«Қазіргі жасөспірімдер заңды білуде қаншалықты сауатты?»


Екі мәтіндегі ақпаратты негізге алып, «Мәңгілік ел» қандай ел?» тақырыбына эссе жазыңыз. Сөз саны 200-250



бет4/18
Дата19.06.2023
өлшемі69,18 Kb.
#102276
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Екі мәтіндегі ақпаратты негізге алып, «Мәңгілік ел» қандай ел?» тақырыбына эссе жазыңыз. Сөз саны 200-250

«Мәңгілік ел» сөзінің түп-төркіні сонау ежелгі тарихта жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған екен. Осыған сүйенсек, «Мәңгілік ел» азат, тәуелсіз, рухы мықты, басты құндылықтары сақталған ел деп ойлаймын. Десе де, қазіргі жаңа заман ағымында «Мәңгілік ел» қандай ел?


Ең алдыменен, «Мәңгілік ел» өзінің терең тарихы мен шежіресі бар ел деп білемін. Себебі, тарихымыз арқылы ұлтымызды, оның басты құндылықтарын, болмысын, бір сөзбен айтқанда, өзіміздің ата-тегімізді танимыз. Халқымыз: «Тегін білмегенді тексіз» деп бекер айтпаған. Халқымыздың тарихы сонау ежелгі сақтар мен ғұндар заманынан бастау алады. Одан бергі Күлтегін, Тоныкөктер заманы біздің тарихымыздың нағыз өзі болып табылады. Бабаларымыз «Мәңгілік елді» жасау үшін күні-түні небір шайқастардан өткен, басты байлық жерімізді сақтап қалған. Тарихта аты қалған «Аңырақай», «Ақтабан шұбырынды», «Бұланты», «Исатай-Махамбет» бастаған көтерілістер мен Желтоқсан оқиғасы «Мәңгілік ел» болуға ұмтылыстың басты дәлелі деп ойлаймын.
Сонымен қатар, басты байлығымыз саналатын тіліміз, дініміз, салт-дәстүріміз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз, ұлан-ғайыр жеріміз, ұлы тұлғаларымыз, бейбітшілігіміз «Мәңгілік елдің» басты символдары болады. Осы аталғандарды сақтап, ғасырдан-ғасырға жеткізе білсек, еліміз мәңгі жасай береді. Болашақтың тізгіні жастардың қолында. Сол себепті, білім мен ғылымға көп көңіл бөлуіміз керек. Алпауыт елдермен тереземіз тең болуы үшін ғылым мен техниканың жаңалықтарын еркін меңгерген, жеті түрлі білім мен жеті жұрттың тілін білген зияткер жастар көп болуы қажет. Елді гүлдендіріп, болашағын жарқын ететін саналы ұрпақ «Мәңгілік елді» мәңгілік ете алады деп түйіндеймін.
Ойымды қорытындылай келе, болашаққа бағытталып, келешекпен кемелденетін «Мәңгілік ел» біздің қолымызда. Ендеше, барлығмыз өз үлесімізді қосайық, достарым!


Мамандық
Адам баласының өмірінде мамандық таңдау – маңызды деп ойлаймын.Себебі, дұрыс таңдалған мамандық жетістікке апарады. Ал, жүрек қалауынсыз таңдалған мамандық адамға рахатын әкелмейді. Сондықтан мамандық таңдауда қателеспеуіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет