Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Фразеологизмдік ұйытқы сөздерге сипаттама беріңіз, оларды топтастырып, мысалдармен дәйектеңіз



бет34/60
Дата15.02.2023
өлшемі259,24 Kb.
#68253
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60
55. Фразеологизмдік ұйытқы сөздерге сипаттама беріңіз, оларды топтастырып, мысалдармен дәйектеңіз.
Тұрақты сөз тіркестері мен күрделі сөздер сөздікте берілгенде, бірінші сөздің әліпбилік тәртібіне қарай орналастырылады. Фразеологизмдердің бірінші сөзі көп жағдайда ұйытқы сөз деп аталады. Әсіресе сын есімдердің (ақ, ала, көк, қара, қоңыр), сан есімдерден (бір, екі, үш, төрт, он екі, қырық, мың), бірлі-жарым етістіктіктерден болған ұйытқы сөздер әрқашан фразеологизмдердің бірінші сөзі болып жұмсалады. Мысалы: ақ айыл, ақ боран, ақ білек, ақ жарқыи, ақ жауын, ақ жем, көк айыл, көк долы, көк бақа, дауыл, көк жал, көк майса, көк мылжың, бір шүйке, бір үзім,бір ілім,бір отар,бір үйір, бір қора, екі жүзді, екі қабат, талай, екі ұшты, қырық жамау, қырық, қырық пышақ, өлгенде көрген, өлер жері, өлгсн-тірілгенін жақсы көрді, өлдім-талдым дегенде, өле жаз-қорқады, өлеріне көрінді, өлмегенге өлі балық, өлмегенге қара жер, ішкен асын жерге қойды, ішкен-жегенін мұрнынан шығарды, ішкені алдында, ішпегені артында, ішкені ірің, жегені желім, ілінсе кетті, іреп сойды, алып қашты, жабулы казан жабуымен, жатып ішер, жазбай таныды т. б
Ұйытқы сөз фразеологизмдердің бірінші өзі болып келуі басты шарт болып табылмайды. Екі компонентті зат есімнен болған фразеологизмге ұйытқы сөз бірінші болып та, соңынан екінші болып та тұра береді. Дегенмен, ұйытқы сөз фразеологизмдердің бірінші (басқы) компонентті болып қолданылуы өте жиі ұшырасатындығын жоққа шығаруға болмайды.
Мұны мына төмендегі фразеологизмдердің құрылым-құрылысынан айқын көруге болады. Мысалы:



Фразеологизмдер:

Мысалдары:

Тіс сөзіне қатысты фразеологизмдер:

Есім фразеологизмдер: а) сүт тіс, күрек тіс, сиыр тіс, бұзау тіс, қасқа тіс, маңдай тіс, ақыл тіс, ұры тіс, азу тіс, қой тіс, жылқы (ат) тіс, ит тіс, сойдақ тіс, қашау тіс, сары тіс, маржан тіс, ұрғашы тіс, еркек тіс (тараққа қатысты) т. б.
ә) тіс қаққан, тісі шыққан, тісі қаладай, тіске басар, тіс тимеген, тісі меруерттей т. б

Етістік фразеологизмдер: тісің барда ысқыр, тісін батырды, тіс жарды, тіс жармады, тісі батпады, тісін басты, тіске басты, тісінен шыгармады, тісін қайрады, тісі шықты, тісі тісіне тимеді, тісің барда ысқыр, тіске сыздық етті, тісінің сыздығына сақтады т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет