89. Б. Сарыбайдың поэзиялық және прозалық туындыларына талдау жасаңыз. Прозалық туындысы: «Қара ағаш» әңгімесі Тақырыбы: Адам өміріндегі махаббаттың жыры туралы
Идеясы: Шығарма кейіпкерінің өз басынан өткерген махаббатын көрсету арқылы қаншалықты сен қалағандай махаббаттың баянды-баянсыз болуы тағдыр мен уақыт еншісінде екендігін көрсету
Деталь: Қара ағаш. Кәрілігінен болар, жаз айларында аз ғана уақытқа жайқалатын да қайтадан қалпына келетін. Жұқалтаң жапырақтарының ғұмыры қысқа-тын. Селдір бұтақтары да қап-қара еді.
Құлдыраушылық: Махаббатың құлдырауы. Бозбалалыққа енді ғана аяқ басқан жеткіншектердің алғашқы қызығушылығын оятқан, тіпті солардың ұғымында Қозы мен Баяндай болып, мәңгі бірге ғұмыр кешетіндей көрінген ол екеуі де екі бөлініп кеткен... Жігітіміз күндердің күнінде басқа бір қызға үйленді. Ал, қызымыз Алматыда алаңсыз оқуын жалғастыра берді. Екеуінің арасында не болды, неге ренжісті, ол жағы бізге белгісіз.
Психологиялық суреттеу: Арада тағы да жылдар өткен. Көшеден өтіп бара жатып баяғы сол қара ағашқа кезіктім. "Одан бері де екі жыл болыпты-ау" дедім күбірлеп. Бойымды сағыныш па, әлде мұң ба, біртүрлі жылы сезім кернеді.Ауылды сағынып-ақ қалыппын. Алматыда жүргенде анда–санда қара ағашты есіме алып қоюшы–ем. Енді, міне, жаныңда тұрмын. Екі жыл бұрын Нәйлә екеуміз осы қара ағаштың түбінде тұрып едік. Сол кезде әлденеден секемденгендей ме едім? "Оған қара ағаштың не қатысы бар? " деп еді ол. Мен "Олардың жолын бермесін" деген едім.
Поэзиялық туындысы: Сағынамын сол кезді, со қалпымды
Сағынамын сол кезді, со қалпымды,
Қайдан іздеп табайын жоқ алтынды?!
Арман қуып ауылдан кетіп едім,
Естелікке қалдырып он алтымды.
Қиялымның тұлпары болдырмайтын,
Үмітімнің гүлдерін солдырмайтын.
Ауылдың алаңғасар баласына
Алматының елесі қол бұлғайтын.
Кұштар жүрек кеудемде бұлқынған-ды,
Аңсарым да оянып, ырқымды алды.
Суарып Мұқағали бұлағына,
Жаратып жүре бердім жыр тұлпарды.
Өмірін де мен үшін сүретұғын,
Сияқтанып шешем де жүретұғын.
«Оқымай– ақ, мал бақсаң кайтеді» деп,
Әкем кейде қалжындап күлетұғын.
Шешем соны шын көріп зар қағады,
Үміт оны әйтеуір алдамады.
Кіргізді «ақындықтың оқуына»,
Әкем қалды ауылда, мал да қалды.
Қулары көп осынау бас қалада,
Думаны жоқ таппайсың баспана да.
Mac жүрегің тас болып катқаннан соң,
Бауыр басып кетесің тас қалаға.
Қайыр таппай қам көңіл қамыққанда,
Даңғазадан ми шаршап жалыққанда;
Аңсап жатып ауылды ұйқтаймын да,
Мал баққым кеп оянам жарық таңда.
Тұсаулы аттар озғандай шідерліден,
Озады екен пысықтар жігерліден.
Көрсе егер менің осы жағдайымды,
Әкем шіркін миықтан күлер, білем.