«Қазіргі жасөспірімдер заңды білуде қаншалықты сауатты?»


«Неліктен адам өмірінде отбасы өте маңызды рөл атқарады?»



бет8/18
Дата19.06.2023
өлшемі69,18 Kb.
#102276
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
барлық эссе

«Неліктен адам өмірінде отбасы өте маңызды рөл атқарады?» тақырыбында өз ойын дәлелдеп эссе (200-250 сөз) жазады.

Отбасы – адам баласының ең жақын, жылы ортасы, басты құндылығы. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды деп санаймын. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесі мен тағылымын, махаббатының орнын еш нәрсе толтыра алмайды.Сол себепті, отбасы адам өміріндегі басты рөл атқаратын орта деп есептеймін.


Отбасы мүшелерінің жас ерекшелегінің үлкен-кішілігіне қарамастан, олардың арасында үлкен махаббат, тұп-тұнық рухани-туыстық байланыс бар. Осы байланыс әрі қарай жалғастығын тауып, адамнан жеке тұлға жасайды, өзіндік көзқарасын қалыптастырады.
Ең алдыменен, сәби дүниеге келгенде, шарасыз, көмекке мұқтаж болады. Осы сәтте отбасының қамқорлығына бөленіп, аяқтанады. Отбасы деген шағын мемлекетте тәртіп пен тәрбиені, адами құндылықтарды, ұлттық болмысты бойына сіңіреді.Осы арқылы кез келген адамның «мені» қалыптасып, жеке тұлға атанады. Өмірлік дағдылары қалыптасады, ақыл-ой, еңбек, рухни тәрбиені де ата-ана, ата-әжеден, туғаннан алып, жаңа өмірге жолдама алады. Өмірден өз орнын танып, армандап, мақсат қоюды үйренеді. Қуанышы мен қайғысына, күйініші мен сүйінішіне де ортақ болатын, қолдау беретін осы отбасы деп білемін.
Екіншіден, адами, рухани құндылықтардың бастауы отбасылық құндылықтар негізінде дамиды. Отбасылық құндылықтарда барлық құндылықтар жинақталған, өзіндік жеке пікіріміздің де қалыптасуына септігі тиеді. Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балиғатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлейді. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты болады. Сол үшін де кез-келген адам өмірінде отбасы басты рөл атқарады деп айта аламын.
Үшіншіден, халық даналығының өзі отбасына қатысты өсиет, аманат сөздер тастаған. «Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - -деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болған. Осылайша қоғамда әдеп-инабат өлшемдерінің терең тамырланып, қең жайылуында отбасының маңызы орасан зор болған.
Қорыта келгенде, отбасы шағын мемлекет дұрыс, ізгі болса, үлкен мемлекет те ізгі болмақ.Қоғамның гүлденуі отбасының гүлденуінен, дұрыс, түтіні түзу ұшқан үйден дұрыс қоғам, мемлекет қалыптасады деп түйіндеймін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет