«Қазіргі жасөспірімдер заңды білуде қаншалықты сауатты?»


Әлемдік жаһандану мен «Рухани жаңғыру» идеясында өзара үйлесімділік бар ма?



бет18/18
Дата19.06.2023
өлшемі69,18 Kb.
#102276
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
барлық эссе

Әлемдік жаһандану мен «Рухани жаңғыру» идеясында өзара үйлесімділік бар ма?
Әлем қазір күннен-күнге алға қарай қарыштап дамып жатыр. Әрбір мемлекет бәсекеге қабілеттілікті арттырып, өзінің елінің әлеуметтік-саяси жағдайын көтеруге күш салуда. Осы ретте біздің еліміз де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ірі жобаларды жүзеге асырып жатыр. Бізді осы қадамға әлемдік жаһандану алып келді деп ойлаймын.
Менің ойымша, әлемдік жаһандану мен «Рухани жаңғыру» идеясы арасында үйлесімділік бар.Сол үйлесімділіктің негізінде біздің мемлекетіміз барлық саладан ілгерілеп келеді.
Ең алдымен, әлемдік жаһандану біздің санамызды оятып, ой-өріс көкжиегін кеңейтті. Соның нәтижесінде Елбасымыз «Рухани жаңғыру» идеясы бағдарламасын жариялады. Осылайша, біз қайта түлеуге, сананы жаңғыртуға, жаңартуға бел будық. Оның негізі дамыған отыз елдің қатарына қосылу болды. Озық елдердің қатарына қосылу үшін бағдарлама басымдықтарын жүзеге асыруды мақсат еттік. Себебі, әлем көз алдымызда өзгеріп жатыр. Егер де біздер осы елдерден үлгі алып, барымызды бағалап, игілігімізге жаратпасақ, көш соңында қалатынымызды ұғындық. «Рухани жаңғыру» идеясының ең басты мақсаты – ұлттық кодымызды сақтау. Онсыз жаңғыру дегеніміз, Абай айтқандай «құр жаңғырық» болып қалмақ. Сол үшін ұлттық-рухани тамырымыздан нәр алуымыз керек деп білемін. Елбасының басты басымдықтары осыны қамтиды.
Әлемдік жаһандану ғасырында бәсекелестік пен білімнің салтанат құруы алдыңғы орынға шығып отыр. Әсіресе, болашақ тізгінін ұстайтын жастарымыз жан-жақты, рухани азықтанған, зияткер болуы керек. Сонда ғана алпауыт елдердің қатарынан орын аламыз. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін 21 ғасырға тән технологиялармен қаруланып, әлем тілдерін меңгеріп, жаһандық талаптарға сай өркениетке бет бұрудамыз.Осы жолда бабалар тарихы мен шежіресін қайта жаңғыртып, ата-баба жолын ұстанып, аманат еткен туған жерді сақтауға, оның байлығын үнемдеуге экологиялық өмір салтын ұстануды мақсат еттік. Әлем халықтарының алға ұмтылуы бізге де түрткі болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Сананың ашықтығы», «Туған жер» басымдықтары әлемдік құндылықтармен өзектес болып отыр. Өзіміздің төл тарихымыз жазылған латын графикасын қайта қолданысқа енгізуді көздеп отырмыз. Бұрынғы ұлы тұлғаларымыз қолданған әліпбиді жаңғырту олардың қолжазбаларын болашақтың еншісіне біржолата табыстаудың бірден-бір жолы деп түсінемін.
Жаһандану әлемінде ұлттың бірлігі бірінші орында тұратыны белгілі. Бізде де «Ұлт бірегейлігі» басымдығы халқымыздың қонақжайлылығы мен бірлігін, берекесін, көл-көсір көңілін сақтауға, әлем халықтарына үлгі етуге негізделген. «Туған жерге туың тік» деген халық даналығы да, бағдарламаға арқау болған. Өз туған өлкесіне құрмет көрсетіп, көмек қолын созып жатқан меценанттар көп. Бұл ұлтымызға ғана тән үлкен патриоттық жүрек пен асқан жомарттық, мәрттік қасиеттерін паш етеді.Өз туған жеріміздің жәдігерлерін, тарихын құрметтеу арқылы ұлттық мұрамызды болашаққа аманаттауға мүмкіндік алдық.
Ойымды аяқтай келе, жаңғыру арқылы еліміздің болашағын баянды етіп, жаһандық үдеріс көшінен алға озамыз деп ойлаймын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет