«Қазіргі жасөспірімдер заңды білуде қаншалықты сауатты?»


Тапсырма. Екі мәтіндегі ақпаратты пайдаланып, «Ортақ жазу – түркі бірлігінің бастауы» тақырыбына эссе жазыңыз



бет14/18
Дата19.06.2023
өлшемі69,18 Kb.
#102276
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
барлық эссе

Тапсырма. Екі мәтіндегі ақпаратты пайдаланып, «Ортақ жазу – түркі бірлігінің бастауы» тақырыбына эссе жазыңыз

Түбі бір түркі халықтары үшін негізгі жазуының арғы тегі көне жазба ескерткіштерінде жатыр. Олар Орхон-Енисей, Талас жазба ескерткіштері, дәлірек айтсақ, «Күлтегін», «Білге», «Тоныкөк» ескерткіштері деп айтуға болады. Біздің тарихымыз, жазу мәдениетіміз осы көне руналық жазулардан бастау алады.


Менің ойымша, түбі бір түркі жұрты ортақ жазу мен ортақ әліпбиді қолдансақ, біздің бірлігіміз артып, төл мәдениетіміз бен әдебиетіміз қазіргі өмірмен жарастығын табар еді.
Біріншіден, көне түркі жазуының ескерткіштері Орталық Азия аумағынан көп табылған. Олардың ішіндегі ең қажеті Солтүстік Моңғолия жеріндегі Орхон, Селенга, Толы өзендерінің бойынан табылған тастағы жазуларды атауға болады. Бұл жазулар – күллі түркі жұртының ортақ мұрасы.Біздің тарихымыз осы ескерткіштерде тасқа қашалып жазылған.Ендеше, қазіргі уақытта да ортақ жазу, ортақ әліпбиді неге қолданбасқа?
Екіншіден, түркі халықтарының тілін, ділін, жалпы, ортақ құндылығын жақындастыруды Алаш арыстарының да арман болғанын білеміз. Ахмет Байтұрсынұлы 1926 жылы Бакуде сөйлеген сөзінде түркі әлемін жақындастыру үшін ортақ әліпби қолдану туралы мәселе қозғағаны осының дәлелі деп санаймын. Осы жолда Ахмет Байтұрынов жаңа әліпби жасап шығарғаны да белгілі.Бұл мәселені араға бір жарым ғасыр салап, түркі тілдес мемлекеттердің «Ақсақалдар кеңесі» көтерген болатын. Бұл бастаманың негізгі түпкі мақсаты түркі жұртының бірлігін сақтау, нығайту деп білемін.
Үшіншіден, менің пайымдауымша, ортақ жазу қазіргі әдебиетіміз мен мәдениетімізді байыта түседі деп айта аламын. Өйткені түркі жұртына көптеген көне жәдігерлер ортақ, тіпті салт-дәстүріміз, болмысымыз да ұқсас.Соңғы жылдарда латын әліпбиіне көшу туралы елімізде мәселе көтеріліп, әліпби жасалып та қойды. Міне, латын әліпбиі түркі бірлігінің бастауы болатын ортақ жазу болады деп ойлаймын.
Қорыта келгенде, түркі жұртының ортақ әлібиі, жазуы әлемдік өркениеттен ойып тұрып орын алуымызға, бірлік, берекеміздің жарастығын нығайтуға үлкен жол ашады деп сенемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет