Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


Қазақ әдебиетінің даму кезеңдеріне талдау жүргізіңіз



бет51/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66
Байланысты:
Мәңгілік бала бейне

68.Қазақ әдебиетінің даму кезеңдеріне талдау жүргізіңіз
Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.
Халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», т.б.), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпикалық дастандар («Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жiбек», т.б.) қазiргi қазақ әдебиетінiң өз алдына мол мұрасы болып саналады.
Егер қазақ әдебиетін тарихи өлшеммен бөлсек, төмендегідей жіктеледі:
• Көшпелі тайпалық әдебиет
• Ежелгі дәуір әдебиеті
• XV—XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті
• XIX ғасыр — XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиет
• Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
• Тәуелсіз қазақ әдебиеті
И.Нұрахметтің: “Қазақ әдебиеті тарихын тану туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуы мен дамуында, күшті ғылыми негізге ие пікір қозғап, күрделі зерттеу еңбектер ұсынған ғалым Б.Кенжебаев өз тұсындағы ғылымның жетістіктерін жіті қадағалап, ішкі қажеттілікті қапысыз танып, әдебиет тарихына деген жаңаша көзқарастың ту ұстаушысы бола алды”– деп жазғанындай, әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесіне ерекше назар аударды. Ғылыми ұстанымын кезеңдік саяси көзқарас аясында емес, тарихи шындық тұрғысынан айқындауға тырысқан. Ол алғаш рет қазақ әдебиеті тарихын былайша жүйеледі:
- Бұрынғы әдебиет (Ү-ХҮ ғасырлар арасы). Қазақ ру-тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуірлеріндегі әдебиеті. Көбінше, сол замандардан түрік ру-тайпаларымен бірге жасаған ортақ әдебиет;
- Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХІХ ғасыр арасы). Қазақтың өзіндік әдебиеті;
- Қазақтың ХІХ ғасырдағы жаңа, сыншыл, реалистік әдебиеті;
- Қазақтың ХХ ғасыр басындағы (1890-1920 жылдардағы) әдебиеті;
Әдебиет тарихын дәуірлеуге қатысты пікірлер оннан астам жылдың жүзінде талданып, талқыланғанға ұқсайды. Өйткені, Б. Кенжебаевтың 1971 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиеті» газетінің бетінде жазған «Көкейде жүрген мәселе» деп аталатын мақаласында «Бір халық әдебиетін тұтас жасау – қомақты да, қиын еңбек. ...Қазақ әдебиеті тарихын Ү-ҮІ ғасырлардан бастайық, оны ертедегі түркі текті халықтарға ортақ әдебиет, қазақ халқы дербес бөлінген дәуіріндегі әдебиет, ХІХ ғасырдағы әдебиет, ХХ ғасыр басындағы әдебиет, қазақ совет әдебиеті деген дәуірлерге бөліп қарайық деген тұжырымға келген сияқтымыз»,-деп жазады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет