Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


Ж.Қорғасбек «Қасқыр адам» повесіндегі адамгершілік мәселесіне талдау жүргізіңіз



бет39/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66
52. Ж.Қорғасбек «Қасқыр адам» повесіндегі адамгершілік мәселесіне талдау жүргізіңіз.
Ж.Қорғасбек «Қасқыр адам» повесінде тарихымыздағы аса күрделі кезеңді адам болмысының құбылысы арқылы танытқысы келеді.
Тағдырдың жазуымен бар өмірін елден жасырын өткізген адамның ортамен байланысы ақыры трагедиямен аяқталады. Осындай талайлы тағдырлар арқылы азаттық аңсаған ата-бабаларымыздың арманы – тәуелсіздіктің қадір-қасиеті көрінеді. ХХ ғасырдың 30-40-жылдарындағы қазақтың әлеуметтік те, экономикалық та, рухани тұрғыдан да талауға түскен тағдырын бейнелейді.
Халықтың ғасырлар бойына жалғасып келе жатқан тұрмыс салты мен тіршілік ету қалпын қолдан бұзып, негізгі күнкөріс көзі – малдан айырып, біреу ұғып, біреу ұқпайтын жасанды ұжымдастыруды алып келіп, ақырында қазақтың азып-тозып кетуіне, мың-миллиондап аштан қыры­луына, амалсыздан елін, жерін тастап, шетке босуына ұласқан зұлмат жылдар – тарихымыздағы қаралы парақтарАдамның сондай аласапыран зобалаңда да адам болып қала білуі – оның ішкі өзегіне, рухани жігеріне сын екені сөзсіз. «Қасқыр адам» повесінде кейіпкерлерінің ішінде адамдық қалпын сақтағандар да, сақтай алмағандар да бар.
Жүсіпбек Қорғасбектің «Қасқыр-адам» повесінің желісі бойынша «Талан» фильмі түсірілді. Режиссер Болат Қалымбетов фильм арқылы ХХ ғасырдың 30-шы – 40-шы жылдарындағы ел тарихындағы ақсүйек жұт пен аштық, репрессияны өзінің қарапайым кейіпкерлерінің тағдыры арқылы көрерменге жеткізуге тырысқан.Режиссер айтпақшы, «Талан» - тағдыр деген мағынаны береді, яғни 1930 жылдардағы елі мен жерін тастап шалғайға бет бұруға мәжбүр болған қазақ халқының қиын тағдыры – киноның басты арқауы. Қазақтың басына күн туған қасіретті заман, адамдар арасындағы тартыс, кейіпкерлердің жан сырын аша түсетін психологиялық қайшылықтарға толы сюжеттер бүгінгі кино тілімен ұтымды құрастырылған. Тағай мен Керім есімді қос кейіпкердің өмірі арқылы бір тарихи кезеңге шегініп, сол заманның шындығын көруге болады.
53. Анемистік шығармаларға Венн диаграммасын жатсаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет