Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


Т. Ахметжан “Сұлу мен суретші” повесіне РОМБТЫҚ жіктелім арқылы маңызды және маңызды емес элементтерді табыңыз



бет29/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66
41. Т. Ахметжан “Сұлу мен суретші” повесіне РОМБТЫҚ жіктелім арқылы маңызды және маңызды емес элементтерді табыңыз.
Шығарманың идеясы: Суретші мен сұлу арасындағы махаббат арқылы өз сүйгеніне берік, адал болуға үйретеді.
Авторлық ұстаным: Өмірлік қиындықтарды жеткізе отырып, оған мойымай төзе білу және соның жолында күресу.
Маңызды элементтер: Суретшінің таланты, Суретші мен сұлу арасындағы махаббат, Сұлудың некедегі әйел екендігін білуі, Шалдың дәрменсіз хәлге жетуі, қожайынның шалдың өнерін иемденуі, Шалдың қызын көріп, өз суретінен өзі өлуі.
Маңызды емес элементтер: Қожайынның байлығы, мақтаншақтығы, шалдың бейшара хәлдегі кейіпі, қыздың сұлулығы мен аңғалдығы, Сұлудың күйеуінің көзіне шөп салуы.
42. Ә. Кекілбаевтың “Күй” повесіндегі мәңгүрттік бейнесіне теориялық талдау жасаңыз.
Адам болмысы ақылын қару етіп, болашақты игеретін ғылымды дамытып келеді. Алайда адам ақылының түрлі деңгейі небір қиянат, небір зұлмат ойлап тапқанын кешегі тарих іздерінен көре аламыз. Мәңгүрттік - өзінің кім екенін, ел-жұрты, руының кім екенін, өз атының кім екенін білмес. балалық шағы, әке- шешесі мүлде есінде қалмаған мылқау адам. Ол да бір, тілсіз мақұлық малда бір, сондықтан ол қауіпсіз де, иесіне шексіз бағынған құлақ кесті құл. Бар тілері қу тамақ, далада үсіп өлмес үшін ескі-құсқы қомыт киім, басқа ештеңенің керегі жоқ. Дәл осы мәңгүрттік бейне шығармада үлкен рөл атқарады.
“Күй” повесінде суреттелген басты оқиға – дұшпандық жазаның ең ауыр, сұмдық түрі – мәңгүрт жасау аңызы.
Жауласқан елдер тарихында, мәңгүрттік немесе мәңгүрт жасау – ежелден бар нәрсе. Жвлпы төл әдебиетімізге Мәңгүрт сөзін алғаш 28 жасында алып келген Қазақстан жазушысы – Әбіш Кекілбайұлы.
Мәңгүрт сөзінің арғы түбі мәңгіруден шыққан. Повестегі мәңгүрттік бейне - Ауыр жаза, адамды қинау, мәңгүрт жасау. Одан қалды, қаталдық пен мәңгілік тұзақ, адамның басын(миын) қорлау повесте суреттеледі. Негізі бұл жасөспірімдерге, батырларға қарсы жасалған сұмдық іс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет