«Қазіргі жасөспірімдер заңды білуде қаншалықты сауатты?»


Менің де қалауыммен таңдаған сүйікті мамандығым бар.Менің бұл таңдауым қабілетім мен талантыма, өз қызығушылығым мен өмірлік арманыма тікелей байланысты



бет5/18
Дата19.06.2023
өлшемі69,18 Kb.
#102276
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
барлық эссе

Менің де қалауыммен таңдаған сүйікті мамандығым бар.Менің бұл таңдауым қабілетім мен талантыма, өз қызығушылығым мен өмірлік арманыма тікелей байланысты.
Ең алдыменен, мен кім боламын?- деген сауалға ойландым. Осы сауалға жауап алу үшін маған ата-анам, ұстаздарым, достарым көмек берді деп айта аламын. Ұзақ ойлана келе, мен болашағы бар мамандықтың бірі саналатын туризм маманы болуды таңдадым. Ендеше бұл мамандықтың қазіргі кездегі маңызы қандай? Ақпараттарға сүйенсек, туризммен ғана экономикасын көтеріп отырған елдер көп. Ал, біздің елде көрікті жерлер көп болғанымен, туризм саласы айтарлықтай дамып тұрған жоқ. Әрине, оның бірнеше себептері бар. Менің арманым – білікті де, білімді туризм маманы болып, елімнің туризм саласының дамуына үлес қосу.
Туризм маманы болу үшін, біріншіден, өз елімнің тарихын, әсем жерлерін, картасын мықты білуім керек. Екіншіден, ана тіліммен қатар ағылшын тілін де еркін сөйлей алуым керек. Сол үшін мен қазірден бастап тіл курстарын оқып, елімнің географиялық картасымен терең танысып, зерттеп, еңбектеніп жатырмын. Сонымен бірге еліміздегі туризм саласының қызметтерімен ерте бастан танысып, онда кездесетін қиындықтар мен кемшіліктерді осы бастан саралап жүрмін. Бұл ертең мен өзім қалаған мамандыққа оқуға түскенде, ары қарай алып кетуіме үлкен көмегі тиеді деп ойлаймын.Мен болашақ мамандығыма қол жеткізу үшін жақсы оқып, терең білім алудамын. Егер осы қарқынмен кететін болсам, алдағы сынақтардан сүрінбей өтіп, арманым болған мамандығыма қол жеткіземін деп білемін.
Қорытындылай келе, адамдардың айтуы бойынша екі нәрсе таңдауынан қателеспеуіміз керек екен. Соның бірі – мамандық таңдау. Осы таңдау жолында мен өз қалауымды таптым деп ойлаймын!

Бейбітшілік – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі

Адамзат құндылықтары көп. Соның ішінде бейбітшілік құндылығы ең басты орында тұр деп ойлаймын.Өйткені бейбіт өмір болмаса, басқа құндылықтардың маңызы болмайды.


Бейбітшілік адам баласына тыныш өмір, тұрақтылық, болашаққа деген сенімділік, арман-мен мақсат, үзілмейтін үміт, бақыт, сапалы білім, рухани білім береді. Сонымен қатар, ата-баба тарихын, шежіресін бейбітшілік арқылы сақтап, ғасырдан-ғасырға жеткізе аламыз.
Өткен тарихқа қарасақ, адамзат қоғамы ірілі-ұсақты соғыстардан көз ашпаған екен. Әрине, оның әртүрлі себептері бар. Зерттеушілердің пікіріне қарасақ, соңғы 5,5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» етіп тұрған екен. Яғни, бейбіт өмірге қарағанда, соғыспен өткен өмірдің салмағы басым болған екен. Сол себепті, қазіргі біз өмір сүріп отырған ғасырда бейбітшілік ең маңызды құндылық болып саналады. Біздің еліміздің тарих беттерін парақтар болсақ, талай шайқастарды басынан өткерді. Мысалға, жоңғар басқыншыларына қарсы көтерілістер, шаруалар көтерілісі, ұлт-азаттық көтеріліс, одан бергі Ұлы Отан соғысы мен Желтоқсан оқиғасын атауға болады. Бұл соғыстарға қарсы тұруымыздың басты мақсаты бейбіт өмірді орнату болды. Елімізде болған Семей ядролық полигон сынағы да талай адамның бейбіт өмірін алып, денсаулығына зиян келтірді. Тек қана Тәуелсіздігімізді алып, бұл сынаққа тоқтау қоя алдық. Содан бері елімізде бейбітшілік тұрақтап, еліміз тыныш өмірмен қауышып отыр.
Аса маңызды құндылық саналатын бейбітшілікті сақтау мақсатында елімізде Халықтар ассамблеясы құрылды. Әрине, ассамблеяның мақсаты елімізде тұратын түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасында бейбітшілік пен тұрақтылық, достық қарым-қатынасты орнату деп білемін.Біздің елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері өзінің тілінде сөйлеп, салт-дәстүрін ұстана алады. Сонымен бірге толыққанды қоғамның бір мүшесі болып, жұмыспен қамтылып, өзі қалаған кәсібін жүргізе алады. Оларды өзімізбен тең қазақстандықтар деп атаймыз. Осылайша ассамблея құрып, тұрақтылық орнату бізге көп нәрсе берді. Бейбітшіліктің арқасында еліміздің экономикасы дамып, әлемдік түрлі жобаларға қатысып, халықаралық аренаға өз мемлекетімізді танытып та үлгердік. Егер де, бейбітшілік пен тұрақтылық болмаса, Қазақстан республикасын әлем танымас еді. Бейбітшілік жалпыадамзат әлеміне қорқынышсыз өмір, жарқын болашақ сыйлайды. Сол себепті, бейбітшілікті сақтау – күллі адамзатқа ортақ міндет деп ойлаймын. Бейбітшіліксіз адами құндылықтарымыз, асыл қасиеттеріміз құнсызданады. Ондай өмірдің дәмі де, сәні де болмайды.
Қорытындылай келе, бейбітшілік пен тұрақты келісім жер бетінде мәңгі жасасын деп тілеймін!

Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып «Ғажайып ғарыш әлемі» деген тақырыпта эссе жазу. Эсседегі сөз көлемі


Жердегі адамзат әлемі үшін ғарыш әлемі жұмбақ, құпия мен сырға толы. Сол үшін біздерге ғарыш әлемі ғажайып болып көрінеді. Сондықтан адамзат ғарыш құпияларын ашуға құлшыныс танытуда.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет