Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз



бет3/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Эстетикалық категория: асқақтық


Троп түрлері
Адамдай - теңеу
Сақалды ергежейлі - эпитет
Бақытсыз, зәрлі кезең - эпитет
Сынаптай - теңеу
Мұңды көз - эпитет
Өлең құрылысы
Шар-ша-дым. Қат-ты шар-ша-дым. А
Күн-де-күн-де ө-лу-ден шар-ша-дым. А
Ө-зім-ді қу-ғын-да жүр-ген а-дам-дай се-зін-у-ден шар-ша-дым. Бір-еу-ге би-лік жүр-гіз-у-ден шар-ша-дым. А
Жең-іл-у-ден, то-нал-у-дан, ке-рең бол-у-дан, ұ-мыт қал-у-дан, сат-қын-дық-тан шар-ша-дым. А


Шумақ- 6
Тармақ- 29
Буын- 9-10
Бунақ- 3-4
Ұйқас түрі- шұбыртпалы ұйқас ( а,а,а,а)


4.Тарихи роман. Прозадыға тарихи шындық және көркемдік шешімге тоқталыңыз
Жалпы «Көшпенділер» трилологиясы әлемнің 30 тілінде жарық көріп, 50 рет қайта басылды.
Шығарма кейіпкерлері – негізінен, тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі.
1. Алмас қылыш романында — Әбілқайыр хан, Жәнібек хан, Керей хан
2. Жанталас романында — Қасым хан, Хақназар хан, Абылай хан, Бұқар жырау
3. Қаһар романында — Асан қайғы, Қазтуған, Кенесары хан, Ағыбай батыр сияқты тарихи,аты аңызға айналған тұлғалар басты кейіпкерлер болып табылады.

Көтерілген тақырыптар: қазақ халқының қалыптасуы, Қазақ хандығының Жоңғар хандығымен арпалысы, Қытай, Хиуа, Бұхара, Ресей империясы секілді көршілерімен аумалы-төкпелі қарым-қатынастары.


Атауы: І. Есенберлин «Алмас қылыш»
Тақырыбы: Дешті қыпшақтың қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына топтасуы.
Басты идеясы: қазақ руларының бірлесу, бір хандықта ынтымақ құру мәселелері.
Шығармада басты қаһарман Әбілхайырдың, сондай-ақ Жәнібек, Мұхаммед Шайбани, Бұрыңдықтардың, тағы басқа тарихта болған қайраткерлердің бейнелері жасалған. Автор олардың күрделі тұлғаларын бойындағы қайшылықтарын ашып көрсету береді. Мәселен, Әбілхайыр, бір жағынан, айлакер, ақылды айбарлы ел басшысы болса, екінші жағынан, өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қандықол. Оның жүздеген жылдарға созылып, әріден келе жатқан Шыңғыс ханның үрім-бұтағының озбырлық саясатын жалғастырушы екенін де автор жасырмайды, хан екен деп, орынсыз дәріптемейді. Қалың әлеумет адамдары да романның басты идеясын ашуда елеулі қызмет атқарады. Мәселен, Асан Қайғының Бердібек пен Әбілхайырға айтатын қатал сын сөздері, Әбілхайырдың Керей мен Жәнібек елін шабам деген екпінінің қол астындағыларының қолдамауынан су сепкендей басылуы сияқты көріністер бұған айғақ. Мұнда халықтың жақсы қасиеттерін бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған, Саян, Орақ секілді кейіпкерлер романның идеялық жүгін едәуір көтеріп тұр. Мәселен, Қазтуған мен Қотан ақындардың айтысы арқылы роман бүкіл қазақ даласының тарихи көрінісін, шежіресін береді, халықтың сан ғасырлық өмірін, күрестерін, олардың сыры мен сипатын айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет