ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет29/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   153


Келген  бетте  қияр  шешініп,  суға  күмп  беріпті  де,  жүзе  бастапты.  Қырыққабат  бір-бірлеп,  қабат-қабат 

«көйлегін» шешкенше күн де батып, қас қарайыпы. Осыған дейін су ішінде қалшылдап тұрған қиярдың 

терісі әбден күлдіреп кетіпті. Қиярдың қабағындағы бүршіктер, міне, содан пайда болыпты. 

 

Құлын, қозы, лақ. 



 

 

Жаз. Өрісте лақ, құлын, қозы кездесе кетті. Іші пысқан олар бірігіп ойнамақ болды. Әуелі нендей ойын 



қызық екенін талқыға салды. 

 

Сөзді ақ лақ бастады. 



 

- Ойынның қызығы тауға шығу. Тастан секіру. Әрі қан тарайды, әрі етті боласың. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              181 bet 

Қошақан лақтың сөзін жаратпады. 

 

- Секіріп, атылып ойнау ойын емес. Ойынның қызығы қошқарға сарт-сұрт сүзгізу. Әрі күшің толады, әрі 



бұлшықетің қатаяды. 

 

- Сендердің ойындарың көңілге қонбайды. Ойнаған соң шапқылап жарысайық. Тұра қалып тебісейік,  - 



деді құлын. 

 

Үшеуі қызылкеңірдек болып ұзақ керісті. Ақыры келісе алмай, әрқайсысы өз жөндеріне кетті. 



 

 

Шұбар тауық 



 

 

Баяғыда бір атай мен әжей күнін әзер көріпті, екеуінің жалғыз шұбар тауығы болыпты. Тауығы жұмыртқа 



тауыпты, анау-мынау жұмыртқа емес, өзі алтын жұмыртқа екен. Атай ұрып-ұрып жара алмапты. Тышқан 

ерсілі-қарсылы зырлап бағыпты, құйрығын бұлғап  қалыпты, жұмыртқа жерге түсіп кетіпті, түбіне сол 

жетіпті. 

 

Кемпір мен шал жылапты, тауық сонда жұбатты: 



 

Жыламашы,  аташым!  Мұңаймашы,  әжешім!  Жұмыртқа  тауып  беремін,  алтын  емес  жылтылдақ,  ас 

боларын-керегін! 

 

 



Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады? 

 

 



Күндердің күнінде бір торғай ұшып кеп, бір шаруаның қорасына қонады да, шашылған дәндерді теріп 

жей бастады. Мұны көріп, қожайынынң мысығы бір мүйістің тасасында тұрып ториды. Аңдып отырған 

мысық  бір  мезетте  шоршып  барып  торғайды  бас  салады.  Қанатынан  қапсыра  тістеп  тұрып:  -  Енді  бір 

жақсылап тоятын болдым!- дейді. - Ей, мысық мырза, ұялсаңшы! Жуынғанды ұмытып барасыз ғой, өзі! 

Өзіңіздің қожайыныңыз да, оның әйелі де, жуынғаннан кейін барып тамақ жейді,- дейді торғай. 

 

-  Оның  да  дұрыс  екен-ау,  -  деп  мысық  жақсылап  жуынып,  сүртіну  үшін  алдыңғы  аяғын  тұмысығына 



апарады. 

 

Сол кезде торғай, ұзақ ойланып жатпай, жалт береді! Қанатын қағып, ұшады да кетеді! Мысық ыза болады. 



Содан бері қарай мысық атаулы тамақ жегеннен кейін жуынатын болған екен. 

 

 



 

«Үш аю» 


 

Маша бірде орманға барып адасты. Жолды іздеп – іздеп таба алмай, орманда тұрған үйге келді. Бұл үйді 

аюлар мекендейтін. Әкесін Михайло Потапыч , шешесін Настасья Петровна, ал баласын Мишутка деп 

атайды. Аюлар орманға кетіп, үй бос екен. 

 

Ашық  тұрған  есікке  кірген  Маша  дастарханда  тұрған  үш  табақ  бөкпенді  көреді.  Үлкен  табақ  -  әкесі 



Михайло Потапычтікі, ортаншысы – шешесі Настасья Петровнанікі, ал кішкентай табақ Мишутканікі еді. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              182 bet 

Маша үлкен, одан кейін орташа табақтағы бөкпенді жеп еді, ұнамады. Ал кішкене табақтағы бөкпен дәмді 

екен. Маша бөкпенді түгел жеп қойды. 

 

Шаршаған  Маша  отырғысы  келіп,  ең  үлкен  орындыққа  шығып  еді,  құлап  қалды.  Орташа  орындық  та 



Машаға ұнамады. Ең кішкентай орындық өзіне туп – тура екен. Маша қуанып кетіп тербеліп еді, орындық 

сынып қалды. 

 

Маша ұйықтайтын бөлмеге кіріп еді, онда да үлкен, орташа және кішкентай ғана, үш төсек тұр екен. Маша 



үлкен төсекке жатып еді, ал тым биік екен. Орташасы - өте кең екен. Ал кішкентай төсек Машаға дәл – 

дәл келді. Соған жатқан Маша ұйықтап қалды. 

 

Орманнан шаршап келген аюлар асын ішпек болды. Өз тағын көрген М.П. «Менің табағыма кім тиіскен?», 



деді гүр етіп. Н.П. «Менің бөкпенімді де біреу тартып көріпті» - деп айғай салды, Ал Мишутка «Менің 

бөкпенімді түгелдей жеп қойыпты», - деп шәңк - шәңк етті. 

 

Ұйықтайтын бөлмеге келгенде: «Менің төсегіме кім жатқан болды?» - деп гүр етті. М.П. «Менің төсегімді 



умаждап тастапты ғой», - деп айғай салды. Н.П. өз төсегіне Машаны көрген Мишутка «Міне жатыр, міне, 

 

ұстаңдар, оны, ұстаңдар», - деп шәңк – шәңк еткен Мишутка Машаны тұра қуды. 



 

Аюлардың  дауысынан  шошып  оянған  Маша  қорқып  кетті.  Ол  қорқып  тұрып,  ашық  тұрған  терезеден 

секіріп далаға шықты. Бар күшімен жүгіріп үйіне кетті. Аюлар оны қуып жете алмай қалды. 

 

 



 

Күшік пен мысық 

 

 

Ауылдағы көршілес екі үйдің бірінің ала мысығы болды. 



 

Бір күні қара күшік көршінің бағына кіріп, сонда жүрген ала мысықты тура қуды. 

 

Мысық қашып барып, алма ағашына шығып кетті. 



 

Күшік ағаш түбіне келіп: «Әу-әу-әу, әу-әу-әу!» - деп, мысыққа қарап шабаланып тұрып алды. 

 

Мысық та оған құйрығын қыбырлатып, белін күжірейтіп, пырылдап айбат шекті. 



 

Сол сәтте жұдырықтай бір қызыл алма сабағынан үзіліп, күшіктің басына келіп топ ете түсті. Күшік қаңқ 

ете қалды да, «Мысық ұрды екен» деп қаша жөнелді. 

 

Ол енді өз ауласына барып, тағы да мысық жаққа қарап шәуілдеп тұрған. Сол кезде мысық ағаштан жерге 



қарғып түсіп еді, ол «тағы ұрады екен» деп ойлап, жүгіріп барып үйшігіне кіріп кетті. 

 

Содан бастап қара күшік ала мысықты қумайтын болды. 



 

 

Көкөністер туралы ертегі 



 

 

Бір бақшада әр түрлі көкөністер өсіпті. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              183 bet 

 

Жасыл  қияр  –  ақкөңіл,  әзілкеш,  ешқашан  қайғыруды  білмейтін,  барлық  көкөністерді  кекетіп  – 



мұқатқанды ұнататын. 

 

Қызыл қызанақ – маңызды, қашан да сәнді. Ол «Бүгін жаңбыр жауады деп ойлаймын» деген сөздерді жиі 



айтады екен. Шыныңда да жаңбыр жауған кезде қызанақ: «Көрдіңдер ме! Менің айтқаным дұрыс келді 

ғой!»  деп  тағы  мақтанады  екен.  Егер  жаңбыр  болмаса,  қызанақ  саспай,  өзі  айтқан  сөзге  қатысы 

болмағандай тұратын. 

 

Қызғылтсары  сәбіз  болса:  «Менің  бар  сылулығым  жер  астында  жатыр,  ешкім  көрмейді,  мен 



бақытсызбын!» деп әрдайым көңілсіз болып, бұрқылдайтын көрінеді. 

 

Аққадаунды қырыққабат – кішіпейіл, сөзшең. Ол «Басында жапырағым екеу – ақ еді, қазір тіпті кқбейіп 



кетті.» - деп, барша айтар әңгімесі тек киімнің ауырлап кеткендігі жайлы. 

 

Қоңыр  картоп  болса  –  қайырымды,  мейірбан.  Бақшадағы  көкөністермен  түгел  дос  болып,  бәріне 



көмектеседі. Картопты бәрі жақсы көреді. 

 

Бас пияз – жағымсыз, ол айналасындағылардың көздерінен жас ағып, үнемі жылап жүргендерін ұнататын. 



 

Міне, осындай түрлі мінезді көкөністер сиысып, бір бақшада өсіпті. Қалай ойлайсыңдар, осындай мінез- 

құлықтар адамдар өмірінде кездесе ме? 

 

 



 

 

Маша мен аю 



 

Ерте,  ерте,  ертеде  кемпір  мен  шал  өмір  сүріпті.  Олардың  Маша  атты  немересі  болыпты.  Бірде  Маша 

құрбыларымен орманға жиналыпты. Атасы мен әжесі оған: 

 

Құрбыларыңнан қалып қалма! – деп табыстады. 



 

Бірақ Маша олардың айтқанын тыңдамады. Ол құрбыларынан алысқа ұзап кетіп, ақырында адасып қалды. 

Маша оларды шақырып айқайлай бастады. Құрбылары дауыс қатпады. Маша ымырт түскенше орманды 

кезіп жүрді. Кенет бір үйді көрді. 

 

Машенька үйге кіріп: 



 

Бұл үйде кім тұрады екен? – деп ойлады. 

 

Ал бұл үйде аю тұратын. Ойлағанынша болмады, үйге Аю кіріп келді



 

үйге Аю кіріп келіп: 

 

Менің үйіме рұқсатсыз негекіресің? – деп гүр ете түсті. 



 

Маша: 


 

Мен адасып кеттім. Бүгін осында қонып, ертең үйіме қайтамын, - деді. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              184 bet 

Жоқ!  Енді  мен  сені  жібермеймін.  Сен  менің  қолымда  тұрасың.  Пеш  жағып,  ботқа  пісіріп,  мені 

тамақтандырасың, - деді. 

 

Маша біраз бұртиды, бірақ не шара?! Ол аюдың үйінде тұра бастады. Аю күні ұзақ орманға кетеді, ал 



Маша үй жинап, дәмді бәліш пісіреді. Аюдың қуанышында шек жоқ. 

 

Біраз күн өтті. Маша Аюға: 



 

Атам мен әжемді көрмегелі көп болды. Мен бір қорап бәліш пісірейін, ал сен оларға апарып бер, - деп еді, 

ол келісе кетті. 

 

Маша бір қорап бәліш пісірді де: 



 

Жаңбыр жауып тұрған жоқ па? Есік алдына шығып қарашы, - деді. Аю сыртқа шығып кеткенде Машенька 

қораптың ішіне кіріп алды. 

 

Аю қайтып оралғанда қораптың дайын тұрғанын көрді. Оны арқасына салып, ауылға қарай тартты. Аю 



ұзақ жүрді, шаршады, ағаштың түбіріне отырып тынығып алғысы келді. 

 

Түбірге отырып, бәліш жейін, - деп ойлады. 



 

Ал Маша қорап ішінен: 

 

Түбірге отырушы болма, бәлішті жеме! Атам мен әжеме апар, - деді 



 

Неткен қырағы еді. 

 

Бәрін көріп тұр, - деп, Аю қорапты көтеріп, ары қарай аяңдады. 



 

Ауылға жетті, қыздың атасы мен әжесі тұратын үйді де тапты. Олардың есігін бар күшімен тоқпақтап: 

 

Түк-түк-түк! Есікті ашыңдар. Мен Машенькадан базарлық әкелдім, - деді. 



 

Иттербір нәрсені сезгендей оған тап берді. Басқа иттер де жан-жақтан үріп, жүгіре бастады. Аю қорқып 

кетті. Ол қорапты қақпа алдына тастай сала, алды-артына қарамай қаша жөнелді. Осы кезде үйден атай 

мен әжей шықты. Қорапты көрді. 

 

Мынау не қорап? – деп әжесі таңғалды. Атасы қораптың аузын ашып қараса, онда Машенька отыр. Атасы 



мен әжесі Машенькамен осылайша қауышты. 

 

 



Мысық пен тышқан 

 

 



Ала  мысықтың  кiшкентай  күнiнен  маңдайы  терлеп  еңбек  етiп,  тамақ  тауып  iшкен  күнi  жоқ.  Басқа 

мысықтардай  сарайдан  тышқан  аулау,  қожасының  ас-суын  тышқаннан  қорғау  деген  онда  жоқ.  Қайта 

тышқандарға қосылып, ет болса далаға алып кетiп, май болса, қарынды тесiп, сүт-қаймаққа түсiп, әбден 

тойып  алып,  пеш  үстiне  пыр-пыр  ұйықтайды.  Ала  мысықтың  ұйқыға  кеткенiн  бiлiп  алған  тышқандар 

қорқынышсыз ән салып, би билейтiн болса керек. 

 

Ұры, жалқау ала мысық



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              185 bet 

 

Сауған сүттен ұрлап iшiп, 



 

Ет пен майға сыздап iшi, 

 

Ұйықтап жатыр сұлап түсiп. 



 

Шиқ, шиқ, шиқ! 

 

Тышқандарды жалқау дейдi. 



 

Түк бiлмейтiн аңқау дейдi, 

 

Үлкендердi ұры дейдi, 



 

Балаларды мылқау дейдi. 

 

Шиқ, шиқшиқ! 



 

Тышқандар осылай ән детiп, үй еденiнiң астын думандатып жiберiптi. Мұны мысық естiп, шошып оянады 

да, тышқандардың мына әндерiн естiсе, қожайыным көзiмдi құртар деп қорқады. Мысық айлаға көшiп: 

 

Сендер ойнап қуансын деп, 



 

Қарны тойып жұбансын деп, 

 

Ешқайсыңа тимеушi едiм, 



 

Зұлымдықты сүймеушi едiм. 

 

Мияу, Мияу! 



 

Айтқаныма сене қойшы, 

 

Маңдайыңнан иiскейiн, 



 

Балапандар келе қойшы

 

Ешқайсыңа тиiспейiн. 



 

Мияу, мияу! 

 

Бұған тышқандардың кейбiреулерi сенiп те қалады. Бiрақ кәрi тышқандар жағысақтығын бiлдiрiп: 



 

Бiз мысыққа сенбеймiз, 

 

Айтқанына көнбеймiз, 



 

Өтiрiкшi, ол ұрлықшы, 

 

Шақырса да келмеймiз. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              186 bet 

 

Шиқ, шик, шиқ, – дейдi. 



 

  

Бұған әбден ызаланған мысық едендегi кiшкене саңылауды аңдып жатып алыпты. Мысықтың иiсiн 



алыстан сезетiн ересек тышқандар саңылауға жоламайды.Жаңа ғана жүгiрiп ойнап жүрген бала тышқан 

саңылаудан қылтиып шыға бергенде, мысық бас салыпты. Баласының мысықтың қолына түскенiн бiлген 

ата тышқан: 

 

–  Мысеке,  баламды  жiберiңiз.  Ертең  осы  уақытта  сiзге  сыйлық  берiп,  апа-қарындастарым  мен  барлық 



бала-шағамды сiздiң үйге жiбергелi отырмын, – дептi. 

 

– Рас айтасыңба? Мияу, – дейдi мысық. 



 

– Рас айтам, мысеке, шиқ, шиқ, – дейдi тышқан. 

 

-Мысық:  «Сөздерiңде  тұрыңдар»,  –  деп,  аузынаша  бергенде-ақ  бала  тышқан  зып  берiп  тақтайдың 



жарығына кiрiп кетiптi. Баласын құтқарған тышқандар: 

 

 Қарание тана мысық 



 

Жүрген қаймақ ұрлап iшiп, 

 

Ендi бiзден шықпайды ешкiм, 



 

Отыр солай тiсiң қышып. 

 

Шиқ, шиқ! – деп әнге басады. 



 

  

Мысықтың ұры, әрi жалқаулығынан, тышқандардың еркiнсiнуiнен мезi болған үй иесi бәрiнiң де 



көзiн жоғалтыпты. Өйткенi олар ұрлықпен күнiн көрiп жүрген жалқаулар едi. 

 

 



Су жүрек қоян 

 

 



Бір күні қоян ұзап серуен демек болады. Бірақ ол үш қадам жасамай-ақ бұтаның арасынан бір сыбдырды 

естиді. 


 

Осы мені түлкі шығар аңдып жүрген! – деп қоян қорқып зыта жөнеледі. 

 

Жүгіріп, жүгіріп, дем алайын деп томаршаға отырғаны сол еді, тағы да бұтанын арасынан сыбдырлаған 



дауыс шықты. 

 

Қасқыр емес пе екен, мені аңдып жүрген! – деп үрейі қашып, қоян тағы қаша жөнеледі. Ол жүгіріп, жүгіріп, 



дем алайын деп сәл дамылдайды. 

 

Неліктен мен сондай бақытсызбын? Менен ешкім қорықпайды, мен болсам бәрінен қорқамын? Сорлы 



басым-ай, одан да бұл  қайғыдан суға батып өлгенім артық қой,  - дейді ол қамығып. Сөйтіп, ол өзенге 

жүгіріп келсе, жағада бақа отыр екен. Сұр қоянды көре сала бақа есі шығып бақылдап суға секіріп кетеді. 

Мұны көрген қоян тоқтай қалып, таңдана, өз-өзіне: - Мен осы несіне суға батам, меннен деқорқатындар 

бар екен ғой! – деп райынан қайтыпты. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              187 bet 

 

 



 

 

Торғай мен тышқан 



 

 

Торғай  мен  тышқан  дос  болыпты.  Екеуі  бірігіп  егін  егеді.  Тышқан  жерді  аяғымен  қазып,  торғай 



тұмсығымен шоқиды. 

 

Егін жақсы шығады. Олар бітік өскен бидайды жинап алып, бөле бастайды. Бір бидай артық қалады. Енді 



соны  қайсысы  аларын  білмей,  жанжал  басталады.  Торғай  тұмсығымен  шоқып,  тышқан  тырнағымен 

осқылап, олар бір-бірімен ұзақ төбелеседі. 

 

Маңайында ешкім болмаған соң, олар өздерінің билеріне барып, жүгінбек болады. 



 

Алдымен олар тышқандар биіне келеді. Ол: 

 

– Бұл бидайды тышқан алуға тиісті. Өйткені, тышқанның күші  көп. Ол тырнағымен көп жер жыртып, 



ұртымен бидай септі, – дейді. 

 

Енді олар торғайлар биіне келеді. Ол: 



 

– Бұл бидай торғайдікі. Себебі, торғай егіндегі барлық арам шөпті жұлған. Күнде үстінде ұшып, егінді 

күзетіп жүрген, – дейді. 

 

Бұған да келісе алмаған соң, торғай мен тышқан далада қой бағып жүрген бір шалға келеді. Шал дәнді 



алып, екеуіне бірдей қып бөліп береді. Торғай да, тышқан да разы болып, өз жөндеріне кетеді. 

 

 



Түлкі мен қасқыр 

 

 



Ерте-ерте-ертеде бір қасқыр мен түлкі жолдас болыпты. Бір жерге келгенде, қасқыр түлкіге айтыпты: 

 

    Менің басым ауырып барады, тамырымды ұстап, білші. 



 

Сонда түлкі қасқырдың тамырын ұстап тұрып: 

 

    Басың  өте  қатты  ауырып  тұр  екен,  олай-бұлай  жүріп,  құйрығыңды  мұзы  ойылған  суға  қоя  қойғын,-



дейді. 

 

Сонда қасқыр олай-бұлай жүгіріп келіп, құйрығын мұзы ойылған суға малып отырғанда, құйрығы мұзға 



жабысып, өзі сол жерде қатып қалыпты. 

 

 



 

Үш жалқау 

 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              188 bet 

Ертеде бірінен-бірі өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтай береді 

екен. 

 

Бірде  үшеуі  жолға  шығыпты.  Тоғай  арасына  келгенде,  мәуелі  ағаш  көлеңкесіне  қисая  кетіпті.  Бірінші 



жалқау: 

 

- Е, құдай, мына өріктер піссе,- депті. 



 

Екіншісі: 

 

- Ауызға келіп түссе,- депті. 



 

Сонда үшіншісі оларды кінәлай сөйлеп: 

 

- Түу, соны айтуға қалай ерінбейсіңдер?- депті. 



 

 

Сауысқан мен көкек 



 

 

Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап 



күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя керек»,-деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір 

күні сауысқан  көршісіне: 

 

-Екеуміз  бірігіп ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз,-дейді. Көкек: 



 

-Менің ұя салатын қуатым да,  қаруым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, құстың бәрі ағайыным, 

көп болып көмектесіп, ұя салып берер,-деп келіспейді. 

 

Сауысқан  көкектің  көмегін  күтпей-ақ,  ұя  салуға    кірісті.  Ол  ұясының  қабырғаларын  жас  бұтақтармен 



тасалап,  берік  етіп  өрді.  Оны  шыммен,  өсімдік  тамырларымен  мықтап  байланыстырды.Іші-тысын  саз 

балшықтармен сылады. Кішкене бұтақтардан құрастырып, шағын қақпалы есік жасады.  Ұяның астына 

мамықтан төсек төседі.Ал көкектің «керек, керек» деп қақсай-қақсай даусы қарлығып, тілі сақау болды. 

Ол кейінгі  жылдарда  «керек» дегендегі  р-ды  айта алмай,  «керек»  деудің орнына  «келек, келек» дейді. 

Сондықтан жұрт оны кекетіп «көкек» деп атайтын болды. Сол көкектің күні бүгінге дейін өзімдікі деген 

ұясы да, үй-іші де жоқ. Жұмыртқасын кез-келген ұяға табады, оны басқа құстар басып, балапан шығарады. 

Шібилер жетім өседі. 

 

 



Төлдер айтысы 

 

 



Бір жерге жиналған лақ, құлын, бұзау, қошақан, бота «біздің иеміз қайсымызды жақсы көреді?» деп бір-

бірінен сұрасты. 

 

Бірінші лақ бастап: 



 

-Мә-ә-ә! Әрине, иеміз бізді жақсы көреді. Ол біздің сүтімізді ішіп, түбітімізді киімге пайдаланады, - деді. 

 

Қошақан тұрып: 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              189 bet 

- Ме-ме! Ал біз ше! Адамға біздің етіміз өте ұнайды! Ол біздің жүнімізден жылы кеудешелер, бас киім, 

қолғап, шұлық тоқып, көрпе жасайды. Иеміз бізді жақсы көреді, бізден пайдалысы жоқ! – дейді. 

 

Осы кезде бұзау: 



 

    Мө-ө-ө! Сендер босқа мақтанасыңдар, адам тіршілігіне ең қолайлы – сиыр малы. Бізден шелек-шелек 

сүт, қарын-қарын май, ірімшік алады, етімізді жейді. Иемізге бізден пайдалы түлік жоқ! – депті. 

 

Сонда құлын бір кісінеп алады да: 



 

    Орынсыз мақтанбаңдар! Иеміз бізден қымыз алады, етімізден қазы-қарта, шұжық жасайды. Адамның 

мінетін көлігі де – біздер! – дейді. 

 

    Үндемей, монтиіп тұрған бота: 



 

    Бәріңнен де адамдар бізді жақсы көреді! Бізден алатын шұбаттың емдік қасиетін айтсаңшы! Оған еш 

нәрсе жетпейді, - дейді. 

 

    Осы кезде адам: 



 

    Төлдерім,  босқа  таласпаңдар!  Сендердің  әрқайсыларыңның  өз  орндарың  бар!  Адам  үшін  бәрің  де 

пайдалысыңдар, керексіңдер! – деді. 

 

 



 

Аққу- қаздар 

 

 

Ертеде  бір  ер  адам  мен  әйел  болыпты.  Олардың  Маша  деген  қызы,  Иван  атты  ұлы  бар  екен.  Маша  – 



тұңғышы. Иванушка – кенже баласы. 

 

Бірде балалардың әке-шешесі қалаға аттанады. Кетерінде олар Машаға: 



 

– Ал, қызым, ақылды бол! Үй мен Ванюша – өзіңе аманат. Бауырыңды көзіңнен таса қалдырма. Саған 

сеніп  кетіп  барамыз,  жарай  ма?  Біз  сендерге  қаладан  базарлық  ала  келеміз,  –  деп  қатаң  ескертеді  де, 

қоштасып жолға шығады. 

 

Әке-шешесі  кетісімен  Машаны  аулада  ойнап  жүрген  достары  шақырады.  Қыз  Иванушканы  терезе 



алдындағы көгалға отырғызып, өзі балаларға барып қосылады. 

 

Біраз уақыт өтеді. Маша ойын қызығына кіріп кеткен. Кішкентай Ванюша мүлдем ұмыт қалды. Осы кезде 



бір  топ  жабайы  қаздар  пайда  болады.  Олар  терезе  алдында  отырған  баланы  қанаттарына  отырғызып, 

ұшып кетеді. 

 

Ойнай-ойнай шаршаған қыздар тарқай бастайды. Маша да үйіне оралады. Келсе, Иванушка жоқ. Ол ары-



бері жүгіріп іздейді. Айқайлай-айқайлай дауысы қарлығады. Әке-шешесінің айтқан сөздері есіне түсіп, 

өкініп жылайды. 

 

Інісін неде болса іздеп табу керек. Жүгіріп ауыл шетіндегі жазық далаға шығады. Ол алыста ұшып бара 



жатқан бір топ қаздарды көреді. Жабайы қаздар лезде қалың орманға кіріп, көзден ғайып болады. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              190 bet 

Маша Ваняны осы қаздардың алып кеткенін біледі. Себебі бірде ол ауыл адамдарының бала ұрлайтын 

жабайы қаздар туралы айтқан әңгімесін естіген еді. Қыз құстардың ізіне түседі. Жүгіріп келе жатып ол 

бір пешке тап болады. Қасына келіп: 

 

– Пеш-ау, пеш, айта қойшы, жабайы қаздар қай жаққа қарай ұшып өтті? – деп сұрайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет