Шәзия - нағыз жазушының жары. Шеген бүбішті тек жүрекпен сүйсе, Шәзияны ақылымен сүйгендей. Шығармадағы басты кейіпкер Бексұлтан ағаның өзі екенін ескерсек, кім біледі, Шеген Бүбішке қосылғанда мұндай туындылар өмірге келер ме еді, келмес па еді?... Неге дейсіз бе? Оқырман көзімен қарағанда Бүбіш өзгеден бұрын өзін қатты жақсы көретін, өз бағасын білетін, кербез сұлу. Десе де маған Бүбіштің ұнаған қасиеті - сабырлығы. Ал шығармашылық адамдарына өзінен бұрын сені беріліп сүйген адамың болғаны әлдеқайда ұтымды. Шын сүйген адам бәріне де көнеді. Шәзия да сондай.
40. Ә. Асқар “Өр Алтай мен қайтейін биігіңді” шығармасындағы заман көрінісіне SWOT талдау арқылы баға беріңіз Шығармада жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы өтпелі кещеңнің шындығы суреттелген. Проблеманың ең бастысы-нарық дәуіріндегі қазақ ауылының ендігі тағдырына алаңдаушылық.
«Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді...» романы 1987 жылы жазылған. Бұл кітаптың бірінші бөлімі 1988 жылы аяқталса, екінші бөлімі мен үшінші бөліміне 1994 жылы нүкте қойылыпты. Ізденгіш қаламгер шығарманың иін қандыруына уақытты тиімді пайдаланған.
SWOT талдау
S-күшті жсқтары. Жазушының бұл повесі тәуелсіз еліміздің береке-бірлігіне қатысты көп мәселелерді көтерген. Қоғамдық салмағы күшті проблемаларды, ескісін де, жаңасын да, қазақ ауылының күнделікті қоңыр тұрмысынан, әр кейіпкердің өзіне ғана тән мінезінен, әпенділеу қылығынан, бейкүнә іс-әрекетінен сығымдап өндірген.
W – әлсіз жақтары. Шығарманың әлсіз жағы қоғамда болып жатқан проблеманы нақты анық көрсетуі. Повестің өзегіне айналған проблема тек өтпелі дәуірдің қиыншылықтары тұсындағы тұрғындар психологиясын ашып көрсетумен шектелмейді., жазушы қазақы рухтың сақталып қалуы мәселесіне де мүмкіндігінше назар аудара білген. Бір жағында қазақы сананы қаймағын бұзбастан қалай сақтап қаламыз деген мәселенің ұшығы көрініп тұрса, екінші жағынан жастардың қалалы жерлерге ұмтылысы, тұрғындардың қалаға шоғырлануы (урбанизация) сияқты мәселелер алдыңғы қатарға шығады. Проблеманың ең бастысы – нарық дәуіріндегі қазақ ауылының ендігі тағдырына алаңдаушылық.
О- мүмкіндіктері. «Романға бергісіз хикаят» деп атапты Шерхан Мұртаза кітапқа берген алғы сөзінде. Бір ғана ауылдың тағдырын көрсету арқылы жазушы социалистик өмір салты бұзылып, күллі қазақ аулының жай-күйін, адамдардың қожыраған, колхоздар мен совхоздардағы қиюы қашқан тіршілігін әдем бейнелеген. «Қайта құру» деп басталып, жаппай жекешелендіруге көшкен шақтағы елдің өмірге ене бастаған өзгерістерді жете түсінбей, бұрынғы коллективтік дүние-мүліктің талан-таражға түскенін, адамдардың сана-сезімінде өзімшілдік ұғым етек алып бара жатқанын көріп, жаңалықтарға үрке қарап, алда не боларын анық білмей, дел-сал болған қарапайым еңбекшілерді сол қалпында суреттеген. Осы жайттардың барлығын Әлібек бірде жеке кісілердің тағдырын, бірде бүкіл ұжымның тарихын баяндау арқылы көрсетеді және осыларға деген өзінің көзқарасын әдемі әзілді, жылы бір жанашырлық сезімді араластырып, сырт көз болып білдіреді. Сондықтан оқырман, бір жағынан іштей өкініп, екінші жағынан күліп отырады.
T-қауіптер. Шындықты шырылдап жазған аталмаш шығарманың басты қауіпі, баспадан таралымның аз болып қалу ықтималдығы еді. Алайда шығарма өз оқырманың тапты.
Шығарманың төгілген тілі, келіскен әзілі мен ащы мысқылы, жүректі қозғап, жанды егілтер шынайылығы – өз алдына бір зерттеуге жүк боларлық дүние. Қызыл туын ғасырға жуық желбіреткен кеңестік жүйе күйреп, ежелден аңсаған тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы жылдардың қиындығын дәл осы туындыдай бар болмысымен ашып көрсеткен шығарма сирек. Осы кезеңнің ауыртпалығы, сол қиындықты толарсақтап кешкен ауыл адамдарының мінез-құлқы мен іс-әрекеті, тағдыр-талайы бұл туындыда асқан шынайылықпен тартымды бейнеленген. Автордың шебер әрі шешен баяндауы оқырманын еріксіз баурайды.