Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Бел сөзіне қатысты фразеологизмдер



бет35/60
Дата15.02.2023
өлшемі259,24 Kb.
#68253
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60
Бел сөзіне қатысты фразеологизмдер:

Есім фразеологизмдер: а) кұмырсқа бел, күзен бел, таспа бел, қақпан бел, күдері бел, қынай (қынама) бел, бұран бел, қыз бел, асқар бел, аш бел, т. б.
ә) бел ағаш, бел бала, бел құда, бел омыртқалы орақ, белі жоқ, бел ауру, бел күрек, бел ата (сы), елді атабел немересі, бел орта, бел ортасында, т. б.

Етістік фразеологизмдер: байлады (буды), бел бермеді, бел (і) кетті, бел көрді, бел көрсетті, бел қайысты, бел қылды, бел ұстасты, бел шешпеді, бел шешті, бел бүкпеді, белі бүгілді, бел көтерді, бел болды, белге шықты, бел жазды, бел суытты, белін сындырды, белі ауырмайды, бел асты, белі шойырылды, белге көтерме болды, бел күшке кірісті, бел қызығын көрді, бел омыртқасы үзілі шықпай жатып т. б.

Тілдегі кез келген сөз фразеологизмдерге ұйтқы сөз бола алмайды. Халықтың өзімен қоса жасасып келе жатқан байырғы сөздік қордағы сөздер ғана ұйытқы сөз бола алады. Сөздің сапа жағынан қаншалықты дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі — оның көп мағыналық сипат алып, туынды мағынада жұмсалып, әлденеше фразеологизмдерді тудыруға себеп болуыңда. Осы ретте қазақ тіліндегі фразеологизмдерді жасаудағы анотомиялық атаулардың қызметі айырықіпа екендігін атай кеткен жөн. Әсіресе көз, қан, бас, ауыз, қол, бет, аяқ, жүрек, тіл, қүлақ, қабақ, төбе, кеуде, көкірск тәрізді адамның дене мүшелері сөзге арқау, ойға тірек-гаяныш болып, тіліміздегі фразеологиэмдердің бай қорын жасаудағы мінсіз қызметі бір төбе екендігін анықтадық.


56. Фразеологизмдердің экспрессивті-стилистикалық қызметін түрлеріне топтастырып, кестеге түсіріңіз. Әрқайсысын мысалдармен дәйектеңіз.
Фразеологизмдердің жеке сөздерге қарағанда көріктеуіш құрал ретінде жұмсалатын бейнелі, экспрессивті, эмоционалды қызметі ерекше.
Жазушы кез келген өмір құбылысын суреттеуде болсын, кейіпкер бейнесін жасауда болсын фразеологизмдерді орынды қолдану арқылы оқырманға айтайын деген ойын дәл, анық әрі әсерлі етіп жеткізеді. Тұрақты тіркестер күрделі ой- түйіндерді ықшамдап аңғартатын, көркемдік құрал. Жазушы адам мінезінің толып жатқан қыр-сырын, оның сыртқы бейнесін, ішкі жан дүниесін әртүрлі тілдік тәсілдерді қолдану арқылы бейнелейді. Кейіпкер бейнесін, оның түр-тұлғасын, ішкі сезім иірімдерін әсерлі етіп жеткізуде әсіресе, фразеологизмдердің қызметі ерекше.
«Тұрақты сөз тіркестеріне эмоционалды-экспрессивті болу тән. Экспрессивті тұрақты сөз тіркесі сезімге ерекше әсер етеді. Мұндай тұрақты тіркестер әртүрлі көңіл-күйге байланысты жұмсалады». Көркем шығарма тіліндегі фразеологиялық тіркестерді талдау арқылы — әрбір автордың өзіндік стиль жасаудағы тілдік тәсілдерінің бояу-өрнегін айқындауға болады.
Қазақ фразеологизмдері функционалды-стилистикалық ерекшеліктеріне қарай мынадай стильдік топтарға жіктеледі:
1. Бейтарап қолданыстағы фразеологиялық тіркестер.
2. Кітаби фразеологиялық тұлғалар.
3. Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологиялық тіркестер.
4. Қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологиялық тіркестер.
Көркем шығарма тілінде қарапайым фразеологизмдердің де стильдік қызметі ерекше. «Әдеби тіл нормасына сай келмейтін, жай дөрекі тұрақты тіркестерді қарапайым фразеология дейміз. Алайда ол әдеби тіл нормасына жатпағанмен, көркем әдебиетте образ жасау үшін кейіпкердің сөзінде кездесіп отырады.Бұл тілдік амал арқылы жазушы кейіпкердің ой-өрісін, өскен ортасын, әлеуметтік халін, мінез-құлқын көрсетеді».
«Сенің өзің ноғайсың!» деді қартаңдау біреу. «Атаңның басы!» — дедім мен айғайлап (М.М.)
«Жын соққан ба өзін!» деді күбірлеп (М.М.) Берілген мысалдардағы қарапайым фразеологизмдер кейіпкердің мәдени дәрежесінен, мінез-құлқы мен алған тәрбиесінен хабар береді. Мұндай қарапайым фразеологизмдер тек кейіпкер тілінде ғана кездеседі және жағымсыз реңкімен, төменгі стилистикалық функциясымен ерекшеленеді.
Фразеологизмдер сөйлеу тілінде де, жазба тілде де көп қолданылады. Фразеологизмдерді қолданудың екі түрлі стилистикалық тәсілі бар:
1.Фразеологизмдердің жалпыхалықтық тілде қолданылуы.
2.Фразеологизмдердің өзгертіліп, авторлық өңдеумен қолданылуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет