— Құтылдың, бәсе құтылдың! — дейді. Бай мен әйел құрғырға не болды деп құлақтарын баса қояды.
Екінші күні кешке таман Бірқарыс сандықтың ішінен шыға келеді. Бай мен әйелде үрей қалмайды.
Кешке құдық басына қонады. Бірқарыс та баймен бірге отырып алады. Бай ішінен Бірқарысты түнде
құдыққа тастап жіберуді ойлайды.
Түн ортасы ауғанда бай мен әйелі ұйқыға мас болып жатқанда, Бірқарыс байдың әйелін өз орнына салып,
өзі байдың қасына жатып алады. Бай бір уақытта оянып, Бірқарыстың орнындағы өз әйелін сүйреп апарып
құдыққа салып жіберіп, орнына келіп жата қояды.
Ертең ерте бай әйелін оятайын десе, қасында жатқан — Бірқарыс. Бай жалма-жан атын жегіп, қаша
жөнеледі.
Бірқарыс артынан қуып береді. Бай қалың тоғайға тығылады. Бірқарыс тоғайға өрт жібереді. Бай
тоғаймен өртеніп кетеді. Бірқарыс байдың ауылына барып, барлық малдарын айдап еліне келеді.
131 - Бөлім: «40 Ертегілер жинағы»
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1828
Мазмұны
Кіріспе.................................................................................................................................3
Шалқан................................................................................................................................6
Бауысақ...............................................................................................................................6
Мысық, әтеш және түлкі.................................................................................................7
Торғай мен тышқан...........................................................................................................8
Қияр мен қырыққабат.......................................................................................................9
Құлын, қозы, лақ................................................................................................................9
Шұбар тауық.....................................................................................................................9
Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?.......................................................................9
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
174 bet
Үш аю.................................................................................................................................10
Күшік пен мысық..............................................................................................................11
Көкөністер туралы ертегі..............................................................................................11
Маша мен аю.....................................................................................................................12
Мысық пен тышқан..........................................................................................................13
Су жүрек қоян...................................................................................................................14
Торғай мен тышқан..........................................................................................................15
Түлкі мен қасқыр..............................................................................................................15
Үш жалқау.........................................................................................................................15
Сауысқан мен көкек .........................................................................................................16
Төлдердің айтысы.............................................................................................................16
Аққу – қаздар.....................................................................................................................17
Екі сараң қонжық.............................................................................................................19
Әтеш пен тоты...............................................................................................................20
Қасқыр мен ит.................................................................................................................20
Ақылды лақ.......................................................................................................................23
Арыстан күшігін асыраған мысық ..................................................................................24
Екі қаз, бір бақа................................................................................................................24
Адасқан құмырсқа............................................................................................................25
Ат пен есек.......................................................................................................................25
Екі әтеш............................................................................................................................26
Мақтаншақ қоян...............................................................................................................27
Түлкі мен тырна...............................................................................................................27
Масақ..................................................................................................................................28
Айлакер түлкі....................................................................................................................29
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
175 bet
Алдар көзе мен Шықбермес шығай бай.........................................................................30
Не дәмді?...........................................................................................................................32
Ертегіде қонақта.............................................................................................................32
Жеті лақ ...........................................................................................................................33
Алтын балта......................................................................................................................33
Ең қымбат байлық............................................................................................................34
Нан қайдан шығады?........................................................................................................35
Жеті өнерпаз......................................................................................................................36
Алтын балық.....................................................................................................................38
Түйме қыз..........................................................................................................................40
Көлбақа мен құрбақа........................................................................................................42
Күн, Ай және қораз...........................................................................................................42
Айна....................................................................................................................................43
Ағайынды екі қыз..............................................................................................................43
Үш қыз...............................................................................................................................44
Жалаңаяқ бақташы.........................................................................................................45
Кітап сөзі..........................................................................................................................46
Ақылсыз өгіз......................................................................................................................48
Жеті қазынаның бірі.......................................................................................................48
Мақта қыз бен мысық......................................................................................................48
Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды?........................................................................51
Пайданылған әдебиеттер...............................................................................................52
Кіріспе.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
176 bet
«Балаларды өз бетімен құмарландыратын, ынталандырып, ықыласын арттыратын сабақ, балаларға ана
тілінде қарапайым тілмен қызықты ұғындырылса, әңгімелер мен ертегілер, мысалдар мен өлеңдер
орынды пайдаланылса, олардың білім алуға деген қызығушылығы арта түседі»
Ы. Алтынсарин.
Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу, дамытуды одан әрі жетілдіру жолдары қазіргі кезде
мектепке дейінгі білім беру заңдарында айқындалып берілген. Бұрынғы қалыптасқан концепциялар, оның
өзгешелігі тек оқыту, білім, білік дағдыларын қалыптастыру ғана емес, бүкіл оқыту үрдісін жан-жақты
ұйымдастыру мақсатын көздейтіндігінде және баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуына
бағытталады. Қазақстан Республикасында қазіргі мектепке дейінгі мекемеде жаңа өзгерістер мен әлемдік
білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа
бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр
баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты
мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген.
Әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталатындықтан, оқу жүйесін неғұрлым
тиімді құра білу қажеттілігі қай кезде де өзекті мәселе болмақ. Танымдық қызығушылық оқу-тәрбие
үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқытудың ең көкейкесті проблемалары
танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Бала өмірінде қызығушылықтың әр түрі
(эстетикалық, көркемдік, музыкалық, т.б.) көрініс табады. Өскелең ұрпақ үшін танымдық
қызығушылықтың маңызы өте жоғары. Танымдық қызығушылықты арттыру, дамыту туралы, бұдан басқа
оның қоршаған ортамен тәрбиеге тәуелділігін Гельвеций атап көрсеткен болатын.
Сондай-ақ дамыта оқытудың әдістемесіндегі ең басты нәрсе мектепке дейінгі балалардың танымдық
қызығушылық әрекетін арттыру. Мұның өзі эвристикалық және зертттеу әдістеріне ерекше мән
берілетінін көрсетеді. Бұл әдістер тәрбиешінің «дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің объектісі»
ретінде қоюы, «жекеліктен жалпыны тауып шығару» тағы басқа сияқты мектепке дейінгі балалардың
шығармашылық ізденісіне, танымдық қызығушылығына жетелейтін, іс-әрекетке қосатын , баланы «іс-
әрекет біліктері мен дағдыларының шебері», «белсенді ізденгіш» ететін әдістемелік тәсілдер арқылы
жүзеге асады.
Көркем әдебиет сабағында ертегілерді пайдалану арқылы балалардың танымдық жан қуаттарының
оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру жүйелі жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптасады.
Ертегілер – бұл мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі, яғни
жағымды эмоциялық көзқарас - ертегіге әуестік. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған
кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді.
Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік
жағдайына байланысты туған. Мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығының өзіндік
ерекшелігіне психологиялық - педагогикалық тұрғыда мынандай мазмұндық сипаттама береміз.
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл
механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады:
Жағымды эмоциялық көзқарас (ертегіге әуестік) → мазмұнды эмоциялық көзқарас (ертегімен әуестенуі)
→ тұрақты танымдық қызығушылық (ертегіге деген )
2. Ертегілердің педагогикалық жіктемесі. Бұл біріншіден, мектепке дейінгі балалардың танымдық
қызығушылығын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтауға ықпал етеді; екіншіден, ертегілерді нақты
өлшемдер бойынша сұрыптауға көмектеседі; үшіншіден, ертегілер құндылық көзқарасын бағдарлайды.
3. Мектепке дейінгі балалардың ертегіге деген қызығушылығын қалыптастыру моделі және оны жүзеге
асыруда ықпал ететін педагогикалық шарттар. Модель құрылымы эмоционалдық, интеллектуалдық,
еріктік компоненттер бірлігінде байқалады және нақты көрсеткіштер мен өлшемдер арқылы сипатталады.
Шығармашылық жұмысымды былай тұжырымдаймын:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
177 bet
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында жан-жақты білімі бар, тез дамыған, дүние
жүзіне әйгілі және сыйлы мемлекеттің патриоттарын тәрбиелеу ісін педагогтар қауымына жүктеген. Сол
ауырда, жауапты істердің нәтижелі болуы әрине біздерге байланысты, сондықтан да әр педагог балаға
білімді беріп қана қоймай, сол білімді баланың бойына сіңіру жолында, баланың білімге деген
қызығушылықтарын оята отырып, оның бойындағы қабілеттерін аша білу керек деген екен. Осы
шығармашылық жұмысымның нәтижесі, қорытындысы ретінде мынандай ертегілер жинағын ұсынамын.
Шалқан
Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады.
Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері
тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.
Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ
орнынан қозғалта да алмайды.
Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары
тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.
Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етег інен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан
ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады.
Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап,
ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды.
Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің
етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды
суырып шығарады.
Бауырсақ
Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ
пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.
Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа,
орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді,
домалай береді.
Бір кезде оған Қоян жолығып:
- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.
- Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа
иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын
Қоян саған да!».
Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
178 bet
Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.
Бір кезде Аю жолығады:
- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.
- Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен
Қасқырға ұстатпағам ендеше.
- Ал сендей ұстатпаймын мүлде де!
Сөйтіп домалай жөнеледі. Аю тек көзімен шығарып салады.
Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:
- Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.
- Жолмен домалап барамын.
- Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!...
- Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде
суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай
кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді.
Түлкі оған:
- Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді
тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді.
Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі ұстап
алады.
- Түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді Бауырсақ. Жүр одан да біздікіне, Атам мен Әжеме барайық. Олар
сені тойғызады.
Түлкі келіседі. Жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр мен Аюды ертіп алады. Олар келсе Әжесі көп
қаусырма пісіріп қойыпты. Қоянға орамжапырақ салған, Қасқыр мен Түлкіге ет салған, Аюға таңқурай
салған қаусырма тиеді. Ал Бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады.
Мысық, әтеш және түлкі
Ертеде әтеш пен мысық болыпты. Бір күні мысық орманға кетерде, әтешке ескертеді: «Терезеден қарама
түлкі сені көріп, үйіне алып кетеді». Түлкі мысық кеткеннен кейін, терезеге келіп әтешті шақырады:
Әтеш, Әтеш
Алтын айдарлы,
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
179 bet
Терезеге қарашы,
Бұршақ саған берем.
Әтеш шыдай алмай – терезеден басын шығарады. Түлкі бас салады, осы кезде Әтеш айқайлап досын
шақырады:
Мысық, досым,
Түлкі мені алдыс орманға алып кетпек!
Көмектесші!
Мысық әлі алыс кетпеген екен, досының дауысын естіп, қайта оралып келіп Әтешті құтқарады.
Екінші күні мысық тағы кетеді. Түлкі мысық кеткеннен кейін, терезеге келіп әтешті шақырады:
Әтеш, Әтеш
Алтын айдарлы,
Терезеге қарашы,
Бұршақ саған берем.
Әтеш шыдай алмай – терезеден басын шығарады. Түлкі бас салады, осы кезде Әтеш айқайлап досын
шақырады:
Мысық, досым,
Түлкі мені алдыс орманға алып кетпек!
Көмектесші!
Мысық әлі алыс кетпеген екен, досының дауысын естіп, қайта оралып келіп Әтешті құтқарады.
Үшінші күні Мысық Әтешке:
Мен бүгін өте алысқа кетемін, сенің даусыңды естімеймін. Түлкіге алданып қалма. Түлкі Мысық
кеткеннен кейін, терезеге келіп әтешті шақырады:
Әтеш, Әтеш
Алтын айдарлы,
Терезеге қарашы,
Бұршақ саған берем.
Әтеш шыдай алмай – терезеден басын шығарады. Түлкі Әтешті бас салады да алып кетеді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
180 bet
Мысық үйіне қайтып келсе, Әтеш жоқ. Мысық досын іздеуге шығады. Қалып орманда Түлкінін үйіне
келіп, өлең айтады. Түлкі өлеңді тыңдап қалғанда Әтеш «кукареку», -деп айқайлайды. Мысық Әтешті
алып, үйіне қайтады. Осылай достар бірге болады.
Торғай мен тышқан
Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егеді. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай
тұмсығымен шоқиды.
Егін жақсы шығады. Олар бітік өскен бидайды жинап алып, бөле бастайды. Бір бидай артық қалады. Енді
соны қайсысы аларын білмей, жанжал басталады. Торғай тұмсығымен шоқып, тышқан тырнағымен
осқылап, олар бір-бірімен ұзақ төбелеседі.
Маңайында ешкім болмаған соң, олар өздерінің билеріне барып, жүгінбек болады.
Алдымен олар тышқандар биіне келеді. Ол:
– Бұл бидайды тышқан алуға тиісті. Өйткені, тышқанның күші көп. Ол тырнағымен көп жер жыртып,
ұртымен бидай септі, – дейді.
Енді олар торғайлар биіне келеді. Ол:
– Бұл бидай торғайдікі. Себебі, торғай егіндегі барлық арам шөпті жұлған. Күнде үстінде ұшып, егінді
күзетіп жүрген, – дейді.
Бұған да келісе алмаған соң, торғай мен тышқан далада қой бағып жүрген бір шалға келеді. Шал дәнді
алып, екеуіне бірдей қып бөліп береді. Торғай да, тышқан да разы болып, өз жөндеріне кетеді.
Қияр мен қырыққабат
Ертеде қияр мен қырыққабат қол ұстасқан дос болыпты. Бір күні екі дос суға шомылуға өзенгекеліпті. Достарыңызбен бөлісу: |