қалқамды-ай?! 

Түзелді құдай жүрісім, 

Ойымнан кетті керісім, 

Шындап құдай жаратсаң, 

Көрсетпе ботам терісін! 

Қоқтыға біткен шайыр-ды, 

Қойшылар қойын қайырды. 

Өлерде көрген ботамнан, 

[Аямас қулар айырды. 

Боташымнан айырылып, 

Артыма жылап қайырылып, 

Жат қолында қаңғырдым, 

Еңіреген зар күйіме 

Жер менен көк жаңғырды. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              119 bet 

Сүймеген тәңір залымды, 

Есітті мұңлы зарымды.] 

Қу кедейлер айырды! 

Кедейлер білген байырды, 

Мен ботамнан айрылып, 

Бір құдай білді зарымды. 

деп  түйе  бұрқырап-боздап  күндік  жерге  келеді.  Ботаның  қарасын  көргенде,  тұла  бойы  еріп,  түйенің 

бақылдап боздап арман қылып айтқаны: 

[Аман көріп ботамды, 

Емізер күнім бар ма екен?] 

 Жар жағалай жүгіріп, 

Тал бүршігін сыдырып, 

Жегізер күнім бар ма екен? 

Аман көріп ботамды, 

Емізер күнім бар ма екен? 

Айналайын жан ботам, 

Немене болып қалды екен! 

Кекіре біткен көк ойға, 

Көлбетер күнім болар ма? 

Сарымсақты сары ойға

Ойнатар күнім болар ма? 

Айналайын жан ботам, 

Немене болып қалды екен. 

Сайға шыққан сарымсақ 

Жегізер күнім барма екен?! 

Бауырымдағы қара емшек 

Емізер күнім болар ма? 

Айналайын жан ботам, 

Немене болып қалды екен. 

Көнге біткен көк шалғын 

Жегізер күнім барма екен?! 

Көнектей толған қара емшек 

Емізер күнім бар ма екен? 

Айналайын жан ботам 

Немене болып қалды екен?! 

Жібектен бұйда мұрнымда 

Шұбылтар күнім болар ма? 

Бағланбайдың Бозінгені 

Алтын бота тапты деп, 

Қуантар күнім бар ма екен? 

Жібектен бұйда мұрнымда 

Түйілтер күнім бар ма екен? 

Бағланбайдың інгені 

Күміс бота тапты деп, 

Сүйінтер күнім бар ма екен? 

[Серке беріп көкпарға] 

Көкбарыға нар беріп, 

Елі-жұртын аулына, 

Жылытар күнің бар ма екен?! 

Ей құдая жан ботам, 

Немене болып қалды екен?! 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              120 bet 

Мен ботамды ерітіп, 

Тел қозыдай телшітіп, 

Бағланбайдың аулына 

Барар күнім бар ма екен! 

Айналайын боташым, 

Немене болып қалды екен, 

Түйе аунаған шаңдаққа 

Аунатар күнім бар ма екен! 

Түйе ішінде секіріп, 

Ойнатар күнім бар ма екен! 

Ұйықтап жатқан жерінде, 

Қабырғадан тістелеп, 

Қақ төсінен иіскелеп, 

Оятар күнім бар ма екен!? – 

деп боздаған Бозінген ботасына келіп қосылып, мауқын басады. Бай түйесі менен ботасын алып қуанады. 

Елі-жұртын жинап той қылып мұратына жетеді. 

 

78 - Бөлім: Түлкі, қойшы, аю 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1775 

 

 



Бір қойшы қой бағып жүрсе, бір түлкіні бір аю қуып келеді екен. Түлкі бір тамға келіп кіреді. Аю да тамға 

кіремін  дегенде,  тамның  тар  есігіне  кеудесі  сиып,  бөксесі  сыймай  ілініп  қалады.  Түлкі  тамның  бір 

кішкентай тесігінен жылт етіп шығып, айналып есікке келіп, есіктен не әрі кетпей, не қайта шыға алмай 

ілініп жатқан аюдың артынан келіп, мазақтап, аюдың бөксесіне сарып кетеді. Оны қойшы көріп тұрады. 

Аю әрең деп қайта шығып, жан-жағына қаранып, қойшыға келеді. 

– Е, сен не көрдің? – дейді. 

Қойшы: «Мен не көрейін? Бір аюдың бөксесіне бір түлкі сарып кетті, соны ғана көрдім», – дейді. 

Аю ашуланып: «Егер де осыны біреуге айтсаң, сені жеп қоямын!» – дейді. 

Қойшы: «Ойбай, ендеше айтпаймын!» – дейді. 

–  Жарайды,  айтсаң,  өлесің!  –  деп,  аю  кетеді.  Кешке  ауылға  келген  соң,  қойшы  мұны  ауылға  айтады. 

Ауылдағы бала-шаға мұны өлең қылып айтып, шулап-ойнап жүреді. Мұны аю естіп, ыза болып, ертең қой 

жайып тұрған қойшыға келіп: 

– Е, сен адамға айтпаймын дегенің кәні? Енді сені жеймін! – дейді. Қойшы жылап: 

– Үш күнге мұрсат бер, үй ішіме, ағайын-туғаныма қоштасып келейін! – дейді. Аю: 

– Жарайды, үш күнге мұрсат бердім, – деп кетеді. 

Қойшы далада жылап отырса түлкі келеді: 

– Е, қойшы, неге жылап отырсың? – деді. 

Қойшы: «Ойбай, осылай да осылай, бәрі сенің кесірің. Енді өлетін болдым!» – дейді. 

Түлкі: «Ойбай, үндеме, аюдан құтылатын амалын мен табайын, не бересің?» – дейді. 

Қойшы қуанып: «Ойбай, не қаласаң, соныңды берейін!» – дейді. 

Түлкі: «Маған бір бүйрегіңді бер!» – дейді. 

Қойшы: «Жарайды», – деп екеуі келіседі, уәделеседі. 

     Түлкі айтады: «Ауылыңнан бар да үлкен бір қап әкел. Аю келгенде, анау жерде шаңды бұрқылдатып 

мен жүрейін. Аю сұрар «анау не?» деп, сен айт: «Ол ханның баласы. Қатыны аюдың жүрегіне жерік болып, 

соны іздеп жүр» де,  сонда сен әлгі  үлкен қапқа тығыл деп, қапқа тығып, қаптың аузын мықтап буып, 

шоқпармен ұрып өлтір», – дейді. Екеуі уәделесіп, түлкі кетеді. Келем деген күні аю келеді. Қойшымен 

сөйлесіп, «енді жермін» деп тұрғанда, алыстан бұрқылдаған шаңды көреді. Қойшыдан: «Қойшым, анау 

не?» – деп сұрайды. 

Қойшы: «Ол ханның баласы, қатыны аюдың жүрегіне жерік болып, соны іздеп жүр!» – дейді. 

   Аю: «Ойбай, қойшым, мені жасыра көр! Қайда тығылам!» – деп сасады. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              121 bet 

Қойшы: «Ендеше мында тығыла ғой!» – деп, аюды қапқа тығып, қаптың аузын шылбырмен мықтап буып, 

шоқпармен ұрып өлтіріп алады. 

Енді  түлкі  келіп,  күліп:  «Е,  енді  бүйрегіңді  бер!»  –  дейді.  Қойшы  қипақтап,  жыламсырап  белбеуін 

шешкенде қойшының іші шұрылдайды. Түлкі, құлағын тіге қалып: «Әне, о не қыңсылаған?» – дейді. Сол 

арада қойшы: 

– Түнеу күні бір тазының күшігін жұтып едім, сол енді үлкен тазы болып, ішімнен шығайын деп қыңсылап 

жатыр, – дейді. 

     Түлкі  қорқып:  «Ойбай,  қойшым,  енді  дос  болайық,  құйрығыңды  қыса  тұр,  мен  қашайын»,  –  деп 

жөнеліпті 

 

79 - Бөлім: Түлкі, тасбақа және кене 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1776 

 

 



Бір уақыттарда бір түлкі, бір тасбақа және бір кене үшеуі жолдас болып келе жатса, бір жерде бір уыс 

тары жатыр екен. Үшеуі ойласты: «Мұны тұқым қылып, жерге егіп, көбейтіп бөліп алайық», – деді. Түлкі 

бір жарды көріп:  

 – Мен осы жарды сүйеп тұрайын, болмаса құлап кетер – деп, жардың астын саялап жатып алды. Тасбақа 

байғұс жерді тырналап, кене сорлы жиып, тарыны айдап әлекке түсті. Сөйтіп көп бейнет шегіп айдап, ол 

піскен соң, орып жинап алды. Бұны бастырып еді, бір аяқ тары болды. Біреуі барып түлкіні шақырып еді.  

Түлкі келді дағы: 

 – Бұл тарыны үшеуміздің бөлгенімізге болмайды. Үш бөлгесін бұл әрқайсымызға қаншадан тиеді? Онан 

да үшеуміз жарысып қай озғанымыз алайық, – деді. Мақұл деп үшеуі қатарласып, бір жерге келіп, «алла 

әкбар»  деп  түлкі  жөней  бергенде,  кене  түлкінің  башпайына  жабысып  ол  да  кетті.  Түлкі  өліп-өшіп 

барынша  жүгіріп келіп, қырманға отырайын деп еді, кене: 

 – Әй, батшағар, мені басып өлтіресің бе, – деді. Түлкі: 

 – Әй, сен қашан келдің? – деді. Кене: 

 –  Сен бағана  «алла әкбар» дегенде-ақ мен келіп қалғанмын,  – деді. Екеуі  шатақтасып жатқанда, аузы-

мұрны қан болып тасбақа келді. Келе сала: 

 – Ойбай, түлкі, мен бір пәле көріп келдім. Жаңа сендердің артыңнан екі қарагер аты бар, екі қара бүркіті 

бар және екі  тазысы бар екі адам келіп, «жаңағы  қасыңдағы түлкі жолдасыңды тауып бер» деп менің 

осындай  аузы-мұрнымды  қызыл-ала  қан  қылды,  сонда  да  мен  сені  айтқаным  жоқ.  Әйтеуір  осы  жаққа 

қарай келе жатыр, – деді. Түлкі: 

 – Айналайындар-ай, мені айта көрме, мына тарыны екеуің тең бөліп  ал, мен сендерге ырза болайын, олар 

келсе, «білмейміз, қайда кеткенін де», – деп, түлкі кетіп қалды. Сөйтіп, тарыны тасбақа мен кене екеуі 

бөліп алыпты. 

 

80 - Бөлім: Мақта қыз бен мысық 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1777 

 

 



Екеуі  дос  болып  жүреді.  Бір  күні  Мақта  қыз  үйін  жинап  жүрсе,  бір  мейіз  тауып  алады.  Мысықты 

шақырады. Шақырады – келмейді,  шақырады – келмейді, сосын «келмесең, келме», – деп, мейізді өзі жеп 

қояды.  Жеп  болған  соң  мысық  келіп:  –  Неге  шақырдың?  –  деп  сұрайды.  Мақта  қыз  айтпайды.  Сосын 

мысық  айтады:  «Ендеше  қатығыңды  төгем»,  –  дейді.  Мақта  қыз:  «Мен  құйрығыңды  кесіп  аламын»,  – 

дейді.  Мысық  қатықты  төгеді.  Мақта  қыз  мысықтың  құйрығын  кесіп  алады.  «Апа,  апа,  құйрығымды 

берші», – дейді. Сосын Мақта қыз: «Менің қатығымды төлеп бер», – дейді. Мысық сиырға барады. «Сиыр-

сиыр, маған қатық берші», – дейді, сиыр айтады: «Менің қарным ашып тұр, маған жапырақ әкеліп бер», 

– дейді. Мысық ағашқа барып: «Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші!» – дейді. Ағаш айтады: «Мен шөлдеп 

тұрмын,  су  әкелсең,  жапырақ  беремін»,  –  дейді.  Суға  бара  жатса,  су  әкеле  жатқан  қыздарды  көріп: 

«Қыздар, қыздар, маған су берші», – дейді. Қыздар: «Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз», – 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              122 bet 

дейді. Мысық дүкенге барады. «Ай, дүкенші, маған сағыз берші», – дейді. Дүкенші: «Маған тұқым бер», 

– дейді. Мысық тауыққа барады: «Тауық, тауық, маған тұқым берші», – дейді. Тауықтар айтады: «Бізге 

дән әкеліп берсең, біз саған тұқым береміз», – дейді. Мысық: «Енді не қыламын», – деп бара жатса, бір ін 

қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды қорқытып: «Жаның барында айт, үйіңде не бар?», – 

дейді. Тышқан қорыққанынан: «Үйімде бір батпан тарым бар», – дейді. Мысық айтады: «Маған бір уыс 

тары  бер»,  –  дейді.  Тышқан  үйіне  барып,  бір  уыс  тары  береді.  Тарыны  апарып  тауыққа  береді,  тауық 

тұқым береді, тұқымды апарып дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді, сағызды апарып қыздарға береді, 

қыздар су береді, суды апарып ағашқа береді, ағаш жапырағын береді. Жапырақты апарып сиырға береді, 

сиыр қатық береді, қатықты апарып Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың құйрығын береді. 

 

81 - Бөлім: Қарға баласын «аппағым» дер, кірпі баласын «жұмсағым» дер 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1778 

 

 



Жер-дүниенің патшасы Сүлеймен пайғамбар кірпі мен қарғаға былай деп бұйрық қылды. 

 –  Сен,  қарға  бар!  Бір  түнде  жер-дүниені  аралап,  бір  жақсы  сайрайтын  құс  тап.  Бұл  құсты  үйдің  бас 

жағындағы тұрған қапасқа отырғыз. Таң атқанда бұл құс мені сайраған даусымен оятсын! 

 –  Сен,  кірпі,  барып  жердің  жүзін  тінтіп,  маған  бір  жұмсақ  нәрсе  тап,  бұл  нәрсені  әкеліп,  дәл  менің 

жастығымның  үстіне,  бетіме  таяу  қой!  Құс  сайрағанымен  оянып,  қапасқа  қарай  бергенде,  бетім  бұл 

нәрсеге тисін, – деді. 

 Қарға дамыл таппай, көп жерлер аралап, құстардың сайрағанын естиді. Бұған бір де құстың сайрағаны 

жақпайды.  Мұның  ойлауынша,  бұлбұл,  сандуғаш  һәм  басқа  құстар  жаман  сайрайтын  көрінеді.  Даусы 

жақсы құсты таба алмай, қарға сорлы қайғырды: «Енді маған өлім келеді ғой», – деп. Таң мезгілде талып, 

шаршап қарға ұясына қайтты, «балаларын бір көріп, амандасып кетейін» деп. Пақыр анасын көріп аш 

балапандар шиқылдап, қарқылдай бастады. Бұлардың қарқылдағаны қарғаға сондай жақсы, нәзік көрінді. 

Бұлардың  қасында  бұлбұл,  сандуғаш  әлдеқайда  жаман  сайрайтын  көрінеді.  Қарға  сорлы  қуанып, 

балаларын Сүлейменге әкеліп, мұның қапасына отырғызады. 

 Кірпі түні бойы дамыл таппай, жердің жүзін кезіп, жұмсақ нәрсе іздейді, іздесе де таба алмайды. Бұл да 

шалдығып,  шаршап,  үңгіріне  қайтып  келеді.  Пақыр  анасын  көріп,  мұның  балалары  алдынан  шығып 

құшақтайды, кірпі де құшақтайды. Кірпіге балаларының денесі  сондай жұмсақ көрінеді. Бұл ойлайды: 

«Жердің  үстінде  өзімнің  балаларымнан  жұмсақ  нәрсе  болмас»,  –  деп.  Көп  ойламай,  кірпі  балаларын 

Сүлейменнің жастығының үстіне әкеліп қояды. 

 Таң атты. Қарғаның балалары қарқылдап, шиқылдай бастайды. Сүлеймен «бұл не?» деп, қапасқа қарай 

бергенде  мұның  бетіне  тікенектер  кіріп  кетті.  Қараса,  қапаста  қарғаның  балалары  отыр,  жастығының 

үстінде кірпінің балалары жатыр. 

 Сүлеймен ашуланып, қарға мен кірпіні шақырып алып, бұлардың басын кесуге бұйрық қылады. Жазалы 

болған кірпі мен қарға «дат, тақсыр» деді. Сүлеймен «дат» берді. Екеуі бастан-аяқ қылғандарын баян етіп 

еді,  ойға  түсті.  Бұл  ойлайды:  «Әркімдікі  өзінікі-өзіне  балдан  тәтті,  оттан  ыстық,  күннен  жарық  һәм 

мамықтан жұмсақ», – деп, қарға мен кірпіні босатып жібереді. 

 

82 - Бөлім: Түлкі мен бөдененің жолдас болуы 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1779 

 

 



Өткен кезде түлкі мен бөдене жолдас болыпты. Бірнеше күн өтеді. Түлкі бөденеге ештеңе деп айта алмай, 

қарыны ашады. Ол енді досы бөденені жегісі келіп, амал ойластырады. Бір күні бұтаның басында отырған 

бөденеге барып: 

 –  Е,  бөдене-екем,  сізбен  жолдас  болғалы  біраз  уақыт  болды.  Сізден  де  ұялып  біттім.  Сізге  беретін 

қолымда ештеңе жоқ, құр жолдас болып жүрміз ғой, – дейді. 

 – Алла ырза болсын, рахмет, тамағым тоқ, қайта сізді мен сыйлай алмай жүрмін, – депті бөдене. 

 – Сізге ештеңе бере алмай қысылдым деп айтқаныңызға мың рахмет. Келіңіз, әңгімелесейік, – депті түлкі. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              123 bet 

 – Ойбай, рахмет, жерге қонбаушы едім, – деп түлкінің алдағанын біліп, бөдене жерге қонбапты. Енді не 

істерін білмей түлкі жаман сасып, әрі ойлап, бері ойлап ақыры қарнының ашқанын бөденеге айтуға тура 

келеді. 


 – Бөдене-еке, сізбен жолдас болғалы қарным аш, сіздің қарныңыз тоқ екен. Осы менің бүгін аш қарнымды 

тоқ қылсаңыз, өле-өлгенше сізді ұмытпас едім, – деді түлкі. 

 Бөдене аз ойланып отырып: 

 – Жарайды, ондай болса, қазір тойғызамын, – дейді. 

 – Қалай тойғызасыз, қолыңызда ештеңе жоқ қой, – деп түлкі езу тартып күліпті. 

 –  Қазір  осы жерден атасына сыбаға алып, Жарықбайдың келіні  өтеді, қолында бір табақ еті бар, соны 

саған алып берейін, – дейді түлкіге. 

 – Қалай алып бересің, оны маған, – деді түлкі. 

 – Сен жеуді біл жалғыз-ақ, алып беруді мен білейін, – дейді бөдене. 

 – Сіз осы арада көрінбей отырыңыз. Келіншек осы арадан өтеді, жанында кішкентай қызы бар. Соның 

алдына мен барып қонамын, аяғымды ақсаңдатамын. Сонда бағанағы кішкентай қыз, мені көріп жылайды. 

«Апа, мына торғайды ұстап бер маған»,  – дейді. Мен таяна бергенде ұшып кетемін, тағы қуады, ақыр 

қызығып табақты тастай бере қуады. Сол кезде сіз етті жеп бітіретін аузыңыз бар ма? – депті бөдене. 

 Өстіп отырғанда қолында дәу табақ еті бар келіншек келіп қалды. 

 – Ал, түлкі, ыңғайлана бер, мен ұшып қонамын,  – дейді бөдене. Түлкі де ыңғайланып тасада тығылып 

жатады. Әбден таянғанда бөдене ұшып, сол екеуінің  алдына қонады. Айтқанындай тура-ақ бала жылайды. 

 –  Апа,  мынау  торғайды  ұстап  бер  маған,  –  дейді.  Ақырын  таянып бөдене  де  ұшып  тағы  қонады,  тағы 

қуады, ақыр сол жерде табағын тастап қызыға қуады, қыз бала артынан ереді. Табақтағы еттен көп ұзап 

кетеді. Сол екі ортада бірнеше уақыт өтеді. Біресе ана жерде, біресе мына жерде қонып бөдене де жүреді. 

Әлден уақта «жеп болды ма екен» деп бөдене жоғары ұшып қараса, етке тойып түлкі кетіп қалыпты. Тағы 

жерге қонып, келіншек таяна бергенде жоғары көтеріліп аспанға ұзаққа ұшып кетіп қалыпты. 

 – Ай, қызым-ай, еркесің-ай,  ұстатпайды десем болдың ба,  ұшып кетті, – деп қызын қарғап-сілеп, қайта 

табаққа келсе, ештеңе жоқ. Құр табақтың өзі жатыр. Қызды онан сайын қарғап-сілеп, ары отырып, бері 

отырып, қайтадан ауылға қарай аяңдай беріпті... 

 Түлкі мен бөдене әлден уақыттан соң жолығыпты. 

 – Қалай, түлкім, тойдың ба, – депті бөдене. 

 – Тойғанда қандай, әбден тойдым. Рахмет сізге, – дейді түлкі. 

 Осыдан кейін арада бірнеше күн өтеді. Түлкіге ойын-сауық, күлкі керек болады. Тағы аяңдап бөдененің 

жанына келеді. 

 – Е, бөдекең, хал қалай? – депті түлкі. 

 – Жаман емес, жақсы, өзің қалың қандай, жақсы ма? – депті бөдене түлкіге. 

 – Менің қалымды сұрамаңыз, өте жаман болып тұр, – деді түлкі. 

 – Неге? – деді бөдене. 

 – Жаман болмағанда қайтеді, осы сізбен бірге жолдас болғалы бір күлмедім, не сіз күлдірмедіңіз, – депті. 

 – Арманың ол болса, қазір орындалады. Күлдіріп берейін. Қазір менің соңымнан ер, – деді бөдене. Түлкі 

бөденеге еріп жүріпті. Бір ауылдың сыртына алып келіп: 

 – Сіз осы жерде ешкімге көрінбей жат, мен анау түйе тұрған үйге барамын, содан соң түйе сауып отырған 

әйелдің басына барып қонамын, сонан соң арғы қызықты көре жатасың, – дейді бөдене. 

 Түлкі еріп ауылдың сыртында баспалап қарап отырады. Бір мезгілде бөдене түйе сауып тұрған қатынның 

басына барып қонады. Сол кезде есік алдындағы ағаш шауып отырған ұста көріп: 

 –  Қатын,  қатын,  қозғалма,  басыңда  тұрған  бөденені  ұрып  алайын,  –  дейді.  Әйел  қозғалмай  тұрады. 

Ағаштың астына жаңғырық қылып отырған тоқпақпен әйелді періп қалады. Әйел көп кешікпей-ақ жан 

тапсырады.  Сауған  сүті  ұстаның  бетіне  шашырап,  не  болғанын  түсінбеген  ол  талып  қалыпты.  Бөдене 

қайтып айналып түлкінің жатқан жеріне келеді. 

 – Қалай, түлкім, күлкі ұнады ма? Қалай ақымақ әйелін өлтіріп алды? – депті. 

 – Бұған күлмегенде неге күлейін, күлгенде қандай өте ішек-сілем қатты, ырзамын сізге, – депті түлкі. 

 Түлкі күлкіні де жақсы көреді, сонан соң қорыққанды да мақсат көреді. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              124 bet 

 – Бөдене-екем, сіздің арқаңызда тоқшылдықты да, аштықты да көрдім. Күлкіні де көрдім. Енді сіз мені 

қорқытыңыз, –  дейді. Бөдене ары ойлап, бері ойлап: 

 – Жарайды, қорқытайын, бірақ менің айтқаныма көнсеңіз, – дейді. 

 – Сіздің айтқаныңызға мен көнемін, не қыл десеңіз де істеп беремін, – депті түлкі. 

 – Ондай болса көзіңді жұм да менің құйрығымнан тістеп отыр. Қашан «көзіңді аш» дегенде сонда ашасың. 

Осыған көнсеңіз істеймін. – депті бөдене. 

 – Жарайды, – депті түлкі. 

 Түлкі көзін жұмып отырады, бөдене бастап қалың көшіп келе жатқан елдің арасына қарай, түлкіні алып 

жүреді. Бір мезгілде жан-жақтан айтақтаған иттері бар қуып келе жатқан елді көріп, ол: 

 –  Ай, түлкім, көзіңді  ашуыңа да болады,  –  деді. Өзі  аспанға ұшып құтылып кетіпті. Түлкі елсіз жаққа 

қарай бетті бұрып алып, бар күшін салып қашады. Содан түлкі сорлы өлдім-талдым дегенде әрең құтылып 

шаршап барып, бір жерге тынығып отырса, бөдене барып қасына: 

 – Түкіш-түкіш, шаршап жатырсың ба? – депті. Түлкі оянып, бағанағы өзін жаудың арасына беріп кеткен 

бөденені көріп: 

 – Ай, ақымақ, алдадың ғой, – деп ашуланыпты. 

 – Қорқыт, қорқыт дегенде өстіп қорқытар ма едің, – деп, түлкі бөденені жұтып қойыпты. 

 Сонда ішінде жатып бөдененің айтқаны: 

 – Көп жолдас болып едік қой, ең құрыса демімді алғызбадыңыз, түлкім-ай, құдай үшін аузыңды ашшы, 

кішкентай  дем  алайын,  –  депті.  Түлкі  аузын  аша  бергенде  бөдене  «пыр»  деп  ұша  жөнеліпті.  Бөдене 

түлкінің аузынан шыға бергенде түлкі қайтадан аузын жауып қалып, бөдененің құйрығын жұлып қалыпты. 

Сол себепті бөдене осы күнге дейін шолақ болып жүр екен. 

 Сөйтіп, екеуінің  жолдастықтары ұзаққа созылмапты. 

 

83 - Бөлім: Қазақтың бұрынғыдан қалған сөзі 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1780 

 

 



(Жыл басы) 

     Қазақтың есептерінде жылдан үлкен мүшел дегендер бар. Мүшел – он екі жыл болады. Сол жылдардың 

аттары әр хайуанның аттарына ұқсайды. Мысалы: Әуелі жыл мүшелде – тышқан, екінші – сиыр, онан соң 

– барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит һәм доңыз. Сол жылдарды білетін қазақтарға 

кісінің қай жылда туғанын айтса, адамның жасын тауып береді. 

     Бұрынғыдан  қалған  сөздер  бойынша  сол  хайуандар  жыл  ағасы  болуға  дауласыпты.  Сонда  жылқы 

айтыпты: «Мен адам үстіме мінсе, алысын жақын етемін, менің күшім болса, көреді, сүтім болса, ішеді, 

қылыма шейін арқан, жіп еседі, адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын», – дейді. Түйе 

айтты: «Сен адамның жұмысын қыласың, арпа, сұлы, шөп асайсың, тамағың үшін құл болдың. Міне, мен, 

сен көтере алмайтын ауырды көтеріп неше айлық алыс жолдарға барамын. Аш болдым деп арпа, сұлы 

сұрамаймын,  көде  болса  көде,  жусан  болса  жусан,  не  кез  келсе  соны  қорек  етіп,  табылса,  су  ішіп, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет