Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


Оқыған романыңызды эстетикалық категориямен талдап беріңіз: асқақтық, ұсқынсыздық, бейберекеттік , сұмдық категорияларына тоқталыңыз



бет42/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66
56. Оқыған романыңызды эстетикалық категориямен талдап беріңіз: асқақтық, ұсқынсыздық, бейберекеттік , сұмдық категорияларына тоқталыңыз.
Тұрысбек Сәукетаевтың «Мен жындымын» романындағы эстетикалық категориялар:
Трагедиялық:
Гер ағаның өлімі «Қара аспан қақ айырылып, жайрап қалдым… Есімді жисам, үстіне қара пүліш жабылған қызыл табыт театрдың есігінен бері қарай қалықтап келеді екен. Қаптаған халық қақ айырылып ізінен ду қолшапалақтады: " Герольд өлді! Герольд жасасын!" Көшенің қос жиегінде ентелеген жұрт иектері кемсеңдеп, жанары жасқа толып табыттың жолына гүл лақтырып жатыр. Жан-жақтан жауған ақ, сары, қызыл, көк… гүлдердің арасынан Гер — ағаның мейірімді, мұңлы жүзі "ризамын, хош!" дегендей жымия қарайды. "Япырау, ұлыларға өлудің өзі салтанат екен ғой!" Қаралы шеруге бір бүйірлеп мен де қосылдым. »
Тауфихтың өлімі: Жындыхананың машинасы анандайдан көрінген сәтте, теріс қарап тұрған лейтенанттың беліндегі тапаншаны қорабынан суырып алыпты да, самайына тіреп, өзін-өзі атып салыпты.
Құлдыраушылық:
Тауфихтың терезеден балаларына телміріп қарауы: «Көлеңкелер бәрін айтып тұр. Олар күлсе, мен де жадыраймын. Жүздерін жырақтан көзіммен аймалап, елжіреймін. Жылтырап жанған терезенің алақандай шуағына қалтыраған жүрегімді жылытып тұрмын. Толассыз сіркіреген қара жауын сай-сүйегімнен өтіп, сыртымды тоңдырғанмен іштегі ыстық ұшқынды өшіре алар емес. Терезедегі арлы-берлі теңселген көлеңкелерге қарап еміреніп: — Жаным, жарықтарым! — деймін дауысым құмыға. — папаларың кеп тұрғанын сезесіңдер ме? Жаңбырдың астында қалшылдап тұрсам да көкірегім қуаныштан қыз-қыз қайнайды. Өйткені сендерді көріп тұрмын сырттарыңнан болса да. Сендер болмасаңдар, кім мені қуантар еді бұл өмірде? Кім бүйтіп жүрегімді жылытар еді? Мен сендерден безгем жоқ, құлындарым! Тырнақтай пайдам тимеген соң, әзір асқа тік қасық болудан қаштым. Сөзі қисық, ісі қырсық, есуас әкені күнде көріп жандарың жараланғанша, осы жақсы емес пе!..».
Комедия:
Тауфихтың 100 долларды орындық бетіне жайып, жел ұшырып алып кетуі: «Кенет төбеме төнген балапан қайыңның сусылы күшейіп, жапырақтары сатыр-сұтыр тыпырлап дүр сілкінді. Орындық бетінде жайылған көк қағаздар үйірлі көк кептердей дүр етіп көтеріле бергенде, есім шығып жалма-жан үстіне жалп етіп құлай кеткем. Құшағыммен қаусыра жиып, қалтама салам дегенше бір көк құлақ бәрібір бауырымнан сытылып шығып, бейбітшілік көгаршынындай қанаты сытырлап ұша жөнелді. Тұра сала ұмтылдым. Етек-жеңім жайылып біраз жерге далақтап барып ентігімді бастым. Ұйтқыған жел оңды-солды үйіріп жеткізер емес. Қалықтаған көк қағазды әуелі бір жігіт көрді, қалт тоқтап, таңырқай қарап сәл тұрды да: — Доллар! — деп жүгіре жөнелді қаңғалақ қағып. Жанай өтіп бара жатқан кексе әйел жалт бұрылып:
— Кәне? — деді көзі алақтап.
– Әне!
Әйел де қоса жүгірді. Апалақтай ұмтылып сүрініп кеткенде, басындағы сары ұлпа паригі жел төңкерген қаңбақтай анандай жерге домалап түсіп еді, оған да қараған жоқ. Дүрмекке ілескендердің қарасы лезде көбейіп кетті. Жан-жақтан алақ-жұлақ етіп қосылып жатыр топырлап, тасқындап. Ер-әйел, жас-кәрі. У-шу, бірін-бірі кимелеп, қолдарын ербең-ербең жоғары созып көк қағазды қуып барады.»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет