Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


Д. Исабековтың “Қарғын” романына “Кластер” әдісімен талдау жүргізіңіз



бет30/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66
Байланысты:
Мәңгілік бала бейне

43. Д. Исабековтың “Қарғын” романына “Кластер” әдісімен талдау жүргізіңіз.
“Қарғын” романы алғаш рет 1980 жылы “Жазушы” баспасынан жарық көрді. Кітап баспадан шыққан бойда жастардың сүйіп оқитын шығармасына айналды.
"Қарғын" сөзі "сай-сайдан, жылғадан аққан құм-тасы аралас жауын суы; тасқын" дегенді білдіреді.
Романның негізгі оқиғасы Алматы қаласында өтеді. Негізгі идеясы – адам бойындағы шынайы махаббат, адал сезім, биік парасатты жан-жақты көрсету. Шығарманың басты кейіпкері – атышулы жас жазушы Жасын және жоғары оқу орнына енді ғана түскен студент қыз Бағила. Одан бөлек кейіпкерлер: Сәргел, Қаратай, Мәлике, Тұрғат, Мәнсия және т.б.
Романның құндылығы оның ішіндегі - күрес. Адамның ішкі жан дүниесінде болып жатқан арпалыс. Шығармада Жасынның Бағилаға деген шынайы сезімі де өз мінезі сияқты қайшылыққа толы, тіпті, ішкі жан-дүниесінің өзімен-өзі арпалысы кезінде байқаусыз жас қыздың арына тиетін де сөздер айтып қалады. 
Жалпы, романда адамның қоғам алдында, отбасы алдында, ата-ана алдында міндеттері бар екенін және соны орындау үшін талай нәрседен бас тартуға тура келетіні туралы жазылған. 

44. Б. Нүржекеұлының “Күтумен кешкен ғұмыр” романындағы кейіпкерлерге психологиялық портрет жасаңыз.
«Күтумен кешкен ғұмыр» романы Қазан төңкерiсiне дейiнгi қиын-қыстау кезеңдегi әншi жiгiт Әтiке мен сүйiктiсi Қайныкештiң қат-қабат тағдырларына арналған аса күрделi шығарма. Мұнда трагедиялық тартыс да бар. Сезiмнiң адамы Әтiке осалдық танытып, бiр тойда кездейсоқ кездескен Әуес есiмдi әдемi келiншекпен құмарлық ләззатын кешедi. Пәленiң бәрi осыдан басталады. Оның күйеуi Байту сол елге белгiлi жуан бай Жайтудың iнiсi едi. Ағайынды екi жуан ендi Қайныкештi Әтiке алып қашып бара жатқан жерiнен жолын тосып, тартып алады. Байту Әуестi талақ етiп, төркiнiне жiбередi де Қайныкештi бауырына басады. Кек алудың осындай жолын таңдаған жуандарға қарсы әншi Әтiке де жолдас-жораларымен бiрiгiп дұшпандық жасады. Жайтуды ат құйрығына байлап, сүйретiп өлтiредi. Сонда да сүйгенiне қосыла алмайды. Керiсiнше өзi жансауғалап, хабарсыз кетедi. Роман Әтiке өмiрiнiң осындай трагедиялы тағдырына арналған секiлдi көрiнгенмен негiзгi лейтмотив Қайныкештiң өзiмен бiрге мәңгiлiк сапарға ала кеткен пәк сезiмiнiң сырларын ашуға арналған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет