Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


Кейіпкерлерге психологиялық портрет



бет31/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66
Байланысты:
Мәңгілік бала бейне

Кейіпкерлерге психологиялық портрет: 
Әтіке- романның басты кейіпкері. Ол жастайынан өнер қуған, ән айтқанда даусында зәредей міні жоқ әнші болып танылады. Аңғал, атақтың буы ақылынан алжастырған әнші. Әншілік қабілеті қанша мықты болғанымен, іс-әеркеттері соншалықты бейберекетсіз. Әйелінің көзіне шөп салғанымен қоймай, адами тұрғыдан өзіндік ойы жоқ, тек бір күндік өмірін ойлайтын адам.
Жайту- іс-әрекеті бөлек, жан шошитын әрекеттер жасайды. Қайнікешті тартып алып, өз інісі Байтуға апарып береді. Ашу-ызаға тез берілетін, тек күш көрсету, әлімжеттік арқылы бәрін шешетін адам. Тіпті өзінің 6 жасар ұлы Төребекті де аямай, жолында тұрғанда жағасынан ұстап лақтырып жіберген. 
Қайныкеш - тағдыры қым-қиғаш, тағдыр сынына шыныққан, өмір шындығынан ойып алынған бейне. Қайныкештің таза махаббаты, Әтікемен қашуының өзі саналы батылдығы деуге болады. Қайныкеш өмір бойы Әтікеге деген махаббатты, құштарлықты аңсаумен ғана өтеді. Өмірдің қызығы бала болса, сол баланы сүйгенінен емес, өзін зорлап қосылған адамнан сүйеді. 

45 М.Мағауинның «Құмырсқа қырғын» шығармасының сюжеті мен композициясына талдау жасаңыз.
Оқиғаның басталуы: Қаладан қоныс аудаған жазушы
Баудың қақ төрі-шығыс беттегі сұрғылт тас дуалдың түбінде үлкен илеу бар екен.Біз жаңадан сатып алып жатыр едік.Балалардың өрісі кеңейді.Демаоысы да жылдағыдан тәуір.Баудың үйге тақау,бақшалық ашық жерінде егілген жеміс-жидектерін қадағалап,алма,алмұрт ағаштарын суарыпкөлеңкеде кітап оқып,аунап-құнап жатыр.
Оқиғаның дамуы: Баудың қақ төрінде тынымсыз еңбек еткен қоңыр құмырсқалар.
Құж-быж.Бірі кіріп-бірі шығып,қаптап жатыр.Көзге көбірек шалынатын және біз білетін бар құмырсқа-осы еңбекшіл және ержүрек қауым өкілднері.Қай ағаштың діңіне қарасаң да өрмелеп бара жатқан,түсіп келе жатқан құмырсқа.
Оқиғаның шарықтау шегі: Бұзылған қора жайдың орнына илеу жасаған қара құмырсқалар.
Екі илеу пайда болыпт.Илеу болғанда,үйінді емес,жайдақ тақыр ұя.Қаптаған тесік,құжынаған құмырсқа.құмырсқа болғанда,қиқым майда қара құмырсқалар.Шымал.шымалдың өзгеше бір ширақ тұқымы сияқты,жорғалағанда көз ілеспейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет