Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


Г.Шойбекованың “бүйрек” әңгімесіндегі туыстық сезімнің суреттелу тәсіліне талдау жасаңыз



бет27/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66
37.Г.Шойбекованың “бүйрек” әңгімесіндегі туыстық сезімнің суреттелу тәсіліне талдау жасаңыз
Бұл әңгіменің негізгі идеясы басыңа күн түскенде туған туыстың маңызын түсіну. Туысқандық сезімнің құдіреттілігі сондай қандай қиын жағдай болмасын қасыңнан табылатынын мойындату.
Бүйрек әңгімесі Қуан ағайдың дертке ұшырауынан басталып, қытай келіншегімен ара қатынасын сипаттап аурумен күрескендігі туралы баян етіледі.
Шығармалы кейіпкерлерге баға беретін болсақ, Қуан ағай- байсалды,әр нәрсенің артын ойлай білетін, туған туыстарына сыйлы, денсаулығында кінәрат бар жан. Қуан ағайдың інісі-сабырлы, отбасын бірінші орынға қоятын адам, бауырмал.
Қылмыскер-ішкі жан дүниесі жақсылыққа орныққан адам.
Шығарманың көркін ашар эстетикалық категорияларға тоқталатын болсақ:
Асқақтық:Бүйрек салдырудың қымбаттығы
Үйлесімділік: бір бүйректі алыстатпай, табыстыруы
Сұмдық категориясы: қытай қылмыскерінің бүйрегінің салынуы
Бейберекетсіздік: Қуан ағайдың бейберекетсіз қытай келіншегін іздей беруі
Комедия: Рақым ағаның әр сөзді әзілге айналдыра алуы
Шығарма тілге жеңіл болғанымен, туыстық сезімнің қасиетін көрсетеді.
38. Т. Ахметжан “сұлу мен суретші” повесіне композициялық талдау жасаңыз
Шығарманың идеясы: шал мен сұлу арасындағы махаббат арқылы өз сүйгеніне берік,адал болуға үйретеді.
Композициылық талдау:
Басталуы:Қыз бен қожайынның үйге келуі.шалдың қызды көріп отырып ойға шомуы
Дамуы: Шал жас кезі мен сұлудың кездесуі
Шиеленісуі: Сұлудың хат жазып кетіп қалуы
Шарықтау шегі: шалдың Сұлуды іздеуі
Шешімі:шалдың өзінің туған қызын көріп өлуі
Шығармадығы кейіпкерлерге мінездеме:
Сұлу-ақылына көркі сай, сұлу,сенгіш
Суретші-өнерлі, аңқау,махаббатына берік, адал
Қожайын-мақтаншақ, бәрін ақшаға сатып алғысы келетін адам.
Сұлудың күйеуі-бай, қызқұмар, сатқын
Сұлудың қызы-аңғал, әдемі,сеңгіш
Қарасақал-пысық, келбетті.
39.Б. Нүржекеевтің “бір өкініш, бір үміт” романынындағы әйел бейнесіне концептуалды карта жасаңыз
Автордың "Бір өкініш, бір үміт" атты романын оқуды жөн көрдім. Бастағаннан-ақ "Өз әйелімді сүйе тұрып, тағы басқаны ұмыта алмауым, тіпті, сағынуым; бала күннен бірге өскен досымды бар пейіліммен сыйлай тұрып, онымен қырғи қабақ жандармен де жылы сөйлесуім – осының бәрі не қылық, адамгершілік пе, екіжүзділік пе?" деген тосын сұрағы қызықтырып қояды. Расымен неге олай деп себебін білгің келеді. Біз адамдар сондаймыз ғой, пенделік пен кемшіліктің күресін қызық көреміз. 
Романда Шегеннің Бүбішке деген бала махаббаты бозбала шақтағы іңкәр махаббатқа ұласады. Махаббаттағы жалғайтын ең құнды қасиет - сенім десек, оның тазалығы, нәзіктігі де сол, сәл кірбің түссе күдік туады. Ал күдік сенімсіздікке ұласады. Әр сенімсіздік сезімді сыры кеткен ыдыстай сұрықсыздандыра бастайды. Шеген мен Бүбіштің арасында да қауесеттер мен жағдайларға байланысты Шегеннің бойына күдік жинала түседі. Алғашқы іңкәр сезімінің жауапсыздығынан махаббатқа қаталдау қарай бастайды. Ол Қорлан-Сарамен арадағы байланысында білінеді. 
Жалпы, махаббатта екі жақ бірдей күресуі керек қой. Меніңше Бүбіш әлсіздік әлде немқұрайлылық танытқан сыңайлы. Мен де Бүбіштің адалдығына күмәнмен қарадым. Егер шын сүйетін адамың болса оның алдында таза болсаң қалай ақталсаң да жарасады емес пе? Өзің жайлы екі ұшты ойға қалдырып кету саған бәрібір болғанын білдіреді. 
Ал Мағираның Шегенді шын сүйгеніне сенуге болады. Алайда "жүрекке әмір жүрмейді " деген жаттанды сөз бар ғой. Ол рас. Десе де Шегеннің қызып тұрған сезімді тұтатып, қызға үміт сыйлап кеткенін құптамаймын. Басқа жігіттерге де осыны айтар едім.
Сараға келер болсақ, көптің көңіліне қарай берсең (жақын құрыңның да) өзің болашақ жарым деп таныған адаммен бір бола алмайсың дер едім. Ондай сәт екінші рет келе бермеуі де мүмкін ғой. 
Романда тек махаббат қана сөз болмайды. Соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ ауылының жәй-күйі, студенттік өмірмен де таныс боласыз. Күндестік те, мейірім де бар. Әр кейіпкердің мінез құлқы да ерекше әсер қалдырады. 
Төменде романнан маған ұнаған ойларды қалдырдым:
Біреуден жақсылық көрсең, сен де біреуге жақсылық көрсетуге борыштысың. Өйтпесең, жақсылықтың ұрығын өлтіресің: алғанын қайтармаған қарыздар адам сияқтысың. Әркім ала беріп, ала беріп, алғанын қайтармайтын болса, өмір де жұтайды. 
Өсу дегеніміздің өзі - жақсылықтың ғана дамуы. Сондықтан әке-шеше мен бала-шаға біріне бірі өмірді тапсырғанда, жамандықтарды өз бойында сүзіп қалып, тек жақсылықтарды ғана аманаттауға тиіс. Сонда өмір сүзіле-сүзіле, тазара-тазара, ұрпақтан ұрпаққа өткен сайын жақсара береді. 
Біреу қойған сұрақтан өйтіп-бүйтіп бұлтарарсың, өзіңе өзің қойған сұрақтан қашып құтылу қиын екен. 
Бұға берсең, сұға береді бұлар. Өзіңдікі дұрыс па, ешкімге есеңді жіберме. Ажалың жетсе, қарап жүріп те өлесің.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет